Аспандық жолдаулар 4
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i37052
Бүгінгі бөлімде Құран Кәрімдегі «Тахрим» сүресінің алты аятын қарастырамыз.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 18, 2018 10:14 Asia/Almaty

Бүгінгі бөлімде Құран Кәрімдегі «Тахрим» сүресінің алты аятын қарастырамыз.

Алланың алдында жасап жатқан құлшылық мен ғибадаттарыңыз қабыл болсын деген ниетпен "Аспандық жолдаулар" атты топтамамыздың кезекті бөлімін назарларыңызға ұсынамыз. Өткен бағдарламада мүміндер мен иман келтіруде көшбастаушылардың һәм өздерін әлеуметтік-мәдени зардаптар мен ауытқушылықтардан сақтап, һәм басқаларды ислам дініне жетелеп, бағыт көрсету үшін үлгі болу мақсатында басқалардан бұрын өздерін түзетіп, өздерін қалыптастырып, жетілдіруге бет бұру қажеттігі туралы баяндадық. Құранда бұл жайлы былай деп айтылған: "Әй, мүміндер! Өздеріңді әрі үй-іштеріңді отыны адамдар мен тастардан болған оттан қорғаңдар" («Тахрим» сүресі, 6-аят).

 

Бұл аспандық жолдауда бірнеше негізгі жайт келтірілген: біріншіден, отбасында мәдениет қалыптастыру мен сенімдік негіздерді нығайтуда әке негізгі рөлді атқарады. Отағасының өзі Құрандағы өмір қалыптастырушы құндылықтар мен тағылымдарға ие болған жағдайда ғана лайықты перзент тәрбиелей алады. Тек осы жағдайда ғана әке отбасы мүшелерін тәрбиелеу мен оларды Құранның әдет-ғұрыптарымен таныстырудағы үлкен жауапкершілігіне сай ғамал етеді. Бұл аспандық үндеуде көзге түсетін келесі маңызды жайт мынадай: Құран "өздеріңді қорғаңдар" деген бұйрық арқылы тәлім-тәрбиелік істерге қатысты білім беру орталықтары мен әлеуметтік орталарға үміт артпай, сындарлы тәрбие ісін отбасының ішінен бастау керектігін, себебі салауатты отбасы салауатты қоғамның қалыптасуында негізгі рөл атқаратынын еске салады. Басқаша айтқанда, егер белгілі бір мемлекет отбасыны нығайтуда негізгі шараларды жүзеге асыра алса, мінсіз әрі табысты қоғам құруда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізеді. Сол себепті Құранда өзін-өзі қалыптастырып, жетілдіру туралы бұйрық берілгеннен кейін, отбасы мәселесі көтеріліп: "Өздеріңді және отбасыларыңды оттан қорғаңдар",- деп айтылған.

Осы аспандық үндеуде байқалатын соңғы маңызды жайт: өзі мен отбасын отқа түсуден сақтап, қорғаңдар деген сөйлемнің түсіндірмесі. "Оның басындағы періштелер; жуан денелі, қатал",- деп айтылған аяттың соңғы шарықтауына байланысты Құранда қиямет күнгі тозақ оты мен өзін қалыптастыру және отбасы тәрбиесіне көңіл бөлмеген адамдарды осындай ауыр әрі өртейтін өлім күтіп тұр деген айқын қорытындыға келуге болады.

"Дүние – ақыреттің егіндік алқабы" деген тұжырымдаға негізделген өртейтін тозақтың іргетасы осы әлемде танылатыны анық. Бұл қазіргі заманда куә болып отырған ащы ақиқат саналады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, өз-өзін тұлға ретінде қалыптастыру мен отбасы тәрбиесіндегі немқұрайдылық пен енжарлық салдарынан көптеген қоғамдардағы өмір ошақтары құлдырау үстінде. Сол қоғамдардың жас ұрпағы нашақорлық, жеңілтектік пен бейқамдық және құмарпаздықтың күйдіретін отында жанталасып жатыр. Тек илаһи разылыққа ие болу үшін нақты шешім қабылдап, ислам және Құранның негіздеріне сенімі жоқ, тіпті оларға қайшы әрекет жасаған туыстарына азғантай болса да қызығушылық танытпай, өзінің барлық эмоционалды қатынастарына көзжұмбайлық танытқан адамдар ғана бұл сынақтан сүрінбей өтеді. Құранда бұл мәселеге қатысты: "Аллаға, ақырет күніне иман келтірген бір елдің аталары немесе балалары яки туыстары немесе ағайындары болса да Аллаға, Елшісіне қарсы келгендерді сүйгенін көрмейсің. Міне, солардың жүректеріне Алла иман жазған әрі оларды Өз жағынан бір нұрмен қолдаған. Және оларды астарынан өзендер ағатын әрі онда мәңгі қалатын пейіштерге кіргізеді",- деп жазылған. Рухани және діни жоғары дәрежелердің бірі "ризалық дәрежесі" деп аталатын тек ерекше әулие адамдар мен илаһи таңдаулы адамдар қол жеткізген орын мен дәреже саналады. Алла Тағала аяттың соңында осы ұғымды сипаттап: "Алла, олардан разы, олар да Алладан разы. Міне, бұлар Алланың жамағаты. Жақсы біліңдер. Дау жоқ, Алланың жамағаты, олар құтылушылар. (Мүжәдәлә сүресі, 22-аят).