Maм 22, 2018 15:08 Asia/Almaty

2018 жылдың мамыр айының 8 күні АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иран мен «алтылық» тобының Иранның ядролық мәселесіне қатысты ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы» деп аталған келісімнен шығуын жариялауы аталмыш келісімнің, жалпы алғанда Таяу Шығыс аймағы мен әлемнің тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің келешегіне маңызды өзгеріс енгізді.

 Трамп «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығатыны туралы сөйлеген сөзінде  мұндай шешімінің дәлелдерінің бірі ретінде келісімнің АҚШ-тың мүдделерін қамтамасыз етпейтіндігіне тоқталды. Ол Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындамауы немесе бұзуы туралы еш нәрсе айтпады. Бұл мәселе тіпті Вашингтонның Теһранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындағанынан жақсы хабардар болып, бұл салада сылтау таппағанын көрсетеді. «Карнеги» зерттеу институтының сарапшысы Ричард Соколскидің пікірінше, «АҚШ Президентінің аталмыш келісімнен шығуы және Иранның аймақтағы әсеріне қарсы тұруы туралы ұстанымының анық стратегиялық мақсаттары жоқ».

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы іске асырыла басталған  2016-шы жылдың қаңтар айынан бастап АҚШ оның іске асырылуына кедергі тудыруымен бірге өзінің міндеттемелерінің көбін орындамады немесе жартылай орындады, сондай-ақ, енді келісімнен шығатынын жариялап, Иранға қарсы бұрынғы санкцияларды қайтадан күшіне енгізіп, жаңадан тағы санкция салуды көздеуде. АҚШ-тың бұрынғы Президенті Барак Обама Дональд Трамптың шешіміне реакция білдіріп сөйлеген сөзінде оның шешімін «адасу» және «шынайы қателік» деп атады. Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі де «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының нәтижеге жетпеуін  «үлкен зиян» деп атады. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының іске асырылу үдерісіне жасаған шолу Иранның барлық міндеттемелерін орындағанын, керісінше АҚШ-тың оны бұзғанын көрсетеді.

Иранның ядролық мәселесіне қатысты ұзаққа созылған келіссөздерден кейін 2015-ші жылдың шілде айында Венада Иран мен «алтылық» тобы» ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы» деп аталған келісімге қол қойып, 2016-шы жылдың қаңтар айынан оның іске асырылуы басталды. Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына бақылау жүргізуге міндеттелген Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі (АҚХА) осы кезге дейін сан рет Иранның келісімге табанды екенін қуаттады. АҚХА 2017-ші жыл мен 2018-ші жылдың басындағы төрт мәлімдемесі мен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері 10 рет Иранның бұл келісімге толық табанды екенін жариялады. Агенттіктің Бас директоры Юкия Амано аталмыш келісімнің ядролық жұмыстарды сынақтан өткізу үшін үлкен мүмкіндік екенін қуаттап, өз бақылауларының қажет барлық жағдайға ие екені туралы хабарлаған болатын. Иранның ядролық мәселеге қатысты келісімді іске асыруын бақылауға міндетті халықаралық орган ретінде Агенттіктің ұстанымдары мен мәлімдемелері АҚШ-тың ядролық тақырыптарды сылтауратып, Иранға қарсы қысымдарды күшейтуінен үмітсізденіп, Иранның зымырандық бағдарламасы мен оның аймақтағы рөліне көбірек назар аударуына себеп болды. Тіпті, америкалық басшылар да Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін іске асырғанын мойындады. АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Джон Керри АҚХА-нің есептеріне сүйеніп: «Біз Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табанды екендігі мен өз міндеттемелерін іске асырғанына сенімдіміз»,- деді. Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі Қауіпсіздік кеңесінің №2231-ші қарарына сай Агенттіктің Басқармалар кеңесі мен Қауіпсіздік кеңесіне төрт мәлімдеме тапсырып, Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін толық іске асырғанын қуаттады. Агенттік осы саладағы соңғы ұстанымында мамыр айының 9 күні, яғни Америка «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығатыны туралы жариялағаннан бір күннен кейін Иранның ядролық келісімдегі міндеттемелеріне табанды екенін қуаттады. АҚХА-нің Бас директоры Юкия Амано  өз мәлімдемесінде Иранның әлемдік ядролық сынаққа түскенін қуатап: «2015-ші жылғы келісім алға ілгерілеу үшін үлкен сынақ болды»,- деп ескертті. Аманоның айтуынша, АҚХА Иранның ядролық келісімге қатысты егжей-тегжейін жақыннан тексерді. АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын Иранның ядролық  жұмыстарын бақылауға алу үшін жарамасыз деп санаған жағдайда АХҚА-нің мәлімдемелері бойынша бұл ұйымның бақылаушылары жалпы алғанда 3000 күн Иранда зерттеу және бақылау жұмыстарын жүргізді. Агенттік сондай-ақ, Иранның ядролық жабдықтарына екі мыңнан астам бақылау құралдарын орнатып, бұл ұйымның дамыған камерларының күнделікті жүздеген мың бейнетүсірілімге ие болып отырғанын қуаттады. АҚХА-нің мәліметі бойынша, 2013-ші жылдан бері камералар арқылы түсірілген бейнетүсірілімдердің саны екі есе артты. Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы бойынша центрифугаларының санын азайтты; Арактағы ауыр су шығаратын құрылғысын өзгертіп, байытылған уран қорының қомақты бөлімін басқа елдерге экспорттады.

АҚШ «алтылық» тобына мүше елдердің бірі бола тұра «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының іске асырылуы басталғаннан бері уәделерін бұзып, келісімдегі міндеттемелерін орындамады. Келісімнің іске асырылуы басталғаннан бері екі жыл, бірнеше ай өтті. Бұл кезеңде Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавд Зариф «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы комиссиясының үйлестірушісі Федерика Могериниге  АҚШ үкіметінің бұл келісімдегі өз міндеттемелерін орындамауы, бұзуы, кейінге қалдыруы туралы көп хат жолдады. Америка келісімді түрлі тұрғыдан бұзды. АҚШ Конгресінің Иранға қарсы санкциялар заңының  уақытын созу, Иранға сапар шеккені үшін басқа ел азаматтарынң АҚШ-қа сапар шегуіне шектеу қою, «алтылық» тобының Иранмен келісімге келу ұстанымына қайшы Американың БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде Иранға қарсы  кеңістік қалыптастыруға талпынуы, АҚШ үкіметінің ядролық мәселесіне қатысты Иранға қарсы санкциялардың күшін жойылуын қасақана түрде кейінге созуы, басқа елдердің Иранмен сауда қарым-қатынастарын бір қалыпқа келтіру мен Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы экономикалық пайданы көруіне Иранмен арасындағы ынтымақтастықтар мен экономикалық қарым-қатынастарының келешегіне күмән тудыруы және оларды кеңейту арқылы АҚШ Қаржы министрлігінің Иранға жолаушы тасымалдайтын ұшақтар сатуға қажет рұқсатты себепсіз кейінге қалдыруы, Иранның Орталық банкіне өз қаржыларын пайдалануға психикалық тұрғыдан қолайсыз, аяқ-қолды байлайтын жағдай жасауы, АҚШ Қаржы министрлігінің басқа елдердің банктеріне Иранмен банктік қарым-қатынас орнатуға күдік-күмән тудыруы мен АҚШ Конгресінің Иран мен басқа мемлекетердің қарым-қатынастарды жақсартудың алдын алатын әрі бұл елге қарсы санкция салатын әртүрлі заңдарды бекітуі Американың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзған жайттар болды. Вашингтонның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты теріс ұстанымының басқа да себептері  болды. Олардың арасында АҚШ үкіметінің ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қайта қарастыру» деп аталған заңсыз саясат туралы кең ауқымды үгіт-насихат жүргізуі мен әлемдік экономикалық қоғамда Иранмен экономикалық қарым-қатынас орнатудың келешегіне күмән тудыру үшін Американың Иранға қарсы санкцияларын қайта жандандыруын, АҚШ Қаржы министрілгінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының 29-шы бабына қайшы америкалық емес компаниялардың Иранмен ынтымақтастық жасауына кедергі жасауы, аталмыш келісімнің  28-ші бабына қайшы АҚШ  жоғары басшыларының «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қарсы дұшпандық уәждерінің артуын атауға болады. АҚШ басшыларының «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қарсы ұстанымдары бұл елдің Президенті Дональд Трамптың 2017-ші жылдың қыркүйек айында БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген сөзі мен 2017-ші жылдың қазан айында АҚШ-тың стратегиясын жариялаған кезде орын алды. Бұл ұстанымдар АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелері мен халықаралық құқықтардың міндеттемелерді дұрыс ниетпен орындау туралы маңызды негіздерінің біріне қайшы келеді. Еуропалықтардың көзқарасы бойынша, АҚШ-ның Иранның ядролық мәселесін шешуді көздеген қисынды әрі орынды «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуы келісімді шынайы қатерге тіреді. Еуроодақтың Сыртқы саясаты мәселелерінің жауапты тұлғасы Федерика Могерини Трамп «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуы туралы шешімін жариялаған соң: «Ядролық мәселеге қатысты келісім екіжақты келісім емес, сондықтан ешбір мемлекет біржақты түрде оның күшін жоя алмайды. Бұл келісім БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі арқылы бекітілгендіктен аймақ, Еуропа және бүкіл әлемнің қауіпсіздігі үшін маңызды»,- деді. Еуропалықтардың көзқарасы бойынша, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы – дипломатиялық саладағы жылдар бойы созылған талпыныстардың нәтижесі және Иранның ядролық бағдарламасының әскери мақсаттарға қарай бұрмалануының алдын алу болып табылады. АҚШ-тың келісімнен шығуы  келісімге қатысқан Ресей, Қытай және еуропалық үкіметтердің бір жақта, АҚШ үкіметінің екінші жақта орналасуына себеп болды. Вашингтонның еуропалық серіктері «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын Иранның ядролық бағдарламасын бақылауға алатын келісім деп санайды. Трамптың көзқарасы бойынша  «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы Иранның ядролық бағдарламасымен бірге Американың алаңдаушылықтарының бірі Иранның зымырандық бағдарламасы мен Иранның аймақтағы әрекеттерін де бақылауға алып, шекту қоятын келісім болуы қажет. Еуропалықтар үшін Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын іске асыруына байланысты Теһранның ядролық бағдарламасын әскерилендіруі деген дағдарыс шешілді. Сондықтан олар қазір Иранмен сауда және экономикалық қарым-қатынастарын сақтап, кеңейтуді қалайды. Еуропалық мәселелер бойынша сарапшы Руиа Монтазами: «Еуропа экономикалық мәселелер тұрғысынан Иранмен қарым-қатынасын нығайтты. Сондықтан олардың экономикалық мүдделері оларға «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуға рұқсат етпейді»,- деп қуаттады. 

«Алтылық» тобына кіретін еуропалық үш үлкен мемлекеттің – Франция, Германия және Британия басшылары сөздерінде Американың Иранның зымырандық бағдарламасы мен аймақтағы әрекеттері туралы алаңдаушылықтарына қосылғанымен, бұл мәселелер «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының бұзылуына себеп болмауы керек деп санайды. Сондықтан Еуроодақ пен «алтылық» тобына кіретін еуропалық үкіметтер Ресей мен Қытайдың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу ұстанымдарын қолдап, Трамптың бұл саладағы ұстанымдарына қарсылық білдіріп, аталмыш келісімді қазіргі түрінде іске асыруды талап етті. Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін іске асыруы және бұл елге керісінше АҚШ-тың бұл келісімдегі міндеттемелерін орындамауы, керісінше, одан шығатынын жариялауы бұрынғы кездегі «алтылық» тобының Иранға қарсы тұру ұстанымын өзгертіп, Иран мен «алтылық» тобының еуропалық мүшелерінің Ресей мен Қытайға қосылып, АҚШ-қа қарсы тұруына себеп болды. Бұл мәселе халықаралық сахнадағы Вашингтонның оқшаулануы мен  біржақты әрі билікқұмар саясаттардың нәтижеге жетпегенін қуаттайды.

 

 

Тегтер