Аспандық жолдаулар 7
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i37184
Бүгінгі бағдарламада мүмін адамның Жаратушыға бойсұнып, оның бұйрықтарын орындауы қажеттігі жайлы сөз қозғаймыз.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 22, 2018 17:37 Asia/Almaty

Бүгінгі бағдарламада мүмін адамның Жаратушыға бойсұнып, оның бұйрықтарын орындауы қажеттігі жайлы сөз қозғаймыз.

Бағдарламаның басында қолымызды жайып, Алладан Рамазан айының теңдессіз мұрсаттарын көбірек пайдалануға рұқсат беруін сұрайық. Өткен бағдарламада Құранның тілімен мәңгілік жұмаққа кіріп, періштелердің қошеметіне бөленген мүміндер мен тақуалардың теңдессіз жағдайын баяндадық. Жұмақ – иман келтірген тақуаларға о дүниеде берілетін шағын сыйлықтың нышандарының бірі. Олар талпыныс жасап, тақуалықтың жүгін арттыру арқылы жоғары өрлеп, иман мен тақуалықтың шыңын бағындырып, Аллаға жақындай түсе алады. Сол себепті Құран жұмақ пен онда ағып жатқан өзендерді сипаттаудан кейін олардың Алла алдындағы жоғары орнын баяндап былай дейді: "Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?" (Рахман, 55-аят). Ал келесі бір аятта "Сол күні тақуаларды Рахманның құзырына қонақ түрінде жинаймыз (Мариям, 85-аят)" деген.

Осындай орынға жетіп, Алланың алдына бару үшін бұл дүниеде тақуалықтың биік ғимаратын сақтап, оны нығайта түсу қажет. Мінез-құлық пен сөйлеудегі ауытқушылықтар тақуалыққа зиян тигізбеуі тиіс. Иман мен тақуалық ғимаратының беріктік деңгейін арттыра алатын маңызды факторлардың бастысы – Алла мен пайғамбардың бұйрықтарына шын жүректен бас ию. Сол себепті Құран "Ей, иман келтірген адамдар! Құдай мен пайғамбарға бағыныңдар және өз араларыңнан шыққан билеушілердің әмірлерін орындаңдар",-дейді. Бұл аятта Алла мен пайғамбардың әміріне бойсұну толығымен түсінікті. Таза иман мен берік тақуалыққа ие адамның Алла мен пайғамбардың әміріне бағынбауы мүмкін емес. Бұл тарих бойында және қазіргі заманда Алла мен пайғамбардың бұйрықтарына бойсұнған болып көрінетін, бірақ Алла мен пайғамбардың әмірлеріне қайшы әрекет ететін адамдардан айыратын негізгі критерий болып табылады.

"Ули-л-амри минкум" деген аяттың келесі қырына қатысты тәпсіршілер пікір қайшылығына ие. Шиіттердің тәпсірінде оның айқын дәлелі Алланың таңдаған имамдары саналады. Оларға бағыну Алла мен пайғамбардың әміріне бағынғанмен бірдей болмақ. Басқа біреулер аятқа жалпылық беріп, мынадай пікір білдіреді: Алла мен пайғамбардың жолын жалғастырып, солар қалаған жолда қадам басатын жетекшілер ақиқатты жандандырушылар және жалғанмен күресушілер болып табылады; әділет орнатады, зұлымдық пен кемсітушілікке төзбейді; исламның туын көтеріп, күпірліктің туын құлатуды көздейді. Бұлар "Улил-амр"-дің дәлелі болып табылады. Сондықтан оларға бағыну керек.

Бұған қарамастан, әрдайым кейбір негізгі және қосалқы мәселелерге қатысты көзқарас қайшылығы туындап келеді. Осындай жағдайда Құран олардың міндетін айқындап, былай дейді: "Бір іс бойынша қайшылық туындаған кезде Алла мен пайғамбарға жүгініңдер. Алла мен пайғамбардың  қайшылықты жойып, бірлікті тудыру үшін бізге жол көрсетпеуі мүмкін емес".

Бұл маңызды принципке Алланың елшісі қайтыс болғаннан кейін көңіл бөлінбеді. Соның салдарынан бүгін ислам әлемінде көпқиыншылықтарға куә болып отырмыз. Әрбір топ пен ағым өз жолымен кетті. Олар оның Алла мен пайғамбар ұсынған жол ма, жоқ па көңіл аудармады. Егер көңіл аударылғанда бүгінде ислам әлемінде  интеграция мен бірліктен басқа ештеңе болмас еді. Қай адамның Құранның жолын ұстанатынын және қайшылық туындаған кезде оны шешу үшін Алла мен пайғамбарға жүгінетінін білу үшін аяттың соңғы жағында былай деп жазылған: "Әй, мүміндер. Аллаға бойсұнып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бойсұныңдар. Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаға, пайғамбарға ұсыныңдар: Егер сендер Аллаға, ақырет күніне иман келтірген болсаңдар. Міне осы, қайырлы да нәтижеде жақсы. (Ниса, 59-аят)". Сондықтан Құдай мен қиямет күніне иман келтірген адамның Алла мен пайғамбардың әміріне қайшы келетін өзінің жеке және фракциялық көзқарастарына табандылық танытуы мүмкін емес. Аяттың соңындағы мына жайт та көңіл аударуға тұрарлық: кез келген саладағы қайшылықта Алла мен пайғамбарға арқа сүйеу ең жақсы шешім болып табылады. Өйткені, Алла мен пайғамбар қайшылықтарды шешу, пікірлестік тудыру мен адамзат қоғамында тілеулестік орнату үшін ең жақсы жолдарды ұсынады.

Құранның осы стратегиялық жолнұсқауы ислам әлеміне шабыт беріп, жақын болашақта мұсылмандардың мерейінің артуына куә болармыз деп үміттенеміз.