Аспандық жолдаулар (9)
(last modified Sat, 26 May 2018 12:12:41 GMT )
Maм 26, 2018 18:12 Asia/Almaty

Бүгінгі бағдарламада мүмін адамдар ұстануы тиіс адами қасиеттер жайлы сөз қозғаймыз.

Армысыздар, ардақты ағайын! Қасиетті Рамазан айының ерекшеліктерінің бірі мынада: Құран Кәрім осы айда, тағдырды жоспарлап, белгілейтін Қадір түні түсті. Құран Кәрімнің түсу пәлсапасының Алла мен пайғамбардың бұйрықтарына бойсұнып, тыйым салған нәрселерінен тыйылу екенін білгеніміз жөн. Өткен екі бағдарламада бұл жайлы айтып өттік. Бүгінгі бағдарламада  Алла мен пайғамбардың әмірлеріне бой ұсынудың нәтижесі не болады деген тақырыпты талдаймыз. Осы сұраққа жауап ретінде былай деуге болады: бұл дүниеде Алла мен пайғамбардың бұйрықтарына бойсұнудың құнды нәтижесі жеке бастың бақыты мен ислам әлемінің барлық мүшелерінің арасында наным-сенім, интеллектуалды және саяси-әлеуметтік салаларда  бірлік орнату, жікшілдік пен жанжалдың алдын алу, сондай-ақ, мұсылмандардың абырой-айбынын сақтау болып табылады. Оның жемістері мына дүниеде мәңгілікке сақталу, артының қайырлы болуы және күн сайын өз намаздарымызда Алла ұсынған ең жақсы үлгілерге ортақтас болу саналады: «Бізді дұрыс жолға сал: нығмет берген адамдарыңның жолына».

Енді мынадай сауал туындайды: түнгі және күндізгі намаздарда Жаратушыға жалбарынып, сырласатын адамдар кім? Тура жолыңа түсуді аңсайтын адамдар кімдер? Құран оларды сипаттағанда былай дейді: "Ал және кім Аллаға, пайғамбарға бойсұнса, міне солар Алла (Т.) нығметке бөлеген пайғамбарлар, шыншылдар, шәһидтер және игілермен бірге болады. Олар нендей жақсы жолдас!" (Ниса сүресі, 69-аят). Сондықтан, Алланың тура жолында қадам басып, оның  рақымы мен нығметіне бөлене алуымыз үшін  негізгі приципті ұстануымыз керек, яғни Алла мен пайғамбарға бағыну қажет. Бұл амал уақытша болмауы тиіс, керісінше өмірдің шарықтаулары мен құлдырауларында кез келген жер мен уақытта жалғасуы керек. Бұл аятта қолданылған етістік осы түбегейлі жайтқа меңзейді.

Енді мынадай сауал туындайды: Құдай неліктен төрт топты таныстырған? Олардың көрнекті ерекшеліктері қандай? Алланың барлық пайғамбарлары өздері ғана тура жолда болып қана қоймаған. Олар өз замандарындағы қоғамға жетекшілік етіп, оларды теріс жолдан құтқарып, халықты тура жолға қайтару үшін бар болмыстарымен күш салған. Пайғамбарлардың келесі таухидтік шарасы күпірлікке негізделген биліктермен күресіп, илаһи әрі әділ жүйе құру болды. Олар өз жолдауларының негізінде ақлақтық және адами құндылықтарды жандандырып, оларға қарсылармен күресу үшін әрекет етіп, барлық қауіптерге бас тіккен. Осы ерекшеліктерге байланысты Құдай пайғамбарларды таухидтік тура жолдың үлгілері ретінде таныстырады.

Келесі топ – өте шыншыл адамдар. Олар Құдайдың нығметіне бөленген және илаһи тура жолда әрекет ететін адамдар ретінде сипатталған. Яғни, олар шыншылдықпен иман келтірген, Алла мен пайғамбарға бағынған, пайғамбарлармен қатар тұрып таухидтік сенімдерді қорғау үшін бір сәтке де тыным таппаған, қоқан-лоққылар мен арандатушылықтың әсеріне түспеген. Өздерінің позициясы мен мүдделеріне қатер төнді деп есептеген кәпір жүйелер мен басшылар таухидтік үкіметтерді жеңіп, жою үшін соғыс пен қантөгіс отын тұтатып отырған. Осы аралықта шәһидтердің жарқын бейнесі туындайды. Олар таухидтік ойлар мен жүйелердің өскінін сақтап, сендіру үшін пайғамбарлардың жетекшілігімен жан беріп, дұшпанға қарсы тұрып, Алланың рақымына бөленген. Олар Алла мен пайғамбарға бас ұрып, Құдайдың тура жолында әрекет етуге шынайы шешім қабылдаған адамдар үшін іс жүзіндегі жолнұсқаушы болды.

Құранда пайғамбарлар, шыншылдар мен шәһидтердің қатарында аталған соңғы топқа Алла мен пайғамбарға мойынсұну нығметіне ие болып, Құдайдың тура жолында әрекет ететін игілер – салихтер жатады. Бұлар өздері тақуа әрі шыншыл болумен қатар, қоғамды түзетіп, пайғамбарлар негізін қалап, сақтауға тырысқан және шәһидтердің қаны төгілген  құндылықтарды қорғауға бар күштерін салған. Олар сөз бен істе Алла мен пайғамбарға бағынатын рухқа ие топ болып табылады. Алланың мәңгі жұмағында олармен бірге отыру құрметіне ие болып, олардың жолынан үлгі алып, Алланың тура жолында қадам басып, үлкен нығметке бөленген. Осы жолды жүріп өтуде олардың талпыныстары рөл атқарғанымен, Алланың рақымы мен мейірімі болмағанда Оның алдына апаратын таңдаулылар жолына түсу мүмкін болмас еді. Сол себепті аяттың соңында былай деп айтылған: «Бұл – Құдай тарапынан берілген құт-береке. Құдайдың білімі мен танымы адамдарды тануға жеткілікті».

Илаһи нығмет пен құт-берекенің жөнсіз, лайықсыз берілмейтінін айтқан жөн.  Өздерінің жеке және әлеуметтік міндеттері мен жауапкершіліктерін орындауға бар күштерін салған адамдар Алланың назарына алынып, рақымына бөленеді.  Аяттың басында Алла мен пайғамбарға бойсұну принципінде бұл жайлы айтылды. Мұнымен қоса, осындай орынға ие болатын адамдар шын мәнінде мәңгіге қалатын рухани жеңіске қол жеткізеді. Құрандай былай деп қуатталған: «Алла істеріңді оңалтып, күнәларыңды жарылқайды. Сондай-ақ, кім Аллаға, Елшісіне бой ұсынса, әрине ол ұлы табысқа ие болады.» (Ахзаб сүресі, 71-аят).  

Адамға пайғамбарлар, шыншылдар, шәһидтер мен игілер сияқты адамдармен мәжілістес болатын мәңгілік сарайға жол тартудан асқан ұлы жеңіс бола ма? Алла Тағала бізге де Өзінің тура жолындағы осындай үлгілермен бірге отыруды нәсіп етеді деген үмітпен сіздермен келесі бағдарламаға дейін қош айтысамыз.     

Тегтер