Отыз күн – отыз хикая 11
«Сендер қайда болсаңдар да, тіпті мықты қорғандарда (жұлдыздарда) болсаңдар да өлім жетеді...».
Хазірет Дәуіттің өзі мен перзенті хазірет Сүлейменнің екеуі де илаһи пайғамбарлар болған. Хазірет Сүлейменнің билігі кең таралған. Хазірет Сүлеймен аңдардың тілін түсініп, жел хазіреттің ықтиярында болған. Күндердің бірінде өлім періштесі Әзірейіл хазірет Сүлейменнің қасына келеді. Сол кезде хазіреттің қасында бір ер адам тұрған болатын. Әзірейіл оған қарайды. Әзірейіл кеткен кезде ер адам: «Кеткен адам маған ерекше қарады»,- дейді. Хазірет Сүлеймен оның Әзірейіл болғанын айтқан кезде ер адам: «Уа, Сүлеймен! Желге мені жылдамырақ Үнді жеріне жеткізуді бұйыр. Ажалым жақындады деп алаңдаймын. Егер мені мен оның арамыз алыстаса, ажалдан қашып, құтыла алармын»,- дейді. Хазірет Сүлеймен желге ер адамды Үнді жеріне жеткізуді бұйырады. Бірнеше күннен кейін Әзірейіл хазірет Сүлейменге келгенде хазірет одан ер адамға неге ашуланып қарағанын сұрайды. Әзірейіл: «Мен оған ашумен емес, таңғалып қарадым. Алла Тағала маған сол күні бұл ер адамның жанын Үнді жерінде алуды бұйырған болатын, бірақ мен оны өзіңнің қасыңнан көріп: «Бұл жерден Үндістанға жеткенше, оның жанын алғанша бір жыл уақыт керек. Мен оның жанын қалай аламын?» деп ойладым. Оның өлімі келген күні оны Үндістаннан тауып, жанын алдым» дейді.
Алла Тағала «Ниса» сүресінің 78-ші аятында: «Сендер қайда болсаңдар да, тіпті мықты қорғандарда (жұлдыздарда) болсаңдар да өлім жетеді...»,- деп айтқан. Алла Тағала «Жұма» сүресінің 8-ші аятында: «(Мұхаммад с.ғ.с.) оларға: “Расында, сендер қашқан өлім әрине, ол сендерге кездеседі. Сосын көместі, көрнеуді білуші Аллаға қайтарыласыңдар. Сонда сендерге істеген істеріңді түсіндіреді” де»,- деп айтылған.
Исламның ұлық пайғамбары: «Өлім келместен бұрын өлімге дайындалыңдар»,- деген.