Аспандық жолдаулар (13)
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i37658
"Аспандық жолдаулар" атты топтамамыздың кезекті бөлімін назарларыңызға ұсынамыз.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 10, 2018 14:59 Asia/Almaty

"Аспандық жолдаулар" атты топтамамыздың кезекті бөлімін назарларыңызға ұсынамыз.

Құдайдың қонағы болатын осы айда илаһи рақымшылықтың арқасында нәпсіні тыю мен осы айдың рухани құндылықтарына ие болуда үлкен қадамдар жасағанымызға үміттіміз. Дұрыс сөз сөйлеу, яғни дұрыс, салмақты әрі ақылға қонымды сөз сөйлеу жайлы сөз қозғалған өткен бағдарламада сөзді ақылға салудың біздің мінез-құлқымыздың түзетілуіне негіз жасайтыны туралы баяндаған болатынбыз. Бүгінгі бөлімде осы тақырыпты жалғастырып, назарларыңызға Құранның тәрбиелік нұсқауларының басқа жайттарын ұсынамыз.

Дұрыс әрі салмақты сөзге ерекшелік пен тартымдылық беретін әрекеттердің бірі игі әрі жақсы сөз айту саналады. Сол себепті Құран Кәрімдегі нұсқаулардың бірінде былай деп қуатталған: "Адамдарға көркем сөз сөйлеңдер" («Бақара» сүресі, 83-аят).

Жақсы әрі көркем сөздің не екені мен оның қандай ерекшеліктерге ие екендігі туралы рауаяттарда түрлі мәселелер баяндалған. Осындай рауаяттардың кейбіреуінде мынадай түсініктеме берілген: "Қысқа әрі жалықтырмайтын; қинап, зеріктірмейтін; айқын әрі рационалды, ашық айтылатын сөздер". Басқалармен тілдесуде бізбен дәл солай сөйлесуді қалайтын сөздерді айтуымыз керек. Себебі, біз халықпен тілдесеміз. Сондықтан, олардың жеке тұлғасына үлкен құрмет көрсетіліп, адамдар арасындағы қатынастар нығайып, бірлігіміз артып, өкпе-реніш пен кек жойылып, жүректерді бір-біріне жақындастырып, адамдар тек бір-бірімен жақсы естеліктермен қоштасып, бірін-бірі көруге асығатындай сөз сөйлеуміз қажет.

Жақсы ахлақтың толық көрінісі болған имам Саджад (ғ.с) жақсы сөз айтудың артықшылығы туралы: "Жақсы сөз сөйлеу ризықты арттырып, өлімді кейінге қалдырып, адамды отбасы тарапынан мейірім мен махаббатқа бөлеп, адам баласын жұмаққа жеткізеді",- деп айтқан. Сол себепті жақсы әрі көркем сөз дүние мен ақыретте де оң нәтижесін беріп, адамды жұмаққа кіргізеді. Қасиетті Құрандағы аяттардың бірінде осы мәселеге қатысты былай деп айтылған: "Ей, Мұхаммед! Құлдарыма айт! Ең сыпайы түрде сөйлесін..." (Исра сүресі, 53-аят).

Алла Тағаланың Исламның Ұлық пайғамбарына (с.ғ.с) өз құлдарына көркем түрде сөз сөйлеуді бұйыруы жақсы әрі игі сөзді айтудың ерекше маңыздылығын көрсетеді. Сондықтан өзін Құдайдың құлы санайтын адам осы илаһи бұйрыққа құлақ салып, оған берік болуы тиіс.

Жақсы сөзді баса айтумен қатар, Құранда басқалардан еститін ең игі әрі ең жақсы сөздерді көңілге тоқу да баса айтылып, былай деп айтылған: "Сонда құлдарымды сүйіншіле. Сондай сөзге құлақ салып, сонда оның ең көркеміне ілесетіндер, міне солар, Алла өздерін тура жолға салғандар. Міне, солар – ақыл иесі" («Зүмәр» сүресі, 17,18-аяттар).

Бұл аяттағы бірнеше жайтқа назар аударған жөн: біріншіден, осы аяттағыдай Құдай пайғамбарына сүйінші хабарды жеткізуге бұйрық береді. Алла Тағала өте маңызды мәселе көтерілгендіктен осындай бұйрық берді. Басқа жағдайда оны жүзеге асыру аса маңызды саналмайтын секілді; екінші мәселеге келетін болсақ, алдыңғы аят секілді Құдай былай дейді: "Менің құлдарыма сүйіншіле". Бұл ерекше көңіл мен ілтипаттың белгісі саналады, тіпті барлық адамдар мұндай ілтипатқа бөлінбейді деп те айтуға болар. Барша адамның ішінен Құдай осы топты "менің құлдарым" деп атап ерекшелеп, таңдап алған. Бұл жерде туындайтын сауал мынадай: осындай ерекше көңіл бөлінетіндей бұл топтың қандай ерекшелігі бар? Осы орайда Құранда үш ерекше қасиет баса айтылған: бұл топтың алғашқы қасиеті олардың үнемі басқалардың сөздері мен пікірлеріне құрмет көрсетіп, өз пікірін білдірместен олардың сөзін тыңдауы саналады. Бұл олардың басқалардың сөзін тыңдап, құлақ салып, бірден реакция білдірмейтінін көрсетеді.

Осы топтың келесі қасиетіне басқалардың сөзін тыңдап болғаннан соң, оны талдап, бағалап, олардың ішіндегі ең ақылға қонымдысы мен негізгісіне бар зейінімен құлақ салуы жатады. فَیَتَّبِعُونَ أَحْسَنَهُ "Оның ең көркеміне ілесетіндер" деген сөз осы жайтты баяндайды. Құран Кәрімде сипатталған адамдардың осы тобына тән келесі қасиеттің бірі "Алла өздерін тура жолға салуы" саналады. Бұл сөздер аталмыш топтың Құдайдың ерекше ілтипатына бөленгенін білдіреді. Әсіресе, Құдай аяттың басында бір рет "Менің құлдарым",- деп айтып, сол аятта: "Міне солар, Алла өздерін тура жолға салғандар",- дейді. Аяттың соңында назар аудартатын соңғы жайт мынада: "Міне, солар – ақыл иесі" («Зүмәр» сүресі, 18-аят). Осының негізінде Құдайдың ерекше құлдарына тән қасиеттердің бірі олардың ақыл мен даналыққа ие болуы саналады. Яғни, олар ақылға қонымды әрі соқыр сенімнен тыс сөз сөйлеп, басқалардың сөзін ақылмен өлшеп, пайымдайды. Міне, Мұхаммад пайғамбар (с.ғ.с) кезіндегі таза ислам діні мен оны ұстанушылардың ерекше қасиеттеріне осы жатады. Сондықтан, ақылға салмай қылмысқа баратын тәкфиршілер мен ДАИШ секілді топтар мен ағымдар шайтанның құлдары мен "америкалық исламның" қамқорлығындағы топтар саналады.

Осындай рақымға толы айда Құдайдан дін жолында баршаға ақылы мен санасын дұрыс пайдалану үшін күш дарытуды сұраймыз.