Аспандық жолдаулар (14)
Назарларыңызға "Аспандық жолдаулар" атты топтамамыздың кезекті бөлімін ұсынамыз.
Ал көркем сөз дегеніміз не және оның қандай ерекшеліктері бар? Бұл жайында әртүрлі көзқарастар мен пікір бар. Оларға жақсы, көркем әрі жағымды, махаббат пен руханилыққа толы рухтандырушы әрі шаттандырушы, Алланы қастерлеп, оның даналығын мойындайтын, адамды толық кәмілдік пен мінсіздікке жетелейтін сөздер жатады. Осы айтылған мағыналардың әрқайсысын назарға алатын болсақ, сол аспектілердің бірінде біздің болмысымыз бен табиғатымыз елеулі рөл атқарады. Олардың ішіндегі ең маңыздысы саналық және ғамалдық тұрғыдан бізді мінсіздікке жеткізіп, мақтаулы, яғни Алла Тағала ұнататын және соңында біздің жұмаққа кіріп, Аллаға жақындай түсуімізге себеп болатын жолға итермелейді. Сөз әдебін сақтайтын адамның ғамалдық тұрғыдан да белгілі бір қағидалар мен құндылықтарға берік болатыны белгілі. Мүмкін, сол себепті де кейбір тәпсіршілер "мақтаулы жолды" игі әрі ұнамды ғамалдар ретінде түсіндірген шығар.
Сөздің адам рухына, ішкі жан дүниесіне әсерін көрсететін салалардың бірі ата-анаға, әсіресе олардың қарттық кезеңді бастан өткізіп, кез келген шақпен салыстырғанда құрмет пен сыйластықты аса қажет ететін кезеңде оларға құрмет көрсету саналады. Құранда бұл мәселе жайлы былай деп жазылған: "Раббың, өзіне ғана ғибадат етуді, әке-шешеге жақсылық қылуды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: “Түһ” деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ, ол екеуіне зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле" («Исра» сүресі, 23-аят).
Бұл аятта екі түсіндірме назар аудартады: бірі Құдайдың: "فَلَا تَقُلْ لَهُمَا أُفٍّ ата-анаңды ренжітетін "түһ" деген кішкентай болсын сөз айтпа" деп, басқасы "وَقُلْ لَهُمَا قَوْلًا کَرِیمًا және олармен сыпайы түрде сөйлес, яғни ата-анаға асқан сыпайылықпен әрі олардың құрметі сақталатындай сөз айт" деп бұйыруы жатады. Мұндай сөздердің маңыздылығын Құдайға сыйынып, құлшылық жасағаннан кейін ата-анаға игілік жасап, осылай сыпайы сөйлеу мәселесі көтерілгеннен соң жақсырақ түсінеміз. Құдайға құлшылық жасағаннан кейінгі ең маңызды әрі ең құнды ғамал отбасыға құрмет көрсету саналады. Әке-шешені құрметтеп, сыйлау дегеніміз оларды ренжітетін тіпті ең кішкентай сөз айтпай, керісінше оларға деген құрметтің нағыз шыңын көрсететін көркем сөз айту саналады.
Осы бөлімді қорытындылай келе, сөз сөйлеу мәдениетінің исламда ерекше орынға ие екендігін, жақсы, көркем, пәк әрі сыпайы сөздің оның көріністерінің қатарын құрайтынын, олардың әрқайсысының біздің қатынастарымызды реттеу мен нығайтуда шешуші рөл атқаратынын айтып кеткен жөн болар.