Діни жетекшінің көзқарасы: Имам Хомейни мен хазірет Әли (ғ.с.)-ның ерекшеліктері мен екі тұлғаның кезіндегі жағдайдың ұқсастығы
(last modified Wed, 13 Jun 2018 10:21:27 GMT )
Маусым 13, 2018 16:21 Asia/Almaty

Аятолла Хаменеи имам Хомейни туралы былай деді: "Имам құдіретті тұлға болды. Ол мұрагерлікпен өтетін диктатуралық тағұт үкіметін тақтан құлатты. Бұл – имамның ерекше құдыретінің белгісі. Ол аймақтың табиғи байлықтарын өз мүддесіне пайдаланып отырған АҚШ-ты сәтсіздікке ұшыратып, артқа шегінуге мәжбүрледі; қастықтарды заласыздандырып, таңылған соғыста жеңімпаз болды».

Жыл сайын Иран Ислам республикасы жүйесінің іргетасын қалаушы имам Хомейнидің дүниеден озған күнінің жылдығында хазіреттің қасиетті кесенесінде аза рәсімдері өтеді. Рәсімде имам Хомейнидің орынбасары әрі имамды жақсы танитын аятолла Хаменеи сөз сөйлейді. Иран Ислам революциясының жетекшісі имам Хомейнидің кесенесі мен оның айналасына жиналған Иран халқының алдында сөйлеген сөзінде биыл имам Хомейнидің қайтыс болған күнінің жылдығының хазірет Әли (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығымен тұспа-тұс келуіне тоқталып, бұл екі тұлғаның ерекшеліктері мен олардың билігі мен халықтың жағдайының ұқсастықтарына тоқталды.

Имам Хомейни 

Ислам революциясының жетекшісі сөзінің басында имам Хомейнидің хазірет Әли (ғ.с.)-ның адал жақтасы болғаны туралы баяндап, имам Хомейни мен хазірет Әли (ғ.с.)-ның ұқсастықтарына тоқталды. Рухтың күші мен жұмсақтығы бір-біріне қарама-қайшы екі қасиет болғанымен, хазірет Әли (ғ.с.) оның екеуіне де ие болды. Аятолла Хаменеи хазірет Әли (ғ.с.)-ның күші туралы: "Имам Әли (ғ.с.) зұлымдық пен залымға, Алланың жолынан бұрмалану мен пұтқа табынушылыққа бар күшімен қарсы тұрғаны сондай, осы уақытқа дейін бұл тұрғыдан хазірет сынды табандылық білдірген адам болмады",- деді. Аятолла Хаменеи имам Хомейнидің ата-бабасының хазірет Әли (ғ.с.)-нан үлгі алғанына тоқталып: "Ол хазірет дінсіз, шіріген Пехлеви режиміне қарсы табандылық танытып, Американың алдында тау сынды қасқайып, қарсы тұрды. Имам қоқан-лоққылар, сегіз жылдық қасиетті қорғаныс соғысы кезінде шапқыншы Саддам режимі мен ішкі бүліктерге қарсы тұрды. Бұл имамның күші",- деді. Ислам революциясының жетекшісі сырт көзге хазірет Әли (ғ.с.)-ның күш-қуатына қайшы көрінетін хазіреттің рухының рақымы мен жұмсақтығы туралы былай деді: "Хазірет Әли (ғ.с.) өз дәрежесіне қарамастан еш уақытта Алланы ұмытпай мазлұм, маққрым, әлсіз әрі мұқтаж адамдармен мейірімді әрі жұмсақ қарым-қатынас орнататын". Аятолла Хаменеи хазірет Әли (ғ.с.)-дің қасиеттерінен бірнеше тарихи үлгіні келтіріп, имам Хомейнидің хазіреттің сипаттарына ұқсастығы туралы: "Адам имам Хомейнидің мейірімі мен жұмсақтығын байқайды. Мен шәһидтің анасының жолдауын имамға жеткізгенде мықты ер адамның көзі жасқа толды. Имам әлсіздер мен жалаң аяқтарды қорғау туралы көп айтатын. Бұл имам Хомейнидің өзінің діни басшысына ұқсас қасиеттерінің бірі болды»,- деді.

Аятолла Хаменеи имам Хомейни кесенесінде сөз сөйледі

Аятолла Хаменеи сөзінің жалғасында хазірет Әли (ғ.с.)-ның мазлұм болуымен бірге мықты болғанын тоқталды. Хазірет Әли (ғ.с.) халифа болған кезінде әлемнің үлкен бөлігіне билік етті. Хазірет ғылыми, әскери, сөз бен жоғары қисын күшіне ие болды. Иран Ислам революциясының жетекшісі  имам Хомейнидің бойынан байқалған хазірет Әли (ғ.с.) ерекшеліктерінің бірі туралы: "Имам мықты тұлға болды. Ол мұрагерлікпен өтетін тағұт үкіметті тақтан құлатты. Бұл – имамның ерекше құдыретінің белгісі. Хазірет аймақтың табиғи байлықтарын өз мүддесіне пайдаланып отырған АҚШ-ты сәтсіздікке ұшыратып, артқа шегінуге мәжбүрледі, қастықтарды заласыздандырып, таңылған соғыста жеңіске жетті",- деп баса айтты.

Хазірет Әли (ғ.с.) күш-қуатына қарамастан әрқашан сыртқы дұшпандардың қастықтары мен халықтың хабарсыздығы мен осалдығы салдарынан, сонымен қатар кейбір танымал адамдардың қызғанышы мен кегіне байланысты зұлымдық көрді. Ұқсас жағдаймен Иран Ислам революциясының марқұм көсемінің бетпе-бет келгені туралы аятолла Хаменеи былай деді: "Имамымыз дұшпандардың өзіне қарсы кең ауқымды үгіт-насихатынан, тірі кезіндегі тіл тигізушіліктер мен дүниеден озғаннан кейінгі біраз уақытқа жалғасқан жамандаудан қорлық көрді. Тіпті, кейбір адамдардардан күтілмеген әрекеттер имамға қатысты іске асырылды. Бұл – имамның мазлұм болғанының белгісі",- деді.

Хазірет Әли (ғ.с.) тірі кезінде өзінің жоғары мақсаттарына жетпегенімен, адалдық, адамгершілік пен әділетте жеңіске жетті. Аятолла Хаменеи бұл үлкен әрі әсерлі жеңіс туралы: "Қазір сіздер хазірет Әли (ғ.с.)-ның есімінің адамзаттың арасында, тарихта қандай деңгейде екенін көріп отырсыздар, ал оның дұшпандары туралы тіпті еш нәрсе естілмейді. Хазіреттің "Наһдж ул-Балағесі" – беделді адамдар  үшін сабақ. Оның тарихы – Исламның ұлық пайғамбарының тарихынан кейінгі ең мәшһүр тарих. Оның әділеті мен ғибадаты, айбынды  баршаға танымал. Оның жолы – дұшпандарды  жеңген жол. Қорытынды жеңіс хазірет Әлиге (ғ.с.) тиесілі болды",- деді.  Имам Хомейни өзінің беркелі өмірінде кейбір мақсаттарына жеткенімен, олардың көбі қайтыс болған соң іске асырылды. Иран Ислам революциясының жетекшісі аймақтағы Иранның рөлін арттыруды, Ислам республикасы жүйесінің мықтылығы мен ғылым мен технология, саяси және экономикалық салалардағы дамуын, сондай-ақ ислам әлеміндегі, әсіресе Азияның батысындағы Ислам революциясы диалогтарының кеңеюін Ислам революциясының көсемі имам Хомейнидің армандарының іске асырылуының мысалдарының бірі деп санайды.

Иран алға ілгерлеу жолында

Имам Хомейнимен хазірет Әли (ғ.с.)-мен келесі ұқсастығы – үш топқа бөлуге болатын дұшпандары мен наразылық білдірушілерінде: олардың  ішіндегі ең маңыздысы имам Әли (ғ.с.)-ның үкіметін құлатуды көздеген Муавие болды; келесі топ – басында хазіретке бият еткен, бірақ хазіреттің әділдігін көрген кезде бияттарын бұзып, хазіретке қарсы соғысқа шыққандар; үшінші топ – хазірет Әли (ғ.с.)-ның қарсыластары, дұшпанның алдауына түсіп, өз имамдарына қарсы шыққан хабарсыз адамдар.  Аятолла Хаменеи имам Хомейнидің дүниеден озуының жылдығына арналған рәсімде имам Хомейнидің да ұқсас үш топпен бетпе-бет келгенін қуаттады. Бұл үш топқа АҚШ, сионистік режим мен оларға тәуелді шектеулі ішкі күштер кіреді. Олар осы уақытқа дейін Ислам республикасының жүйесін құлатуды көздеуде. Имамға наразылық білдірушілердің келесі тобын басында бірге болып, кейін дүниелік байлыққа қарсы тұра алмай, біртіндеп, Ислам революциясының идеялары мен мақсаттарына қарсы шыққандар құрады. Келесі топ – дұшпанның алдау-арбауына сенген хабарсыз адамдар. Олар туралы Ислам революциясының жетекшісі: «Олар дұшпандарды танымай, олардың дұшпандық тәсілдерін түсінбей, түкке тұрмайтын мәселелермен айналысып, имамның қозғалысының маңыздылығын ажырата алмады. Иран Ислам республикасына қарсы үш топ осы кезге дейін өз әрекетерін жалғастыруда, бірақ олар Иран халқының дамуына тосқауыл бола алмайды»,- деп қуаттады.

Аятолла Хаменеи имам Хомейнидің қабірінің қасында

Аятолла Хаменеи имам Хомейнидің Иранның Ислам революциясының дұшпандары мен қарсыластарына қарсы тұру тәсілдеріне тоқталып, имамның еш уақытта дұшпанға қарсы осалдық білдірмегенін, керісінше батыл әрі қатаң ұстаным білдіргенін еске салды.  Ислам революциясының қазіргі жетекшісі ақылды шешімдер мен басты мәселелерге назар аударып, халыққа сенім артып, халықты дұшпанға қарсы біріктіруін имам Хомейнидің дұшпанға қарсы тұру жолдарының бірі ретінде атады. Аятолла Хаменеи имам Хомейнидің дұшпандардың алдында жеңіске жетуінің ең маңызды факторы туралы: «Имам илаһи көмекке сүйенді. Яғни, талпыныс жасап, майданға бүкіл болмысымен шыққанымен, илаһи көмекке үміт еткен болатын. Біз қазір имамның жолын жалғастырудамыз»,- деді.

Имам Хомейнидің дүниеден озған күнінің жылдығына қатысты рәсімде аятолла Хаменеидің баяндаған келесі мәселесі дұшпандардың ИИР-на қарсы экономикалық, психикалық және қауіпсіздік салаларындағы жобалары болды. Халыққа экономикалық қысым көрсету үшін санкция салу дұшпанның Иранға қарсы қастықтарының бірінші бөлімі болды. Қоғамның қауіпсіздігін бұзу үшін Иран халқының заңды талаптарын бүлікке айналдыруға әрекеттену Ислам революциясының жетекшісі назар аудартқан дұшпанның келесі әрекеті болды. Алайда, діни жетекші маңызды мәселе деп атаған дұшпанның келесі жобасы психикалық соғыс жүргізуі болды. Аятолла Хаменеи: «Психикалық қысым – өте маңызды мәселе. Өйткені, Иран халқының күш-қуатының факторлары саналатын мықты жайттар дұшпанның үгіт-насихаттарында дағдарыс тудыратын мәселелер ретінде көрсетіледі. Сөйтіп, Иран халқын олардан алыстатқысы келеді",- деді. Діни жетекші Иранның ядролық және зымырандық салалардағы мақтан тұтатын жетістіктері мен халықаралық әділеттің орнатылуын талап етуіне сенімсіздік білдіруді дұшпанның ИИР-на қарсы психикалық қысым көрсетуі деп атады. Аятолла Хаменеи әлемнің мазлұм халықтарын қолдау тақырыбы туралы: "Ислам республикасы үшін зорлық-зомбылық көрген халықтарды қолдау – абырой; Палестина халқын қолдау – абырой. Ислам республикасы аймақта сионистік режимге қарсы тұратын қарсыласу күштерін күшейтті. Бұл – маңызды мәселе. Дұшпан бұл тақырыпты "Иранның аймақтағы араласушылығы» деген дағдарысты мәселеге айналдырмақ",- деп баса айтты.

Иран Палестинаны қолдайды

Аятолла Хаменеидің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты Американың келіссөз  жүргізу туралы ұсынысы мақсатының Иранға салынған санкциялардың күшін жою туралы соңғы тақырыбы имам Хомейнидің кесенесінде жиналған халықтың ерекше реакциясына себеп болды. Аятолла Хаменеи: «Кейбір еуропалық үкіметтердің сөздері бойынша, Иран халқы санкцияларға шыдап, келешекке  қажет өзінің ядролық жұмыстарынан да бас тартып, қазіргі шектеулерді жалғастыруы керек, бірақ мен бұл үкіметтерге олардың бұл түстерінің өңдерінде де іске аспайтынын білгені жөн деймін...  Иранның Атом қуаты ұйымы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы негізінде уран байытуды 190 000 ЕРР (бөлу жұмысының бірлігі) көлеміне жеткізу жұмыстарын жылдамдатып, Иран Президентінің бұйырығында ескерілген бастапқы жұмыстарды   бастауға міндетті»,- деді. Сөйтіп, ИИР Ислам революциясы жетекшісінің бұйрығымен және "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы құқығын пайдаланып, Иран бейбіт мақсаттағы жаңа ядролық жұмыстарын бастамақ.

 

Тегтер