Саудиялық тақ мұрагерінің бір жылдың ішінде елшілік және аймақтық деңгейдегі әрекеттеріне шолу
Сауд Арабиясының патшасы Салман бен Абдулазиз 2017 жылдың 21 маусымында өз ұлы Мұхаммад бен Салманды Мұхаммад бен Наифтың орнына Сауд Арабиясының тақ мұрагері лауазымына тағайындады. Бүгінгі бағдарламада саудиялық тақ мұрагерінің бір жылдың ішінде елшілік және аймақтық деңгейде атқарған шараларына шолу жасаймыз.
Салман бен Абдулазиз 2015 жылдың қаңтар айында Малек Абдулла қайтыс болған соң кейін Сауд Арабиясының патшасы болып тағайындалды. Малек Салман өткен 3 жылдың ішінде 3 тақ мұрагерін таңдады: Могрен бен Абдулазиз, Мұхаммад бен Наиф және Мұхаммад бен Салман. Абдулазиз ұрпақтары арасында таққа мұрагерлік етуге таңдалған алғашқы адам болмаса да, Мұхаммад бен Салманның патша тағына жету мүмкіндігі жоғары. Мұнымен бір мезгілде Мұхаммад бен Салман өз әкесі билік құрып тұрған кездетақ мұрагері болып тағайындалған Сауд Арабиясы патшасының бірінші перзенті болып табылады. Өткен 3 жылдың ішіндеМұхаммад бен Салман Сауд Арабиясының тақ мұрагері, Қорғаныс министрі және экономикалық бөлім басшысы лауазымдарын атқарды. Соңғы бір жылдың ішінде оның құдіреті арта түсті. Шын мәнінде Сауд Арабиясының саяси, әскери және экономикалық салалары өткен 1 жылдың ішінде Мұхаммад бен Салманның бақылауына алынды.
Мұхаммад бен Салманның өткен бір жылдың ішінде елшілік деңгейдегі әрекеттерін сахналандырылған әлеуметтік реформалар мен ханзадаларды қудалау үдерісінен қарастыруға болады.
Мұхаммад бен Салман Сауд Арабиясының тақ мұрагері лауазымына қол жеткізген соң әсіресе әйелдер саласында әлеуметтік реформалар жасай бастады. Бұл реформалардың ең маңыздысы әйелдерге көлік жүргізуге рұқсат беруі мен әйелдердің спорт кешендеріне баруына рұқсат беруі болды. Шын мәнінде Мұхаммад бен Салман әйелдер мен жастар үшін әлеуметтік бостандықты арттыруға күш салды, алайда бұл түбегейлі емес, үстірт жасалған азын-аулақ реформалар ғана. Оның осы реформалардан көздеген негізгі мақсаты патша тағына жету үшін халықтың қолдауына ие болып, өзінің жас басшы ретінде Сауд Арабиясының бұрынғы егде басшыларынан айырмашылыққа ие екендігін көрсету болды. Кейбір ақпарат құралдары көп жарнамалап, оның реформаларын әсірелеп жібергенімен, көрнекті сарапшылардың көбі бұл реформалардың символдық түрде жасалғаны мен Сауд Арабиясында азаматтық бостандықтардың нығаюына септігін тигізбейтіндігіне сенімді. Осыған орай, француз газеті бір сараптамасында: "Мұхаммад бен Салман саудиялық жастарды жақсы пайдалануда. Ол ел жастарын Twitter, Instagram мен YouTube сияқты әлеуметтік желілердегі белсенділіктер саласында ауыздықтап ұстаудың маңыздылығын жақсы түсінетіндіктен олардың бостандыққа дегенталпыныстарын өз мақсатында пайдалануға күш салып жатыр. Тақ мұрагері өз ісін асығып істеп жатыр, өйткені ол жастардың оған қарсы төңкеріс жасау ықтималын жақсы біледі",-деп жазды.
АҚШ ОББ-ның бұрынғы сарапшысы әрі лаңкестікке қарсы кеңесшісі Джон Криако: "Бұл әрекеттер – Мұхаммад бен Салманды басқа консервант ханзадалардан бөліп алу мақсатында жасалып жатқан саяси маневр. Менің ойымша, Мұхаммад бен Салман бұл шараларды өзін либерал тұлға ретінде көрсету үшін жасады. Мұндай шараларға ол үлкен қаражат жұмсаған жоқ",-деді.
Осы реформалардың символдық сипатта болғанының бір белгісі Сауд Арабиясында әлеуметтік реформалармен бір мезгілде саяси және азаматтық белсенділерге қарсы қатігездіктердің көбейгенінде. Өткен 1 жылдың ішінде Сауд Арабиясында ондаған саяси және азаматтық белсенді қамауға алынып, әскери соттарда ұзақ мерзімге сотталды. Халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы Шейхулисламның пікірінше, Мұхаммад бен Салманның реформалары үстірт, таяз. Мұндай шаралар қоғамдық пікірді алдарқату мақсатында жасалатындықтан адам құқығын қорғаушы белсенділер мен ұйымдардың көңілін аудара алмайды.
Мұхаммад бен Салманның Сауд Арабиясында жасаған ең маңызды шараларының бірі 2017 жылы қарашада ханзадаларды жаппай қамауға алуыы болды. Саудиялық тақ мұрагері 2017 жылдың қараша айында осы елдің жүздеген ханзадасы мен лауазымды тұлғаларын жемқорлық айыбымен және "жемқорлықпен күрес" деген алдамшы ұранды түсіндіру үшін қамауға алды. Қамауға алынғандардың ішінде Сауд Арабиясындағы ең бай адамдар, соның ішінде саудиялық миллиардер ханзада Валид бен Талал және билік саласындағы Бен Салманның ең маңызды бәсекелесі саналатын Митаб бен Абдулла сияқты адамдар болды. Бақылаушылардың пікірінше, "қаржы жемқорлығымен күрес" деп жарияланған қамаулар Мұхаммад бен Салманның билікке үміткерлерді қорқытып, өз билігін нығайту үшін жасаған талпыныстары болып табылады. АҚШ-тың " Los Angeles Times" газеті: "Ақша, құдірет мен жанұялық байланыс та саудиялық ханзадаларға көмектесе алмады",-деп жазды. Ұлыбританияның Guardian газеті өз сараптамасында: "Мұхаммад бен Салманның жемқорлықпен күрес туралы уәждері – бір-біріне әшкере түрде қайшы, өйткені өзі жемқорлыққа белшесінен батқан адам жемқорлықпен күресіп жатырмын деп уәж айта алмайды",-деп жазды. Ақырында Мұхаммад бен Салманханзадалардан қомақты ақша алып, олардың көбін мәжбүрлі түрде қамауға арналған қонақ үйден босатты.
Бұған қарамастан, Мұхаммад бен Салман 2018 жылдың сәуір айында ханзадаларды қамауға алуының өтемін төледі. Ақпарат көздері 21 сәуір күні түнде әл-Хазами патша сарайының маңында атыс болғанын хабарлады. Саудия үкіметі күлкілі уәждерінде ойыншық ұшқышсыз ұшақтың атысқа себеп болғанын айтты, алайда Мұхаммад бен Салман бір айға жоғалып кеткеннен кейін әл-Хазами сарайы маңында болған атыстың ханзадалардың Бен Салманға қарсы төңкеріс жасауды көздеген талпыныстарынан туындағаны анықталды.
Мұхаммад бен Салман аймақтық деңгейде екі маңызды мәселеде – көршілес елдермен текетіресті арттыруымен және Израиль режимімен қарым-қатынасын қалыптандырумен көзге түсті. Катар мен Сауд Арабиясы арасындағы төңкеріс 5 маусымнан, яғниМұхаммад бен Салманның тақ мұрагері болып тағайындалуынан 2 апта бұрын басталғанымен ол осы лауазымға келген соң текетірес өрши түсті. Катар сияқты шағын елдерге жоғарыдан қарайтын Мұхаммад бен Салман Катарды тізе бүктіру үшін көп талпыныс жасады, тіпті бұл елмен текетіресті болмашы мәселе деп ойлады. Алайда сарапшылардың ойынша, Катардың Мұхаммад бен Салманның аймақтық саясаттарына қарсы тұруы Сауд Арабиясы үшін ауыр жеңіліс саналады.
Осы орайда француз газеті өз сараптамасында: "Бен Салман Катарды лаңкестік топтарды қолдайды деп айыптауы бұл елді қоршауға алу үшін сылтау ғана болды. Тура осы айыптар Сауд Арабиясының өзіне тағылып отыр. Алайда бұл қоршаудың нәтижесі керісінше Доханың сол кезден бастап саудиялықтардың бәсекелесі саналатын Теһранмен қарым-қатынасын нығайтуына себеп болды",-деді.
Осы текетірестің ең маңызды салдарларының біріне Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің іс жүзінде тарқауға жақын қалғаны жатады, өйткені 2017 жылдың желтоқсан айында Кувейтте өткен кеңес басшыларының отырысы Сауд Арабиясы, БАӘ мен Бахрейн басшыларының қатысуынсыз тек 15 минутқа ғана созылды. Брукинз институтының мүшесі Нохе Абдулваххаб осы жайлы: "Болашақта не болатынын былай қойғанда, бір мәселе толығымен анық: Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі саяси және әлеуметтік сенім ретінде өзінің бұрынғы қалпына енді қайтып келмейді",-деп жазды.
Мұхаммад бен Салманның аймақтық деңгейдегі келесі даулы шараларының бірі Ливан Премьер-министрі Саад әл-Харириді эр-Риядқа шақырып алып, оған алдын ала дайындалған мәлімдемені оқытып, 2017 жылдың қараша айында мәжбүрлі түрде отставкаға кетіруі болды. Харири эр-Риядта отставкаға кету туралы мәлімдемені оқығаннан кейін қамауға алынды. Ливанда ішкі қақтығыстар тудыру үшін жасалған бұл шара әртүрлі елдердің басшылары мен сарапшылардың көзқарасы бойынша, "саяси тұтқынға алу" саналып, Бен Салман шамамен 20 күннен кейін Саад әл-Харириді босатуға мәжбүр болды. Әл-Харири Ливанға қайтып оралған соң отставкаға кеткенін теріске шығарып, Хезболлаға қарсы кез келген шара мен көзқарас білдіруден бас тартты. Сөйтіп, Сауд Арабиясының жас, тәжірибесіз әрі мансапқор тақ мұрагерін тағы бір жеңіліске ұшыратты.
Сауд Арабиясының өткен бір жыл ішінде жүргізген аймақтық саясаттарының бірі бұл елдің Израиль режимімен қатынасын қалыптандыруды көздеуінің әшкереленуі болды. Мұхаммад бен Салман, Дональд Трамп пен Беньямин Нетаньяху Таяу Шығыста сұрқия үштік құрды. Бен Салман Дональд Трамптың АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшіру туралы шешіміне қарсы болмай, керісінше оны қолдады. Саудиялық тақ мұрагері Трамптың заңсыз шешімін сынаған Иордания сияқты елдерге қысым көрсетті. Саудиялық тақ мұрагері 2018 жылдың наурыз айында АҚШ-қа жасаған сапарында сионистік режимді ресми түрде танып, палестиналықтарды осы режиммен текетірестің жалғасуына кінәлі деп атады. Бұл сөздер тіпті кейбір сионист басшылар мен тұлғаларды да таңқалдырды. Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға өте жақын «Исраэль Хайом» газеті осы жөнінде: "Саудиялық тақ мұрагері тосын сөздерді айтуын жалғастырып жатыр",-деп жазды. Бен Салманның сөздері араб әлемінің ашу-ызасын тудырды. Араб елдеріндегі халықтар мен белсенділердің басым бөлігі Мұхаммад бен Салманның сөздерін билікке жету үшін төлеген құны және Ақ үй басшылары тарапынан қабылдануға жасап жатқан талпынысы деп санайды.
Мұхаммад бен Салманның Сауд Арабиясының тақ мұрагері лауазымындағы қызметі екінші жылға аяқ басты. Оның өткен бір жылдағы саясаттарының нәтижесі елішілік деңгейде жұртқа жағатын символикалық әлеуметтік реформалар жасау, ханзадалар арасында билікке таластың күшеуі, аймақтық деңгейде анархия мен бейберекеттіктің артуы болды. Бен Салманның аймақтық деңгейде текетірес тудыруды көздеген шараларымен бірге өткен бір жылда Йеменге қарсы соғыс та күшейді. Бұл әртүрлі араб елдерібасшыларының Сауд Арабиясында Мұхаммад бен Салманның билік басына келу ықтималынан туындайтын теріс салдарлар жайлыалаңдаушылықтарының артуына себеп болды. Алайда Сауд Арабиясының тақ мұрагері бір жыл бойы талпынғанымен, патшалық билікке әлі қол жеткізе алмады.