Корея түбегіндегі өзгерістердегі Қытайдың рөлі 1
АҚШ Солтүстік Корея, Тайвань және Қытай мен Қытай теңізі аймағындағы елдердің қайшылықтарын Бейжіңге қысым көрсету факторы ретінде пайдалануда. АҚШ-тың негізгі мақсаты - Шығыс Азия аймағындағы әскери орынын кеңейтіп, Қытайды қару-жарақ бәсекелестігіне итермелеу.
Қытайдың Солтүстік Кореяның лидеріне әсер етуі туралы Вашингтон мен Бейжің арасында шынайы келіспеушілік байқалуда. АҚШ Президенті Дональд Трамп жуырда: «Солтүстік Кореяға Қытайдың ықпал етуде. Қытай басшысы Си Цзиньпин Солтүстік Корея басшысы Ким Чин Ынды өзінің көзқарастарын қабылдатуға мәжбүрлеуде»,- деп мәлімдеді. Қытай үкметі АҚШ Президентінің уәждерін теріске шығарып: «Қытай Корея түбегінің мәселелрін шешуге қатысты өзінің негізгі ұстанымын сақтап қалды»,- деп қуаттады. Басқа мемлекеттер өз ұстанымдарын өзгерткенімен Қытай өз ұстанымын өзгерткен жоқ. Қытайдың Солтүстік Кореяға әсер ететіндігіне қатты күмән тумайды. Өйткені, Бейжің үкіметі 1950-1953 ж.ж. екі Кореяның арасындағы соғыстар кезінен араласып, Солтүстік Кореяны саяси тәуелсіз бірлік ретінде сақтап қалуда маңызды рөл атқарды. Сондықтан Қытай үкіметі Солтүстік Кореяға қолдау көрсетуден бас тартты деп ойлау өте қиын. Қалай болғанда да Қытай аймақ пен халықаралық деңгейдегі жағдайларға қатысты Солтүстік Корея дағдарысын аймақта әскери қақтығысқа тірелмейтіндей басқарды. Таяу Шығыс зерттеу институтының маманы Александр Ларин: «Солтүстік Корея – Қытаймен көршілес мемлекет. Бейжің Солтүстік Кореяның зымырандық-ядролық мәселесі туралы қазіргі қайшылықтарға қарамастан бұл елге қатты сенім артуда. Олар біріншіден, АҚШ-пен содан соң Солтүстік Кореямен келісімге келгісі келеді»,- деді.
Бұл екі көзқарас туралы айтатын болсақ, Батыстың кейбір саяси топтары Қытай Солтүстік Корея дағдарысын АҚШ-қа қысым көрсету үшін және оның Қытайға қарсы шапқыншы саясаттарын залалсыздандыру үшін пайдаланады деп санайды. Кейбір басқа сарапшылар Солтүстік Кореяның ұлттық егемендікке ие саяси тәуелсіз бірлік екенін қуаттап, Пхеньянның Бейжіңге бағынатынын теріске шығарып, Ким әулеті Солтүстік Кореяны билеуін жалғастыруы үшін Қытайдың қолдауын қажет еткенімен бұл ел басшыларының Қытайға бағынатынын білдірмейді деп санайды. Джанг Фил Солтүстік Корея үкіметінің ресми ұстанымын білдіретін ақпарат агенттігінде: «Егер Қытай Солтүстік Кореяға қарсы санкция салатын болса, сондай-ақ бұл мәселеге қатысты АҚШ-пен бітімге келсе, Солтүстік Корея дұшпандарының қуанышына себеп болады. Егер Қытай өзінің бұл әрекетін жалғастырса, Солтүстік Кореямен қарым-қатынастарының апатқа тірелуіне дайын болуы керек»,- деп жазды. Осы салада кейбір ақпарат құралдары Қытай тарапынан экономикалық санкциялардың салынуына қатысты Солтүстік Кореяның соңғы ұстанымдарына сілтеме жасап, Қытайдың Солтүстік Корея мен АҚШ арасындағы өзгерістердің келешегіне алаңдаушылық білдіруіне тоқталады. «Нью-Йорк таймс» газеті бұл мәселеге қатысты әртүрлі пікір ұсынып: «Қытай Солтүстік Кореяға қатысты дипоматиясында өз ұстанымын өзгерткен жоқ. Бірақ, қалай болғанда да Бейжің Солтүстік Корея басшысының ядролық бағдарламасының бір бөлімін тоқтатып, оның орнына АҚШ-тың көмектерін қабылдап, бұл елдің Қытайға тәуелді болуын төмендетеді деген алаңдаушылық байқалуда»,- деп жазды. Вашингтонның Солтүстік Кореяны Қытайдан бөлу саясатын ұстануына ешбір күмән тумайды. Сол себепті АҚШ Президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяға ядролық бағдарламасын тоқтатса, инвестиция салуға уәде берді. АҚШ-тың әрқашан Солтүстік Кореямен келісімдерін, соның ішінде 1994 жылғы келісімін бұзғанына байланысты бұл елдің басшысы АҚШ-қа сенім артуға болмайтынын жақсы біледі. Сондықтан Ким Чен Ынның Трамптың уәждерінің әсерімен өзінің ежелгі серіктесі Солтүстік Корея басшысының соңғы айлардағы Қытай басшысымен бірнеше рет кеңесуі АҚШ-пен арадағы қайшылықтарды шешу мәселесіне қатысты болды. Кейбір мамандар, соның ішінде Делидегі Observer Research Foundation зерттеу ұйымының басшысы Самир Саранның пікірінше, АҚШ-тың Қытайға қатысты алаңдаушылықтары Солтүстік Кореядан көбірек. Ол: «АҚШ Си Цзиньпин мен бұл елдің басқа басшылары Бейжіңнің еуропалық елдердің АҚШ-қа тәуелділігін төмендету мақсатында Қытайдан Батысқа дейін «Бір белдік бір жол» атты экономикалық дәліз жобасы арқылы әлемді экономикалық, мәдени және әскери тұрғылардан толық басқаруды көздеуде деп алаңдауда»,- деді.
Қорыта айтқанда, АҚШ Солтүстік Корея, Тайвань және Қытай мен Қытай теңізі аймағындағы елдердің қайшылықтарын Бейжіңге қысым көрсету факторы ретінде пайдалануда. АҚШ-тың негізгі мақсаты - Шығыс Азия аймағындағы әскери орынын кеңейтіп, Қытайды қару-жарақ бәсекелестігіне итермелеу.