Жапония Корея түбегіндегі өзгерістерге алаңдауда 2
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i38276-Жапония_Корея_түбегіндегі_өзгерістерге_алаңдауда_2
Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэнің АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттиспен Токиодағы кездесуінде АҚШ Президенті Дональд Трампқа наразылық білдіруі Жапония үкіметінің Корея түбегінде өзгерістердің орын алуына алаңдаушылық білдіретінін, Токионың пікірлеріне немқұрайдылық танытылғанын көрсетеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 16, 2018 04:03 Asia/Almaty

Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэнің АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттиспен Токиодағы кездесуінде АҚШ Президенті Дональд Трампқа наразылық білдіруі Жапония үкіметінің Корея түбегінде өзгерістердің орын алуына алаңдаушылық білдіретінін, Токионың пікірлеріне немқұрайдылық танытылғанын көрсетеді.

Абэ сол кездесуде сөйлеген сөзінде Трамптың Жапонияны Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен Сингапурдегі кездесуінің егжей-тегжейімен таныстырмағанын айтты. Сол кездесудің басында Трамп пен Ын жабық есіктің артында жеке кездесті. Содан соң екі жақ  Солтүстік Корея мен АҚШ-тың саяси далагацияларының қатысуымен кездесіп, соңында төрт баптан тұратын меморандумға қол қойды. Оңтүстік Корея мен Жапония –Шығыс Азиядағы АҚШ-тың негізгі екі одақтасы. Бұл елдерде жүз мыңнан астам америкалық әскери орналасқан. Бірақ, Жапония үкіметі АҚШ Токионы Солтүстік Кореямен арасындағы қайшылықтарын төмендету бағдарламаларынан хабардар етпейді деп санайды. Негізінде Жапонияның да Солтүстік Кореямен қайшылықтары бар. Оның бірі  ұрланған жапониялық адамдардың Солтүстік Кореядағы жағдайына қатысты.

1970-1980 ж.ж. Солтүстік Корея ұрлаған жапониялық азаматтардың бірінің бауыры Тохаро Саики Корея түбегіндегі қайшылықтарды шешу үдерісінің басталуына реакция білдіріп: «Ұрланған азаматтардың тағдырын анықтау үшін Пхеньянға қысым көрсету қажет»,- деп мәлімдеген болатын. Сонымен бірге Токио үкіметі Жапония қауіпсіздік тұрғысынан Оңтүстік Корея мен аймақтағы АҚШ базаларына қарағанда Солтүстік Кореяның қоқан-лоққыларымен көбірек бетпе-бет келіп отыр, сондықтан Токио Корея түбегінің келешек өзгерістерінен хабардар болуы керек деп санайды. Осыған орай Жапония үкіметі АҚШ пен аймақтың әртүрлі мемлекеттерінің Солтүстік Кореяға қарсы салған санкцияларының күштерін жоюға қарсылық білдіріп, АҚШ пен Солтүстік Корея Токионы аймақтың қауіпсіздік өзгерістерінің келешегінен хабардар етпесе, Америка мен Оңтүстік Кореяның Солтүстік Корея қарым-қатынастарындағы қайшылықтарды азайту үдерісін асықтырмауға талпынады. Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ Солтүстік Корея басшысымен кездесуге әзір екендігін жариялады. Саяси мәселелер бойынша эксперт Исака Катаяма: «Жапонияны алаңдататын мәселе Солтүстік Корея ядролық қарусыздануы туралы анық ұстаным білдірмегендіктен кез келген адамның екі Кореяның ортақ мәлімдемесін өз түсінігіне сай сараптауы болып табылады»,- деді.

АҚШ Президенті Дональд Трамптың пікірінше, онымен Солтүстік Корея басшысы арасындағы келіссөздердің жасырын еш нәрсесі жоқ. Олар бірте-бірте өзара қайшылықтарын шешуге талпынады. Алайда, Солтүстік Корея Корея түбегіндегі мәселелерді аймақтағы әрбір мемлекетпен жеке-жеке түрде шешкісі келеді деген ой туады. Осыған орай Солтүстік Корея басшысы Оңтүстік Корея Президенті  Мун Чжэ Инмен қайтадан кездесуінде екі жақты қайшылықтарды шешіп, 2018-ші жылдың соңына дейін екі ел арасындағы атыс тоқтату бітімін бейбітшілік келісіміне айналдыру үшін әрекет жасады. Сол себепті Оңтүстік Корея АҚШ-ты Солтүстік Кореямен келіссөздер жүргізуге жігерлендіруші елдің рөлін атқарып, бүгінде Солтүстік Кореямен арасындағы қайшылықтарын азайту жолында оң әрекеттерді іске асырды. Солтүстік Корея басшысының Жапония Премьер-министрімен кездесуді қалайтыны Ким Чен Ынның  Солтүстік Корея және Жапониямен қайшылықтарын шешкісі келетінін көрсетеді. Солтүстік Корея мен Жапония басшыларының кездесуі бұл елдің Солтүстік Корея өзгерістерінде оң рөл атқаруына көмектеседі.Солтүстік Корея, Оңтүстік Корея, Қытай мен Ресей және АҚШ – Корея түбегінің дағдарысын шешуге талпыныс жасаған топтың мүшелері. АҚШ-тың    қастықтарына байланысты Корея түбегі дағдарысын шешу жолындағы талпыныстар сәтсіздікке ұшырады. Ресей мен Қытай Пхеньянның саясаттарын қолдап, Солтүстік Корея лагерінде, Оңтүстік Корея мен Жапония АҚШ лагерінде орналасты. Бір жағынан, Жапония АҚШ Токионың назарына мән бермей, Солтүстік Кореямен қайшылықтарын шешу бағдарламасын алға ілгерілетеді деп алаңдауда.  Екіншіден, Жапонияның билік басындағы Демократ-либерал партиясы Солтүстік Корея тарапынан ұрланған жапониялық азаматтардың Солтүстік Кореядағы жағдайы туралы тақырыпты Жапония үшін сезімтал мәселеге айналдырды. Үшіншіден, өзгерістер орын алған кезде Жапония мен бұл елдің компаниялары Солтүстік Кореяны қайта құру үдерісіне қатыспай қалады деп алаңдуда. Жапонияның төртінші алаңдауы Солтүстік Кореяның Оңтүстік Корея мен АҚШ-ты алдап, ешбір ұпай бермей, басында өз санкцияларының күшін жойғызып, содан соң ядролық қаруға ие мемлекет ретінде АҚШ және Оңтүстік Корея тарапынан ресми түрде танылатындығына қатысты. Сондықтан Жапония АҚШ-қа өзінің ядролық ғылыммен айналысатын эксперттерін Солтүстік Кореяның ядролық қарусыздандыру үдерісіне көмектесуге аттандыру туралы ұсыныс жасады. Саяси эксперт Карин Нишио Рапопе: «Абэ өзін ойыннан шығып қалды деп ойлайды. Бірақ, келешек туралы ойлап, Корея түбегіндегі өзгерістерден оқшауланбау үшін әрекет жасауда»,- деді.

Жапонияда АҚШ-тың 40 000-нан астам әскери күші орналасқан. Сондықтан бұл ел күштерінің орналасқан шығынының үлкен бөлігінің құнын төлеуі керек. Осыған орай АҚШ-тың аймақ мемлекеттерінің орнына Солтүстік Кореямен мәмілеге жасауға кірісіп, жасырын келісімдерге қол жеткізуі Жапония үшін қабылдайтын жайт емес. Жапония үкіметі әртүрлі еуропалық мемлекеттермен кеңесіп, Солтүстік Кореяға қарсы санкциялдардың күшін жоюға және аймақтағы екіжақты және жан-жақты жаттығуларды тоқтатуға кедергі тудырмақ. АҚШ пен Оңтүстік Корея Солтүстік Кореямен қайшылықтарын азайтуға шешім қабылдап, бірте-бірте бұл саясатты алға ілгерілетпек. Бұл тақырып бәрінен көбірек Токио басшыларын Корея түбегінің келешек өзгерістеріне қатысты алаңдатуда.