Есірткіге қарсы күресте жастарға көңіл бөлудің маңыздылығы
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i38285-Есірткіге_қарсы_күресте_жастарға_көңіл_бөлудің_маңыздылығы
1987-ші жылдың маусым айының 17-26 күндері Венада халықтардың есірткі сияқты сұм құбылыспен күресьегі саяси жігерін көтеру мақсатында есірткі заттары және оның контрабандасымен күресу тақырыбында халықаралық конференция өтіп, оған қатысқан мемлекеттер С.М.О. құжатын қабылдады. Аталмыш құжат есірткі контрабандасымен күрес саласында халықаралық шара қолданғанға дейін басқосуға қатысқан мемлекеттерді есірткіні бақылауға алуды міндеттеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 16, 2018 20:28 Asia/Almaty

1987-ші жылдың маусым айының 17-26 күндері Венада халықтардың есірткі сияқты сұм құбылыспен күресьегі саяси жігерін көтеру мақсатында есірткі заттары және оның контрабандасымен күресу тақырыбында халықаралық конференция өтіп, оған қатысқан мемлекеттер С.М.О. құжатын қабылдады. Аталмыш құжат есірткі контрабандасымен күрес саласында халықаралық шара қолданғанға дейін басқосуға қатысқан мемлекеттерді есірткіні бақылауға алуды міндеттеді.

Конференцияда есірткіні қолдану мөлшерін бағалау, оқу орталықтары арқылы алдын алу, нашақорларды емдеп, оларды қоғамға қайтару саласындағы ақпарат құралдарының рөлі, көкнәрдің рұқсатсыз егістіктері мен есірткі контрабандасының арналарын жою, мемлекеттердің құқықтық ынтымақтастықтары мен тағы да басқа іс жүзіндегі  әрекеттерді қарастырған 4 бөлімнен тұратын құжат дайындалды. Бұл құжат маусымның 26 күні бірауыздан расталып, конференцияға қатысушылар тарапынан бекітілді. Халықтарды есірткінің зиянынан хабардар ету мақсатында  аталмыш құжат бекітілген күн «Есірткімен күрестің әлемдік күні» деп жарияланды. 2018-ші жылдың осы күнінің ұраны өткен жылдағыдай «Алдымен құлақ қойып, тыңдау: балалар мен жасөспірімдерді тыңдау – олардың дені сау және қауіпсіз дамуына көмектесудің алғашқы қадамы» деп аталды.

Есірткі заттарын пайдаланудың тарихы адамзат өмірінің тарихымен бірдей болар. Осы уақытқа дейін ешбір адам есірткі заттарын пайдаланудың қашан басталғанын анықтай алған жоқ. Бұл құбылыстың барлық елдерде ежелден байқалып, көптеген зиян келтіргені баршаға анық. Алайда оның қазір ұлттық және халықаралық қауіпсіздікке қарсы қоқан-лоққы, сондай-ақ, ой-пікір мен физикалық және ахлақтық саулығына әсер ететін факторға айналуына есірткінің күнделікті өндірілу мөлшерінің артуы мен халықаралық контрабандасы және оның саудасының кеңеюі себеп болуда.

Қазіргі таңда есірткі контрабандасы қару мен мұнай саудасымен бірге әлем бойынша үшінші сауда тауары саналады. 2017-ші жылғы есірткіге қатысты әлемдік есепте жарияланған мәліметтер бойынша, есірткінің 290 миллион тұтынушысы және жыл сайын жүздеген миллиард доллар қаржы айналымы бар. 2014-ші жылы әлемнің түкпір-түкпірінде ұйымдастырылған халықаралық қылмыскер топтардың кірістерінің 20-30 пайызы есірткі сату жолынан табылған. Бұл сұм бизнес осы күндері тіпті әлеуметтік желілер арқылы іске асырылып, нашақорлар үшін есірткіні белгісіз адам ретінде ақшаны сырттай төлеп, сатып алуға мүмкіндік тудырды. Осы салада жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша, 2013-ші жылдың қыркүйек айынан 2016-шы жылдың қаңтар айына дейін есірткі мәмілелері 50 пайызға артқан. Есірткі сатып алушылар көбінесе каннабис, экстази, кокаин мен жаңа психоактивті заттарды сатып алады.

Өкінішке орай, есірткі саудасы кезінде кейбір мемлекеттер осы сауданың қиындықтарына шырмалады. ИИР – осындай елдердің бірі. Өйткені, Иран әлем бойынша есірткі шығаратын ең үлкен ел Ауғанстанмен шекаралас. БҰҰ-ның есірткі және қылмыстық істер жөніндегі басқармасы UNODC-тың мәлімдемесі Ауғанстанда шығарылатын есірктінің 53 пайызының Иран арқылы, 33 пайызының Пәкістан, 15 пайызының Орта Азия аймағы елдері, әсіресе Тәжікстан арқылы басқа елдерге жеткізілетінін көрсетті. Осылайша, жыл сайын шамамен 5 000 тонна есірткі контрабанда ретінде Иранның шығыс шекараларынан енгізіледі. Иран үкіметінің қатаң күресі мен өткен жылдары есірткі контрабандасымен айналысатын топтарды құрықтауына қарамастан, ресми басшылардың жариялауы бойынша есрткі күресі жолында 37 000-нан астам азаматынан айырылғанымен, Иран осы уақытқа дейін бұл сұм саудамен бетпе-бет келіп отыр. Есірткі саудасынан кіретін табыс көптеген адамдардың оны алып-сатумен айналысуына себеп болды. Бұл сұм сауда экономикалық  пайданы арттыруымен бірге халықтарға қарсы қысым көрсету құралы ретінде де қолданылады. Дұшпан әскери соғыс емес, есірткі арқылы қоғамды нысанаға алуда. Соның салдарынан қоғам артта қалады. Осыдан біраз уақыт бұрын  БҰҰ-ның есірткі және қылмыстық істер жөніндегі басқармасы UNODC-тың соңғы мәлімдемесі бойынша, апиын ең зиянды зат және оның тұтынудан тигізетін теріс әсерінің 70 пайызға теңелетіні белгілі болды. Осы мәлімдеме бойынша, әлем бойынша есірткі қолданушы 12 миллион адамның арасында гепатит С ең көп таралған ауру деп аталды. Бұл әрбір сегіз адамның біреуінің, яғни шамамен 6 миллион адамның HAV вирусына және жартысынан көбінің  гепатит С ауруына шалдыққанын, сондай-ақ 1,3 миллион адамның бұл екі аурумен бетпе-бет келіп отырғанын көрсетеді. Яғни, жыл сайын есірткі пайдаланатын 222 мың адам гепатит С ауруынан өледі. 

Бүгінде әлем бойынша есірткі құбылысы ең маңызды немесе ең маңызды қоғамдық мәселелердің бірі саналады. Жыл сайын есірткімен күресуге көиптеген қаржы жұмсалады. Бірақ, есірткі контрабандасымен айналысатын бандалар мен нашақорлардың саны артуда. Есірткі адамзат қоғамын өлімге итеруде. Есірткі адамның, әсіресе қоғамның жас буынының ойлану күшін, бастамалары мен талпыныстарын жойып, олардың діни наным-сенімдері мен отбасы негіздерін әлсіретеді.

 

Деректер жасөспірім мен жастық шақтың есірткіні пайдаланудың қатерлі кезеңдерінің бірі екенін дәлелдеді. Мәліметтер мемлекеттердің көбінде есірткі пайдаланудың 16-20 жас арасында басталатынын айғақтайды. Сондай-ақ, 18-31 жас қатерлі топты құрайды. Әртүрлі елдердегі зерттеулердің нәтижелері  әртүрлі мемлекеттерде есірткі пайдаланудың  жастар мен жасөспірімдер арасында артқанын көрсетті.

Есірткі мәселесін толық шешу мүмкін емес деген ой  таралғанмен арнайы шараларды қолдану қоғамға қарсы бұл қоқан-лоққының теріс әсерін азайта алады. Есірткі құбылысымен  күресетін мамандардың әрекеттері жалғыз өзі сындарлы бола алмайды. Сондықтан бұл құбылыспен күресу үшін қоғамды мәдениеттендіріп, бұл күресті қоғамдық ету қажет. Есірткінің алдын алуға әсер ететін жолдардың бірі отбасыларды көбірек хабарландыру саналады. Өйткені, әсіресе жастардың есірткіге бет бұруының негізгі себептерінің біріне жанұялық қарым-қатынастардың осалдығы мен отбасының перзенттерін қадағаламауы жатады. Ата-аналар перзенттеріне сенімді болғанымен олардың жастығы мен қызығушылықтары және тәжірибесіздіктерінің қате жолға түсуіне себеп болатын мүмкіндігін ұмытпағаны жөн.  Осыған орай БҰҰ биылғы жылдың есірткімен күресу күнінің ұранын "Жасөспірімдер мен жастардың саулығы мен қауіпсіздігі үшін олардың мәселелерін тыңдау" деп атап, қоғамның белсенді әрі даму жолындағы табысы ретінде жасөспірімдер мен жастардың маңыздылығын қуаттап, олардың есірткіге құмарлығының әрбір қоғам мен оның келешегіне орны толмас шығын келтіретінін баса айтты. Жасөспірімдер мен жастардың есірткіге бет бұруының алдын алатын келесі маңызды фактор болып олардың діни сенімдері саналады. Әртүрлі зерттеулер діни сенімдері мықты адамдардың күйзеліс пен абыржушылықты азырақ бастан өткеретіндіктерін көрсетті. Олар психотроптық заттар мен арақ-шараптан тартынады. Олар салауатты өмір салтын ұстанып, сау өмір сүріп, болашақтан үміттерін үзбейді. Есірткі котрабандасының қоқан-лоққысы өте үлкен болғанымен, еш уақытта бұл мәселеге немқұрайдылық танытуға болмайды. Есірткі проблемасы қоғамда жылдам шешілмейтін болғанымен ұзақ сапардың уақытты қажет ететінін ұмытуға болмайды. Сондықтан жақсы нәтижеге жету үшін күн сайын талпыныс жасауымыз керек.