Шіл 23, 2018 14:07 Asia/Almaty

«Мұнафеқин» лаңкестік тобы Батыстағы, әсіресе Еуропадағы азаттықты толық өз мүддесіне пайдалануда. Бұл салада «Мұнафеқин» лаңкестік тобы жыл сайын Францияда жиналып, өзін ИИР-на қарсы негізгі оппозиционер ретінде көрсетуге талпыныс жасайды.

Олардың басқосулары жыл сайын Батыстың, әсіресе АҚШ пен одақтастарының әшкере қолдауымен Парижге жақын жерде өтеді. Бұл саладағы маңызды мәселе мұнафықтардың рөлін көтеруді көздейтін бұл отырыстарда Батыстың, әсіресе АҚШ басшыларының қасында Сауд Арабиясы сынды кейбір аймақ үкіметтері басшыларының қатысуы болып табылады. "Мұнафеқин" лаңкестік тобының бұрынғы отырыстарының біріне Сауд режимінің бұрынғы қауіпсіздік саласы басшыларының бірі Турки әл-Фейсал қатысты. Нью-Йорктің бұрынғы мэрі Руди Джулиани биылғы отырысқа қатысып, бұрынғыдай Иранға қарсы саясаттарын жалғастырып, Ирандағы жүйені өзгерту туралы уәде беріп, Дональд Трамптың бұл жолда нәтижеге жететіні туралы уәж айтты. АҚШ-тың NBC телеарнасы осыдан біраз уақыт бұрын "Мұнафеқин" лаңкестік тобының Албанияда орналасуы туралы фильм көрсетіп, Трамп үкіметі мүшелерінің, соның ішінде Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтон мен Нью-Йорктің бұрынғы мэрі Руди Джулианидің мұнафықтармен қарым-қатынас орнатуы және сол топтың басқосуында сөз сөйлегені үшін ақша алатындықтарын әшкере етті. АҚШ NBC телеарнасы Джулианидің сөзіне сілтеме жасап, оның мұнафықтармен қарым-қатынасының 2008-ші жылы басталғаны туралы жазды. Джулиани "Мұнафеқин" лаңкестік тобының АҚШ-тың лаңкестік топтар тізіміне тіркелуін қате болды деп атап, мұнафықтардан қанша ақша алғанының есінде қалмағаны туралы уәж айтты. Канаданың бұрынғы Премьер-министрі Стивен Харпер, Нью-Мексико штатының бұрынғы губернаторы және бұрынғы Энергетика министрі Билл Ричадсон, FBA-дің бұрынғы директоры Луис Фараи, бұрынғы демократ сенатор Роберт Туричли, тегі саудиялық америкалық қоғамдық істер комитетінің басшысы Салман әл-Ансари, АҚШ-тың Өкілдер Палатасының  бұрынғы спикері Ньют Гингрич, ЮНЕСКО-дағы Францияның бұрынғы елшісі Рама Йад, АҚШ армиясының құрлық күштерінің бұрынғы қолбасшысы Джордж Кейси, Канаданың бұрынғы премьер-министрі Джон Берд, Францияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Бернард Кушнер, Йеменнің бұрынғы Сыртқы істер министрі Раад Ясин, Албанияның респуликашыл партиясының төрағасы мен  Германия мен Албанияның  басқа өкілдері мен адам құқығы белсенділері – "Мұнафеқин" лаңкестік тобының отырыстарына қатысушылар. Бұл танымал саясаткерлердің аталмыш топтың отырыстарына қатысуы батыстықтар мен олардың одақтастарының мұнафықтарға қолдау көрсететіндіктерін білдіреді. Бұл топтың өткеніне жасаған шолу олардың 1980-ші жылдары Иранда, 1990-шы жылдары Иракта жасаған қылмыстарын әшкерелейді. The Guardian газеті «Мұнафеқин» лаңкестік тобының отырыстарына АҚШ-тың бұрынғы 33 басшысының қатысуына тоқталып: «Бұл отырыста кеше сөз сөйлегендердің ақша алған, алмағаны белгісіз. Бірақ "Мұнафеқин" лаңкестік тобы сөз сөйлеушілерге жақсы ақша төлеуімен танымал»,- деп жазды."Мұнафеқин" лаңкестік тобы мүшелерінің жоқтығынан қиындық көруде. Сондықтан соңғы жылдардағы басқосуларына қатысуға адамдарды жалға алуға мәжбүр болды. The Guardian газеті «Мұнафеқин» лаңкестік тобының 2018-ші жылдың маусым айындағы Париж отырысы туралы: «Отырысқа қатысушылардың жартысынан көбі Чехия, Словения, Польша, Германия азаматтары мен сириялық босқындар болды. Олар Парижге  сапар шегу, тамақтану мен өмір сүру уәделер бойынша Фейсбуктегі шақыруға оң жауап беріп, отырыс өтетін мекенде жиналды. Германияда  орналасқан жүздеген сириялық босқындар да бұл отырысқа қатысты. Олардың көбі басқалар  сөз сөйлеген кезде қасындағы ағаштардың көлеңкесінде ұйықтап жатты. Бұл отырысқа екі баласымен бірге  қатысқан сириялық әйел The Guardian газетіне: «Біз Фейсбуктегі  отырысқа шақыруды көріп, демалысқа Парижге барып келуге шешім қабылдадық. Мен еш уақытта Парижді көрмеген едім және бұл топ туралы еш нәрсе білмеймін»,- деп сұхбат берді.

АҚШ "Мұнафеқин" лаңкестік тобын Иранға қарсы мақсаттарын іске асыру үшін пайдалануда. Кейбір мәліметтер бойынша, Трамп үкіметінің кеңесшілері мен мүшелерінің арасында АҚШ-тың Иранға қатысты стратегиясы туралы қайшылықтар артып, олар екі топқа бөлінген. Кейбір кеңесшілер Ирандағы жүйені өзгерту үшін бұл елге қарсы қысымдар мен санкцияларды арттыруды қуаттады. Басқалар Иранмен кең ауқымды келісімге келуді АҚШ-тың қысымдарын күшейтуінің ең маңызды мақсаты деп санайды. Бұл келісім тек Иранның ядролық бағдарламасына ғана емес, Теһранның аймақтық саясаттарына да шоғырлануы керек. Дональд Трамптың Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтон Ирандағы жүйені өзгерту ұстанымын қолдайды. Болтон өткен жылдары "Мұнафеқин" лаңкестік тобының Париждегі отырыстарына қатысты. Ол мұнафықтардың Ислам республикасы жүйесін құлату мақсатын қолдайды.

Christian Science Monitor газетінің жазуынша, Болтон Конгрестің бұрынғы демократ өкілі мен Нью-Йорктің бұрынғы әкімі Руди Джулианимен бірге мұнафықтардың мүддесіне сөйлеп, бұл топты демейтін ұйымдардан көптеген ақша алды. Болтон "Мұнафеқин" лаңкестік тобын АҚШ Мемлекеттік департаментінің тізімінен шығару үшін белсенділік танытқан америкалық бұрынғы басшылардың бірі болды. Америкалық бұрынғы басшылардың талпыныстары 2012-ші жылы нәтижеге жетіп, "Мұнафеқин" лаңкестік тобы АҚШ Мемлекеттік департаментінің лакестік топтар тізімінен шығарылды. Болтонның пікірінше, мұнафықтар – Иранның Ислам республикасының құлату мақсатына жету жолындағы маңызды күш. Жылдар бойы "Мұнафеқин" лаңкестік тобының жұмыстарына шоғырланған Жуан Стукер: «Мәліметтер бойынша, Джон Болтон осы уақытқа дейін бұл топтан 180 000 доллар алып, оны жарнамалады»,- деп жазды. Трамп үкіметінің Иран туралы саясатындағы түсінбеушіліктердің себептерінің бірі «бөгде» деп аталған кеңесшілерді пайдалануы болды.  Трамп әрқашан олармен саяси мәселер туралы ақылдасты, бірақ олар Трамптың кабинетінде  ресми орынға ие болмады. Мұндай адамдардың бірі Руди Джулиани болып табылады. Джулиани маусымның 30 күнгі  мұнафықтардың Париждегі отырысына қатысып, Иранның жүйесін өзгерту қажеттілігі туралы сөзін қайталады. Трамп үкіметі мұнафықтарды Иранға қарсы стратегиясын іске асыру үшін пайдаланғысы келеді. Джулиани Париждегі «Мұнафеқин» тобының отырысында сөйлеген сөзінде: «Иранға қарсы қайтадан санкция салудың мақсаты – «режимді өзгерту». Ирандағы режимнің құлдырау уақыты аса алыс емес, жақын арада орын алады. АҚШ бұл оқиға орын алғанша санкцияларды арттыруды жалғастырады»,- деді. Джулианидың уәдесі – оның армандары. Америкалықтар жылдар бойы әртүрлі тәсілдермен, нақты айтқанда төңкерістен Ирактың БААС режимін қоладуына дейін және қазір Иранның аймақтық коалициясы туралы айтып, Ислам респуликасы жүйесін құлатуды көздеді. Бірақ өз мақсаттарын нәтижеге жеткізе алмады.

«Мұнафеқин» тобы әлсіздігінен қиындық көруде. Біріншіден, бұл топ Иран халқына қарсы үлкен қылмыстары, Ирактың БААС режиміне қызмет етуі және Израиль мен Батыстың барлау органдары үшін тыңшылық жасағаны үшін ирандықтардың алдында ешбір орынға ие емес. The Guardian газеті Иран халқының «мұнафеқиндерге» жиіркенішіне тоқталып: «Иранның саяси сарапшыларының көбі «мұнафеқиндердің» Иранның ішінде қолдаудан кенделігі, сондай-ақ, зорлық-зомбылықтарды пайдаланып, Израиьлдің барлау органдарымен жақын қарым-қатынас орнатып, жиіркенішкке ие екендіктері туралы айтады»,- деп жазды.Келесі мәселе топ мүшелерінің көбінің мосқал адамдар болғандықтан белсенділік ету мүмкіндіктерінен айрылуы болып табылады. Бұл топ қазіргі кезде өз қатарына күш жинаумен көбірек айналысуда. «Мұнафеқин» лаңкестік тобының Албанияда орналасуына қарамастан ақпарат құралдары ағартушылық жұмыстары мен оларға қарсы сындарды жариялап, халықты хабардар етуіне байланысты Албания халқының аталмыш топтың елінде орналасуына қатысты наразылықтары артуда. Қорыта айтқанда, «Мұнафеқин» тобы – сәтсіздікке ұшыраған топ.

 

Тегтер