Қазақстандағы Каспий теңізі маңындағы елдер басшыларының бесінші саммиті (1)
Каспий теңізі маңындағы елдер басшыларының бесінші саммиті тамыздың он екісі күні Қазақстанның Ақтау қаласында өтті.
Каспий теңізі маңы елдерінің басшылары Каспий теңізінің жаңа құқықтық режимі туралы конвенцияға қол қойғаннан кейін ортақ мәлімдеме жариялап: "Каспий теңізінің құқықтық режимі туралы конвенция бір шешімге келу принципі негізінде және барлық тараптардың мүдделерін назарға ала отырып құрастырылған. Конвенцияға 21 жылдық келіссөздерден кейін Қазақстанның Ақтау қаласында бес жағалау елінің президенттері тарапынан қол қойылды. Құжатта Каспий теңізінің акваториясы мен теңіз түбі және қойнауы шекарасын бөлу, шекара сызықтарын анықтау мәселелері талқыға салынған жоқ. Каспий теңізінің жаңа құқықтық режимі туралы конвенция аталмыш су ресурсындағы аралық шекара сызықтарын анықтау тәсілі, Каспий теңізіндегі кеме қатынасы жүйесін реттеу мен ғылыми зерттеулерді қамтиды» деді.
Мұның алдында Каспий теңізі маңы елдері басшыларының алғашқы саммиті 2001 жылы Ашхабадта, екінші саммит 2007 жылы қазан айында Теһранда, үшінші саммит 2010 жылы Әзірбайжанның астанасы Бакуде, төртінші саммит 2014 жылы Ресейдің Астрахань қаласында өткен болатын. Каспий теңізі маңы елдерінің Сыртқы Істер Министрері де жалпы алғанда соңғы жиырма жылдың ішінде сегіз ортақ отырыс өткізді. Сонымен қоса, соңғы жылдардың ішінде Каспий теңізі маңы елдерінің арасында келісімге келу мақсатындағы сарапшылар деңгейіндегі 53 отырыс ұйымдастырылды. Шынтуайтында, жуырда Қазақстанда қол қойылған келісімдерді осы көптеген отырыстар мен басқосулардың нәтижесі деп атаған жөн.
Каспий теңізі маңы елдерінің басшылары өткізген отырыстар барысында Каспий теңізі жағалауындағы елдердің өкілдері бірауыздан қабылдаған тағы да басқа бірқатар құжат қабылданды. Каспий теңізі маңы елдері бекіткен маңызды келісімдердің ішінен бөгде елдерге тиесілі әскери күштерге Каспий теңізінде орналасуға тыйым салу туралы келісімді атауға болады. Сондай-ақ, әдетте әлемде ортақ теңіз территориясы немесе белгілі бір елдің территориясына кіретін ішкі аумақтық сулардың ені 12 теңіз мильді құрайды, алайда Каспий теңізі жағалауындағы елдердің өкілдері өткен ел басшыларының отырысында ішкі аумақтық сулардың енін 15 теңіз миль деп бекітті. Осылайша, Каспий теңізіндегі ішкі сулардың ені басқа су ресурстарына қарағанда үш теңіз мильге көбірек. Каспий теңізі оңтүстігінде Иранмен, солтүстігінде Ресеймен, батысында Ресей және Әзірбайжанмен, шығысында Қазақстан және Түркіменстанмен шектеседі. 1991 жылы Каспий теңізі жағалауындағы Кеңес Одағының орнына Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан және Ресей мемлекеттеріне ауысқан кезінен бастап, әрі Каспий теңізінің мұнай және газ ресурстарына бай болуына байланысты бұл аймақ ерекше стартегиялық маңызға ие болды. Каспий теңізінің ұзындығы 1200, ені 220-550 шақырымды құрайды. Каспий теңізі жағалауының ұзындығы 6500 шақырым, соның ішінде 657 шақырым Иранға тиесілі.
Бұрын Каспий теңізі тек екі мемлекеттің, яғни Иран мен Кеңес Одағы арасындағы ғана ортақ су ресурсы болды. 1921 және 1940 жылғы Теһран-Мәскеу келісімдерде Каспий теңізі Иран мен Кеңес одағы арасында ғана бөлінді. Сондықтан бұл Кеңес Одағы құлап, тәуелсіз мемлекеттер құрылғанға дейін Кеңес Одағы мен Иран Каспий теңізін тең түрде, яғни 50 пайыздық үлеспен пайдалану құқығына ие болған деген күмәндардың туындауына себеп болды. Бұл уәждердің дұрыс немесе бұрыс болуынан тыс, дәл осы мәселе бес елге ортақ Каспий теңізіндегі Иранның үлесі көптеген реакция тудырып, тіпті кейбір мамандардың қол қойылу, қойылмауы күмәнді болған конвенцияны сынауына себеп болды.
Ирандағы кейбір сарапшылар да осы мәселеге қатысты көп сын айтты.
Университет профессоры, Жоғары халықаралық зерттеу орталығының Орталық Еуразия бағдарламасының жетекшісі Эльхам Кулайи: "Еліміздің іші мен одан тысқары жағдай Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы келісімге келу үшін қолайсыз саналады. Иран халқының Каспий теңізіндегі құқықтары мен міндеттерін анықтайтын құжатқа қол қоюмау керек. Ресей СІМ-нің мәлімдемесі Қазақстанның Ақтау қаласында қабылданатын жобада Ресейдің мүдделері қамтамасыз етілгенін әшкере көрсетіп отыр",- деген болатын.
Каспий теңізі жөніндегі халықаралық зерттеулер институтының директоры Мейсам Арайи Теһранда шығатын "Иран" газетіне берген сұхбатында: "Қазақстан, Түркіменстан мен Әзірбайжан конвенцияға қол қойып, оның экономикалық нәтижелерін пайдалану мақсатында Иран мен Ресей үшін туындаған жағдайды пайдаланды",- деді.
Қазір Әзірбайжан мен Түркіменстан арасындағы Каспий теңізінің орталық жолдарына жақын орналасқан төрт кен орны мен Түркіменстанның ҚХР-на газ қарызына байланысты кейбір қайшылықтар бұрынғыдан бетер арта түскен сияқты. Сонымен қатар, Каспий теңізінің құқықтық режиміне қатысты басқа да қиындықтарға бұл теңізде аймақтан тыс әскери күштердің болуы жатады. Каспий теңізі маңындағы кейбір елдердің АҚШ пен Израильге жақын болуы және басқа елдердің Каспий теңізінде АҚШ әскерилерінің орналасуына рұқсат беру ықтималдығына қатысты алаңдаушылық осы мәселені анықтаудың маңызды себептерінің бірі саналады. Иран мен Ресей аймақтан тыс күштердің, әсіресе Батыс елдері мен АҚШ күштерінің Каспий теңізі аймағына кіруінің алдын алуға ерекше көңіл бөліп отыр. Кейбір ақпаратттарға сәйкес, Каспий теңізінде үшінші елдердің қарулы күштерінің орналаспауы туралы тарау дәл осы негізде конвенцияның мәтініне енгізіліп, Теһран мен Мәскеу осы жайтты конвенцияның оң тармағы ретінде бағалады.