Аспандық өмір
Зулхиджа айының алғашқы күні аспандық байланысты, яғни басқа адамдар олардың өмірін, болмыстары мен мінез-құлықтарын мәңгілікке үлгі тұтуы үшін теңдессіз отбасының іргетасы болған отбасылық одақты еске салады.
Некелесуді әйел мен ер адамның өміріндегі ең әсерлі оқиға деп атауға болады. Егер дұрыс әрі саналы түрде орын алатын болса, бұл ерлі-зайыптының дамуы мен өркендеуінің өзегі болады. Некеге тұру барлық діндерде, атап айтқанда христиан және яһуди діндерінде басқаша жүзеге асады. Ислам дінінде басқа діндер мен сенімдерге қарағанда некеге тұру мәселесіне ерекше мән берілген.
Бұл илаһи дін әйел мен ердің өмірі үшін игі дәстүрді, некелесу үшін арнайы әдіс пен принципті назарға алған. Негізгі қағида отбасыларға бяндылық пен бақытты нәсіп ету саналады. Некенің ең маңызды мақсаты – отбасын құру. Ерлі-зайыптылардың арасындағы сүйіспеншілік пен жаңа өмір үшін ортақ одақ құру әйел мен ер адамның тыныштығының өзегі мен олардың рухани және тұлғалық тұрғыдан жетіліп, кемелдене түсуіне себеп болады. Егер отбасы ошағына саулық пен тұрақтылық тән болса, бұл адамдардың болашағына, сәйкесінше қоғамның қазіргі жағдайына оң әсерін тигізеді.

Зулхиджа айының бірінші жұлдызы – аспандық некені еске салатын күн. Бұл халық олардың өмірін, болмыстары мен мінез-құлықтарын мәңгілікке өздері үшін үлгі тұтқан теңдессіз отбасының іргетасына айналған неке болып табылады. Бұл қуанышты күні Пайғамбардың (с.ғ.с) немере інісі әрі оның ізбасары хазірет Әли (ғ.с) әлемдегі ең игі әйелге ғашықтық уәдесін беріп, Құдай өзінің ең жоғары өкілін жіберіп, осы некеге куә болған. Хазірет Әли (ғ.с) мен хазірет Заһраның (ғ.с) некесінің берекесі тарихта мәңгі-бақи сақталып қалды. Некелесудің маңыздылығы және отбасының адам мен қоғамның саулығында алатын орнына байланысты хазірет Әли (ғ.с) мен хазірет Фатиманың (ғ.с) некелескен күнінің жылдығы ИИР-да "Неке күні" деп аталады.
Тарихтағы кемелдік пен үлкен жетістіктерге жеткен адамдардың өміріне көз жүгіртсек, біздің ойлаған мақсаттарымызға қол жеткізу үшін тиімді әдіс-тәсілдер мен солардан дұрыс үлгі алуға итермелейді. Өз отбасында бақытқа қарай қадам басуды қалап, осы жолда лайықты үлгіні қажет ететін адамдардың барлығы хазірет Әли (ғ.с) мен хазірет Фатиманың (ғ.с) өмірін зерттеп, олардың бойындағы ең игі қасиеттер мен мінез-құлықтарды үйрене алады. Сіздерді берекелі некенің жылдығымен құттықтай отырып, осы жұптың аспандық өмірінің түрлі тұстарын талдаймыз. Бізбен бірге болыңыздар!
Хазірет Әли (ғ.с): "Құдайға деген махаббат жолында ешнәрсені аямай, оны өртке орайтын от секілді болады. Құдайдың нұры баршаға сәулесін шашпай-ақ, оны нұрына толық батырады. Сонда Құдайды шынайы сүйетін адам өз патшалығындағы барлық нәрсені оған ұсынады. Құдай өз пендесін аялап, оны құрметке бөлегісі келген кезде мейірімі мен шапағатына бөлейді",- деп айтқан.
Әли мен Фатиманың шағын отбасында оның барлық мүшелері Жаратушыларына болған. Жаратушының махаббатының жалыны ол үйді илаһи нұрға бқлеп, отбасы мүшелерінің жүрегінде Жаратушыға деген сүйіспеншілікті ұялатқан. Сондықтан жас жұбайлардың бойында илаһи көркем қасиеттер қалыптасып, көрініс тапқан. Олар махаббат пен сүйіспеншілік арқылы өздерінің шаңырағын жылылық, бақыт пен қуанышқа толтырған. Олардың аспандық шаңырағында намаз оқып, Жаратушыға мүнәжат ететін арнайы бөлме болған. Сүннит үлем Ибн Аби әл-Хадид: "Әли (ғ.с) ең көп ғибадат етіп, намаз оқитын адам болған. Ол бәрінен көп ораза тұтып, мустахаб етілген намаздарды орындап, әрдайым зікр айтып отырған",- деп жазған. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с) тіпті өміріндегі ең тәтті және есте қаларлық сәттерінде де Құдайға сүйіспеншілік танытудан қол үзбеген. Ол өз жарына деген сүйіспеншілігі шарықтаған кезінде де Құдайға деген махаббаты мен ризалығын бәрінен жоғары санаған. Оның мүнәжаттарының бірінде былай деп айтылған: "Құдайым, сенен басқа ешкім менің кеудемді құмарлықтан арылтып, жаныма рахат сыйлай алмайды. Өзіңнен басқа ешкім көзімді ашып, нұрландыра алмайды". Бірде Пайғамбар (с.ғ.с) хазірет Әлиден (ғ.с): "Жұбайың қандай адам екен?" деп сұрайды. Сонда Әли (ғ.с) кідірместен: " نعم العون علی طاعه الله, яғни, Ол – Жаратушыға бағынып, құлшылық ету үшін ең игі жар",- деп жауап береді.
Хазірет Фатиманың (ғ.с) бойында барлық игі қасиеттер қалыптасқан еді. Ол отбасының барлық мүшелерінің бойында да осы көркем адами қасиеттердің, атап айтқанда құрбандық ету, рақымшылық, қарапайымдылық пен құрмет және т.с.с қасиеттер қалыптасу үшін талпыныс жасаған. Пайғамбар (с.ғ.с): "Менің қызым Фатима әлем әйелдерінің ішіндегі ең алғашқы әрі ең соңғы бану саналады. Ол – менің бауыр етім, көзімнің нұры, сүйіктім, рухым. Ол – менен туған адам кейіпіндегі хор қызы. Жаратушысының алдында михрабта намаз оқып, ғибадат етіп тұрған кезде жер бетіне нұрын төккен жұлдыздар секілді оның нұры аспандағы періштелерге сәулесін шашады. Ұлы Алла Тағала өз періштелеріне: "Періштелерім, алдымда тұрып, менің қаһарымнан қорыққандықтан денесі қалтырап, шын жүрегімен ғибадат етіп тұрған Фатимаға қараңдар. Оның жолын қуушыларды тозақтың отынан құтқаратынымды біліңдер",- айтқан",- деген.
Бұл отбасы мүшелерінің рухы мен жаны Құраннан нәр алып, ахлақтық қасиеттері Құранға негізделген еді. Хазірет Әлидің Құран оқуының теңдессіз болғаны соншалықты ол жайлы: "Құдайдың атымен ант етеміз! Құрайыштардың ішінде бірде-бір адам хазірет Әли (ғ.с) секілді Құранды көркем оқи алмайды",- деп айтқан. Хазірет Заһра (ғ.с) күндіз-түні Құран оқуға қатты қызығушылық танытқан. Ол хазірет Құранның «Уақиа», «Рахман» және «Хадид» сүрелерін оқуды баса айтып: "Осы үш сүрені оқитын адамның есімі аспандарда жәннаттың тұрғыны ретінде аталады",- деп айтқан.
Хазірет Заһра (ғ.с) өз үйін исламдық тағылымдарды үйрететін теңдессіз білім ордасына айналдырған еді. Ол хазірет өз перзенттеріне тәлім-тәрбие беруден бастап, халыққа білім беру, діни және ғылыми сабақтар беруге дейінгі іспен айналысқан. Ол да әкесі секілді ахлақ пен Құранның мұғалімі болған. Бұл тек пайғамбардың өзі мен оның пәк әулеті – аһле бейтке ғана тән болған. Ол өз өмірін аянбай еңбек етіп, бар мейірімі және жанашырлығымен тәлім-тәрбие беру, діни тағылымдарды насихаттау және дінге сенушілерді тәрбиелеумен өткізген.
Назарларыңызға хазірет Әлиден (ғ.с) қалған Фатиманың (ғ.с) шексіз мейірімі мен аянбай еңбек еткенін баяндайтын тарихи рауаятты ұсынамыз. "Бір күні Медине әйелдерінің бірі хазірет Заһраның (ғ.с) жанына келіп: "Намазға қатысты көптеген сауалдары бар қарт анам бар. Ол кісі шариғатқа қатысты осы сауалдарды сұрау үшін сізге жіберді",- дейді. Сонда хазірет Фатима: "Сұра",- дейді. Әлгі әйел көп сұрақ қойып, олардың әрқайсысы үшін жауап алады. Сұхбаттың жалғасында әлгі әйел сұрақтарының көптігіне қысылып: "Уа, пайғамбардың қызы! Сізге қайта-қайта келіп, көптеген сұрақтарыммен сізге ауырлық түсіріп жатқаным үшін кешірім сұраймын",- дегенде хазірет Фатима (ғ.с): "Тағы сұрақтарың болса, сұрай бер",- дейді. Сонда әйел: "Егер адам ауыр жүкті үйдің төбесіне көтеруге жалданып, оның ақысы ретінде 100 000 алтын динар алатын болса, бұл іс ол үшін ауыр бола ма?",- деп сұраған екен. Сонда хазірет Фатима (ғ.с): "Жоқ. Мен жауап беретін кез келген мәселеге қатысты сый ретінде мен жер мен көктің қашықтығынан да артық асыл тастар мен жақұт аламын. Сондықтан бұл іс мен үшін ауыр емес",- деп жауап беріпті.
Әли (ғ.с) мен Фатиманың (ғ.с) ерлі-зайыптылық өмірі отбасылық мәселелерге қатысты ең толық үлгі саналады. Хазірет Заһраның (ғ.с) үйінде орын алған оқиғалардың барлығы Құдайдың шексіз даналығынан шабыт алған. Бұл нұрға толы үйдегі жұмыстарды бөлу пайғамбарлық білім мен даналықтан бастау алған. Үйдегі жұмыстарды орындау хазірет Заһраның (ғ.с) мойнында болса, үйден тыс жұмыстардың барлығы хазірет Әлидің (ғ.с) мойнына жүктелген. Пайғамбар (с.ғ.с) жұмысты осылай бөліп алуды Әли (ғ.с) мен Заһраға (ғ.с) ұсынған кезде Фатима қатты қуанып, ризалығын білдіріп: "Жұмыстарды бөлу тәсіліне қаншалықты қуанғанымды Құдайдан басқа ешкім білмейді. Себебі, Алланың елшісі мені ерлерге тән жұмыстарды орындаудан босатты" деген. Пайғамбардың бұл ұсынысы бәрінен бұрын әйел мен ер адамның табиғи қабілеттері мен шамасына байланысты жасалды.
Отбасындағы әйелге тән ең жоғары шеберлік отбасы мен отбасы мүшелері арасындағы байланыстың мәңгі-бақи аспан әлемінде де сақталуы үшін отбасы мүшелерін Алла тарапынан харам етілген нәрселерден сақтау саналады. Бұл хазірет Фатиманың (ғ.с) бойындағы оны шарықтау шегіне жеткізген шеберлік еді. Ол хазірет мүміндердің әміршісі Әлиге (ғ.с) айтқан соңғы өсиетінде: "Немере ағам, сенің үйіңде болған кезде ешқашан өтірік айтпадым, қиянат жасаған жоқпын. Сен айтқан илаһи бұйрықтарыңды ешқашан бұзған емеспін",- деп баса айтқан еді.