Ирактың оңтүстігіндегі өзгерістердің жасырын себептері
Ирактың оңтүстік және кейбір орталық аймақтары өткен аптада шерулер мен біраз адамның өлімі мен жаралануына себеп болған қақтығыстардың куәсі болды.
Қазіргі шерулер Басре облысынан Наджаф, Майсан, Дхикар, әл-Қадисия, Кербала және Бабильге таралды. Бұл шерулер туралы маңызды сұрақтар қойылуда. Ең басты сұрақ –"Ирактың оңтүстігіндегі шерулердің себептері не?".
Кейбір сарапшылар үкіметтің құрылмауын Ирактың оңтүстігіндегі қазіргі шерулердің маңызды факторы деп атағанымен, шерудің себептері мен халықтың талап-тілектері шерудің саяси себептерінен гөрі экономикалық және тұрмыстық факторларын көрсетеді. Ирактың мұнай қорларының 80 пайыздан астамы бұл елдің оңтүстігінде, әсіресе Басре облысында орналасқнан. Ирактың мұнайлы аймақтарында жұмыссыздық деңгейі шарықтап, халық наразылық білдіріп отырған жағдайда шетелдік мұнай компаниялары жергілікті жұмыс күштерінің орнына шетелжік жұмыс күштерін пайдалануда. Сонымен бірге Ирактың экономикалық күретамырлары елдің оңтүстік аймақтарында орналасқан жағдайда бұл елдің тұрмысы жақсы емес. Әсіресе, бұл аймақ ауаның 50 градустан асқан ыстығымен кезігіп отырған жағдайда жарық ұзақ уақытқа өшеді. Ирак Президентінің аға кеңесшісі доктор Абдолла Аливани соңғы шерулердің себептері ретінде Ирактың орталық және оңтүстік облыстарындағы азаматтарға дұрыс қызметтің көрсетілмеуін, тоқ пен судың тоқтатылуын, жұмыссыздық пен жастардың, әсіресе қоғамдағы білімді азаматтар арасындағы жұмыссыздықты, сондай-ақ, ДАИШ лаңкестік тобымен 4 жылдық әскери қақтығыстардан кейін үкіметтің күш-қуатының төмендегенін атады. Бұл факторлармен бірге Ирактағы парламенттік сайлаудан кейінгі орнаған саяси бәсекелестік пен жағдайға және келешек үкіметтің құрылуы туралы келісімнің жоқтығына тоқталды. Келесі маңызды мәселе Ирактың оңтүстік аймақтарындағы шерулердің жалғасуы мен артуына қатысты шетелдік ойыншылардың рөлімен байланысты. Таяу Шығыс аймағы мен елдердің ішкі тынышсыздықтарынан шетелдік ойыншылардың араласуы байқалатындай, Ирактың қазіргі өзгерістеріне де олардың қатысты болуына күдік-күмән тумайды. Сайлаудан кейінгі Ирактың жағдайында өз мүдделеріне жете алмайтындықтарын түсінген АҚШ, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі мен сионистік режим – бұл елдің оңтүстігіндегі шерулердің қолдаушылары. Өйткені, бір жақтан шиіттер өмір сүретін аймақтардағы шерулердің артып, қолдаудың кеңеюі шиіт топтар мен келешек үкіметті құруға қатысты келіссөздердегі қайшылықтарға себеп болуы мүмкін. Басқа жақтан сайлауды дұрыс емес деп, нәтижесін жарамсыз деп жариялауға соқтыруы мүмкін. Америкалық «Вашингтон пост» газеті Ирактың оңтүстігіндегі өзгерістерге қатысты «Ирактың оңтүстігіндегі наразылықтар жарылысы» деген арандатушы сөзді пайдаланды. Ирак Премьер-министрі Хайдер Абади электр тоғының тапшылығы сынды мәселені шешу үшін Басре қаласына келді. Алайда бұл әрекеттер нәтижеге жету үшін көптеген талпыныс жасалуы керек. Осы салада Джасем әш-Шемри «Араби 21» газетінде: «Иракта шерушілерге уәде беру, кейде қорқыту арқылы қарым-қатынас жасалуда. Сондықтан бұл елдің тарихындағы ауыр кезеңді аяқтау үшін бейбіт көтерілістің орын алғаны қажет»,- деп жазды. Баһре әш-Шейхи де Лондонда шығатын «Әл-Араб» газетіндегі сараптамасында: «Ирактың жағдайы қатерлі. Бұл жағдай елдің батыс және солтүстік қалаларына да таралуы мүмкін. Өйткені, Иракты басқаратын саяси тап зұлымдығын бүкіл ирактықтардың арасында тең бөлді. Ирактықтар бұл ел үкіметінің олардың қалауларына жауап беру мүмкіндіктерінің жоқытығынан хабардар болып, шерулерін бастап, өздерінің Ирактың билік басындағы саяси жүйені өзгерту талаптарын арттырады»,- деп жазды. Бұл сараптамалар шетелдік ойыншылардың наразылар арасында наразылықтарды жалғастырып, халықтың үкіметке деген үмітінен айырылып, жемқорлық сынды мәселені үлкейтіп көрсету талпыныстарын көрсетеді. Абдолкарим Хасан әл-Джабери «Сут әл-Ирак» газетіндегі мақаласында Ирактағы шетелдік жасырын араласушылықтарға тоқталып: «Ирактағы шерулер дер кезінде өтіп жатыр ма? Ғұмыры соңына жеткен Ирактың қазіргі үкіметі адамдардың қазіргі сұраныстарын орындай ала ма? Қазіргі жағдайдағы қиындықтарды қара ниеттілер өз мүдделеріне пайдаланбақ»,- деді.
Қорыта айтқанда, көбі шиіттер өмір сүретін оңтүстік аймақтарда әлеуметтік қызмет дұрыс көрсетілмейді. Алайда қазіргі шерулерден шетелдіктердің қастықтарының ізі байқалады. 2015-ші жылғы жаздағы шерулер оңтүстік аймақтарда қоғамдық қызметтердің болмауына байланысты басталған болатын. Бірақ шерудің арасында БААС режимінің туы көтерілді. Ирактың оңтүстік аймақтарында ДАИШ тобының қоқан-лоққылары болмағанымен ДАИШ аймақтың сүннит топтары өмір сүретін аймақтарды өз бақылауына алған өткен жылдары жемқорлық пен қоғамдық қызметке наразы болып, үкіметке қарсы шерулерге шықты. Ирак халқын үмітсіздендіріп, шетелдік ойыншыларға тәуелді бұрынғы режимге табанды болуды қолдайтындар билік басына келуі мүмкін.