Шахривардың сегізі – лаңкестікпен күрес күні 1
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i38811-Шахривардың_сегізі_лаңкестікпен_күрес_күні_1
ИИР күнтізбесінде бұл елдің лаңкестіктің ең үлкен құрбандарының бірі екенін көрсететін ащы оқиғалар тіркелді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 28, 2018 16:29 Asia/Almaty

ИИР күнтізбесінде бұл елдің лаңкестіктің ең үлкен құрбандарының бірі екенін көрсететін ащы оқиғалар тіркелді.

Ислам революциясының жеңісінен кейін Иран өздерінің сұм мақсаттарына жету үшін ешбір қылмыстан бас тартпай, тіпті қарапайым халықты да аямаған дұшпан мен топтардың нысанасына алынды. Лаңкестік әрекеттердің көбін «Мұнафеқин» лаңкестік тобының мүшелері іске асырды. «Мұнафеқин» лаңкестік тобы 1979-1981 ж.ж. Иранның көптеген басшылары, революцияшыл күштері мен ел халқының әртүрлі таптарына қарсы іске асырылған лаңкестік әрекеттердің көбінің жауапкершілігін өз мойнына алды. Хиджри шамси күнтізбесінің 1360 жылының тир айының алтысы күні (1981 ж.) аятолла Хаменеи Теһранның Абозар мешітінде сөз сөйлеп тұрған кезде лаңкестік әрекеттің нысанасына алынды. Бұл оқиғадан кейін ИИР-ның тарихындағы ең үлкен лаңкестік жайттардың бірі саналатын 1360 жылдың тир айының 7 күнгі (1981 жылдың маусым айының 27) лаңкестік жарылыспен лаңкестік әрекеттер жаңа кезеңге аяқ басты. Бұл күні Ислам республикасы партиясының Теһрандағы қоғамдық салонында орын алған бомба жарылысының салдарынан бұл елдің Жоғары сот Төрағасы аятолла Сейед Мұхаммад Хосейни Бехешти мен елдің басқа 72 қайраткері, соның ішінде 4 министр, 12 министрдің орынбасары және Мәжілістің шамамен 30 депутаты шәһид болды. Бұл жарылыс мұнафықтардың ісі болды. Бірнеше айдан кейін 1981 жылдың тамыз айының 29 күні лаңкестік әрекет салдарынан Иранның сол кездегі Президенті Мұхаммадали Раджаи мен Премьер-министрі Мұхаммад Джавад Бохонар шәһид болды. Бұл лаңкестік әрекеттер еш уақытта Иран халқының есінен кетпейді.

«Мұнафеқин» тобының мүшелері Иран басшылары мен халқына қарсы көптеген лаңкестік әрекеттерінен кейін басында Парижге, содан соң Иракқа қашты. Негізінде 1991-1992 жылдары Саддам «Мұнафеқин» лаңкестік тобының мүшелерін күрдтерді басып-жаншу үшін пайдаланды. Ол Ирак күрдтерінің нәсілін жоюды көздеп, бірнеше мың әйел мен баланы жаппай қырғынға ұшыратты. АҚШ-тың шабулымен Саддам тақтан тайған соң «Мұнафеқин» лаңкестік тобы АҚШ-тың қолдауына ие болып, біраз уақыт Либерти базасында орналасты. Содан соң АҚШ пен Ұлыбритания лоббилерінің демеуі және уәделерімен Албанияға аттанып, қазір Шығыс Еуропаның сол елінде еркін түрде әрекет етуде. Тіпті, «Мұнафеқин» лаңкестік тобының негізгі қолдаушылары саналатын АҚШ, Ұлыбритания мен Франция оларды өз елдерінде ресми қабылдауға келіспеді. Өйткені, олар өздерін лаңкестікпен күресушілерміз деген уәж айтады. Шын мәнінде, АҚШ-тың кейбір саяси белсенділері мен партиялары, егер Ақ үй Иранға қарсы әрекет жасағысы келсе, мұнафықтар бұл жолда маңызды рөл атқара алады деп санайды. Әділет министрлігінің Адам құқығы және халықаралық істер жөніндегі орынбасары  әрі құқық саласының ұстазы Махмуд Аббаси: "Тарих бойында, әсіресе соңғы 100 жылда лаңкестік әлемдік бейбітшілік, қауіпсіздік пен  тұрақтылыққа қарсы қауіп-қатердің  ең маңызды себебі болды",- деді. Ол 30 жылдың ішінде Иранда оннан астам лаңкестік топтың әрекет еткеніне тоқталып, «Мұнафеқин» лаңкестерінің 1360 жылдың шахривар айының 8 күні Иранның жоғары лауазымды басшыларына қарсы әрекет жасап, Раджаи мен Бохонарды өлтірудің  мақсатын Иран халқының революцияшыл жігермен қарсы тұрып, жаңадан қадам басқан Ислам республикасы жүйесін құлату деп атап: "Бұл – елдің атқару жүйесінің бірінші және екінші тұлғаларының өлімге ұшырауына қатысты бұрын-соңды болмаған әрекет",- деді. 

Өткен жылдары АҚШ пен оның Батыс одақтастары сыртқы саясатында әрқашан лаңкестік топтарды ИИР-на қысым көрсету құралы ретінде пайдаланды. Мысал ретінде «Мұнафеқин» лаңкестік тобын қолдауын айуға болады. Америкалықтар  20 жыл бойы «Мұнафеқин» лаңкестік ұйымына қаржылай, саяси және үгіт-насихаттық қолдау көрсетіп, оларға барлық мүмкіндіктерді беріп, Ислам республикасының халқы мен басшыларына қарсы лаңкестік әрекеттерге  жол ашты. «Михраб» шәһидтері, «7-ші» және «8-ші» тир айының шәһидтері ең маңызды лаңкестік әрекеттердің құрбандары саналады. Бохонар мен Раджаидің шәһид болған шахривардың сегізі "Лаңкестікпен күрес күн" деп аталды. Лаңкестік – әлемнің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына төніп тұрған қоқан-лоққы. Иран лаңкестік салдарынан қаза болған 17 000 шәһидімен лаңкестікті ең үлкен құрбаны саналады.