Шахривардың сегізі – лаңкестікпен күрес күні 2
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i38847-Шахривардың_сегізі_лаңкестікпен_күрес_күні_2
«Мұнафеқин» лаңкестік тобы Иранның он екі мыңнан астам азаматына қарсы лаңкестік әрекет жасады. Теріске шығарылмайтын құжаттар мен деректер «Мұнафеқин» мен басқа да лаңкестік топтардың АҚШ, Израиль және Сауд Арабиясының қаржылай және әскери қолдауларымен аймақ елдерінде көптеген қылмыстарды іске асырғандарын көрсетеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 31, 2018 20:28 Asia/Almaty

«Мұнафеқин» лаңкестік тобы Иранның он екі мыңнан астам азаматына қарсы лаңкестік әрекет жасады. Теріске шығарылмайтын құжаттар мен деректер «Мұнафеқин» мен басқа да лаңкестік топтардың АҚШ, Израиль және Сауд Арабиясының қаржылай және әскери қолдауларымен аймақ елдерінде көптеген қылмыстарды іске асырғандарын көрсетеді.

Associated Press осыдан біраз уақыт бұрын АҚШ-тың лаңкестікті қолдауының бір бөлігін әшкерелеп, АҚШ-тың кейбір сенаторларының «Мұнафеқин» лаңкестік тобының басшыларынан пара алғанын көрсетіп: «АҚШ Президенті Дональд Трамп кабинетінің бір басшысы мен кеңесшілерінің бірі ақшаны алған соң «Мұнафеқин» лаңкестік тобының мүшелерінің алдында сөз сөйледі»,- деп жазды. Бұл жерде ақпарат агенттігі Трамп Транспорт министрі етіп сайлаған Элейн Чао туралы жазды. Бұл ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, ол 2015-ші жылы «Мұнафеқин» лаңкестік тобының бір бөлімінің алдында бес минут сөйлегені үшін 50000 доллар алған болатын. Сондай-ақ, Нью-Йорктің бұрынғы әкімі Руди Джулиани да аталмыш топ мүшелерінің алдында сөйлегені үшін мөлшері белгісіз ақша алған. Кейбір дереккөздері мұндай басқосулардағы 10 минуттік баяндама бағасының 20 000-40 000 доллар тұратынын жазды. АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама бұл үдерісті тоқтату үшін Қаржы министрлігіне америкалық саясаткерлердің мұндай сұхбаттары үшін ақша алуының лаңкестік топпен қаржы қарым-қатынас орнатуға жататын, жатпайтынын зерттеуді бұйырған болатын. Мұнафықтар негізінде лаңкестік топтан гөрі АҚШ пен кейбір еуропалық мемлекеттердің одақтастарына айналды. АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы мүшесі және «Мұнафеқин» тобы қолдаушыларының бірі Реймонд Тантер: «Мұнафықтар АҚШ-тың Иранға қарсы бағадарламаларын ілгерілету үшін санкциялар мен соғыстан артық  көмектеседі»,- деді. АҚШ Мемлекеттік хатшысы өткен жылдары «Мұнафеқин» лаңкестік тобын лаңкестік топтардың тізіміне тіркеген болатын. Бірақ, бұл топты құрал ретінде пайдаланбақ болған кезде оны лаңкестердің тізімінен шығарып, АҚШ үшін бұл топтың маңыздылығын, сондай-ақ, өз мақсатына жету үшін тіпті лаңкестік топты да пайдалануға дайын екенін көрсетті.

АҚШ Мемлекеттік департаменті 1997-ші жылы «Мұнафеқин» ұйымын лаңкестік ұйымдардың ресми тізіміне тіркеп, 2003-ші жылы оның Вашингтондағы кеңсесін жапты. АҚШ Иракқа шабуыл жасаған кезде Вашингтон конвенциясы Ауғанстан мен басқа аймақтардың лаңкестеріне «әскери тұтқын» жағдайын бермегенімен  Ирактағы моджахединдердің тұтқынға түскен мүшелеріне «әскери тұтқын» жағдайын берді. Мұндай екіжүзділік лаңкестікке қарсы соғыстың негізінде не үшін екенін көрсетті. Бұл соғыс лаңкестікке қарсы емес. Бұл соғыс аймақтағы АҚШ-тың жобаларына қарсыларды бағындыруды көздейді.

Лаңкестікке қарсы күрес туралы уәж айтатын  АҚШ пен кейбір еуропалық мемлекеттердің пікірінше, мұнафықтардың Иран халқының 12000-нан астам азаматын өлтіргені маңызды емес. АҚШ сондай-ақ, «Мұнафеқин» лаңкестік тобының Ирактың мыңдаған халқын, соның ішінде күрдтерін басып-жаншуына назар аудармай, оларға қолдау көрсетуде. АҚШ пен кейбір еуропалық үкіметтер бұл лаңкестік топтың мыңдаған жазықсыз адамды өлтіргенін біле тұра олар Ираннан қашқан кезде оларды қолдады. «Мұнафеқин» лаңкестік тобы біраз уақыт Францияда орналасып, Ирактың Иранға қарсы соғысы басталған кезде Ирак жеріне енді. АҚШ Иракқа шабуыл жасап, Саддам режимі құлаған соң бұл топ АҚШ пен Еуропаның қолдауына ие болып, әрекеттерін еркін жалғастыру үшін Батыстың демеуімен Албанияға ауысты. АҚШ пен кейбір еуропалық одақтастарының  лаңкестікті қолдауы Вашингтонның аймаққа араласу және Иранға соққы беру стратегиясының бір бөлігі болып табылады. АҚШ лаңкестікті «жаман» және «жақсыға» бөлып, лаңкестікті қолдауын ақтап, шынайы лаңкестікпен күресудің орнына басқаларды лаңкестікті қолдаумен айыптауда.

Иран Ислам революциясының жетекшісі  7-ші тир шәһидтерінің отбасыларымен кездесуінде: «Бұл екіжүзділік, тіпті Иранда лаңкестік әрекет жасағандарға қазір Еуропа мен АҚШ-та еркін белсенділік етіп, бұл мемлекеттердің басшыларымен кездесуге, сондай-ақ адам құқығы тақырыбында сөз сөйлеуге рұқсат етеді. Бұл лаңкестік топ адамдарды, тіпті исламды қорғау уәделерімен Иран халқына қарсы күрес жүргізді. Бірақ, жетінші тир оқиғасы мен қарапайым халыққа қарсы лаңкестік әрекеттерден кейін Саддам сынды диктатордың қасында болса, енді АҚШ-тың қолдауына ие болуда» деді.