Шахривардың сегізі – лаңкестікпен күрес күні 3
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i38864-Шахривардың_сегізі_лаңкестікпен_күрес_күні_3
Өткен 40 жылдағы лаңкестік оқиғалардың ащы тәжірибесі БҰҰ мен Қауіпсіздік кеңесінің екіжүзді әрекеттері мен стандарттарынан алыстап, әлемдік қауіпсіздік және лаңкестікпен қарсыласа алатын айқын саясат ұстануы керек екенін көрсетті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 02, 2018 17:59 Asia/Almaty

Өткен 40 жылдағы лаңкестік оқиғалардың ащы тәжірибесі БҰҰ мен Қауіпсіздік кеңесінің екіжүзді әрекеттері мен стандарттарынан алыстап, әлемдік қауіпсіздік және лаңкестікпен қарсыласа алатын айқын саясат ұстануы керек екенін көрсетті.

Танымал саяси сарапшы Ноам Чамский Париж лаңкестік шабуылының нысанасына алынған кезде АҚШ пен бұл елдің одақтастарын лаңкестік шабуылдардың факторы деп атады. Ол АҚШ-тың мақсаты лаңкестікті жігерлендіру немесе оны тоқтату ма деген сұраққа: «Егер лаңкестікті тоқтатқыңыз келсе басында «Лаңкестік неге пайда болды? Оның негізгі себебі мен тамырлары не болды?» деген сұрақтарға жауап іздеу керек. Өкінішке орай, әлемнің әртүрлі аймағында күн сайын орын алатын оқиғалар лаңкестікпен күрес сылтаумен орын алады. Шын мәнінде, билікқұмар үкіметтер лаңкестікті пайдаланып, өздерінің заңсыз мақсаттарына жетуді көздейтіндіктен лаңкестерді «жақсы» және «жаман» деп бөледі. Олар лаңкестерді қолдап, лаңкестерді саясат үдеріске енгізу арқылы  мемлекеттердің ішкі істеріне араласа аламыз деп ойлайды. Басқаша айтқанда,  лаңкестікке қарсы шынайы соғыс жан-жақты болып, барлық мемлекеттер бірігіп, ортақ мақсатқа қарай қадам басуы керек. Бұл салада ИИР халықаралық лаңкестікпен күресу үшін «лаңкестік қылмыс» терминіне бірдей анықтаманың болуы қажеттігін қуаттады.  Халықаралық лаңкестікті жою үшін халықаралық заңдар, БҰҰ-ның Жарлығы мен тиісті қарарларын қолдау Иран қолдайтын келесі негіздердің қатарына жатады.

Иран Конституциясының 123-ші бабы мен Ислам кеңесі Мәжілісінің 2001-ші жылдың маусым айындағы шешімі бойынша 1999-шы жылдың шілде айында Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Сыртқы істер министрлерінің отырысында бекітілген «Халықаралық лаңкестікпен күрес» конвенциясына қосылды. Ислам заңдары лаңкестіктің барлық түрін айыптайтындықтан ИИР конвенцияның шариғатқа  қайшы келмейтін баптарын іске асыруды жөн көріп, күресте елдердің егемендігі мен тұрақтылығын, территориялық тұтастығын, саяси тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін сақтап, экстремизммен күресуде. Осы салада ИИР Президенті БҰҰ-ның Бас ассамблеясына зорлық-зомбылық пен экстремизмді жойып, қатыгездіктен ада әлем құру жобасын ұсынды. Бұл жоба 2013-ші жылдың желтоқсан айының 19 күні 190 мемлекеттің оң даусымен бекітілді. Саяси сарапшылардың көбі аймақтағы лаңкестікпен күресттегі Иранның маңызды рөлін мойындайды. Иранның өткен жылдағы ДАИШ лаңкестік тобына қарсы күресін теріске шығаруға болмайды.

Таяу Шығыс және Солтүстік Африка тарихы бойынша сарапшы, Мәскеу экономика мектебінің Ұлттық ғылыми-зерттеу институтының гуманитарлық факультетінің профессоры Григорий Лукьянов: «АҚШ басшылары ИИР-на қарсы уәждерімен аймақтағы ДАИШ-ке қарсы әсерлі күреске кедергі келтіруде. «Трамп үкіметі ДАИШ-пен күресуімен бірге Иранның аймақтағы ықпалының кеңеюімен күресуде» деген уәждер сындарсыз. Өйткені, Иран – аймақтағы әсіресе Ирак пен Сирия және Ауғанстандағы лаңкестікке қарсы тұрған ең маңызды ойыншылардың бірі. Ресей осы салада Теһранмен ынтымақтастық жасап отыр» деді. "Независимая газета" 2017-ші жылдың маусым айында: «Иран ислам әлеміндегі басқа елден көбірек Ирак пен Сириядағы лаңкестермен, соның ішінде ДАИШ және «Мұнафеқин» ұйымымен күресуде. Сауд Арабиясы  лаңкестікпен күресетін елдердің қатарына кірмейді. Қауіпсіздік кеңесінің қара тізіміне кіретін әл-Қаида мен кейін одан шыққан ДАИШ тобы бұл елдің «заңсыз өнімдері» саналады. 2001-ші жылдың қыркүйек айының 11 күні АҚШ-қа шабуыл жасаған лаңкестердің көбі Сауд Арабиясының азаматтары болды.  Трамп та бұл шындықты жақсы біледі. Сол себепті өткен жылы: «Рияд – әлемдегі лаңкестікті демеуші ең үлкен ел. Сауд Арабиясы АҚШ-қа сатқан мұнайының ақшасын біздің халықты нысанаға алатын лаңкестерді қаржымен қамтамасыз ету үшін жұмсайды»,- деген болатын. Бірақ, қазір Трамп  бұл шындыққа немқұрайдылық танытуда, өйткені Сауд Арабиясы Сирияға қарсы соғыстың бюджетін қамтамасыз етуде»,- деп жазды. 

БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі Ғоламали Хошру 2016-шы жылдың сәуір айында «Лаңкестік әрекеттердің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қарсы қоқан-лоққылары» деген тақырыпқа қатысты Қауіпсіздік кеңесінің отырысында: «Лаңкестікті ешбір дін, халық, өркениет немесе ұлттық топтармен байланыстыруға болмайды. Лаңкестікті халықтың өзінің азаттығы үшін бөгделердің билеп-төстеуіне қарсы заңды күресімен теңестіруге болмайды»,- деді. Иран басқа кез келген мелекеттен артық лаңкестікпен күресуге ынта танытып, жылдар бойы лаңкестікке қарсы шынайы күрестің көшбасшысы болып келеді. ИИР қауіпсіздік, тұрақтылық және саяси тәуелсіздік орнату үшін лаңкестікпен күрестің маңыздылығын қуаттап, халықаралық лаңкестікпен күрес жолында екіжақты және жан-жақты келісімдерді қабылдап, сол келісімдерді іске асыруға дайындығын жариялады.