Сарбаз күні
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i39151-Сарбаз_күні
Бүгінгі бағдарламада ИИР-да аталып өтетін "Сарбаз күні" мен ирандық жастардың сегіз жылдық "Қасиетті қорғаныс" кезінде өз отанын қорғауға қосқан үлесін талдаймыз.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 25, 2018 17:15 Asia/Almaty
  • Сарбаз күні

Бүгінгі бағдарламада ИИР-да аталып өтетін "Сарбаз күні" мен ирандық жастардың сегіз жылдық "Қасиетті қорғаныс" кезінде өз отанын қорғауға қосқан үлесін талдаймыз.

"Қасиетті қорғаныс" аптасының екінші күні "Білім мен ғылым, таңдаулы топ пен Сарбаз күні" деп аталады. Бұл күн Ирандағы күз мезгілінің алғашқы күні және мектептер, университеттер мен жоғары оқу орындарының ашылуымен сәйкес келіп отыр. Ирандағы "Сарбаз күні" жиырмасыншы ғасырдың 80-жылдарындағы Саддам режимінің ИИР-на қарсы таңған сегіз жылдық соғыс кезеңіндегі он мыңдаған оқушы мен студенттің ерлігі мен жанпидалығын еске салады. Кез келген елде әскери борышты өтеу өте маңызды саналады. Өз елі соғыс жағдайында болған кезеңде әскери борышын өтеуден қашқан адамға қатысты қоғамда теріс пікір мен көзқарас қалыптасады. Иран халқының Батыс пен Шығыстағы екі алып держава мен олардың жақтастарының қолдауымен Саддам режимінің ауқымды басқыншылығына қарсы сегіз жылдық қарсыласу кезеңінде көптеген ирандық жастар ер жетіп, әскери борыштарын өтейтін жасқа жетпесе де, өз еріктерімен халықтық және ерікті әскери күштер қатарына қосылып, революция мен өз елдерін қорғау үшін соғыс майданына келген еді. Соғыс майдандарына аттану үшін кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің басым бөлігі БААС режимінің басқыншыларымен соғысу үшін өздерінің жеке куәліктерін қолдан жасатқан. "Қасиетті қорғаныс" кезеңінде орын алған теңдессіз оқиғалардың біріне көптеген әкімшілік және заңды тұрғыдағы шектеулерге қарамастан соғыс болып жатқан шекаралық аймақтарға барып, ондағы жауынгерлермен иық тіресе, басқыншы дұшпанға қарсы өз отанын қорғау үшін жасөспірімдердің соғысқа қатысып, шайқасуы жатады. Саддам режимінің басқыншылығы кезінде ауылдар мен қалалардағы жастар мен жасөспірімдердің басым бөлігі БААС режимі әскерилеріне қарсы табандылық танытуда есте қаларлық ерлік пен батылдық көрсетті. Соның ішінде ең жарқын әрі ең қайғылы қарсыласудың бірі ретінде Иранның оңтүстігі мен Иракпен шекаралас аймақтардағы Хоррамшаһр атты айлақтық қаланың жастары мен жасөспірімдерінің табандылығын ерекше атауға болады.

Шәһид Беһнам Мохаммади – Хоррамшаһр қаһармандарының бірі

Хоррамшаһрды қорғаушылар 34 күн бойы Ирактың бірнеше жаяу әскерінің сауытты батальоны мен бригадасына қаланы басып алуға рұқсат бермей, қаланың қорғанысын ұстап тұрған. Олар ақтық демдері қалғанша дұшпанмен соғысып, қарсыласу және жанпидалықтың арқасында революциялық, қайғылы әрі мазлұмдық ерлік жасады. Associated Press ақпарат агенттігінің тілшісі Алекс Афнай Хоррамшаһрда сол кезде куә болған ерліктері жайлы жазған жазбаларында: "Хоррамшаһрда снарядтар мен атыстың орны жоқ сау үйді табу қиын еді. Бұл деректер ирандық қорғаушылардың бір үйден екінші үйге өтіп, өз қалаларын қорғағанын көрсетіп отыр. Ирактың жоғары шенді бір әскери қолбасшысы сол кезеңде басым бөлігі жастар мен тәжірибесісіз тұрғындар болған ирандықтардың Хоррамшаһрды қорғау үшін ақтық демдері қалғанша қарсыласқандықтарын мойындады",-деп жазған. Хоррамшаһр қаһармандарының бірі Беһнам Мохаммади атты 13 жастағы оқушы саналады. Беһнам 1967 жылы атасының Хоррамшаһдағы үйінде дүниеге келген. 1980 жылдың қыркүйек айында (х.ш.ж.с.б 1359 жылы шаһривар айында) ирактықтардың Хоррамшаһрға шабуыл жасайтыны туралы қауесеттер күшейген еді. Беһнам Хоррамшаһрдың ирактықтардың қолына өтетіне сенбегенімен соғыс шынымен басталып кеткен еді. Сол кезеңде Беһнам сонда қалуға бел буады. Бомбалау басталған кезде Беһнам 13 жасқа толып, жарақат алғандарға көмектесіп жүреді. Қаланы қорғаушы жасақтар "Молотов коктейлі" атты жарылғыш бөтелке, Калашников автоматы және G3 винтовкасы секілді бірнеше қарумен ирактықтарға қарсы табандылық көрсетеді. Ирактың БААС режимі әскеріне қарсы шайқасқан Хоррамшаһрдағы қарсыласу мен табанды күрестегі қаһармандардың келесі бірі Мохаммад Хосейн Фаһмиде деген 13 жастағы жасөспірім саналады. Мохаммад Хосейн Фаһмиде де Беһнам Мохаммади секілді Иранның оңтүстігіндегі Хузестан облысының тумасы болған. Мохаммад Хосейн Фаһмиде Иранның орталығындағы Құм қаласында дүниеге келген. Мохаммад Хосейн революция жеңіске жеткеннен кейін имам Хомейнидің бұйрығымен 1979 жылы қараша айында Басидж ұйымының құрылуымен, Басидж күштерінің қатарына қосылған. Бұл жас қаһарман Ирактың Иранға қарсы таңылған соғыстың басталуымен Иракпен шекаралас орналасқан оңтүстіктегі майданға барған. Ол Иран Ислам революциясының жетекшісі имам Хомейнидің болмысына тәнті болған. Мохаммад Хосейнді жастығына байланысты соғыс майданынан қайтарып жібергендіктен ол: "Өздеріңді әуреге салмаңдар. Егер имам айтса, қайда болса да аттануға дайынмын. Мен мемлекетімнің алдындағы борышымды өтеу керекпін. Мен жай уәде бермеймін",- деп кесіп айтады. Ол қарсылықтарға қарамастан, Иранның оңтүстігіндегі соғыс майданына аттанады.

Шәһид Хосейн Фаһмиде Ирактың Иранға қарсы таңған соғысында шәһид болған ең жас ирандық сарбаздардың бірі болған.

Шайқастардың бірінде Мохаммад Хосейн Фаһмиде Ирак әскері танктерінің шабуылын көріп, беліне бірнеше гранат байлап, қолына да гранат алған күйде танктерге қарай бет алған кезде аяғына оқ тиіп, жараланған. Алайда, бұл Мохаммад Хосейннің болаттай берік жігерін жасыта алмады. Сол себепті ол күмәнсіз өз мақсатын жүзеге асырып, жан-жақтан ұшып жатқан оқтардың арасынан алдыңғы шептегі танкке жетіп, гранатты жарып, өзі де соның салдарынан қаза тапты. Танк жарылған соң ирактық басқыншылар оларға қарсы шабуыл жасалды деп ойлайды. Сондықтан олардың рухтары түсіп, танктерін тастап, қаша бастайды. "Қасиетті қорғаныс" орын алған сегіз жылдың ішінде әскери борыштарын өтеу жасына жетпеген жастардың ішінен 36 000-нан астам адам өз отаны мен революциясын қорғау жолында шәһид болған. Ирандық жастар соғысты басқаруда шешуші рөл атқарды. Соғыс кезіндегі қолбасшылардың орта жасы 25 жастан төмен болды. Олардың бірде біреуі әскери оқу орнында оқымағанымен әскери сала мамандарын таңырқатқан әскери амалдарды жоспарлады. Бұл қолбасшылардың басым бөлігі оқу орындарын тастап, майданға аттанған студенттер еді. Ирактың БААС режимінің әскері басып алған аймақтарды азат етуге бағытталған әскери амалдардың көбісін дәл осы жас қолбасшылар жүзеге асырған болатын.

Шәһид Хосейн Бағери – таңылған соғыс кезіндегі ең жас қолбасшылардың бірі

Жас студенттер "Қасиетті қорғанысты" басқаруда қажет болған қолдау әрекеттері мен жоспарлар ұсыну саласына ерекше атсалысты. Ол кезеңде ИИР бүгінгі таңдағыдай бұдан да ауыр экономикалық жағдайда, атап айтқанда экономикалық және әскери санкция мен қоршауға алынып, Иранға қажет құрал-жабдық жеткізілмей, керек мүмкіндіктен кенде еді. ИИР өз аяғынан тік тұрып,  дұшпанмен күресу үшін қажет жоспарлар және құрал-жабдықтарымен Иракпен арадағы 1200 шақырымға созылған шекарада ілгерілеуден басқа жолы болмады. Соғысқа қажет көптеген логистикалық және әскери тауар партияларын дайындау жоғары деңгейдегі білімді қажет етті. Жасампаз әрі еңбекқор жас студенттер соғысқа қажеттқұралдар партиясын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарды. Саддам режимі алыс қашықтыққа арналған зымырандармен  қалаларды нысанаға алып жатқан кезеңде Иранның зымырандық өнеркәсібінің негізі  қаланды. ИИР бірнеше зымыранды елге импорттап, ислам революциясы дұшпандарының басқыншылығына қарсы өз елін қорғау мақсатында алыс қашықтықтағы зымырандарды шығару технологиясына қол жеткізу үшін кері жобалау немесе реверс-инжиниринг арқылы алғашқы қадам жасады. Шәһид Теһрани Моқаддам осындай еңбекқор жастардың бірі болды. Оған зымыран жобалау мен жасап шығару ісін тапсырған. Ол зымырандық өнеркәсіпті зерттеу мен дамыту жолында шәһид болды.

Шәһид Теһрани Моқаддам

Қазіргі кезде экономикалық санкциялар жағдайында ирандық жастарға жаңа әрі дамыған технологияларды жобалап, ілгерілету міндеті жүктелген. Иранның ядролық салада еңбек етіп жатқан ғалымдарының орта жасы 30-дан төмен. Дамыған нанотехнологиялары мен бағаналық жасушалар секілді көптеген салаларда осындай ирандық жастар әлемдегі осы салалар бойынша өз елінің есімін биік тұғырға шығарып отыр. Иран Ислам Республикасының 40 жылдық ғұмырында АҚШ-тың санкциялары Иран үкіметі мен халқы үшін көптеген шектеу тудырғанымен, сондай-ақ жасампаздыққа себеп болып, АҚШ-тың ИИР-ға қарсы дұшпандық саясаттарының әсерін бәсеңдетуге септігін тигізді. Бұл жолы да Иран халқы АҚШ-тың санкцияларына табандылық көрсетіп, сегіз жылдық "Қасиетті қорғаныс" кезеңі секілді АҚШ-тың саяси және экономикалық қысымдары мен әскери қоқан-лоққыларына төтеп береді.