Таңылған соғыс ислам республикасы жүйесін жеңіліске ұшырату туралы қиялды жойды
Таңылған соғыс кезеңінде аймақта Иранға қарсы Батыс пен Шығыс елдері және оларға тәуелді мемлекеттерден құрылған ауқымды майдан қалыптасты. Майданның мақсаты ислам жүйесін әлсірету, ислам республикасы жүйесіне қиындық тудырып, оны биліктен құлатуға қажет негіз әзірлеу болды. Алайда Иран халқы мүмкіндіктері мен құрал-жабдықтарының тапшылығы мен көптеген қиындықтарға қарамастан, қарсы тұрып, дұшпанмен шайқас майданынан мақтанышпен шықты.
"Қасиетті қорғаныс" бір жағынан басқыншылықтың жеңіліс табуы, екінші жағынан ислам республикасы жүйесінің тұрақтылық және қауіпсіздік негіздерін нығайтуы болды.
Таңылған соғыс шын мәнінде ислам республикасы жүйесін құлдырату туралы қиялды бір аптаның ішінде толығымен жойды. Келесі бір сараптамаға сәйкес, "Қасиетті қорғаныс" үстемдікті теріске шығару мен исламдық қарсыласу салаларында да сәтті үлгіге айналды.
Иран халқының сегіз жылдық "Қасиетті қорғаныс" кезіндегі табандылығы жанпидалық, шәһидтікті қалау мен құрбандық етудің мәңгілік құндылықтарының болмысын қайта жандандырып, қалпына келтіруге арналған сала саналады.
Сегіз жылдық "Қасиетті қорғаныс" Иран халқының шегініп, жеңілуіне себеп болмауымен қоса, өзінің терең рухани, діни және ұлттық әсерлерімен үстемшілдік пен үстемшіл жүйенің ауқымды майданына қарсы табандылық пен қарсыласу рухының күшеюіне де себеп болды.
Таңылған соғыстан кейінгі Иранның қорғаныстық және әскери әлеуеттері қоқан-лоққыларға байланысты артып, бүгінде Иран қажет жағдайда қауіп-қатерлерді залалсыздандыру мақсатында жоғары деңгейдегі тежегіш және қорғаныстық қуатқа ие болып отыр.
"Қасиетті қорғаныс" апталығына орай арнайы әзірленген бағдарламамызда осы элементтерді талдап, зерттейміз.
Х.қ.ж.с.б 1359 жылдың шахривар айының отыз бірі, милади жыл санағы бойынша 1980 жылдың қыркүйек айында таңылған соғыс басталды. Бір аптаның ішінде жеңіске жететінін ойлаған Ирактың бұрынғы диктаторы Саддам 12 жаяу әскер дивизиясы, 4500 танк пен бронетранспортер, 360 қырғи ұшақ, 400 тікұшақ және көптеген әскери мүмкіндіктерімен Иранға қарсы соғыс бастады.
Ирак сегіз жылдық соғыс барысында өз мақсаттарына жету үшін АҚШ пен оның аймақтағы жалдамалыларының қаржылай және қару-жарақтық ауқымды қолдауына ие болуымен қатар, кез келген құрал мен әдісті пайдаланды. Мысал ретінде бейбіт тұрғындар өмір сүретін қалалар мен аумақтарға зымырандық шабуылдар жасауға, соғыс болып жатқан және тұрғын аймақтарда ауқымды түрде химиялық қарулардың түр-түрін пайдалануға, мыңдаған бейкүнә адамды өлтіруіне, жолаушы тасымалдайтын ұшақтарға шабуыл жасауға, Парсы шығанағындағы кемелер, танкерлер, экономикалық нысандар мен айлақтарға шабуыл жасауға және халықаралық заңдар мен құқықтар мен гуманитарлық принциптерді бұзуына сілтеме жасауға болады. Басқыншылық соғыс кезінде зорлықшыл, ашкөз алып державалар өз мақсаттарына байланысты Иракқа қолдау көрсетіп, революцияны сәтсіздікке ұшыратып, ИИР-ның жаңадан құрылған жүйесін күйретуді туралы армандады.
Ирактың премьер-мнистрі Таһа Ясин Рамазан Иранмен соғысудың мақсатын ислам революциясымен күрес деп атап: "Бұл соғыс 1975 жылғы келісімге, Арвандтың жүздеген шақырымы мен жарты бөлігіне байланысты емес. Бұл соғыс ислам республикасы режимін биліктен құлату мақсатында жүргізіліп жатыр",- деген болатын.
Батыс жазушысы Энтони Кордесман былай деп жазған: "Ирак өз шабуылы Иранның бөлшектенуіне себеп болады деп ойлағандай көрінеді. Шын мәнінде, халықтың бірлігі мен біртұтастығына ұласты. Тіпті, Ирактың кейбір басшылары өздерінің жуырдағы сұхбаттарында олардың Иранға жасаған шабуылдарының өз жүйесі мен жетекшісіне қолдау көрсету мақсатында жаппай халықтың көтерілісін тудыратындай әсер ететінін ойлмағанын мойындады".
Таңылған соғыс әуел бастан халықаралық қауымдастық пен алпауыт мемлекеттердің немқұрайдылығымен бетпе-бет келді. Себебі, қауымдастық әлемдік державалардың ықпалымен әрекет етті. Бұл мемлекеттердің үнсіздігі Ирак диктаторының соғыс ауқымын кеңейтіп, қылмыстарын арттыруына себеп болды.
Женевадағы қауіпсіздік саясаттары орталығының зерттеу бөлімінің басшысы Шаһрам Чубин соғыстың басталуының тосын жағдай болмағанын, революциялық жүйенің билікке қол жеткізуін Иранға қарсы соғыстың орын алуының себебі деп атады.
АҚШ-тың Вирджиния университетінің зейнеткер оқытушысы профессор Рамазанидің пайымдауынша, Саддам Иран революциясының жолдауларына, атап айтқанда Ирактағы радикализм және араб ұлтшылдығының болмысын әлсіретіп, ығыстыру мәселесіне қарсы болды. Сондықтан соғыс бастады.
АҚШ-тың Вирджиния университетіне қарасты Уильям мен Мария коледжінің директоры, саяси ғылымдарының профессоры Джеймс Билл соғыстың шынайы себебін Парсы шығанағындағы үстемдікке қол жеткізуге байланысты саяси қақтығыс деп атап: "Саддам режимі аймаққа саяси тұрғыдан үстемдік етуді, аймақ елдерінің саяси жағдайына төнген қауіп деп санаған Иран революциясының көзін жоюды қалады",- деді.
Көптеген жағдайларда соғыс басқыншылық, елді бөлшектеу, саяси жүйелерді құлату, тіпті белгілі бір халықты жою мақсатында жоспарланып, сол халықтарға қарсы таңылады. Ирактың Иранға қарсы соғысы да дәл осы мақсатта жоспарланған болатын. Алайда Иран халқы сегіз жылдық "Қасиетті қорғаныс" кезінде дұшпанға қарсы тұрып, бүкіл әлемге өзінің алып державалардың алында берілмейтінін көрсетіп, қуатты қорғанысы арқылы дұшпанды Иранның жерінен қуып шықты.
Сол кездегі БҰҰ-ның бас хатшысы Хавьер Перес де Куэльяр Иран халқының "Қасиетті қорғаныс" кезеңіне қатысты: "Бұл әрекеттің бір халықтың өз еліне қатысты басқыншылыққа қарсы ең игі іс екендігінде күмән жоқ. Екі әскери күштердің бір-бірімен соғысуы мен бір әскерге қарсы халықтық қарсыласу қозғалысының пайда болуы – мүлдем екі бөлек жағдай. Дұшпанның басқыншылығына қарсы Ирандағы қарсыласу қозғалысы халықтық сипатқа ие болды. Осы жағдай оның жеңіске жетуінің жалғыз себебі саналады. Бұл мәселені жеңіс деп атаған жөн. Себебі, Иран шын мәнінде жеңіске жетіп, басқыншылыққа қарсы қарсыласып, дұшпанды шегіндірді" деді.
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи дәл осы мәселеге қатысты "Раһиане Нур" сапарына аттанатын оқушылар мен студенттермен кездесуінде "Қасиетті қорғаныс" кезеңін Иран мен ислам революциясы тарихындағы «нұрлы бөлік», «алтын парақ» деп атап: "Ислам республикасы мен Иран халқының бүгінгі таңдағы ғиззаты, айбыны, қауіпсіздігі, тәуелсіздігі, азаттығы мен саулығы сегіз жылдық "Қасиетті қорғанысқа" қарыздар",- деді.
Революция жетекшісі Иран халқы қуатының негізгі элементтерін түсіндіріп, ислам жүйесінің тежегіш қуат саясатының мақсатын халықаралық зорлықшыл елдердің Иранға басқыншылығының алдын алу екендігін бірнеше мәрте баса айтып: "Дұшпандар егер Иранға басқыншылық жасайтын болса, қатаң қарсыласуға ұшырайтынын, себебі, олар бірінші болып бастағанымен, бұл істі аяқтаудың олардың қолында болмайтынын білгені жөн",- деді.