Дәстүрлі диктатураны пайдаланатын заманауи тақ мұрагерінің қылмыстары 1
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i39558-Дәстүрлі_диктатураны_пайдаланатын_заманауи_тақ_мұрагерінің_қылмыстары_1
Сауд Арабиясының Стамбулдағы Консулдығында Джамал Хашоғджидің жабайы түрде өлтірілуі әлемдік қоғамдық пікірдің, әсіресе Батыс қайраткерлері мен ақпарат құралдарының саудиялық тақ мұрагері Мұхаммад бен Салманды көбірек тануына себеп болды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 23, 2018 17:00 Asia/Almaty
  • Дәстүрлі диктатураны пайдаланатын заманауи тақ мұрагерінің қылмыстары 1

Сауд Арабиясының Стамбулдағы Консулдығында Джамал Хашоғджидің жабайы түрде өлтірілуі әлемдік қоғамдық пікірдің, әсіресе Батыс қайраткерлері мен ақпарат құралдарының саудиялық тақ мұрагері Мұхаммад бен Салманды көбірек тануына себеп болды.

Бүгін ол "араб әлемінің жаңа Саддамы мен Қаддафиі"  атанып, "Ол Сауд Арабиясы  Королінің тағына жетпеуі керек" деген сөздер естілуде. Сол себепті Мұхаммад бен Салманның Йеменге қарсы соғысынан Джамал Хашағджидің өліміне дейінгі қауіпсіздік саласындағы істеріне шолуды ұсынамыз.

Мұхаммад бен Салман 2015-ші жылдың қаңтар айынан Сауд Арабиясының билік органдарына аяқ басып, аз уақытта оның барлық баспалдағынан жылдам өтіп, 2017-ші жылдың маусым айында Сауд Арабиясының тақ мұрагері атанды. Осыған орай Мұхаммад бен Салманның Малек Салман патша тірі кезде оның орнына отырады деген күдік-күмән артты. Мұхаммад бен Салманның 45 айдағы істері әлемдік қоғамның оған қарсы шығуына себеп болды. Мұхамад бен Салман 2015-ші жылдың қаңтар айынан 2018-ші жылдың қазан айына дейін, яғни 45 айдың ішінде Сауд Арабиясының  қауіпсіздік саласындағы сегіз ісіне себеп болды. Басқаша айтқанда, Сауд Арабиясы  әр алты айға жетпейтін уақытта бір іске куә болып отырды. Бұл істердің нәтижесіне бүгінде әлемдік деңгейде Мұхаммад бен Салманның мемлекеттік лаңкестіктің негізгі орындаушысы ретінде аталуы мен әлемдік қоғамдық пікірдің Мұхаммад бен Салманды Сауд Арабиясының билік структураларынан алып тастауды талап етуі жатады.

Джим Ротенберг америкалық "Нью-Йорк таймс" газетінде шыққан "Саудиялық тақ  мұрагерінің шынайы болмысы әшкереленді" деген сараптамасында: "Осыдан алты ай бұрын АҚШ-тың ақпарат құралдары Мұхаммад бен Салманның АҚШ сапары кезінде оның әрекеттері мен саясаттары туралы көп мәлімет жариялады.  Саудиялық ханзада Батыс басшыларына өзін заманауи басшы ретінде көрсетуге талпынғанымен, саудиялық тілші Джамал Хашағджи сол елдің Стамбулдағы Консулдығына кіріп, одан шықпаған кезде бен Салманның заманауи басшы бейнесі жойылды".- деп жазды. Хашағджи ісіне қатысты мақала жазып жүрген тілші Ротенберг "Вашингтон пост" газетінің атқарушы редакторы Фард Райанның сөзіне сілтеме жасап, Хашағджидің із-түзсіз жоғалып кетуін "жабайы түрдегі мемлекеттік деңгейдегі кісі өлтірушілік" деп атады.

Америкалық танымал жазушы Николас Кристоф бен Салманды тілшіні өлтірген, премьер-министрді кепілге алған, миллиондаған баланы аштықта ұстайтын "есалаң тақ мұрагері" деп сипаттап: "Әрбір рәсімде құрметтейтіндей оның кісілігі жоқ. Сондықтан оған ең лайық мекен – абақты",- деді.

Британияның танымал тілшсісі Дэвид Херст те "Middle East Eye" деген мақаласында: "Дыбыстық және бейнематериалдар әшкереленген соң Трамптың бір істі орындаудан басқа жолы қалмады. Ол осы күннен кейін бен Салманға паташлық тағына отыруға рұқсат бере алмайды. Бұл мәселе – Хашоғджи мен Сауд режимінің қолынан өлген немесе азап-қорлық көріп, қамауға алынған басқа да адамдардың ең аз құқығы",- деп жазды.

Йемен соғысы – 21-ші ғасырдың ең үлкен адами апаты

Хашоғджидің жабайы түрде өлтірілуі Мұхаммад бен Салманның бұйрығымен іске асырылған ең үлкен қылмыс аталғанымен, Йеменге қарсы қылмыстары Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің Хашағджиді өлтіруінен қорқынышты әрі одан үлкен қылмысы болып табылатындығына күмән тумайды. Йеменге қарсы соғыс сол кездегі Сауд Арабиясының Қорғаныс министрі Мұхаммад бен Салманның бұйрығымен 2015-ші жылдың наурыз айында басталып, биылғы жылдың қазан айында төрт жылға жуықтап қалды.  Шамамен 50 мыңға жуық йемендіктің қаза болуы және жарақат алуынан басқа бұл соғыстың салдарларының біріне Йемендегі халық жағдайының қатты нашарлауы жатады. "Associated Press" агенттігінің мәліметтері бойынша, "аштық салдарынан йемендік балалар қатты арықтап, олардың ата-аналары талдардың жапырақттарынан тамақ әзірлеп, ажалдан құтқаруға мәжбүр".

БҰҰ-ның Бас хатшысы Антонио Гуттериштің айтуынша, Йемендегі адами апат – әлемнің өткен он жылдықтарындағы ең үлкені. БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының баспасөз хатшысы Эрве Верхосель қазанның 16 –Әлемдік азық-түлік күні Йемен халқының аштықтан зардап шегіп жатқанына қатысты ескерту жасап: "Йемен бүгінде аштық дағдарысымен кез болып отыр. Бұл елдің түкпір- түкпірінде шамамен 18 миллион адам қайдан тамақ табарын білмейді",- деді. Ол сондай-ақ, қазіргі жағдай жалғасатын болса, олардың қатарына тағы қаншама миллион адамның қосылып, бұл ел халқының шамамен 50 пайызының азық-түлік көмектеріне мұқтаж болатынын қуаттады. Йемендегі бұл үлкен апат – Мұхаммад бен Салманның билікқұмарлығы мен оның "Сауд Арабиясының қаһарманына" айналу мақсатының салдары. Бұл соғыс – Мұхаммад бен Салман қылмыстарының ең маңызды бөлімі. Джамал Хашағджиге қарсы қылмыстың салдарлары  Йеменге қарсы қылмыстармен бірге арта түсті.

 

Мина апаты

Мина апаты 2015-ші жылдың қыркүйек айының 24 күні Құрбан айтпен тұспа-тұс "Рами джамарат" ("шайтанға тас лақтыру") рәсімі кезінде болды. Бұл оқиға Йеменге қарсы соғыс басталғаннан алты ай өткен кезде болып, қажылық тарихындағы ең сұм оқиғаға айналды. Саудиялық ақпарат құралдары басында қаза болған адамдардың санын 3000-нан аз деп көрсетуге талпынды. Бірақ, мәліметтер бұл апатта кемінде 7000 қажының, соның ішінде ирандық қажылардың ең көп құрбан болғанын көрсетті. Сауд үкіметі бұл апатты қажылықтың қалыпты оқиғасы ретінде көрсетуге талпынғанымен апаттан үш жыл өтіп, Мұхаммад бен Салманның ерекшеліктері көбірек танылғаннан кейін Мина апатының қалыпты оқиға болмағанын,  қылмысты Бен Салман жобалап, қасақана жасалғанын айтуға болады. Ливанның "Әл-Диар" газеті: "Патшаның ұлы  әрі саудиялық Қорғаныс министрі Мұхаммад бен Салман кортежінің Мина орталығындағы қозғалысы Мина жеріндегі қажылардың жолының өзгеруі мен үлкен апатқа себеп болды",- деп мәлімдеді.

Бұл апатта көптеген танымал тұлғалар шәһид болды. Солардың бірі – Иранның Ливандағы бұрынғы елшісі Ғазанфар Рокнабади. Иранның Ливандағы бұрынғы елшісі Ғазанфар Рокнабадидің ағасы Мұртаза Рокнабади бұл туралы: "Бауырымның мүрдесі 60 күннен артық уақыттан кейін қабірден шығарылған кезде оның денесінен пышақпен кесілген із анық байқалды. Шәһид Рокнабадидің мүрдесінен миы мен жүрегі және ішкі ағзаларының алынуы Саудияның жексұрын қылмыскер басшыларының шәһид Рокнабадиге деген кегін көрсетті",- деді.

Сауд Арабиясының әйгілі діни тұлғасы шейх Нимр Бақер Нимрдің өлім жазасы

Сауд Арабиясы шиіттерінің әйгілі діни тұлғасы шейх Нимр Бақер Нимр 2012-ші жылы «қауіпсіздікті бұзды және арандатушылықпен айналысты» деген айыппен қамауға алынып, 2016-ші жылдың қаңтар айының екісі күні өлтірілді. Ақпарат құралдары  саудиялық әйгілі тұлғаның өлімінен кейін: "Арабстандық бұрынғы тақ мұрагері Мұхаммад бен Тайфтың орынбасары болған Мұхаммад бен Салман шейхті өлтіру үдерісін өзі  қадағалап, тіпті шейхті азаптауға қатысып, шешім іске асырылмастан бұрын  шейхтің аяқ-қолын сындырған болатын. Мұхаммад бен Салманның шейх Нимр Бақер Нимрге қарсы қылмысы 2015-ші жылдың қаңтар айынан 2016-ші жылдың қаңтар айына дейін, яғни билік органдарына аяқ басқан бір жылдан аз уақыттағы үшінші ауыр қылмысы ретінде тіркелді.

Иранмен қарым-қатынасты үзіп, Қатарды қоршауға алып, осы елге санкция салу      

Мұхаммад бен Салман 2016-шы жылды ең аз қайшылық және ең аз қатыгездікпен аяқтады. Негізінде, 2016-шы жылы Йеменге қарсы соғыс жалғасып, Сауд Арабиясы ИИР-мен қарым-қатынасын үзді. Иранмен қарым-қатынасты тоқтату Сауд Арабиясының Мұхаммад бен Салманның билігі артып келе жатқан кездегі төртінші ісі болды. ИИР-ның қырағылығы және Мұхаммад бен Салманның билікқұмарлығы мен қателіктерін жалғастыруы саудиялық тақ мұрагерін Иранмен қарым-қатынасты бұзу арқылы көздеген мақсаттарына  жеткізбеді. ИИР-ның халықаралық қоғамдағы белсенділігі артқан жағдайда АҚШ-тың қолдауына қаармастан Сауд Арабиясы әлемдік жүйедегі өз орнынан айырылып жатыр.

Мұхаммад бен Салман 2016-шы жылдан бастап барлық мәселеден бұрын Мұхаммад бен Тайфты тақ мұрагерлігінен ығыстыруға әрекет жасады деген ой туады. Нәтижесінде, 2017-ші жылдың маусым айының 21 күні өзінің бұл мақсатына жетті. Мұхаммад бен Салманның тақ мұрагері болып сайлануынан 16 күн бұрын, яғни маусымның 5 күні Сауд Арабиясы  мен Қатар қарым-қатынасы үзілді. Мұхаммад бен Салман тақ мұрагер болып сайланған соң іс жүзінде мемлекеттің барлық ісіне қатысатын болды.

Билікқұмар Мұхаммад бен Салман араб мемлекеттеріне, әсіресе Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіне мүше елдерге жоғарыдан қарайды. Сауд Арабиясы  Бахрейн, Біріккен Араб Әмірлігі  және Мысырмен бірге Қатармен дипломатиялық қарым-қатынастарын үзіп, бұл елді қоршап, санкция салу саясатын ұстанды. Қатардың байлығының арқасында бұл елге қарсы салынған санкциялар мен қоршау Йемендегідей адами апатқа әкелмегенімен, Қатармен текетіреске келуі Мұхаммад бен Салманның сыртқы саясатындағы келесі теріс істерінің бірі болды. Бұл іс біріншіден, Сауд Арабиясынан тәуелсіз саясат жүргізетін  басқа елдің ішкі ісіне араласуын, екіншіден, Сауд Арабиясы мен одақтастарының заңсыз қоршауы мен санкцияларын көрсетті. Қатардың маңызды дағдарыстан сәтті өтуі өзін Сауд Арабиясы  халқы үшін қаһарман және патшаның тағына отыруға лайық көрсеткісі келген жас тақ мұрагері үшін тағы бір сәтсіздік болды.

****************