"Арбағин" рәсімінің жолаушысы 2
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i39627-Арбағин_рәсімінің_жолаушысы_2
Зияратшылардың дауыстары мен олардың жетінші имам хазірет Мұса бен Джафар (ғ.с.) және тоғызыншы имам хазірет Джавадтың (ғ.с.) кесенесіне жетуге асығуы тамашалайтын көрініс болды...
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 28, 2018 16:49 Asia/Almaty

Зияратшылардың дауыстары мен олардың жетінші имам хазірет Мұса бен Джафар (ғ.с.) және тоғызыншы имам хазірет Джавадтың (ғ.с.) кесенесіне жетуге асығуы тамашалайтын көрініс болды...

Каземаин – Наджаф пен Кербаладан кейінгі Ирактың үшінші қасиетті қаласы. Бұл қала Бағдадтың солтүстік-батысындағы Тигр өзеніне қарай орналасқан. Тек Тигр өзенінің ені ғана қаланы Бағдадтан бөледі. Қаланың атауы хазірет Каземнің (ғ.с.) қасиетті есімінен алынып, қасиетті кесенеде хазірет Мұса Казем (ғ.с.)-мен бірге немересі хазірет Мұхаммад бен Әл – имам Джавадтың (ғ.с.), яғни  екі адамның жерленуіне байланысты "Каземаин" деп аталған.

Қасиетті кесене қаланың орталығында орналасқан. Дарбазалары қаланың негізгі көшелеріне қарайдыы. Каземаин кесенесінің басқа кесенелердее байқалмайтын ерекшеліктері бар: біріншіден, бір зарихтың ішінде екі пәк имам жерленген. Сондықтан олардың күміс зарихы үлкен әрі маңызды бөлімі күмбездің астында орналасқан: екіншіден,  қасиетті кесененің екі алтын күмбезі мен төрт мұнарасы бар. Сондай-ақ, оның әдемі, биік үш аркасын көруге болады.

Каземаин

Зияратшылардың дауыстары мен олардың жетінші имам хазірет Мұса бен Джафар (ғ.с.) және тоғызыншы имам хазірет Джавадтың (ғ.с.) кесенесіне жетуге асығуы  тамашалайтын көрініс болды...

Кесене халыққа толы еді. Сағат – түскі екі.  Екі имамның кесенесінің екі алтын күмбезі мен төрт мұнарасы көзіме түсіп, кездесудің  қуаныш жасы көзімнен парлап ақты. Қасиетті кесененің алаңдарына аяғымды басқа кезде еріксіз хазірет Мұса бен Каземнің (ғ.с.) Харунның абақтыларындағы мүнәжәттары ойыма түсті: "Уа, Алла! Өлім келген кезде тыныштық беруді, есеп-қисап жүргізген кезінде кешіруіңді сұраймын".

Қасиетті залдан мықты тіректердің үстінде орналасқан, кафельдермен әшекейленген әдемі әрі биік үш арканы көруге болады. Екі имамның зарихының үстіндегі екі алтын күмбез Каземаин кесенесіне ерекше айбындылық сыйлап тұр. Кесененің залдары имам Мұса бен Джафар (ғ.с.) мен имам Джавадтың (ғ.с.) қуғын-сүргін жылдары көрген қиындықтары мен сөздерін, сондай-ақ, Аббас әулетінің үстемшіл, қулыққа толы жүйесіне қарсы күресін еске түсіреді. Зияратшылар шын жүректермен екі имаммен сырласып, оларға ықыластарын білдіреді.

Қасиетті кесененің әл-Қыбла дарбазасының алдында тұрып, мүнәжәтімді оқып, Аллаға шүкіршілігімді білдіріп, кесенеге кіруға рұқсат  алдым. Сөйтіп, нұрлы зарихтың алдына барып, ғибадат жасауға кірістім. Барлық адамдар мүнәжәттарын айтып, сырласып, өзгелерді байқамайды. Өйткені, олар бар болмыстарымен екі имам туралы ғана ойлайды. Бұл олардың бірнеше жыл бойы армандаған зияраттары болар. Қасиетті кесененің ішіндегі үлкен және күміс түсті зарихтің оңтүстік бөлімінде имам Мұса Казем (ғ.с.), солтүстік бөлімінде имам Джавад (ғ.с.) жерленген.

Имам Каземнің (ғ.с.) жүрекке қонымды зияратнамасы адамның жат жұрттағы сергелдеңдікке, зұлымдық көруі мен екі пәк имамның азат жүректерді тартып, Әмәви мен Аббаси басшыларының барлық зорлық-зомбылықтарына жиіркеніш білдіретінін көрсетеді. Өйткені, олар өздерінің шайтандық болмыстарымен жетінші және тоғызыншы имамдардың илаһи биліктерін тартып алуымен бірге имамдардың күнделікті өмірлеріне қиындық тудырып, халықтың Исламның бай мәдениеті мен құндылықтар теңізінен пайдалануға тыйым салды. Бұл қылмыс әмәвилер мен аббасилердің  тек бұл буын ғана емес, келешек буындар үшін де жасаған қылмыстары болды.  Жетінші имамның зияратнамасында: "Барлық жақсылық жасаушылардың орынбасары Мұса бен Джафар (ғ.с.)-ға – сәлем! Ол – таңдаулылардың басшысы, нұрланған білімнің қазынасы, илаһи тыныштықтың мұрагері. Түнгі ұзақ сәжделері мен жасқа толы көздері көптеген мүнәжәттарымен бірге хазіретті бір сәтке болса да Жаратушысынан алыстатпады. Хазіреттің ақылы, ой-өрісі, кемеңгерлігі мен жасаған жақсылықтары, кешірімдігі мен жомарттығы халықтың арасынан анық байқалды. Имам көп қиындық көріп, халықтың уайым-қайғысына ортақ болды. Өмірін абақтыда өткізіп, Әмәви және Аббаси басшыларынан азап-қорлық көрді». Жетінші имамның зияратнамасын оқып болған соң қасиетті зарихтың солтүстігіне қарай бардым. Зарихтың ішкі бөлімінің солтүстігіне қарай имам Джавад (ғ.с.) жерленген. Зарихтың артында шамамен 25 текше метрлі кең мекен бар. Бір топпен бірге кіріп, зияратнаманы солармен қосылып оқыдым. Мағриб пен иша намаздары кезінде жамағат намазы оқылды. Жамағат намазы еркше салтанатпен өтті. Зияраттан кейін кесененің ішнкі және сыртқы бөлімдерінен бірнеше танымал діни ғұламаның, соның ішінде шейх Ходже Насреддин Тусидің, шейх Абу Мұса Қазидің, "Наһдж ул-Балағені» жинақтаған Сейед Разидің, Сейед Мұртаза Элм әл-Һудоның қабірлерін араладық.   

Жүрегім біраз жеңілдеді. Келесі пәк тұлғаны зиярат етуге деген үмітпен жолымды жалғастырдым. Бұл қасиетті мекеннен кеткім келмегенімен, Самерраға қарай жолға шығатын уақыт келді.