"Арбағин" рәсімінің жолаушысы 6
Имам Хусейннің (ғ.с.) қырқы – «Арбағин» рәсіміне бара жатқан зияратшылардың қадамдарының дыбыстары естіледі. Ерлер мен әйелдер, бала-шаға – барша бірігіп, бір ниетпен Кербаладағы өз мақсаттарына қарай жолға шықты.
Ғашықтарының мекеніне жақындаған сайын жамағаттың көңіл-күйі өзгеріп, жүрек толқыныстары арта түсті. Зияратшылардың саны мен көңіл-күйлері имам Хусейн (ғ.с.) мектебінің жоғары мүмкіндіктері мен күш-құдыретін көрсетеді. Батыс мәдениеті мен мағынасыздық арсыздықпен шабуыл жасап отырған қазіргі әлемде бұл шерудің тағылымдары теңдессіз. Адамдардың «Арбағин» шеруіне жаппай қатысуы мұсылмандардың, әсіресе имам мектебінің әсерін көрсетеді.
Имам Хусейннің (ғ.с.) қырқы – «Арбағин» рәсіміне бара жатқан зияратшылардың қадамдарының дыбыстары естіледі. Ерлер мен әйелдер, бала-шаға – барша бірігіп, бір ниетпен Кербаладағы өз мақсаттарына қарай жолға шықты.
Мал-мүліктері мен жандары туралы ойламай, Кербаланың ыстық күнінің астында жолға шыққан қандай адамдар деп ойладым. Сондай күндер мен кезеңдерде билік басындағылар, әсіресе Аббаси билігі мен хиджридің үшінші ғасырының екінші жартысында Мотаваккел халифаты кезеңінде имам Хусейн (ғ.с.)-нің зияратшыларына қарсы үлкен қысым көрсетілді. Мотаваккел Аббаси – тарихта имам Хусейн (ғ.с.)-нің зияратшыларына қарсы ауыр жазалар қолданған адам ретінде танымал. Ол хиджри қамаридің 237-ші жылы имам Хусейн (ғ.с.)-ның қабірі мен оның қасындағы үйлерді қиратып, халықтың зиярат жасауына тосқауыл жасауды бұйырды. Хиджри қамаридің 247-ші жылы Мотаваккелге халық имам Хусейннің (ғ.с.) қасиетті қабіріне зиярат ету үшін қайтадан Кербалаға қарай жолға шықты деген суыт хабар жетеді. Ол үлкен әскерін жіберіп, халықтың арасында имамның қасиетті қабірінің зияратшыларына қатысты жиіркеніш сзімін тудырып, қабірдің жерін тағы қазып, халықтың имамдарының зиратына баруға тыйым салуды бұйырды. Содан соң Абиталип әулеті мен шиіттерді қудалап, олардың көбін өлтірді. Мотаваккелден кейінгі басшылар да халықтың имамдарына деген махаббаттары мен ықыластарына кедергі тудыру үшін рақымсыз әрекеттерге барды. Бірақғ таң қалдыратын жайт, ол – көптеген ғасырлардан кейін де имам Хусейннің (ғ.с.) лаулаған шырақ сынды жарқырап, миллиондаған адамды өзіне қарай тартып келе жатқаны. «Арбағиннің» жаяу шеруі бүгінде барлық илаһи діндер бірлігінің белгісі саналады.
Имамның ізбасарлары жол бойында кір жуғыш машиналар орнатып, зияратшылардың киімдерін жуып, үтіктеп, иелеріне тапсырады. Тағы бір жерлерде қолдан нан пісіріп, жаңа піскен нанды зияратшыларға ұсынады. Кейбір шатырларда жастар мен тәжірибеі мосқал адамдар зияратшыларды шақырып, олардың аяқтарына арнайы майлар жағып, уқалайды. «Арбағин» рәсімінде әр адам мүмкіндігіне қарай зияратшыларға көмектесіп, көмектерін мақтан тұтады.
Жолда қариялар мен кейуаналарды, екі таяққа сүйенген ердамды, 4 жасар қызын құшақтап, сөмкесін иығына ілген әйелді, қоларбаға отырғызып алған кішкентай бір баласы мен одан ересектеу тағы екі баласы, әкесі мен анасынан құрылған бір отбасын көрдік. Олардың барлығы имамдарына хазіреттің Аллаға ғашық болу мен ғибадат етудегі өмір тәсілін, жәбір көргендерді қорғауы мен жанкештілігін үлгі тұтуға уәде береді.
Қадам басқан сайын сапардың берекесі, имам Хусейн (ғ.с.) қозғалысының Исламды қорғап қалудан кейінгі мақсаты жүректерді біріктіру екені туралы ойландым. Жолда Иран, Ирак, Мысыр, Ливан мен Сирия елдерінен келген бауырларыммен сапарлас болдым. Сол себепті имам Хусейн (ғ.с.) мақсаттарының бірін жүректердің бірлігін сақтау деп түсіндім. Имам Хусейннің (ғ.с.) көтерілісі мен шәһид болуы және отбасының тұтқынға түсуінің мақсаты Ислам мен исламдық ахлақты бізге жеткізу болды. Біз қазір бірге жиналып, жолға шығып, шынайы жанкештілікке куә болып отырмыз. Исламды көргісі келген әр адам "Арбағин" зияратын көруі керек. Бүгін біз имам Хусейн (ғ.с.) тағылымдарының негіздері «Арбағин» зияратында қалыптасты деп санаймыз.
Исламның ұлық пайғамбары: "Мен арқылы сіздерге ескерту жасалды. Әли арқылы дұрыс жолға нұсқалып, Хасанның арқасында жақсылыққа бөленіп, Хусейннің арқасында бақытты, ол болмаса бақытсыз боласыңдар. Хусейн – жаннат есіктерінің бірі. Сондықтан оған дұшпан болған адамға Алла Тағала жаннатын хош иісін харам етеді",- деп айтқан болатын. Наджаф пен Кербалаға дейінгі жолды өткен соң Кербала дарбазасының жолайрығында тұрған жасөспірім балаларды көрдім. Олар: "Бұл – жаннатқа қарай ең жақын жол" деп, ең жақын жолды көрсетеді. Кербалаға қарай жақындадым. Жол бойындағы 1276-шы бағанды көрдім. Әр бағанға Құранның бір беті жабыстырылған. "Кәусар" сүресі, яғни Құранның соңғы беттері... Жаннатқа жақындадық...