Қар 11, 2018 19:39 Asia/Almaty
  • Ирандық оқушылар мен студенттердің абанның 13 күнгі оқиғаға орай діни жетекшімен кездесуі

АҚШ-тың «жұмсақ құдыретін», яғни өзінің идеологиясын басқа елдерге таңуға талпыныс жасауы бүгінде солғын тартты.

«АҚШ-тың әлемдегі беделі құлдырап барады». Бұл сөйлемді аятолла Хаменеи өзінің жуырдағы сөзінде сан рет қайталап, қуаттады.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сенбі, абанның он екісі (қарашаның үші) «Он үшінші абан – үстемшілдікпен күрестің ұлттық күні» қарсаңында мыңдаған оқушы және студенттермен кездесуінде 1979-шы жылдың қараша айының төрті күнгі Иранның революцияшыл студенттерінің АҚШ елшілігін басып алуын Американың шынайы жүзін көрсеткен мұрсат деп атады. Ислам революциясының жетекшісі кездесуде АҚШ-тың өткен 40 жылдағы қастықтарына тоқталып: «АҚШ-тың өткен 40 жылдағы негізгі мақсаты Иранда қайтадан өз билігін орнату болды. Бірақ, барлық талпыныстар мен қастықтарына қарамастан Америка өз мақсатына жете алмады»,- деді. 

«Он үшінші абан – үстемшілдікпен күрестің ұлттық күні» қарсаңында мыңдаған оқушы және студенттер аятолла Хаменеимен кездесті
 

Ислам революциясының жеңісінен кейін және революцияның нәзік көшеті мықты терекке айналған  40 жыл бойы Американың әртүрлі үкіметтерінің негізгі мақсаттарының бірі Ирандағы Ислам республикасы жүйесін құлатып, Иран мен аймақта өзінің үстемшіл мақсаттарын оңай ілгерілету үшін бұл елге патшалық тәртіпті қайтару болып отыр. Олар өздерінің үстемшіл мақсаттарына жету үшін әртүрлі жолдарды қолданып жатыр. Аятолла Хаменеидің пікірі бойынша, АҚШ өзінің әскери соғысында, яғни Саддамды Иранға шабуыл жасауға итермелеу арқылы Иран халқына қарсы дұшпандығының ең сорақы түрін көрсетті. Иранның жолаушы тасымалдайтын ұшағына шабуыл жасауы, Табастағы шабуылы мен Иранның мұнай құбырына шабуыл жасауы – Американың Иранға қарсы әскери соғысының айқын мысалдары. Ислам революциясының жетекшісі: «Америкалықтар революция жеңісінің бірінші күнінен Иранға қарсы экономикалық соғыс бастады. Яғни, экономикалық соғыс –  бүгін жаңа мәселе емес. Олар өтірік таратып, бүлік  пен жанжал шығарып, бұзақылықты таратып, адамдарды арандатып, ғаламтор мен қоғамдық желілер арқылы ақпарат соғысын жүргізіп жатыр. Бірақ, өткен 40 жылдың жарқын нәтижесі – Американың жеңілісі мен Ислам республикасының жеңісі»,- деді. 

АҚШ Ирандағы өз мақсаттарына жетпеуімен бірге әлемдік қоғамдағы билігінің төмендеуімен кезігіп отыр. Америка өткен 40 жылда билеп-төстеушілік күшінен айрылды. Бүгінде әртүрлі елдердің халықтары ғана емес, олардың үкіметтері де АҚШ-тың саясаттары мен шешімдеріне қарсылық білдіріп отыр. Қазіргі жағдайда, әсіресе билік басына Трамп келген  соң дүниежүзінің беделді саясаткерлері АҚШ-тың «жұмсақ күшінің» әлсіреп, құлдырап бара жатқанын айтып отыр. Мәселен, америкалық ойшыл Франсис Фукаяма мен «Америкадағы либералдық-демократия жоғары толқынына жетті. Бұл адамзат тарихының кемелдігіне жеткізеді» деген университет ұстазы Джонс Хопкинс АҚШ-тың саяси жүйесі уақыт өткен сайын құлдырап келеді деп санайды.

Аятолла Хаменеи әлемнің беделді қоғамтанушылары мен саясаткерлерінің көбінің Американың «жұмсақ күшінің» ең төмен деңгейге жетуін мойындағанына тоқталып: «Американың «жұсақ күші» бүгін ең төмен деңгейде. Әсіресе, бұл елдегі билік басына Трамп келгеннен бері халықтар ғана емес, Еуропа, Қытай, Ресей, Үндістан, Африка мен Латын Америка үкіметтері де АҚШ-тың шешімдеріне қарсылық білдіруде.

Оқушылар мен студенттер аятолла Хаменеимен кездесті

Аятолла Хаменеидің пікірі бойынша, бүгін АҚШ экономикалық тұрғыдан да қатты дағдарыспен бетпе-бет келіп отыр. 2018-ші жылғы Американың 15 триллион долларлық қарызы діни жетекшінің сөзін дәлелдейді. Саяси сахнаға Қытай сияқты экономикалық бәсекелестер шығып, Американы сауда соғысына тіреді. Діни жетекші Американың әскери күштері де алаңдап отыр деп санайды. АҚШ  елдің басқыншылық саясаттарын жақсы алға ілгерілете алатын әскери күш тапшылығына да душар болып отыр. Америкалықтар әскери күштерін орналастырған елдерде «Blackwater» мен соған ұқсас қылмыскер ұйымдарды  пайдалануда.

АҚШ-тың «жұмсақ күші» мен «қатты күшінің» әлсіреуі мен олардың рейтингтерінің төмендегеніне байланысты әлемде АҚШ-тың құлдырауы жақындады деген болжамдар айтылып жатыр. Аятолла Хаменеи АҚШ-тың құлдырауына себеп болған факторлар туралы сөзінде: «Американың құлдырауының факторлары біреу келіп түзететіндей бүгін мен кешегі күнге қатысты емес, ертеден келе жатқан мәселе. Америкалықтарды дағдарысқа тіреген жағдайдың факторлары ұзақ уақытқа тиесілі. Олар тарих бойында бүгінгі салдарға жеткізген жағдайды қалыптастырды. Енді ол оңайшылықпен түзетуге келмейді. Илаһи сүннет бойынша, олар құлдырап, әлемдік биліктен айрылады»,- деді.

АҚШ әлсіреп, құлдыраған сайын керісінше Иран жас күштерімен  революциясының жолы мен мақсаттарын жалғастыруда. Жастар ғылым мен технология, әскери, ядролық, медицина мен басқа салалардағы жоғары мақсаттарымен Иранның дамуын ілгерілетіп жатыр. Тәуелсіздік талап ету мен Американың зорлық-зомбылығымен қарсыласу ирандық жастардың айқын ерекшеліктерінің қатарына жатады. Аятолла Хаменеи жастардың  тәуелсіздік  талап ету және қарсыласу рухын мадақтап: «Мен бүгінгі жастардың табандылық пен қарсыласу тұрғыларынан революция кезіндегі жас буындардан алда  болмаса да, артта емес екендігіне куәмін»,- деді.      

Тәуелсіздік талап ету мен қарсыласу көңіл-күйі исламдық Иранның шекараларынан асып, бүгінде басқа елдердің жастарына да әсер еткендіктен олар да осындай рухқа ие. Иран Ислам революциясының жетекшісі бұл көңіл-күйді мадақтап: «Бізге жақын, шекаралас елдердің жастарының сөздер мен іс-әрекеттері мен көңіл-күйлерінен тәуелсіздік талап ету рухы жақсы сезіледі. Дұшпан, яғни америкалықтар бұл нәрселердің кейбіреуін бізден көріп, оған ирандық жастардың қозғалысын кінәлі санайды. Бізге қоқан-лоққы жасап: «Басқа бір елдің жастары неге біздің күштерге шабуыл жасайды?» деп дөң айбат шегеді. Негізі бұл сөздері таңғалдырады. Олар: «Сендерге шекаралас елдің жастары біздің адамдарға немесе күштерімізге шабуыл жасаса, біз сендерді кінәлі санаймыз. Жақсы, бізге  кінә артыңдар. Ирак пен Сирияның, Ливанның жастары сендерге жиіркеніш білдіреді. Шығыс жақтағы Ауғанстанның жастары америкалықтарды жек көреді, Пәкістан жастары да жиіркеніш білдіреді. Олардың бізге қатысы жоқ. Сендерге жиіркеніш білдіру сендерге қарсы әрекет болуы мүмкін. Иә, бұл шындық, Неліктен америкалықтар түсінбейді? Халықтардың жиіркеніш білдіруіне өздері кінәлі екенін неліктен түсінбейді? Бұл елдерге жамандық жасадыңдар, билеп-төстемек болдыңдар. Оларды қорлап, тіл тигіздіңдер. Сондықтан олар сендерге жиіркеніш білдіріп жатыр. Ирак пен Сирия және басқа елдер  халықтарының сендерге жиіркеніш білдіруге құқықтары бар»,- деді. 

Ислам революциясының жетекшісі жастарға Американың дұшпандығын ұмытпауды, өтірік күлімсірегендеріне алданбауды, АҚШ билікқұмарлығынан бас тартпағанша, басқа елдер сияқты онымен келісімге келуге болмайтынын ескертті. Аятолла Хаменеидің жастарға берген келесі ақыл-кеңесі дұшпанмен қарсыласу көңіл-күйін сақтап қалу болды. Ислам революциясының жетекшісі бұл туралы: «Дұшпанның қастықтарымен қарсыласу идеологиясын арттырыңдар. Дұшпанның бомбасы, зымыраны, үгіт-насихаттық органдары бар. Сондықтан артқа шегінуді ойламаңдар. Жоқ. Қарсыласу идеологиясы – дұрыс әрі негізгі көзқарас. Идеология мен практика тұрғыларынан қарсыласуды тарату керек. Ирак, Сирия, Ливан, Солтүстік Африка мен субконтинеттік аймақтардың жастары АҚШ-қа қарсы табандылық танытып жатыр. Бұл – олардың құқығы. Осы ағымдарды нығайту қарсыласу көзқарасын нығайту болып табылады»,- деді.

 

 

Тегтер