Иран АҚШ-қа жиіркеніш білдіреді 3
(last modified Thu, 06 Dec 2018 20:56:31 GMT )
Жел 07, 2018 02:56 Asia/Almaty
  • Иран АҚШ-қа жиіркеніш білдіреді 3

16-шы азар оқиғасы Американың Иранға қарсы жарты ғасырлық дұшпандығы мен араласушылық оқиғаларының санын арттырды.

АҚШ-тың қазіргі саясаттары мен өткен кезеңдердегі үстемшілдіктерінің арасында көптеген ұқсастық бар. Бұл дұшпандық әрекеттер АҚШ-тың осы кезге дейін бұрынғы билеп-төстеушілік ой-пікірлерімен Иранға жоғарыдан қарайтынын көрсетеді. АҚШ билігінің басындағылардың дұшпандығы мен кегі өткен 40 жылда сан рет қайталанды. Бұл дұшпандық аяқталмайды, өйткені дұшпандық – Американың үстемшіл болмысының бір бөлігі.

28-ші мордод оқиғасынан 60 жыл өткен соң АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы 2013-ші жылдың тамыз айында құпия құжатты әшкерелеп, бұл төңкеріске қатыстылықтарын мойындады. Бұл құжат төңкеріс күндері Теһранда болған Американың Таяу Шығыс пен Ирандағы аға барлау қызметкері Кермит Рузвельттің ісіне қатысты.

Foreign Policy журналы аталмыш құжаттың жариялануы барысында: «АҚШ пен Британияның барлау қызметтері төнкерісті іске асыру мақсаттарына жету үшін күрделі жобаны ілгерілетіп, Мұхаммад Мосаддеқтің саяси жағдайына нұқсан келтіру үшін пропагандалық құралды пайдаланып, Иран Парламентінің сол кездегі өкілдеріне пара беріп, әскери күштерді ұйымдастырып, соңында көшелерде шерулер өткізді»,- деп жазды.

АҚШ-тың Орталық Барлау Басқармасы 1954-ші жылғы құжаттардың бірінің кіріспесінде: «Төңкерістің мақсаты Мұхаммад Мосаддеқтің үкіметін құлатып, шаһ билігін қайтару болды»,- деп жазды. Яғни, бұл құжат бойынша, төңкерісітің мақсаты Батыс үкіметтерімен мұнай нарығы туралы келісімге келетін үкіметті билік басына әкелу болды.

 

Елшілік пе әлде тыңшылық орталығы ма?

Ислам революциясыынң жеңісінен кейін АҚШ Орталық барлау басқармасының офицерлері Ислам революциясының маңызды аймақтарына араласып, оның таралуының алдын алуға талпынды. АҚШ елшілігі «тыңшылық ұясы» ретінде тыңшылық және барлау арналарын құрып, дағдарыс тудырып, революцияның негізгі күштерін әлсіретіп, имам Хомейнидің беделін төмендетіп, басшы мен жас буынның арасына жік салып, ең белсенді әрі ең революцияшыл күштерді имамнан алыстатып, олар мен армияға ықпал етіп, Иран халқының революцияшыл қозғалысына нұқсан келтіруді көздеді.

Американың саяси мәселелер бойынша сарапшысы әрі танымал сыншысы АҚШ пен Иранның дұшпандығының тамырлары туралы: «АҚШ пен Израиль өздерін аймақтың иелері санап, аймақта тәуелсіз күштің болуына төзе алмайды»,- деген болатын. Ислам республикасы жүйесін жұмсақ құралдар арқылы ішінен, сондай-ақ, әскери күш пен қоқан-лоққыны және санкцияларды пайдалану арқылы өзгерту АҚШ басшыларының Иранға деген ұстанымдарының негіздері ретінде қалыптасты. Трамп та Иранға қарсы өз мақсаттарына жету үшін бұрынғылардың қателіктеріне шырмалып,  Иранды осал әрі тәуелді режимдермен салыстырып, бұрынғыдай қорқытып, бағындырамын деп ойлады.

«Вашингтон пост» газеті 2016-шы жылдың қараша айындағы мақаласында  АҚШ-тың 1953-ші жылдың тамыз айындағы рөлі мен АҚШ-тың жаңа басшыларының Ирандағы үкіметті өзгерту қажет деген сөздеріне тоқталып: «АҚШ басшылары өз тарихын ұмытқандығын көрсетіп, өздерінің сәтсіздікке ұшырауына соқтыратын қатермен ойнап отыр»,- деп жазды.

АҚШ қазір де билеп-төстеушілік мақсаттарына жету үшін әртүрлі жолдарды пайдалануды жалғастыруда. Алайда, Иранның Ислам республикасы жүйесі билеп-төстеушілікке қарсы. Сондықтан зорлық-зомбылыққа бағынбайды. Бұл ерекшелік Иран халқының үстемшілдікке қарсы көңіл-күйін көрсетеді.

                  

АҚШ – қас дұшпан

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи «13-ші абан" күніне байланысты мыңдаған оқушы және студенттермен кездесуінде сөйлеген сөзінде АҚШ-тың болмысы туралы: «АҚШ – қас дұшпан. Бұл шындық ырымшылдық немесе күдік-күмәннен емес, тәжірибе мен мәселелерді дұрыс түсінудің арқасында анықталды»,- деді.

АҚШ үкіметі өзінің қысқа және ұзақ мерзімді мақсаттарына жету және Ислам республикасымен қарсыласу үшін әртүрлі қастандықты мақсат еткен жоба-жоспарды қажет етеді. Оларды Ақ үйдің ойшылдары жобалайды. Бірақ, Трамп үкіметі көп қателік жасады. Трамп өз шешімдерімен шын мәнінде АҚШ-ты дағдарысқа тіреді. АҚШ халықаралық қоғам алдындағы, соның ішінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты міндеттемелерін орындамай, халықаралық келісімдерді бұзушы ел ретінде танымал болды. Трамп АҚШ-тың Ресей, Қытай және Еуроодақ арасындағы қарым-қатынастарын дағдарысқа тіреді. Трамп «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының аймақтық және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке негізделген негіздерін бұзды. Ислам республикасы жүйесінің дұшпандары өткен 40 жылда әртүрлі қастықтарды жобалап, Иран халқының тәуелсіздігіне нұқсан келтіргісі келді. Бірақ, дұшпанның барлық қастандықтары ислам республикасы жүйесі мен революцияның негіздеріне зиян келтіре алған жоқ. Бұл әрекеттер халықаралық қоғамның пікірі бойынша төзуге болмайтын әрекеттер әрі АҚШ-тың ойындағы кез келген нәрсені басқаларға таңа алмайды