Жел 10, 2018 00:16 Asia/Almaty
  • Мұхаммад бен Салманның Аргентинадан Африкаға дейінгі кезеңдік сапары

Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Салман ағымдағы жылдың қараша айының 22 күні елдің сыншы тілшісі Джамал Хашоғджидың өлімінен кейінгі бірінші кезеңдік шетелдік сапарында Африканың әртүрлі елдері және Аргентина халқының наразылықтарымен бетпе-бет келді.

Хашоғджидің өлімінен кейін әлем деңгейіндегі қоғамдық пікірдің ауыр қысымымен бетпе-бет келіп отырған Мұхаммад бен Салман кезеңдік сапары арқылы бұл қысымдардан шығуға талпынғанымен оған қарсы қысымдар екі есе артты. Билікқұмар саудиялық тақ мұрагері АҚШ Президенті Дональд Трамп пен Израильдің премьер-министрі Бениямин Нетаньяхудың қолдауына ие болып, өзін орталық ойыншы санайды. Бірақ, бірнеше африкалық мемлекет пен Аргентинаға жасаған жуырдағы сапары Бен Салманның саяси заңдылығына күдік тудырып, оның әртүрлі елдердің халықтары мен басшыларының алдында беделінің қалмағанын көрсетті.

Аргентинадағы кемсітілуі

Аргентинаның астанасында түсірілген бейне материалдар мен G20 тобының саммитіне қатысқан елдер басшыларының суреттері Бен Салманның кемсітілгенін көрсетеді. Ешбір саяси басшы саудиялық тақ мұрагерімен қол алысып, тіпті суретке түскен кезде оның қасына тұрғысы келмеген. Тек Ресей Президенті Владимир Путиннің қол алысуы шетте қалған Мұхаммад бен Салманды сәл күлімсіретті.

Америкалық "The Wall Street Journal" газеті  осы туралы: "Мұхаммад бен Салман G20 тобының саммитінде Джамал Хашоғджидің өлімінің салдарларымен бетпе-бет келді. Мұхаммад бен Салман саудиялық сыншы тілші Хашоғджидің өліміне қатысты емес екенін көрсету үшін G20 тобының саммитіне жиналған мемлекет басшыларының сенімсіздігі мен бұрышта жалғыз қалуына көнуге мәжбүр болды",- деп жазды. Саудиялық тақ мұрагері қарашаның 30-желтоқсанның 1 күні өткен G20 тобының саммиті аясында саяси басшылармен қарым-қатынас орната алмады. Тек санаулы елдердің басшылары ғана онымен екі жақты ресми кездесулер өткізді. Хашоғджидің өлімі оқиғасында өзінің сыртқы саясатын саудиялық тақ мұрагерін қолдауға бағыттаған АҚШ Президенті де саммит аясында Бен Салманмен ресми кездескен жоқ. Тіпті, Мұхаммад бен Салман Аргентинада жүрген кезде Халықаралық Амнистия ұйымы бұл елдің прокурорынан тақ мұрагерінің Йемендегі қылмыстары мен Джамал Хашоғджидің өлімін  зерттеуді талап етті. Францияның "Le Figaro" газеті: "Мұхаммад бен Салман халықаралық қоғам үшін бір дағдарысқа айналды. Оның Буэнос-Айрос сапары Аргентинаның ақпарат құралдарында дау туғызды. Мұхаммад бен Салманның оққағарлары Аргентинадағы Сауд Арабиясы елшілігінің аумағына кіре алмады. Сондықтан Мұхаммад бен Салман көлігінен түсіп, қалған жолын жаяу әрі жалғыз жүруге мәжбүр болды",- деп жазды.

Мұхаммад бен Салманның Африка сапары

Саудиялық тақ мұрагері Аргентина сапарынан кейін Біріккен Араб Әмірлігі мен Бахрейнге, содан соң Мысыр мен Туниске аттанды. Мұхаммад бен Салман Аргентина сапарынан кейін Африканың  Мавритания мен Алжир елдеріне сапар шекті. Өзін билік басына дайындап жүрген бұл саудиялық ханзада Африка елдеріне жасаған сапарында халықтың кең ауқымды наразылықтарымен бетпе-бет келіп, халықтың саудиялық тақ мұрагерін қолдамайтыны әшкере болды. Мұхаммад бен Салманның африкалық елдердің астаналарындағы баспасөз отырыстарының өтпеуі де осы мәселеге байланысты. Хашоғджидің өлімінен кейін  Бен Салманның жүзін жақсарту бастамасы африкалық елдер халықтарының теріс реакцияларымен кезікті.

Саудиялық тақ мұрагері Аргентина сапарынан оралған соң желтоқсанның 2 күні Мавританияға бір күндік сапармен тоқтап, сол күні түнде Алжирге аттанды. Алжирдің астанасында екі күн болып, бұл жерде де халықтық наразылықтарымен бетпе-бет келді. Бен Салман Алжирде болған кезде елдің тілшілері мен жазушылары, зерттеушілері мен қоғамдық белсенділері мәлімдеме жариялап, Сауд Арабиясы ның тақ мұрагерімен кездесуге қарсылықтарын жариялап, кездеспеуді талап етті. Екі күннен кейін желтоқсанның 3 күні Бен Салман ешбір нәтижеге жетпей Алжирден кетті. Африканың басқа елдеріндегідей Мұхаммад бен Салманның Алжирде де баспасөз отырысы өтпеді. Алжирің ғаламтор пайдаланушылары қоғамдық желілерінде Мұхаммад бен Салманның сапарына қарсылықтарын жариялап: "Саудиялық тақ мұрагері  өзін реформатор ретінде көрсетеді. Бірақ, бұл жалған бейне. Саудиялық тақ мұрагерінің жуырдағы әрекеттері бұл мемлекеттің қылмыс тәсілдерін көрсетті",- деп жазды. Бұл мәлімдемеге 1800 адам қол қойды.

Сауд Арабиясының Йемен соғысына араласуы, Мұхаммад бен Салманның Джамал Хашоғджидің өліміне қатысты болуы мен Сауд Арабиясындағы азаматтық құқықтарды басып-жаншуына Солтүстік Африканың азаматтық белсенділерінің қарсылығы саудиялық тақ мұрагерінің бұл аймаққа шеккен сапарымен тұспа-тұс келді. Мысыр, Тунис, Мавритания мен Алжир халықтары мен саясаткерлерінің пікірінше, бен Салман бұл елдерге сапарын өзінің қылмыстарын, соның ішінде Джамал Хашоғджиге қарсы лаңкестік әрекетін ұмыттыру мақсатында келген.

Тунистегі наразылықтар

Тунис халқы да саудиялық тақ мұрагерінің сапарына наразылық білдірді. Тунис халқы бұл елдің астанасының ортасындағы әл-Хабиб Бурқиние көшесінде кең ауқымды шерулерге шығып, Мұхаммад бен Салманның бұл елге сапар шегуіне наразылық білдірді. Саудиялық тақ мұрагері африкалық елдерге жасаған кезеңдік сапары аясында қарашаның 28 күні    Туниске аттанды.

"Әл Араби әл-Джадид" ақпарат базасы өз мәлімдемесінде: "Тунистің партиялары, ұйымдары мен азаматтарының қатысуымен өткен шеруде шерушілер "Революцияшыл жерді  ластау", "Сауд Арабиясымен қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру – қылмыс»  "Йеменді құтқару" сияқты ұрандар айтып,  Мұхаммад бен Салманның Тунис сапарына наразылық білдірді. Сондай-ақ, Тунистің 50 адвокаты тілшілер мен Веб- блогерлердің сұрауымен саудиялық тақ мұрагерінің  қарашаның 27-дегі сапарының алдын алуға қатысты  шағым дайындады. Бен Салманның Тунис сапарына қарсылық білдіру тек халық және партиялармен ғана шектелмеді.  Осы салада бүкіл мектептер кіретін одақ мәлімдеме жариялап, Тунис жерінің соғыс қылмыскері саналатын саудиялық тақ мұрагерінің қадамымен ластанатынын мәлімдеді. Бұл мәлімдемеде: "Тарих империалистік және сионистік жалдамалы Мұхаммад бен Салманның қылмыстарына куәлік еткенімен әлемдік қауымдастық бұған үнсіздік танытып отыр",- деп жазылған.

Бен Салманның құр қол оралуы

Мамандардың көбі саудиялық тақ мұрагері патша тағына отырудан бұрын Стамбулдағы Сауд Арабиясының Консулдығында Джамал Хашоғджидің айуандықпен өлтірілуінен кейінгі сынға қарсы тұрып, араб және африкалық елдердің қолдауына ие болу үшін дипломатиялық әрекеттерді қажет еткенімен кезеңдік сапары оның биік мақсаттарын іске асыра алмады деп санайды. Бұл сапар бәрінен бұрын әртүрлі тәсілмен өзінің алдындағы кетергілерді алып тастауды көздейтін Мұхаммад бен Салманның «ортағасырлық» саясаттарға деген қарсылықтарды әшкереледі. Алжирдің ең үлкен исламдық партиясы саналатын «Бейбіт қоғамы қозғалысы» партиясының басшысы Абдразақ Мақридің пікірі бойынша, Мұхаммад бен Салман Йемендегі көптеген балалардың, қарсыластардың ДАИШ-тың тәсілдерімен өлтірілуіне және Джамал Хашоғджидің өліміне жауапты.

Саудиялық тақ мұрагерінің араб және африкалық елдерге, сондай-ақ, Аргентинаға сапары әдеттегі сапар болғанымен, нәтижесі оңбады. Бұл сапар Мұхаммад бен Салман түріндегі Сауд Арабиясының адам құқығына қарсы жүзі мен мұнайдан түскен долларлардың ел мен жеке адам үшін бедел сатып алуға көмектеспейтінін дәлелдеді.

 

Тегтер