Maм 06, 2019 16:55 Asia/Almaty
  • Рамазан – қасиетті ай 2

Рамазанның таңы. Таң намазы аяқталып, қалың жамағат Құран сүрелерін көркем дауыспен оқыған қариді тыңдап отыр. Құранның әтірі гүлдердің хош иісімен араласып, жүректер илаһи махаббатқа бөленді.

Рамазан айы – Құранның, Құранға деген махаббаттың көрінісі. Бұл айда Құран оқу басқа айларға қарағанда ерекше тартымдылыққа ие болады. Өйткені, ораза ұстап жүрген адамның рухани тазалығы мен сергектігі Құранның жүрекке қонымды аяттарымен бірге бұл қасиетті кітапты оқуға жігерлендіреді. Сондықтан ораза ұстап жүрген мүміндер бұл бір айда Құранды бір рет немесе бірнеше рет оқып шығады. Құран оқу адамдардың  жандарын нұрландырады. Бұл – Құранның қадір-қасиеті. «Зумәр» сүресінің 23-ші аятында: «Алла Тағала аяттары бір-біріне ұқсас қайталанып отыратын сөздің ең көркемін Кітап түрінде түсірді. Одан Алладан қорыққандардың түктері үрпиеді. Сосын олардың терілері, жүректері Алланың зікіріне жұмсайды.  Бұл (Құран) Алланың тура жолы. Онымен кімді қаласа, тура жолға салады. Алла әлде кімді адастырса, сонда оған тура жол көрсетуші болмайды»- деп айтылған.

 

Құранның тартымдылығы сондай, тіпті адамның рухы мен болмысын еліктіріп қана қоймай, өзіне ғашық етеді. Қасиетті Рамазан айының берекесінің көп бөлігі Құранмен байланысты. Бұл айда ораза ұстаған мүміндер жүректеріне Құранның нұрлы тағылымдарының дәнін егіп, айдың соңында Құранның жемістерін рухани азық ретінде жинайды.  Сондықтан Құран мен Рамазан айының арасында байланыс орнатылып, Құранға ғашықтар оған жақындап, оны түсінуге талпынады. Хазірет Әли (ғ.с.): «Алланың илаһи кітабын үйреніңдер, өйткені, Құран – жүректердің көктемі» деген.    

Құранның қасиетті Рамазан айында түсуі – бұл айдың ерекшеліктерінің белгісі.   «Бақаре» сүресінің 185-ші аятында:  «Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына   тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді..»,- деп айтылған. «Духан» сүресі де Құранның қасиетті әрі берекеге толы түнде түскенінің дәлелі.  «Қадыр» сүресінің бірінші аяты Құранның жіберілген уақыты туралы анығырақ айтып, бұл қасиетті түнді «Қадыр» түні деп атады. Бұл түн  мың айдан артық; бұл түн Рамазан айының түні:  «Негізінен Құранды Қадыр түнінде түсірдік». («Қадыр» сүресі, 1-ші аяты).

 

Құранның қалай түскені туралы екі түрлі аяттар бар. Олардың кейбіреулері Құранның бір сәтте, Қадыр түнінде түсірілгені туралы айтады. Басқалар Құран хазіретке 23 жыл бойы түсті деп санайды. Исламның ұлық пайғамбарына жіберілген кітап, дұрыс жолға нұсқайтын әрі өмірдің ең жақсы амалдары кітабі. Оның тағылымдары уақын немесе  шекарамен шектелмейді. Құран Кәрім адамзаттың өміріне қажет илаһи бағдарлама және адамзатты бақытты болатын жолына қарай нұсқайды. Сондай-ақ Исламның басында адамдардың қажеттіліктері мен сұраныстарына жауап бере алғандай, осы кезде де серпінді болып, адамдардың қажеттіліктеріне жауап береді. Ұлы Алла бұл кітапты адамды дұрыс жолға нұсқап, кемелдігі мен бақытты болуына жеткізу үшін жіберді. Құран – мәңгі қалатын кітап. Құран - адамзат мәселелерін шешуші. Алла елшісінің (с.ғ.с.) айтуынша, «абыржу мен алаңдаушылық және бүліктермен бетпе-бет келген кезде, сондай-ақ мәселелерді шешу қажет болса, Құранды оқып, оның құтқаратын ақыл-кеңестеріне сай амал ету керек».

Қасиетті рамазан айында рухани кеңістік  ғибадат, Құран оқу, достық сезімді арттыратын мақрұмдарға көмектесу сынды амалдардың арқасында адамға өзін тәрбиелеуге жағдай тудырады. Жамағат намаздарына, рамазанға қатысты жиындар  және мешіттер мен үйлерде ұйымдастыралатын Құран оқу отырыстарға қатысу рамазанның ең маңызды бағдарламаларынан саналады. Құран Кәрім мүміндерді Алланың қонағы болуға шақырып, қасиетті рамазан айында ораза тұтудың тақуалыққа себеп болып, адамды қырағы ететіні туралы айтып: ««Әй мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды. Әрине сақсынарсыңдар»,- деді. («Бақаре» сүресі, 183-ші аят).

Аяттар Құранның түсірілуінің екі түріне сілтеме жасайды. Олардың кейбіреуі Құранның бір уақытта, Қадыр түні түсірілгені туралы айтады. Басқалар Құран ислам пайғамбарына 23 жыл бойы түсті деп санайды. Исламның ұлық пайғамбарына жіберілген кітап – дұрыс жолға нұсқайтын әрі өмірдің ең жақсы ғамалдар кітабы. Оның тағылымдары уақыт немесе шекарамен шектелмейді. Құран Кәрім – адамзаттың өміріне қажет илаһи бағдарлама; адамзатты бақыт жолына нұсқайтын жетекші.

Құран Исламның басында адамдардың қажеттіліктері мен сұраныстарына жауап бере алғандай, қазір де серпінді болып, адамдардың қажеттіліктеріне жауап береді. Ұлы Алла бұл кітапты адамдарды дұрыс жолға нұсқап, кемелдік пен бақытқа жеткізу үшін жіберді. Құран – мәңгілік кітап. Құран – адамзат мәселелерінің шешім жолы. Алла елшісінің (с.ғ.с.) айтуынша, абыржу мен алаңдаушылық және бүліктермен бетпе-бет келген кезде немесе мәселелерді шешу қажет болса, Құран оқып, оның құтқаратын ақыл-кеңестеріне сай амал ету керек.

Қасиетті Рамазан айындағы рухани кеңістік ғибадат, Құран оқу, қоғамдағы мақұрымдарға көмектесу сияқты достық сезімді арттыратын ғамалдардың арқасында адамға өз-өзін тәрбиелеуге жағдай тудырады. Жамағат намаздарына, Рамазанға қатысты жиындар, мешіттер мен үйлерде ұйымдастыралатын Құран оқу отырыстарына қатысу Рамазанның ең маңызды бағдарламалары саналады. Құран Кәрім мүміндерді Алланың қонағы болуға шақырып, қасиетті Рамазан айында ораза тұтудың тақуалыққа себеп болып, адамды қырағы ететіні туралы айтып: «Әй, мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды. Әрине сақсынарсыңдар»,- деді. («Бақаре» сүресі, 183-ші аят).

Мұнымен қатар Құран мүміндерді кедейлер мен жағдайлары нашар адамдарға көмектесуге жігерлендіреді. Құранның бұл шақыруы Рамазан айында ерекше байқалады. «Ниса» сүресінің 174-ші аятында: «Әй, адам баласы!  Сендерге Раббыларыңнан дәлел келді. Сондай-ақ, сендер үшін бір ашық нұр (Құран) түсірдік» ,- деп айтылды.

Рамазан айы ішкі және сыртқы тазаруға, баршаның Алланың рақымын пайдаланып, Құранға жақындауына жағдай жасап, ой-пікірлерді дамытып, дұрыс жолға түсуге себеп болады. Құран белгілі бір уақыт немесе бір халық пен арнайы бір топқа ғана қатысты емес. Құран барлық халықтарға қатысты болғандықтан әр түрлі тілде және әртүрлі ұлттармен сұхбаттасады. Құран өзгеріс енбеген жалғыз илаһи кітап болып, Алланың сөзін адамзатқа тікелей жеткізеді.  Басқаша айтқанда, Құран әрқашан және кез келген географиялық аймақта  жарқырап, кез келген адам өз мүмкіндігі мен қажетіне қарай оның нұрын, жылуы мен жарығын пайдаланатын күннің көзі секілді.  Құран жіберілгеннен бері сан ғасыр өтті. Бірақ, ойшылдар мен ғалымдар оны зерттеген кезде осы күнге дейін жаңа мәліметтер мен жолдаулар табады. Рамазан айы – Құранды көбірек оқып, оның аяттарының мағынасы туралы ойлану үшін жақсы  мұрсат.  Құранның қасиетті Рамазан айында түсуі – бұл айдың ерекшелігінің белгісі. Басқа илаһи кітаптар да Рамазан айында түсірілген. Имам Садықтың (ғ.с.) рауаяттарының бірінде: «Таурат Рамазан айының алтыншы түні, Інжіл Рамазан айының он екісінде жіберілді. Забур осы айдың он сегізінші түні – Құран Қадір түні түсті»,-  деп айтылған.

 

 

 

Тегтер