Рамазан – қасиетті ай 3
Рамазан айы Алла пенделерінің өмірлік дәптерлерінің жылына бір рет ашылатын беті сынды. Бұл бетте пенденің ғизаты мен абыройын Алланың алдында қарапайым болу деп білетіні жазылды.
Рамазан - адамның білім аясындағы кәмелетке жетуі, ал білім рамазанның кеңістігіне кіруге көмектесетін кілттің өзі. Адамдар қолдарын аспанға қарай жайып, Алланы мадақтап, қажеттіліктері мен махаббаттары туралы айта бастаған кезде бұл айдың күні жүректерді нұрландырады. «Уа, Алла! Осы кезде аспанның есіктері ашылып, ораза мен бір өзіңе бағынудың дәмін татқан кезде, көздерім өзіңнен басқа ешкімді көрмейтіндей, құлақтарым өзіңнен басқаны естімейтіндей ете гөр. Өзің шақырған жиынның қонағы болуым үшін есікті ашып қой».
Рамазан айының дұғалары - адамның Жаратушысымен сырласып, кешірім сұрауы. Алла Тағала адамдарды сырласуға жігерлендіріп: «Маған жалбарыңдар! Тілектеріңді қабылдаймын...»,- деген. («Ғафир» сүресі, 60-шы аяттың бір бөлігі).

Адамзат тарихы бойында еш уақытта дұғаны ұмытпай, ол арқылы Жаратушысын мадақтап, Онымен сырласты. Бұл мәселе тек мұсылмандарға ғана тиесілі емес. Адам дұға арқылы қиындықтарға қарсы тұра алады. Адам дұға арқылы Алладан көмек сұрап, тек Алланың көмегімен өз мақсаттарына жетеді. Пенденің қажет ету сезімі мен Алланың олардың шешу құдыреті артқан сайын, мадақ пен махаббат артып, бір-біріне жақындайды. Адамның өз кедейшілігі мен қажеттілігін білгені жеткілікті емес, оларды кім шешетіні туралы білеуі керек. Алла Тағала: «Егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін және Маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді". ("Бақаре" сүресі, 186-шы аят).
Илаһи әулиелердің пікірінше, дұға – ғибадат. Алланың дұғаға ерекше назар аудартуына қарағанда, дұға оқу басқа амалдардың көбінен артық болар. Исламның ұлық пайғамбары рауаяттарының бірінде: «Дұға - ғибадаттың негізі»,- деп айтылды. Аллаға ғибадат және құлшылық ету адамның болмысында қалыптасты. Сондықтан құлшылық пен ғибадат ету барлық адамдардың болмысында бар сезім. Халықтың көбі Алланың алдында тағзым етеді. Хазірет Әли (ғ.с.) білім мен қырағылықты ғибадат пен құлышылық етудің негізі деп біліп: «Білімнің жемісі – ғибадат»,- деген.
Ғибадат қарапайым болуға себеп болады. Адам Жаратушысының ұлы, мейірім және дана екенін түсінеді. Сондықтан бағыну мен құлшылық ету адамның Алла мен өзін тануынан басталады. Адам хабардар болған сайын, оның Алланы мадақтауы тереңделуде. Исламның ұлық пайғамбары хазірет Әлиге (ғ.с.): «Ғалымның екі рәкәт намазы хабарсыз адамның 70 рәкәтінен артық. Әр адамның ғибадатының құны әртүрлі»,- деді.
Адамның кемелдікке жету жолындағы қателіктерінің бірі - Алланы қажет емес деп сезінуі. Алланы қажет емес деп сезіну адамды илаһи жол нұсқаудан айырады. Яғни адам илаһи бұйырықтарға бағынбайтын болады. Адам өзін бай және еш нәрсені қажет етпейтінің сезінген сайын Алладан алыстайды. Керісінше өзің кедей және мұқтаж сезінген сайын аллаға қарай жақындайды. Құран Кәрім «Фатыр» сүресінің 15-ші аятында: «Әй адам баласы! Аллаға мұқтажсыңдар. Алла Тағала Ол, әр нәрседен мұңсыз, өте мақтаулы»,- деп айтылды.

Қасиетті рамазан айының сәресі кезінде барлық қадір-қасиеттер бір жерге жиналып, дұға оқитын жақсы мұрсат пайда болады. Өйткені түннің соңғы сәттерінде дұға оқу мен ғибадат жасау, әсіресе қасиетті рамазан айында ерекше қадір-қасиеттерге ие. Рамазан айында дұғалардың орындалуына қатысты үміттер екі есе артады. Имам Бақердің (ғ.с.) ілім мен Аллаға деген махаббатқа толы жүрегінен шыққан және имам Реза (ғ.с.) арқылы жеткізілген «Саһар» дұғасын түннің ортасында оқу ерекше қуатталды. Бұл илаһи айдың сәресі кезінде аталмыш дұғаны оқу түнді ғибадат жасап, ояу өткізгендердің жүрегін ерекше толқытады. Илаһи есіктер пенделерінің алдында ашық тұратын және басқа уақыттарға қарағанда дұғалары көбірек қабыл болатын қасиетті рамазан айында қолдарымызды Жаратушыға қарай жайып, қажеттіліктермізді сұрайтын мүмкіндік қандай әдемі. Алла елшісі рауаяттарының бірінде Алла Тағаланың түннің соңында: «Тілегенің беретін тілеуші бар ма? Үмітіңе жеткізетін үмітті бар ма?»- деп сұрайтыны туралы айтқан болатын.