Рамазан – қасиетті ай 4
Рамазан айы береке, рақым, кешірім, тәубе және Аллаға жақындайтын ай.
Бұл айда кешірілмеген адам қай айда кешірілгісі келеді? Алладан бұл айда оразаларыңды қабыл алып, ғибадат жасауға мүмкіндік беруді сұраңдар.
Рамазан айы өзінің шексіз берекесімен бізді өзінің қонағы болуға шақырды. Бұл қасиетті айдың қадір-қасиеттері туралы Исламның ұлық пайғамбары мен пәк имамдардан көптеген рауаяттар қалды. Рауаяттардың бірінде: "Уа, Алла! Бізге рамазан айының қадір-қасиетін түсінуге көмектесе гөр",- деп айтылды. Қасиетті рамазан айының қадір-қасиетін түсіну, яғни бұл айдың шындығын түсіну. Рамазан айының ерекшеліктерінің бірі оның Алланың алдындағы рухани құндылығы. Жаратушы пенделері бір ай бойы күнәләрінан алыстап, өз рухын тазарту үшін мөлдір бұлақтай қалыптастырды. Бұл ай - тазаратын ай. Алла елшісі: "Егер адам рамазан айының маңыздылығын білгенде, жыл бойы Алланың қонағы болу туралы армандайтын еді",- деген болатын.
Құран Кәрімнің жіберілуі - рамазан айының келесі қадір-қасиеті. Бұл айда Құран Кәріммен бірге Тәурәт, Інжіл, Забур, хазірет Ибрахим мен хазірет Мұсаның кітаптары да жіберілді. Имам Садық (ғ.с.): "Бүкіл Құран кәрім рамазан айында Қадыр түнінде бірден Исламның ұлық пайғамбарына жіберілді. Содан соң 23 жыл бойы бірте-бірте жіберіліп тұрды. Хазірет Ибрахимның кітабі рамазан айының бірінші түнінде, Тәурәт алтыншы күні, Інжіл он үшінші күні, Забур он сегізінші күні түсірілді",- деген. Рамазан айының қадір-қасиеттеріне сан жетпейді. Имам Реза (ғ.с.) рауаяттарның бірінде: "Рамазан айында жақсылық қабыл болады, жамандықтар кешіріледі. Бұл айда Құранның бір аятын оқыған адам басқа айларда бүкіл Құраны оқығандай болады. Рамазан айы береке, рақым, кешірім, тәубе және Аллаға жақындайтын ай. Бұл айда кешірілмеген адам қай айда кешірілгісі келеді? Алладан бұл айда оразаларыңды қабыл алып, ғибадат жасауға мүмкіндік беруді сұраңдар.
Рамазан айында Алла Тағала шайтандардың алдын алып, оларға мүміндерге азаптап, оларды биеп-төстеуге рұқсат етпейді. Осыған орай адамның рухы көбірек тынышталып, ол рухани кеңістіктен көбірек пайдалана алады. Мейірімді Алла Тағала мүмін адамдардың рухани кемелдікке жетулері үшін рамазан айы мен бұл елдегі ораза тұтуға арнайы қадір-қасиеттерді сый етті. Ол ішіп-жеуден тартынулары үшін пенделеріне сипаттауға келмейтін сыйларды уәде етті. Бұл илаһи айда ғибадаттардың бірнеше есе жоғары есептелулерімен бірге мүміннің ұйқысы мен әр демі тәсбих және илаһи ғибадат саналады. Егер адам өз нәпсісін бақылауға алып, рухани тұрғыдан өзін тәрбиелеп, тазалық пен кемелдікке жете алады. Егер адам дамуына кедергі болатын жыныстық шаһуаты мен бос ләззаттарды жақсы көруінің алдын алуға міндетті. Қасиетті рамазан айында ораза тұту бұл іс үшін ең жақсы мұрсат. Құран Кәрім: «Әй мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды. Әрине сақсынарсыңдар»,- деді. («Бақаре» сүресі, 183-ші аят).
Имам Резаға (ғ.с.) рамазан айының ерекшеліктері мен қадір-қасиеті туралы сұрақ қойылған кезде, хазірет: «Аштық пен шөлдің қиындығын және ақыреттің кедейлігін түсіну үшін халыққа ораза тұту міндеттелді. Исламның ұлық пайғамбары шағбан айындағы уағыздарының бірінде: «Ораза тұтқан кездеріндегі аштық пен шөлдің арқасында қиямет күніндегі аштық пен шөлді еске алыңдар. Бұл еске алу адамды қиямет күніне дайындалу және Алланың ризалығына ие болу туралы ойландырады»,- деген»,- деп жауап берді. Алла елшісі ораза тұтатын мүміндерге: «Қасиетті рамазан айының басы – рақым, ортасы – кешірім және соңы тозақ отынан азат ету»,- деген хабарды жеткізген болатын.
Берекеге толы қасиетті рамазан айының күндері жылдам өтуде, сондықтан біз немқұрайдылық танытпай, ең жақсы амалдарымыз бен жақсылықтарымызды орындауларымыз керек. Ислам дініндегі адамның ең жақсы міндеттерінің бірі өзін тәрбиелеп, нәпсісін тазарту болғандықтан рамазан айы бұл міндетті орындау үшін ең жақсы мұрсат. Өзін тәрбиелеу маңызды жолдардың бірі аз сөйлеу көп насихатталды. Сөйлемеу немесе аз сөйлеу адамның жүрегінде білімнің есіктерін ашатын байлық саналады. Бұл ақыл-кеңестің маңыздылығы рамазан айында екі есе артады. Ораза тұтушы адам ғайбат, өтірік айту, балағаттау және басқа ұқсас күнәләрдан алыстауы қажет.
Күндердің бірінде Алла елшісі көшеден өтіп бара жатқан кезде мұстахаб оразасын ұстаған жағдайда күңің балағат жатқан әйелдің дауысын естіді. Хазірет тамақ әкеліп, оны әйелге беруді бұйырды. Әйел: «Уа, Алла елшісі! Мен ораза тұттым»,- деді. Хазірет: «Күңің балағаттауға рұқсат еткен қандай ораза тұту. Ораза тұту тек жеп-ішуден тартыну ғана емес. Ораза тұтушылар қалай аз, аш жүргендер қалай көп»,- деді.
Дін мен ахлақ тұлғаларының үнсіз қалу мен аз сөйлеу туралы көптеген ақыл-кеңестерін кездестіруге болады. Лұқман Хаким өз перзентіне: "Балам сөз сөйлеудін құны күміс деп ойлаған кезде, үнсіз қалудың алтын екенін біліп қой",- деген. Үнсіз қалу мен аз сөйлеу аз көңіл бөлінген тақырып, сондықтан бұл мәселеге ерекше көңіл бөлеміз. Имам Реза (ғ.с.): "Табандылық, сабыр мен ілімнің белгілерінің бірі – үнсіздік. Үнсіздік хикметтің есіктерінің бірі, ол махаббатқа себеп болып, әр жақсылыққа жігерлендіреді",- деген. Рухы тынышталатын ораза тұтушы адам үнсіз қалып немесе аз сөйлеп, көбірек ойлана алады. Ойлану – үлкен ғибадат. Алл елшісі: "Бір сағат ойлану 70 жыл ғибадаттан артық",- деген. Сондай-ақ рауаяттарда үнсіздік жақсы серік, қазына ретінде еске алынды. Ахлақ ғұламаларының пікірінше, үнсіздік сақтамай және тіліне ие болмай, адам ойлағанына жете алмайды. Олар сөйлемей, құлақ салуды білімнің есіктерінің бірі деп біледі. Адам көп сөйлеп, өзінің ойланатын күшінің біразынан айырылады. Ал үндемеген кезде, жақсырақ шоғырланады, ой-өрісі өседі және оның алдында білімнің есіктері ашылады. Егер ораза үнсіз қалып, ойланумен бірге тұтылса, адам жоғары мақсаттарына қарай жақындайды.