Революцияның екінші қадамы 7
(last modified Mon, 13 May 2019 13:08:57 GMT )
Maм 13, 2019 19:08 Asia/Almaty
  • Революцияның екінші қадамы 7

Иранның Ислам республикасы жүйесінің мақтан тұтатын 40 жылдығы және бұл жүйенің жаңа кезеңге аяқ басуы қарсанында Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи «Революцияның екінші қадамы» деп аталған маңызды мәлімдемесінде революцияның өткені мен келешегі туралы көзқарасын баяндады.

 

«Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесі ИИР исламдық өркениетке және жалғасында адамзаттың құтқарушысы хазірет Мәһдидің (ғ.с.) келуіне қарай нұсқауына қатысты маңызды. Бұл мәлімдемеде жоғары мақсаттарға жету жолдары белгіленіп, құлдырау мен шарықтауларға толы өткен 40 жылға назар аудартылды. Барлық қиындықтарға қарамастан Алланың көмегі және халықтың қолдауымен ИИР әлсіз көшеттен мықты ағашқа айналды. Діни жетекші Ислам революциясының ерекшеліктері, олардың ішінде жастардың рөліне тоқталып, оларды исламдық жүйенің келешегінің негізгі жалғастырушылары ретінде таныстырып, бұл салада маңызды ақыл-кеңестерді ұсынды. Аятолла Хаменеидің мәлімдемесінің тақырыбы Ислам революциясының жарқыраған тарихы мен оның келешек дамуының жолы болды.  

Революция, яғни жағдайды өзгерту. Революция деген терминнің әртүрлі анықтамалары бар, қорыта айтқанда үкіметті өзгерту саласындағы маңызды өзгерістер. Бұл анықтама бойынша наразылық білдіретін қозғалыстар мен бүліктерді революция деп атауға болмайды. Өйткені олар шектеулі, белгілі бағдарламалары мен мақсаттарынан ада болады. Кейбір төкерістер мен қарулы көтерілістер билікті өз қолына алу мақсатты ғана көздейді. Әрине революцияның факторлары мен оның орын алуына қажет жағдайда маңызды болып табылады. Бір қозғалыс халық өз жағдайына, көріп отырған қысымдары мен билікке наразы жағдайда орын алуы мүмкін. Бірақ тек жағдайға наразы болу жеткілікті емес, революция орын алу үшін армандары мен мақсаттары белгілі болулары керек. Революцияның келесі шарты халықтың жанкештілікке дайын болуы және революцияшыл рух пен өзіне деген сенімге ие болуы саналады. Сондай-ақ хабардар, басқару қабілетке және халық қабыл ететін орган немесе жеке адам революцияның жеңісіне жеткенше басқару қажет.

Иранның Ислам революциясы сынды бір революцияның ерекшеліктеріне ие көтерілістер аз. Иран халқы Пехлевидің шіріген режимінің экономикалық, қоғамдық, мәдени және әскери саясаттары мен әрекеттеріне наразылық білдіріп, өзінің исламдық мәдениеті және имам Хомейнидің қырағылығымен исламдық үкіметті құрғысы келді. Олар іс жүзінде өз мақсатына жету үшін жанкештілікке ие екенін көрсетті, халық имам Хомейниді адал, батыл, тақуа әрі келешек туралы ойлаушы басшы ретінде қабыл етті.  Бұл басты мәселелердің дайын болуы АҚШ пен басқа Батыс үкіметтерінің қарсылықтарына қарамастан Иранның Ислам революциясы жеңіске жетіп, Иранның ішіндегі және сыртындағы маңызды өзгерістерге себеп болды. Революциялар көбінде   өз мақсаттары мен армандарына қатысты әртүрлі болады. Мәселен, Францияның революциясы азаттық талап ету армандарымен және Ресей революциясы марксистік идеологияға сүйеніп, орын алды.  Алайда 1979 жылы жеңіске жеткен Иран халқының қозғалысы илаһи және исламдық мақсаттар мен армандарға ие болды. Иран Ислам республикасының іргетасын қалаушы имам Хомейни: «Иран Ислам революциясының әлемнің басқа революцияларынан айырмашылығы олардың ешбіреуінің иманға қатысты болмауында. Иран революциясы Алла үшін және басынан бастап Алла үшін болды.   "Аллаһу Акбар" деген ұранды көтерді және соңына дейін оған табанды болады",- деген болатын. Иран Ислам революциясы экономикалық, қоғамдық және азаттық, тәуелсіздік, қауіпсіздік сынды саяси талаптарымен бірге рухани сұраныстарына ерекше назар аударып, оларды қамтамасыз етуді өте маңызды деп біледі. Осыған орай өткен 40 жылда діни наным-сенімдері мен құндылықтарды таратуға көптеген талпыныс жасалды.

Иран халқы қозғалысының исламдық армандары  адамның болмысымен байланысты болып, баршаның қолдауына ие болды. Бұл құндылықтар адамзат үшін әрқашан қасиетті әрі маңызды болды. "Революцияның екінші қадамы" мәлімдемесінде: "Барлық нәрселердің өмір бойында пайдалы болулары мүмкін. Бірақ Ислам революциясының әлемдік ұрандары бұл ережеден өзгеше, олар еш уақытта пайдасыз болып қалмайды",- деп айтылды.  

Ислам революциясының мақсаттары үлкен әрі маңызды болып, олардың кейбіреулеріне жылдам әрі оңай жетуге болады деп күтуге болмайды. Мәселен, осы кезге дейін ешбір мемлекет пен ешбір жүйе шынайы әділетті орната алмады. Сондай-ақ ахлақ пен руханият қоғамда бірте-бірте дамиды. Алайда діни жееткші сан рет ИИР әділет, руханият, ахлақ және адамның басқада  қасиетті армандарына жету жолына түсті және бұл жолда бүкіл талпыныы жасайтыны туралы қуаттады.

 

Ислам революциясы құндылықатырының ұмытылмауларының сырын түсініп, келесі екі мәселені түсінуге болады. Біріншіден неліктен көптеген мұсылман және тіпті мұсылман емес адамдардың бұл халық революциясын қолдайтындарын және үлгі тұтатындарын. Бұл тақырып революцияға қарсы әртүрлі ақпарат құралдардың тіпті 40 жыл бұрын Ирандағы халық қозғалысының жеңіске жетуіне дейін дұшпандық үгіт-насихат жүргізуінен хабардар болған кезде маңызды болады.    

Иран халқының Ислам революциясының жеңіске жетуінен 40 жылдан кейін де оның мақсаттарына табанды болуын себебі революцияның исламдық негіздерге сүйенуіне байланысты. Дұшпан өткен жылдар бойы Иран халқын революциясының ұрандары мен мақсаттарының дұрс болмағанына сендіргісі келді. Бірақ Иран халқы дұшпанның барлық қастықтарына қарсы тұрып, революциясын қолдады. Аятолла Хаменеи "Революцияның екінші қадамы" мәлімдемесінде: "Көтеріліс пен революциялаға шыққан халықтардың ішінде үкіметтерді өзгертулері болмаса, өз революциясының мақсаттары мен армандарын сақтап қалғандар өте аз кездестіруге болады. Алайда Иран халқы өз революциясының армандарына қиянат жасамай, барлық қастықтар мен күдік-күмәндерге қарсыласып, өз ұрандарын қорғап, екінші кезеңініне енді",- деді.  Басқа революциялар мақсаттарына жетпеді немесе баяу әрі жартылай жетті. Мәселен,  Франция революциясынан ондаған жылдар өткен жағдайда, бұл елде үстемшіл патшалық билік жалғасып, халықтың ой-пікірінің азттығы туралы тіпті әңгіме жүргізілмеді.

 

 

 

 

Тегтер