Рамазан – қасиетті ай 22
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i42275
Қадір түні – Алла Тағала Құран Кәрімде оны ең қайырлы түн деп атаған қасиетті түндердің бірі. Жыл бойындағы барлық жақсы түндер Қадір түнінің деңгейіне жетпейді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 30, 2019 02:42 Asia/Almaty
  • Рамазан – қасиетті ай 22

Қадір түні – Алла Тағала Құран Кәрімде оны ең қайырлы түн деп атаған қасиетті түндердің бірі. Жыл бойындағы барлық жақсы түндер Қадір түнінің деңгейіне жетпейді.

Исламның ұлық пайғамбары қасиетті рамазан айы туралы: «Басы – рақым, ортасы – кешіру, соңы – жауап алу»,- деген болатын. Яғни, егер біз бұл айды үш кезеңге бөлетін болсақ,  бірінші онкүндігі  Жаратушының пендесіне мейірім мен рақым білдіруі, ортасы тәубе мен кешірім сұрау және соңғы онкүндігі нәтиже алатын уақыт. Негізінде адам бұл айдың бірінші онкүндігінде илаһи рақымға бөленіп, екінші онкүндігінде тәубе етіп, кешірім сұрайды және үшінші онкүндігінде тілектерін айтып, жауабын алады.

Қасиетті рамазан айының соңғы онкүндігінде 23-ші түні ерекше маңызды. Алланың ерекше назар аударуы және бұл күндері орын алған оқиғалардың әсерлеріне байланысты кейбір күндер мен түндер ерекше маңызға ие. Мұндай түндердің бірі рамазан айының жиырма үшінші түні Қадір түндерінің бірі саналады. Ислам дінінде Қадір түні жыл бойындағы ең жақсы әрі ең құнды түн. Бұл түннің маңыздылығы сондай жоғары болғандықтан Құран Кәрім сүрелерінің әртүрлі аяттарында бұл түннің ерекшелігі туралы айтылды. Сондай-ақ бұл түннің атымен аталған жеке сүре де бар. Рауаяттар бойынша, Қадір түні Алла Тағаланың бұл түнде тағдыр мен мөлшерді белгілеуіне байланысты «Қадір» деп аталды. Яғни келесі жылдың Қадір түніне дейінгі өмір, өлім, ырзық, бақыт және ұқсас нәрселердің мөлшері анықталады. 

«Ләйләт-ул-Қадір» (Қадір түні) туралы хадистерде рамазан айының 19, 21 және 23-ші түндері Қадір түндері ретінде көрсетіліп, 23-ші түннің маңызы ерекше қуатталды. Кейбір хадистер 23-ші түннің Қадір түні болу ықтималын көбірекрастайды. Суфиан бен Самат имам Садықтан (ғ.с.) рамазан айының қай түнінің Қадір түні екені туралы сұрағанда, имам: «19, 21 және 23-ші түндері»,- деп жауап берді. Ал олардың ішінд қай түннің Қадір түні болу ықтималы сенімділеу деген сұраққа: «Жиырма үшінші түн»,- деді. Имам Садық (ғ.с.) Қадір түндерінің амалы туралы: «Рамазан айының 19, 21 және 23-де ғұсыл құйнып, бұл түндерді ояу өткізуге талпын. 23 түнде 100 рекет намаз оқу мұстахаб саналады. Бұл намаздың әр рекетінде «Таухид» сүресі оқылады.

Қадір түнінің әр біреуінің ерекше амалы бар, сондай-ақ кейбір амалдары ортақ.  Бұл түннің амалдарының бірі ойланып, білім алып, оны ояу өткізу. Мәселен бұл түнде Алламен сырласып, өткен жылдың амалдарына шолу жасау жақсы амал болып табылады. Сөйтіп өткен жылдың қандай болғанын және осы кезде қайда жеткеніміз туралы ойланамыз.   Өмірдің күндері мен түндерінен кейін келетін Қадір түні – нәпсіге есеп-қисап жасап, амалдарды қайта қарастыру үшін қолайлы уақыт. Әрине, мың айдан артық түндегі амалдар көптеген әсерлер мен берекеге ие. Қадір  түні  әсіресе өмірінің біраз бөлігі өткен адамдар үшін қайдан келгендері және бұл әлемдегі мақсаттары не, сондай-ақ, қайда баратындары туралы ойланатын мұрсат. Бұл ойлар адамның шындық жолын табуына себеп болады. Осыған орай бұл рауаятта бір сағат ойланудың құндылығы  жетпіс жыл ғибадаттан артық деп аталған. Бұл түні рақымның бұлағына жақындап, өмірге жаңа дем беріп, жүректі күнәнің шаң-тозаңынан тазартып, жақсылықтың арқасында даму үшін орынды жағдай туады. Қадір түні – Алла Тағала Құран Кәрімде оны ең қайырлы  түн деп атаған қасиетті түндердің бірі. Жыл бойындағы барлық жақсы түндер Қадір түнінің деңгейіне жетпейді. Бұл түн – Құран жіберілген және періштелер аспаннан жерге түскен түн. Қадір түнгі ғибадат мың айдағы ғибадаттардан артық. Бұл түні адамдардың бір жылғы  ырзығының мөлшері, өмірлері мен  маңызды істері белгіленеді.Рауаяттарда Қадір түнінің қасиетті Рамазан айының соңғы он күні болу ықтималы көбірек айтылды. Мүміндер түнді ояу өткізіп, намаз бен дұға оқып, Жаратушымен сырласып, шын ниеттерімен  махаббаттарын білдіріп, күнәлары  кешіріліп, өздеріне ең жақсы тағдыр белгіленеді деп армандайды.

Қадір түні – Алладан кешірім сұрау  үшін ең жақсы мұрсат.  Жаратушы бұл түні пенделеріне ерекше көңіл бөледі. Негізінде бұл түнді пенделерін кешірудің сылтауы үшін қалыптастырған. Исламның ұлық пайғамбары рауаяттарының бірінде Қадір түнің Алланың үмбетіне сый еткен нығметінің бірі деп атап: «Қасиетті рамазан айында Алла Тағала менің үмбетіме бұрын ешбір пайғамбардың үмбетіне сый етпеген бес нәрсені сый етті. Бірінші сый: рамазан айының бірінші түнінде Алла Тағала пенделеріне ерекше көңіл бөледі және Жаратушы көңіл бөлген адам азап көрмейтін болады. Екінші сый: ауызынан жаман иіс шығатындар Алланың алдында түнді ояу ғибадат жасап өткізсе, хош иісті болады. Үшінші: періштелер Алланың пенделері үшін тәулік бойы кешірім сұрайды. Төртінші: Алла Тағала кешірім сұрап, тәубе еткендер үшін жәннәтің дайындайды. Бесінші сый: рамазан айының соңғы түнінде Алла Тағала пенделерін кешіреді",- деген болатын.

Хазірет Мұса Қадір түні Аллаға:

  •  Уа, Алла! Өзіңе жақындағым келеді.

Алла Тағала:

  • Маған Қадір түніңде ояу болған адам жақындай алады.
  • Уа, Алла! Мейіріміне бөленгім келеді.
  • Қадір түні кедейлер мен мұқтаждарға көмектескендер менің мейіріміме бөленеді.
  • Уа, Алла! Сират көпірінен өтетін рұқсат алғым келеді.
  • Бұл рұқсат Қадір түні садақа берген адамға беріледі.  
  • Уа, Алла! Жәннәттің жемістерін жегім келеді.
  • Олар Қадір түні мені еске алатындар үшін.
  • Уа, Алла! Тозақ отынан құтылғым келеді.
  • Тозақ отынан Қадір түні күнәләрі үшін кешірім сұрап, туәбе ететіндер құтқарылады.
  • Уа, Алла! Өзіңнің ризалығыңды тілеймін.
  • Қадір түні екі рәкәт намаз оқыған адамға риза боламын.

Ораза тұтушылар Қадір түні қолдарын жайып: "Уа, Алла! Қадір түнінің қадір-қасиетін түсінуге көмектесіп, қиындықтарымзы жеңілдіктерге айналдырып, кешірімімді қабыл етіп, күнәләрімді кешіре гөр",- деп тілейді.