Рамазан – қасиетті ай 25
(last modified Fri, 31 May 2019 08:31:10 GMT )
Maм 31, 2019 14:31 Asia/Almaty
  • Рамазан – қасиетті ай 25

Қасиетті рамазан айының соңғы жұмасы - Дүниежүзілік Құдс күні.

Биылғы Дүниежүзілік Құдс күні өткен жылдардан өзгеше. Өйткені өткен бір жылдың ішінде көптеген оқиғалар орын алды. АҚШ Президенті Дональд Трамптың қолдауына ие сионистер өткен 70 жылдағы басқыншылығын «Ғасыр мәмілесі» жобасы түрінде заңды қылып көрсетуге шоғырланды. АҚШ үкіметі Дүниежүзілік Құдс күнінен кейін бұл жобаны жариялау шешім қабылдап отыр. Дональд Трамп өткен екі жылда «Ғасыр мәмілесі» жобасын жүзеге асыру саласында әрекеттенді. Оның бұл саладағы ең маңызды әрекеттерінің бірі Бейт ул-Мұқадасты заңсыз құрылған Израиль режимінің астанасы ретінде жариялауы болды. Трамп бұл шешімінен кейін АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Бейт әл-Мұқадасқа көшірді. АҚШ Президенті палестиналық босқындарға көмектесетін халықаралық агенттікке (UNRWA) келесі қаржы көмегін тоқтатты. Шамамен бес миллион палестиналық босқын  әртүрлі елдердегі лагерлерде өмір сүріп, өз елдеріне оралуды күтуде. Израильдің заңсыз режимінің басқыншылығын ресми қабылдау саласындағы Трамптың келесі әрекеті Сирияның Голан жоталарын Израиль меншігі деп жариялауы болды. АҚШ бұл шешімімен ондаған жылдардан кейін бітім келіссөздерді сионистердің мүдделеріне сай аяқтатуды көздеуде. Басылып шыққан бағдарламалар бойынша, сионистік режим, Палестинаны азат ету ұйымы мен ХАМАС қозғалысы «Жаңа Палестина» деп аталған палестиналық үкіметтің құрылуы туралы келісімге қол қояды. Палестинаның жаңа үкіметіне Йордан өзенінің батыс жағалауы мен Газа секторының еврейлер қалашықтары салынған аймақтарынан басқа жерлері кіреді. Олардың жобасы бойынша, Бейт әл-Мұқадас бөлінбейді, Палестина үкіметінің армиясы болмайды және Палестинаның қарсыласу қозғалысы ХАМАС қарусыздануға міндетті. Іс жүзінде палестиналық үкімет болмайды. Палестиналықтардың   басып алған жерлердің қоқысын жинау құқылары ғана қалуы мүмкін. АҚШ бұл «бейбіт реформалар» жобасын «Ғасыр мәмілесі» деп атап, палестиналықтардың өз отаның азат ету саласындағы 70 жыл бойы жүргізген қарсыласуын тоқтатуды көздеуде.

Сионистердің армандары Нилден Евфратқа дейінгі исламдық жерлерді басып алу болып табылады. Бірақ палестиналықтардың қарсыласу мен Ирандағы Ислам революциясының жеңісі сионистердің қиялын жаман түске айналдырды. Исламдық қарсыласу өткен бірнеше онжылдықта сионистерге соққы берді. Енді олар Дональд Трамптың қолдауымен өздерінің басқыншылығын заңды қылып көрсетуге және аймақ елдері арасындағы қарым-қатынастарды бір қалыпқа келтіруге талпынуда. Сондықтан «Ғасыр мәмілесі» жобасын жылдам іске асырғысы келеді.

Палестина мен әлемнің басқа мұсылман халықтары және азаттық талап етушілері қасиетті рамазан айының соңғы жұмасындағы Дүниежүзілік Құдс күніндегі шеруде қасиетті Құдс мәселесінің ұмытылмағанын көрсетеді. Палестина, Ливан және Сириядағы исламдық қарсыласу сионистік режимге қарсы стратегиялық құдыретке ие болғандықтан бұл режим «Ғасыр мәмілесі» жобасын іске асырмақ. ХАМАС-тың қарусыздандырып, қарсыласу қозғалысына қысым көрсетуге талпынатын бұл жоба Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігі және Мысыр  сынды тәуелді режимдердің қолдауларымен іске  асырылмақ. Олар өткен онжылдықта Ирак пен Сириядаы тәкфиршіл лаңкестік ағымдарын қолдағандарымен қарсыласу қозғалысын жоя алмады. Сондықтан осы кезде аймақта бей-берекеттер тудырып және Ираннан үркіту саясатты жүргізіп, сионистік режимнің шапқыншылығын ресми тануға талпынуда. Иранның Ислам республикасы жүйесінің іргетасын қалаушысы имам Хомейни бастамасымен әлемнің замануи тарихында Дүниежүзілік Құдс күні тіркеліп, исламдық үмбет үшін үлкен шайтан мен сионистердің қастықтарына қарсы бірлігі мен біртұтастығы және табандылық білдіруіне ең жақсы мұрсаттардың біріне айналды. Бұл күні халықтар басып алынған жерлердің азаттығы мен Палестинаның тарихи жерлерінде астанасы Құдс қаласы болатын палестиналық мемлекеттің құрылуын қуаттайды.    Дүниежүзілік Құдс күні мен исламдық елдердің үндестігі қайшылықтарды азайта алатын құрал бола алады.  

Дүниежүзілік Құдс күнінің маңызының келесі тұрғысы Ислам мен исламдық қоғамның дұшпандарына қарсы тұруы болып табылады. Сионистік және америкалық лоббилер исламдық елдер арасында қайшылық тудырып және Ираннан үркіту саясатты ұстанып, мұслымандардың негізгі мәселесі, яғни Құдс тақырыбын ұмыттырғылары келеді. Нәтижесінде Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі  мен Мысыр сынды елдер үкіметтері сионистік режим мен АҚШ-тың Ираннан үркіту саясатын қолдап, ислам әлемінің негізгі дұшпандарына айналды. Осы кезде Дүниежүзілік Құдс күні мен Палестина мәселесі исламдық қоғам мен мұсылмандардың негізгі дұшпандары кім екендерін анықтады. Араб мемлекеттері, әсіресе Сауд Арабиясы басшыларының біразы өткен бірнеше жылда Американы өзін қолдату үшін өз мұнайы экпортынан түскен долларларын төлем ретінде төлеп келеді. Бірақ әл-Сауд пен әл-Нахиан басшыларының  АҚШ-тың өз  елшілігін Бейт әл-Мұқадасқа көшіруі мен жазықсыз палестиналық азаматтарды қыруын әшкере қолдауы бұл исламдық елдер басшыларының АҚШ-пен дос болу стратегиясының еш уақытта нәтижеге жетпейтінін көрсетті.

Осы кезде барша мұсылман халықтар мен азаттық талап етушілер сионистік режим мен АҚШ исламдық елдердің дұшпандары деген нәтижеге жетті. Дүниежүзілік Құдс күні қарсыласу ағымын күшейтіп, палестиналық азаматтардың өз күресін сионистік режимді сәтсіздікке ұшыратқанша жалғастыру рухын арттыра алады. Негізінде Құдс күні сионистік режимге қарсы үлкен соққыға айнала алады. Басында палестиналық топтар тас лақытып күресетін, алайда осы кезде қарсыласу күштерінің зымырандары басып алынған жерлерді нысанаға алуда. Қарсыласу күштері құдыретінің артуы сионистік режим жеңілмейді деген аңыздың бос сөз екенін көрсетті. Қарсыласу қозғалыс Құдс күніндегі мұсылмандардың қолдауымен бұрынғысынан күшейіп, басқыншылықты тоқтатады. Әлемнің көпетеген елдерінде өтетін Дүниежүзілік Құдс күніндегі шерулер Палестина мәселесін ұмыттыруға рұқсат етпейді және Құдсты басып алған режимнің әлсіреп, жойылуына себеп болатын жағдайды қалыптастырады.