Рамазан – қасиетті ай 29
Имам Хомейни: Дүниедеге барлық жанжалдардың себебі Алланың қонаққа шақыруын қабылдамағандықтан.
Биылғы қасиетті рамазан айының соңғы күндері имам Хомейнидің дүниеден озған күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Иранның ораза тұтушы мұсылман халқы Иран Ислам революциясының іргетасын қалаушы Хомейнидің дүниеден озған күнінде аза тұтады.
Имам Хомейни Құран Кәрімнің аяттары мен хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) мен пәк имамдардың (ғ.с.) рауаяттарына сүйеніп, қасиетті рамазан айын Алланың қонағы болатын ай деп атады. Ал Алланың қонағы болу үшін дүниелік қалаулар мен шаһуаттан тартыну қажет. Имам Хомейни: "Алланың қонағы болу деген не? Алланың қонағы болу материалдық дүниедегі барлық шаһуаттардан алыстау. Алланың қонағы болуға шақырылған адам жасағысы келетін әр амалды жасамай, шаһуаты мен нәпсісін қадағалап, олардан алыстайды",- деген болатын. Имам Хомейни Құранға деген сүйіспенділік, шағбан мен рамазан айларындағы дұғаларды дұрыс оқып, қасиетті рамазан айының берекесінен көбірек пайдалануды қуаттап: "Бұл жіберілген хадистер рамазан мен шағбан айларында бізді дұрыс жолға нұсқаушылар. Бұл қасиетті дұғалар адамды алға ілгерлетеді",- деді. Имам Хомейни Ораза айтты Алланың қонағы болып, өзін жақсы жаққа қарай өзгерте алған адамдардың тойы деп санайды. Адам өзін Жаратушы риза болатындай өзгертуі керек. Бұл дүниенің істері өтпелі, жеңістері мен сәтсіздіктері, бақыты мен бақытсыздығы бірнеше күнге созылады. Біз бен сіздер үшін білімдеріміз бен Алланың бар екені және Оның барлық нәрседен хабардар, сондай-ақ біздің Аллаға ғибадат жасау үшін жаратылғандарымызға келтірген иманымыз қалады. Біз Аллаға жаратылғандарымыз үшін алғысымызды айтамыз.
Имам Хомейни нәпсіні тазартуды қасиетті рамазан айының нәтижелерінің бірі деп біліп: "Қасиетті рамазан айында біз нәпсімізді тазартуға мұқтажбыз. Илаһи пайғамбарлар да нәпсілерін тазартуға мұқтаж, бірақ олар өздерінің қажеттілігін түсініп, амал жасады. Біз болсақ дұрыс түсіне алмай, қажет амал жасамадық. Рамазан айының қасиеттілігі Алланың алдындағы міндеттерімізді орындауларымызға байланысты. Имам нәпсінің тазаруы зұлымдық пен зорлық-зомбылықтың жасалмауына әкеледі және шынайы ораза тұтушы зұлымдық жасамайды және зұлымдықты қабылдамайды деп санап: «Егер қасиетті Рамазан айында мұсылмандар Алланың қонаққа шақыруын қабылдаса, өздерін тазартып, зұлымдықты қабылдамайтын еді. Зұлымдықты қабылдау залымның зұлымдық жасауымен бірдей. Біздің зұлымдықты қабылдамауды немесе зұлымдық жасамауды үйренбеуіміз тазармағанымызды білдіреді»,- деді. Имам Хомейни қасиетті рамазан айының күндері мен түндерін нәпсіні тазарту үшін маңызды деп санап, өзінің күнделікті бағдарламасына өзгерістер енгізетін. Имам рамазан айында кездесулер жүргізбеді. Имамның жақындарының көбі бұл кісінің рамазан кезінде жұмыстарының біразын тоқтатқаны туралы естеріне алады. Имамнан жұмыстарын тоқтатуының себебі туралы сұраған кезде: "Рамазанның өзі – жұмыс" деп жауап беретін. Имам рамазан кезінде өзі үшін арнайы бағдарлама құратын, олардың ең маңыздысы Құранды толық бірнеше рет оқып шығу болды. Наджаф қаласында имаммен бірге болған адамдардың бірі бұл кісінің күн сайын Құранның он жүзін оқығаны туралы еске алатын. Яғни имам әр үш күнде бір рет Құранды толық оқып шығатын. Сондай-ақ Наджафта имам көз дәрігеріне қаралған кезде, дәрігер "бірнеше күн Құран оқымай, көзді демалдырыңыз" деп айтқан кезде, имам күлімдеп: "Көзімді Құран оқу үшін қажет етемін, сондықтан мен Құран оқитындай көмектесіңдер",- деп жауап берді.
Түнді ояу өткізіп, түнгі намаз оқу имам Хомейнидің өмір бойындағы, әсіресе рамазан айындағы тұрақты бағдарламасының бірі болды. Имамның жақындарының бірі: "Түн ортасында имамның бөлмесіне ақырын кіріп, имамның Алламен сырласып, намаз оқып тұрғанын көрген кезде, бұл түн Қадір түні деп ойлайтын едім. Бұл сахна бір немесе екі түн емес, имамның бүкіл өмірі бойында қайталанды",- деп есіне алатын. Имам 50 жыл бойы түнгі намазды ұмытпады, кенсесінің мүшелерінің бірі: "Бұл кісі науқастанған кезінде, абақтыда, қуғында және тіпті ауруханада түнгі намазын оқыды",- деді. Бірақ имам Хомейнидің қасиетті рамазан айындағы ғибадаттары мен түнгі намаздары ерекше болатын. Имамның сақшыларының бірі: "Рамазан айының түндерінің бірінде имамның бөлмесінің алдынан өтуге мәжбүр болдым. Өтіп бара жатқан кезімде имамның жылап отырған дауысын естідім. Бұл кісінің жылаған дауысы мен түннің ортасында Алламен сырласып отырғаны маған қатты әсер етті",- деді. Имам Хомейни Қадір түндерін илаһи қорек түсірілген түндер деп атап, баршаны бұл түндерден пайдалануға шақырып: "Бұл айда басқа айларға қарағанда өзгеше болайық. Бұл айда Қадір түнің табайық. Әлемнің бүкіл бақыты осы түнде жіберілді. Сондықтан Қадір түні басқа түндерден жоғарылау",- деді. Имам Хомейнии қасиетті рамазан айында нәпіл намаздарды оқып, басқаларды да оларды оқуға жігерлендіретін. Имам Наджафта күннің ыстығында әлсіздігіне қарамастан ораза тұтатын және таң намазына дейін намаз бен дұға оқитын.