Ораза айт – мұсылмандардың ұлы мейрамы
(last modified Wed, 05 Jun 2019 05:54:14 GMT )
Маусым 05, 2019 11:54 Asia/Almaty
  • Ораза айт – мұсылмандардың ұлы мейрамы

30 күндік ораза тұту мұсылмандардың бірлігі мен өзгерулерінің көрінісі саналатын Ораза айт мейрамымен аяқталады. Ораза айт – исламдық елдердің түкпір-түкпірінде және әлемнің басқа елдеріндегі мұсылмандардың арасында арнайы діни рәсіммен өтетін үлкен үш мейрамдарының бірі.

Шаууаль айының бірінші жұлдызы исламдық елдердің көбінде ресми демалыс күні. Мұсылмандар Ораза айт намазына қатысады. Ораза айт күні ораза тұту – харам, пітір садақа, зекет төлеу - уәжіп. Ораза айт мұсылмандардың басқа мейрамдарынан өзгеше. Бұл күн басқа мейрамдар сынды қуаныш пен ерекше көңіл-күйге ие болғанымен, бұл күнгі намаз, Аллаға құлшылық ету мен Жаратушымен сырласу ерекше саналады. Құран Кәрімнің «Қасас» сүресінің 55-ші аятында: «Қашан олар бос сөз естісе, одан бет бұрыңдар»,- деген ақыл-кеңес айтылды. Исламдық мәдениетте мүміннің барлық әрекеттері мен өмірлік жолдары пайдалы әрі сындарлы пайдаға ие. Сондықтан иман келтірген адамдар Аллаға немқұрайдылық білдіруге себеп болатын пайдасыз істерден алыстайды.  Олар Ораза айт сынды күндері бұл мәселеге ерекше сақтық білдіреді. Рауаяттардың бірінде имам Хасанның (ғ.с.) Ораза айт күні бірқатар адамдардың серуендеп жүргендерін көріп: «Алла Тағала рамазан айында  пенделеріне Оның ризалығы үшін бір-бірінен озуға талпынуды бұйырып, кейбіреулер бұл жарысқа шығып, алға ілгерлеп, кешірілді. Басқалар Алланың бұйрығына немқұрайдылық танытып, ұтылды. Бұл күні өз сыйларын алатын жақсылық жасаушылар қандай бақытты. Керісінше серуендеп, пайдасыз істермен айналысатындар қандай өкінішті»,- деді.

Бұл күні мүміндер үмітті жүректерімен имам Саджадтың (ғ.с.) «Уа, Алла! Жасаған әр күнәм, әр жаман ісім және әр жаман ойым үшін тәубе етемін. Бұл қайтадан күнә жасау туралы ойламайтын адамның тәубесі. Бұл тәубенің ешбір күдік-күмәні жоқ. Сондықтан бұл тілегімді қабыл ал» деген дұғасын қайталайды. Мұсылмандар сыйларын алып, таухидтің жолдауын әлемдіктердің құлағына жеткізбек. Алла елшісі: «Ораза айт пен Құрбан айт мейрамдарын    «لا اله الا الله و الله اکبر و الحمدلله و سبحان الله» деген ұрандармен әшекейлеңдер»,- деген.

Рақым және мейірім пайғамбары Ораза айт күні үйінен сыртқа шығып, намаз оқитын мекенге жеткенге дейін дауыстап: «الله اکبر» және «لا اله الا الله‌»  айтып баратын, тіпті уағыздарының арасында, олардан бұрын және кейін де бұл сөздерді қайталайтын.

Шейх Мофид: «Шаууаль айының бірінші күні – иман келтіген адамдардың мейрамы. Бұл мейрам рамазан айындағы ғибадаттары қабыл болып, күнәләрінің кешірілеулеріне қуаншыты мұсылмандардың мейрамы. Алла тарапынан ораза тұтушылар көптеген сауаптарға ие болады, олардың күнәләрі кешіріліп, кемсушіліктері жасырылады деген хабар келеді. Мүмін адам қасиетті рамазан айындағы талпыныстарының әсерінен Аллаға жақындады деп қуануда. Бұл күні мұсылман адам ғұсыл құйынып, әтір жағып, хош иісті болып, әдемі және таза киімін киеді. Далаға шығып, аспанның астында намаз оқу – мұсылманның қуанышының белгісі.

Ораза айт мейрамы 30 күн ораза тұтқан адамдар үшін Алланың тарапынан жіберілген сыйлық. Хазірет Әли (ғ.с.): «Шаууаль айы басталған күні періштелердің «уа, мүмін, келіп сыйларыңды ал»,- деген дауысы етіледі»,- деп айтылды. Сондай-ақ хазірет Әли (ғ.с.): «Ораза тұтқан ерлер мен әйелдер үшін ең жақсы нәрсе рамазан айының соңғы күнінде Алланың тарапынан періштенің келіп «уа, Алланың пенделері Алла сендердің бұрынғы күнәләрінде кешірді. Сондықтан келешек пен жаңа өмірлерін туралы ойлаңдар» деген хабарды жеткізуі»,- деген болатын.

Рамазан айы аяқталып, Ораза айт күні келіп, адам жаңа өмірін бастайды деп айтуға болады. Бұл адам рамазанға дейінгі адамнан өзгеше. Ораза оны басқалардың қиындықтарымен таныстырып, оның сабыры мен әділдігі артты. Болмысында терең өзгерістерді сезген адам Ораза айт күнің пітірін, зекетін төлеумен бастайды. Зекет бір жағынан ластықтардан тазартып, басқа жақтан кемелдікке жеткізеді. Бұл адам кедейлік пен таптық айырмашылықтар және қоғамның кейбір азаматтарының мақрұм қалуынан туындайтын ластықтар мен сыйбайластықты зекет төлеумен шешуге болатынын үйренді. Зекет қоғамды ластықтардан тазартып, қоғамдық бірлік пен экономикалық дамуғы көмектеседі.  Рамазан айында дүниеге қайтадан келген жаңа адам қоғамдық қиындықтарды шешіп, мақрұм таптардың құқыларын қамтамасыз етуге талпынады. Сондықтан адамдар Ораза айт күні Аллаға шүкіршілігін білдіріп, қуанышты болады. сөйтіп ол жаңа өмірді бастайды.

Ораза айт күні негізінде қараңғылықтан шығып, жасалған күнәләрі кешірілетін күні. Ораза айт күні илаһи болмысқа оралатын күн. Хазірет Әли (ғ.с.): «Ораза айт намазын оқу үшін үйлеріңнен шыққа кезде, өз денелеріңнен шығып, Аллаға қарай аттанатын уақытты еске алыңдар. Намаз оқып тұрған кезде, Алланың алдында тұрып, сендерден есеп-қисап сұралатын уақытты еске алыңдар. Намаздан үйлеріңе оралаған кезде жәннәттағы үйлеріңе баратын кезді еске алыңдар»,- деген болатын.

Басқа жақтан Ораза айт күні мен мұсылмандардың ерік-жігерін құрметтеу Исламның мәңгі қалуына себеп болады. Мұсылмандардың Ораза айт намазаны жаппай қатысулары Исламның айбыны, мұсылмандардың бірлігі және басқа берекелерді көрсетіп, Пайғамбар (с.ғ.с.) дінінің ұмытылмауына себеп болады. Ораза айт намазы Пайғамбардың (с.ғ.с.) біртұтас үмбет құруының көрінісі. Сондықтан Ораза айт намазының құнұтында «Уа, ұлы Алла!  Уа, кешірімді әрі құдыретті, рақымды, тақуа Алла Тағала мұсылмандар үшін мейрам болған бұл күн мен хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның құқығымен хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) пен хазіреттің әулетіне сәлем мен салауат жолдап, мені хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) мен  хазіреттің әулетіне сыйлаған әр жақсылыққа ортақтастырып, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) пен хазіреттің әулетін алыстатқан әр жамандықтан алыстат. Өзіңнің сәлемін мен салауатын хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) мен хазіреттің әулетіне тие берсін. Уа, Алла, мен өзіңнен ең  жақсы пенделерін сұраған нәрсені сұрап, адал пенделерін пана тұтқан нәрсені пана қылуды сұраймын»,- деп айтамыз.  

Ораза айт мейрамы құтты болсын!

 

Тегтер