Маусым 22, 2019 21:02 Asia/Almaty
  • Манама отырысының әртүрлі тұрғыларына шолу 2

Палестина мәселесі ислам әлемінде сондай маңызды болып, араб басшыларының заңдылығы немесе заңды болмауының факторы бола алады.

Неге Бахрейн?

Неге «Ғасыр мәмілесі»  жобасына байланысты экономикалық басқосу Бахрейнде өтеді? Мысыр мен Иордания сынды елдердің Израильмен ресми қарым-қатынас орнатылған және 2018 жылдың қазанында Оман мемлекеті Израиль премьер-министрі Бениамин Нетаньяхуды ресми күткен жағдайда Бахрейн мен Израильдің арасында ресми дипломатиялық қарым-қатынас орнатылмаған. Әл-Халифе режимі Бахрейн халықтың наразылықтарының куәсі болып отырған жағдайда аталмыш экономикалық отырысты өткізуді өз мойнына алды. Толық Израильдің мүддесін қолдайтын отырыстың өтуі наразылықтардың артуына себеп болатыны анық. Бұл шараларға қарамастан неге Бахрейн бұл отырысты өткізуді қабылдады?

Бұл сұраққа үш жауап беруге болады. Біріншіден, Бахрейн әл-Сауд саясаттарының құрбаны. Негізінде Сауд Арабиясы мен бұл елдің тақ мұрагері Мұхаммад бен Салман «Ғасыр мәмілесі»  жобасының ең маңызды әрі негізгі қолдаушылары. Не дегенімен Палестина мәселесі ислам әлемінде сондай маңызды болып, араб басшыларының заңдылығы немесе заңды болмауының факторы бола алады. Жалпы алғанда Сауд Арабиясы басшылары ислам әлемінің және сүннит мұсылмандардың  басшысы болулары туралы уәжденіп отырған жағдайда, бұл елдің сыртқы саясаты билік басына Малек Салман мен оның баласы Мұхаммад келгеннен бері әшкере сарсаңға түсіп, Израиль арасындағы қарым-қатынастарын бір қалыпқа келтіру және әшкере жүргізуді көздеуде. Шын мәнінде Бахрейннің «Ғасыр мәмілесі»  жобасының экономикалық тұрғысына байланысты өткізу жері болып сайлануы белгілі мақсатпен іске асырылды. Сауд Арабиясы нәтижесі жылдам белгілі болмайтын және тікелей орындалмайтын саясаттарын Бахрейн арқылы қарастырады. Сауд Арабиясы Бахрейнге  ерекше назар аударады. Әл-Сауд режимі Бахрейннің ішкі наразылықтары ағымында әл-Халифе режимін толық өз саясаттарына бағындырды. Негізінде  «Ғасыр мәмілесі»  жобасына байланысты экономикалық басқосудың өткізушісі Сауд Арабиясы деп айтуға болады.

Екіншіден, Бахрейннің «Ғасыр мәмілесі»  жобасының экономикалық отырысын өткізетін жер болып, сайлануы Манама мен Вашингтонның қарым-қатынасына байланысты. Бахрейнде АҚШ-тың бесінші теңіз флотилиясы орналасып, Вашингтонмен жақын қатынас орнатылуда.  АҚШ әл-Халифа режимінің негізгі қолдаушыларының бірі болып, бұл қолдауы үшін Манамадан Вашингтонның аймақтағы саясатының демеушілерінің бірі болуды талап етуде. Негізінде кейбір шешімдер, олардың ішінде Манама отырысын өткізу туралы шешім Вашингтонда қабылданды.  Бахрейннің экономикалық отырысты өткізуші үшінші себебі әл-Халифаның  қауіпсіздігі мен келешекте билік басында  қалуын Вашингтонның қолдауымен байланыстырып отыр. Өткен 9 жылда әл-Халифа режимі халық наразылықтарымен бетпе-бет келді. Бұл режим адам құқығын бұзды. АҚШ үкіметі өз үнсіздігімен әл-Халифа режимін қолдады. Егер АҚШ пен әл-Сауд режимі әл-Халифаны қолдамағанда, Бахрейн халқының  бұл әулетке қарсы көтерілісі нәтижеге жететін еді. Бахрейннің тақ мұрагері Салман бен Хамд әл-Халифа соңғы кезде қайтадан Бахрейн мен АҚШ арасындағы жан-жақты қарым-қатынастар тереңдігін қуаттап, елінің өз міндеттемелеріне табанды болып, аймақ қауіпсіздігін қорғап, лаңкестік пен асыра сілтеушілікпен күресуге дайындығын жариялады. Аталмыш отырыстың Бахрейнде өтуі әл Халифа режимінің америкалық «Ғасыр мәмілесі»  жобасын қолдауы және оны іске асыруды жеңілдету саналады. 

Манама отырысына байланысты реакциялар – оның әлемдік қолдаудан ада екенінін белгісі

АҚШ пен оның араб қолдаушылары осы кезге дейн әлем елдері қолдауын білдірмеген жағдайда, оның өтетінін қуаттап отыр. БҰҰ мен Ресей Бахрейн отырысына қатыспайтындарын ресми жариялады. Еуропалық мемлекеттердің бұл отырысқа байланысты ұстанымдары осы күнге дейін белгісіз. Бірақ олар Манама отырысын қатыспайды деген болжаулар айтылуда. Араб елдері арасынан Біріккен Араб Әмірлігі  мен Сауд Арабиясының ғана Бахрейн отырысына қатысатындары нақты белгілі болды. Басқа елдер қатыспайтындары туралы ресми хабарламады немесе ұстанымдарын  жарияламады. Осы кезге дейін Ливан, Тунис, Кувейт пен Қатардың қатыспайтындары нақты белгілі, ал Марокко, Мысыр мен Иорданияның шешімдері белгісіз. Палестиналық үкімет пен топтары бұл отырысқа қарсылық білдірулерімен бірге араб елдерінен қатыспауды сұрады.  

Палестинаның Исламдық қарсыласу қозғалысы (ХАМАС) мәлімдемесінде Бахрейндегі экономикалық отырыстың  өтуіне реакция білдіріп: «Бұл әрекет палестиналықтардың құқыларының одан сайын әлсіреуіне себеп болады. Экономикалық отырыстың араб елдердің бірінде (Бахрейнде) өтуі АҚШ-тың палестиналықтардың құқыларына көбірек нұқсан келтіруге итермелейді»,- деп айтылды. Палестина Автономиялық құрылымы Сыртқы істер министрі Риаз әл-Мәлеки де: «Шығыс Құдстың Палестина елінің астанасы болмауы туралы жобаны қабылдайтын ешбір палестиналық табылмайды. Егер америкалықтар экономикалық тақырыппен палестиналықтарды Құдс пен палестиналық мемлекет тақырыбына байланысты  бағындыра алады деп ойласа, қателесуде»,- деп жариялады.   

Ықтималды салдарлар

Манама отырыстың ықтималы салдарларына байланысты келесі жәйттерге назар аудартуға болады. Біріншіден, мемлекеттердің көбінің олардың ішінде араб елдерінің бұл отырысты  қолдамауларына байланысты, оның өтуі кейінгі қалдырылуы мүмкін. Ливанның саяси қоғамтану ұстазы Талал Этрис: «Сионистік режим  премьер-министрінің қабинетін құра алмай, алдағы қыркүйек айында қайтадан сайлау өткізуі Израильдің қазіргі кезде сайлау мәселелерімен бетпе-бет келіп, Нетаньяхудың «Ғасыр мәмілесі»  жобасынан бұрын сайлаудың нәтижесі туралы ойлайтынын көрсетеді. Басқа жақтан Палестинаның бұл отырысқа қатыспауы іс жүзінде оның өтуін күдіктендірді. Сондықтан оның өтуінің кейінгі қалдырылуы немесе мүлдем өтпеуі мүмкін»,- деді. Отырыстың кейінге қалдырылуы немесе мүлдем өтпеуі «Ғасыр мәмілесі»  жобасыгың сәтсіздікке тірелуін білдіреді. Екіншіден, отырыстың бұдан бұрын да АҚШ саясатына қолдау көрсеткен тек бірнеше мемлекеттің қатысуымен өтуі де отырыс пен «Ғасыр мәмілесі» жобасының нәтижеге жетпеуінің белгісі. Өйткені аймақ елдері мен әлемдік құдыреттердің «Ғасыр мәмілесі»  жобасын қолдамайтындарын анықтайды. Ос кезде мемлекеттердің көбі бұл жобаға қарсылығын білдірді. Үшіншіден, Манама отырысы палестиналық топтар арасындағы бірлікке себеп болуда. Өйткені Автономиялық құрылым мен ФАТХ қозғалысы және басқа да палестиналық қарсыласу топтар бұл отырысқа ортақ қарсылық білдіріп, оны Палестинаға қиянат жасау деп атады. ФАТХ қозғалысы ресми мәлімдеме шығарып, өз жақтастарынан ереуілге шығудын орнына бүкіл палестиналық жерлерде басқыншы израильдік күштермен бетпе-бет келу арқылы "Ғасыр мәмілесі" жобасына қарсылық білдіруге шақырды. Палестина Автономиялық құрылымы басшысы Махмуд Аббас ФАТХ тобымен кездесуінде Құдс пен Палестинаның сатылмайтынын қуаттады. ХАМАС, Исламдық жиһад және Палестинаның халық майданы да отырысқа қатысатындарды қиянат жасаушы деп жариялады. Бұл топтар көшелерге шығып, отырыс өтетін күндері басқыншылармен қақтығысуды арттыруды сұрады. Өйткені палестиналықтардың сабыры сарқылды. Төртіншіден, "Рай әл-Яум" порталының бас хатшысы Абдәлбари Атауанның пікірінше, Манам отырысы Палестинадағы үшінші интефазаның басталуына себеп болады. Ол: "ФАТХ пен ХАМАС қозғалыстары басқа топтар және партиялармен өз қайшылықтарын шетке қойып, отырыс өтетін күндері басқыншы күштермен қақатығыстарын күшейтуга дайындалулары палестиналықтардың өздеріне сүйеніп, қоршаудан шығуды және бұл қастыққа қарсыласуды көздейтіндерін көрсетеді. Олар израильдіктер мен америкалықтар және олардың араб одақтастары түсінетін жолдарды пайдаланады",- деп жазды.  

Қорыта айтқанда, 2019 жылдың ақпанындағы Варшава   мен мамыр айындағы Меккедегі отырыстар сынды Манама отырысы да сәтсіздікке ұшырайды.    

 

 

 

Тегтер