Сионистер Палестинаның тарихы мен географиясын өзгертуде
(last modified Tue, 09 Jul 2019 13:32:16 GMT )
Шіл 09, 2019 19:32 Asia/Almaty
  • Сионистер Палестинаның тарихы мен географиясын өзгертуде

Сионистік режим премьер-министрі Бениамин Нетаньяху «Трамп жоталары» деп иврит және ағылшын тілдерінде жазылған ескерткіш тақтаны ашты. Құдсты басып алушы режим Сирияның жерінің бір бөлімі саналатын Голан жоталарын 1967 жылғы соғыс ағымында басып алып, кейін бұл жерлерде өз егемендігін жариялады. Израильдің бұл әрекетін әлемдік қоғам еш уақытта ресми қабылдамады.

Сионистік режим Голан жоталарында орналасқан қалашықтардың бірін «Трамп жоталары» деп атады. Бұл қалашық Сирияның шекарасына жақын жерде орналасып, жақын арады оның құрылысы басталады.

Бұл шешім Дональд Трамппен қарым-қатынастарды нығайту және АҚШ Президентінің наурыз айында Голан жоталарын ресми түрде Израильдік меншік деп жариялауына алғыс ретінде қабылданды. Осыдан біраз уақыт бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп халықаралық заңдарға қайшы әрекетімен Қауіпсіздік кеңестің қарарын бұзып, АҚШ-тың басып алынған Голан жоталарын сионистік режимнің меншігі деп білетін шешіміне қол қойды. Бұл әрекет басқа елдер мен халықаралық ұйымдардың қарсылығымен бетпе-бет келіп, Тунис, Иордания, Кувейт, Йемен, Мавритания сынды араб елдері мен Еуроодақ және БҰҰ Бас хатшысы оны қабыл етуге болмайтын әрекет деп тапты.  

Басып алынған Голан жоталары

Сионистік режим Голан жоталарын 1967 жылы арабтар арасындағы алтыкүндік соғысы ағымында басып алып, 1981 жылы кнессет бұл аймақты сионистік режимнің меншігі деп жариялады. Басып алынған Голан жоталары Сирияның оңтүстік-батысында орналасқан үстірт, ол әл-Джалил теңізіне шығып, оның шамамен ұзындығы 65 км және ені 25 км көлемі Палестинаның солтүстігінде орналасты. Әскери тұрғыдан Сирия мен басып алынған жерлерге созылған стратегиялық биіктік болып табылады. Сионистік режим 2011 жылы Сириядағдарысы басталғаннан бері Голан жоталарындағы сионистік қалашықтар құрылысын нығайтуға қажет әрекеттерді іске асырды.Жарияланған мәліметтер бойынша, сионист басқыншылар 2018 жылы бақылау пунктерді саның арттыру мен әскери бақылауды ұйымдастырып, қалашықтар құрылысын дамыту үшін Йордан өзенінің батыс жағалауында жерлерді басып алуды арттырды. 2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылы қалашықтар саны көбейді. Басқыншылар жаңа 9384 пәтер салу жобаны бекітті. Сионист басқыншылар Палестинаны ңтарихи жерлерінің 85 пайызын, яғни шамамен 27000 км² басып алып, палестиналықтардың өздері үшін тек жерлерінің тек 15 пайызы, сондай-ақ тарихи Палестина тұрғындарының шамамен 48 пайызы қалды. Сионист басқыншылар Палестина жерлерін бір-бірімен шекараласпайтын төрт аймаққа (A,B,G,D) бөлген Осло келісімін палестиналықтар жерлерін, әсіресе G деп бөлінген аймақта өз билігін орнатуға пайдаланды.

Йордания өзені батыс жағалауының шамамен 37 пайызы ауылшаруашылыққа жағымды жерлер саналады, палестиналықтар бұл жерлердің тек 17 пайызын пайдаланады. Сионистік режимнің әрекеттері палестиналықтардың Йордан өзенінің батыс жағалауында ауылшарушылық жерлерін пайдалануа кедергі тудырып отырғар ең маңызды фактор болды. G аймағы деп белгіленген  аймаққа Йордан өзені батыс жағалауының шамамен 60 пайызы кіріп, сионистік режимнің бұл аймақта өз билігін орнатуы шаруалардың көбінің өз жерлерінде еңбектенуге рұқсат етпейді. Бұл мәселе бұл аймақ өнімдерінің көбінің жойылуына себеп болды. Басқыншылар  жерлерді қиратып, тал ағаштарды құртуда. Сионистік басқыншылар палестиналықтардың үйлерін қирату және оларға үй салуға рұқсат бермеулерін жалғастыруларымен бірге 2018 жылы Құдсты еврейлендіру жоба бойынша, Құдстың шығысынан шамамен 1400 палестиналықты шығарып жіберу шешімді қабылдады.  Палестиналық жерлерді басып алуларымен шектелмей, сионистік режим қалашықтар құрылысын жалғастырып, еврейлендіру жобаның негізінше, Құдс қаласының араб және исламдық көріністерін жоюға талпынып, аймақтың көшелері мен жолдарының атауларын өзгертіп, бұл аймақты еврейлендіргісі келеді.   Басқыншылар араб атауларын Шломо, Шамир и Бенджамин және басқа иврит атауларға өзгертіп, аймақты  еврейлендіру талпыныстарын жалғастыруда. Соңғы мәліметтер бойынша, Құдстегі басып алынған қалашықтардың бірінде аттарды өзгерту комитет тіпті палестиналықтар өмір сүретін көшелердің аттарын өзгерту үшін жаңа 43 атты дайындады. Бұл комитет сондай-ақ шығыс Құдстың 141 көшесін жаңа аттармен атады. Палестиналық «Әл-Құдс әл-араби» арнасының мәліметінше, араб-исламдық атауларды иврит атауларымен өзгерту Құдс қаласын еврейлендіру негіздерінше іске асырылуда. Исламдық-христиан топтар Құдсты басып алушы басшылардың көшелердің араб атаулары мен араб қасиетті аймақтардың еврейлер сөздері мен аттарына өзгерту туралы ескерту жасап, еврейлендіруді көздеп отырған бұл әрекеттердің аймақ халқымен қабылданбайтынын жариялады.

70 жылдан артық уақыт бойы сионистер  Палестина мекендерінің атауларын өзгертіп, Палестинаның діни және көне мекендерін қиратып, Палестина мәдениетіне иеленіп, араб тілін әлсіретіп, Палестина халқының мәдени белсенділігіне тыйым салып, Палестинаны еврейлендіруді көздеді. Бірақ бүкіл талпыныстарына қарамастан сионистер осы кезге дейін өздерін қауіпсіз сезінбейді оларды күтіп тұрған келешек те белгісіз.   

Құдс қаласының ортодокс шірекуінің эпископы  Аталла Ханна өткен айда шекарасыз дәрігерлер ұйымы тобымен кездесуінде сионистерді Палестинаны еврейлендіру жобасының стәсіздікке ұшырауына тоқталып: «Сионистер Палестинаға байланыстың әр тақырыпты нысанаға алды. Сионистер қаланың жүзін өзгерту үшін оның араб-исламдық болмысын шетке шығарып, исламдық және христиан құндылықтар мен қасиетті мекендерге шабуыл жасауда»,- деді. Сионистердің Палестинаны еврейлендіру саясатына қарсы күресші Ханна, Құдс қаласы ғана емес,  бүкіл басып алынған жерлердің сионистік режимнің нысанасына алынуы туралы жариялады.    Мәселен, сионистер жаңадан мұражай салуды сылтауратып, Тверия қаласындағы әл-Бахр көне мешітте қазба жұмыстарын бастады. Сионистердің Палестина белгілерін қирату саясаты олардың наным-сенімдерінен тамырланады. Олардың пікірінше, Палестина өркениеттен алыс дала болған, сионистер келіп, оны абадтаған.  Айта кететін жәйт, сионистік режим басып алынған жерлерде орналасқаннан бері Тель-Авив басшылары Палестина халқын жерлерінен шығарып, Иран бұл елді сионистік мемлекет етуді жасырмады. Өткен жазда сионистік режимнің мәжілісі нәсілшілдігін жалғастырып, Палестинаны сионистердің негізгі жері деп ресми жариялап, палестиналықтардың тарихы мен тілін шетке шығару жобаны қабылдады.

Сионистердің Палестинадағы арабтардың тарихына   алаңдауы сонша болып, олар тіпті адамдардың араб аттарына ұқсас есімдерін өзгертуге талпынуда. Битар Иерусалим спорт алаңының асыра сілтеуші жақтастары мұсылман аттарына ұқсас аты бар ойыншыны алғанына ызасын білдіріп, аталмыш ойыншының жарыстарға басқа атпен қатысуын атап етті. Битар Иерусалим футбол стадионы Нигерияның ұлттық командасының Әли Мұхаммад деген ойыншысымен үшжылдық келісімге қол қойған болатын. Брақ Иерусалим футболының ең радикалды La Familia жақтастары Фейсбук арқылы нигериялық ойыншыдан Бейт әл-Мұқадастың стадионыннда жаттығуы мен ойының жалғастыру үшін атын өзгертуді талап етті. 23 жастағы нигериялық мигрант Әли Мұхаммад бұдан бұрын 4 жыл бойы сионистік режимнің әртүрлі  командаларында ойнады. Бұл режимнің ақпарат құралдары: "Әли Мұхаммад христиандардың бірі, бірақ оның есімі  мұсылман адамдардың есімін ұқсас болғандықтан, жақтастары оған ерекше көңіл бөлуде",- деп жазды. 2013 жылы Битар Иерусалим спорт кешені екі шешен мұсылманды өз командасына алды. Бұл мәселе бірқатар тамашалаушының нәсілшіл реакцияларына себеп болды.  Спорт кешенінің асыра сілтеуші жақтастары  стадионның ғимаратының бір бөлімін өртеді.