Революцияның екінші қадамы 12
(last modified Wed, 10 Jul 2019 14:45:08 GMT )
Шіл 10, 2019 20:45 Asia/Almaty
  • Революцияның екінші қадамы 12

Өзін артық санап, билеп-төстеуді көздейтін үстемшіл тәртіп исламдық негіздерге сүйенетін және басқа халықтардың зұлымдыққа қарсыласуы, сондай-ақ ғиззаты мен беделін қорғауына үлгі бола алатын революцияны қабылдай алмайды.

 

Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеидің «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде тоқталған үстемшілердің Ислам революциясына дұшпандылық білдіруі туралы тақырып - бұл ұлы халық революциясының басынан бастап келе жатқан тақырып. Өзін артық санап, билеп-төстеуді көздейтін үстемшіл тәртіп исламдық негіздерге сүйенетін және басқа халықтардың зұлымдыққа қарсыласуы, сондай-ақ  ғиззаты мен беделін қорғауына үлгі бола алатын революцияны қабылдай алмайды. 1979 жылы Иран халқының қозғалысы жеңіске жеткеннен бері имам Хомейни «үлкен шайтан» деп атаған АҚШ қазіргі заманның үстемшлідігінің көрінісі ретінде әртүрлі тәсілдермен Ислам республикасы жүйесін құлатуға талпынды. Аятолла Хаменеи: «АҚШ үкіметі мен америкалық тәртіп Ислам республикасы құрылсымен оған дұшпандылық білдіріп, оны құлатуды көздеуде»,- деген болатын. АҚШ-тың Ислам революциясын сәтсіздікке ұшырату саласындағы алғашқы әрекеті революцияға қарсы және жергілікті бөлінуді талап ететін топтарды қарулы бүлік пен соғысқа итермелеуі болып табылады. Вашингтон революцияның жаңадан қадам басуына көңіл бөле, тәуелді топтарды қолдап, Ислам республикасын құлата алады немесе бөлшектей алады деп ойлады. Ислам революциясының жетекшісі  де АҚШ-тың қастықтарына тоқталып: «Америкалықтардың тарапынан жасалған бірінші қадам Ислам республикасының қарсыластарын түрткілеп, елдегі сепаратистік және лаңкестік ағымдарға көмектесу болды»,- деді.

АҚШ - лаңкестерді қолдаушы

Америкалықтар Иранның революцияшыл халқы диктатуралық үкіметті құлата алғанда, халықтың қолдауынан ада революцияға қарсы бірқатар топтарға қарсы тұра алатынын түсінбеді. Халықтың ерік күштері тез арада сепаратистік күштерге қарсы шығып, оларды жеңді. Алайда АҚШ Ислам республикасы жүйесіне қарсы адамдар мен топтарға саяси, үгіт-насихаттық және қаржы қолдауын жалғастыруда.  Бұл үкімет лаңкестікпен күресуін жариялағынымен  тіпті Иран халқының мыңдаған азаматын өлтірген «Маджохедин халқ» лаңкестік тобына қолдау көрсетуде. АҚШ-тың келесі қастықтарына Иран Ислам революциясына қарсы жобалар мен төнкерісті дайындауы болды. Америкалық генерал Роберт Хайзер революцияның жеңісінің қарсанында Иранға келіп, армия басшыларына көмектесіп, халық көтерілісін басып-жаншитын төнкеріс ұйымдастырмақ болған. Бірақ армияның халық жаққа шығуы мен Ислам революциясының жеңіске жету үдерісінің жылдамдауы оның нәтижесіз еліне оралуына себеп болды. Иранның ислам республткасы жүйесі орнатылсымен Вашингтон төнкеріс арқылы оны құлатуға талпынды, бірақ революцияға адал әскерилердің арқасында олардың әрекеттері сәтсіздікке ұшырады.

Генерал Хайзер

Алайда АҚШ-тың Иранға қарсы ең маңызды әрекеті Саддам армиясының Иранға қарсы әскери шабуылына жағдай жасауы болды.  Ирактың билікқұмар диктаторы  революциядан кейінгі кейбір қиындықтар мен ауыртпалықтарға назар аударып, жылдам шабуылмен Иранды бөлшектеп, Ислам республикасы жүйесін құлата алады деп ойлады. Вашингтон Саддамды бұл әрекетке итермелеп, батыс және араб үкіметтерінен майдан құрып, оған саяси, үгіт-насихаттық және әскери қолдау көрсетті. Бірақ Иран халқы революцияшыл рухымен және исламдық тағылымдарға сүйеніп, елі мен революциясын қорғады. Имам Хомейнидің қырағы басшылығымен жастар ерік күштері әскери күштерге көмекке асығып, жанкештілік, ержүректілік және шаһид болудың мәңгі эпосын көрсетті. Әртүрлі қалалар халқы соғыстағы өз перзенттеріне ешбір көмект аямады. Сөйтіп Саддам мен оның қолдаушылары мықты бөгетпен бетпе-бет келді. Сегіз жыл соғысында олар Иранның жүйесін жоя алмады және тіпті бір жерін басып ала алмады. Аятолла Хаменеи «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде бұл жеңісті елдің тұрақтылығы, қауіпсзідігі және территориялық тұтастығының кепілі деп тауып: «Ислам революциясысегізжылдық соғыстағы жеңіс пен БААС режимі мен америкалық және еуропалық сондай-ақ шығыс қолдаушыларының сәтсіздігіне себеп болды»,- деді.

Халық күштерінің елді қорғауға қатысуы

Өткен қырық жылдағы АҚШ-тың Иранға қарсы қысым көрсетуі мен экономикалық санкциялары халықты наразы ету, Ислам республикасы жүйесін әлсіздендіру және соңында құлатуды көздеді. Бұл санкциялар Саддамның Иранға қарсы соғысы кезінде де жалғасып, уақыт өткен сайын әртүрлі сылтаулармен күшейді. Иранның бейбіт мақсатты ядролық бағдарламасы дамыған сайын Вашингтон мен оның одақтастары жалған үгіт-насихаттарымен  Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің негіздерінше жасалған ғылыми жетістіктерін қатерлі көрсетуге талпынып, Қауіпсіздік кеңес арқылы Иранға қарсы кең ауқымды санкцияларды енгізді.  Иран мен Қауіпсіздік кеңесінің бес мүшесі және Германияның   «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы деп аталған келісімге қол қойған соң бұл санкциялардың күші жойылғанымен іс жүзінде жалғасты. Сондай-ақ АҚШ-тың аталмыш келісімнен біржақты шығуынан кейін экономикалық санкциялар тағы күшейді.  Бірақ ИИР залым санкцияларға бағынбады және өз негіздері мен армандарынан бас тартпады. Экономикалық санкциялар Иранның экономикасына теріс әсерін тигізгендерімен аятолла Хаменеидің ақыл кеңестерімен ел басшылары жергілікті экономиканы нығайтып,  бұл теріс әсерлерді азайтуға талпынуда. Аятолла Хаменеи өзінің «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде: «Экономиканың қиындықтарына санкциялар себепті және санкциялардың себебін үстемшілдікке қарсыласу мен дұшпанның алдында тізе бүкпеу деген пікірлер бар. Олай болса, дұшпанға бағынуды шешім жолы деп санау – кешіруге болмайтын қате»,- деді.

Үгіттік соғыс пен психологиялық соғысты Батыстың, әсіресе АҚШ-тың ИИР-на қарсы маңызды әрі қатерлі құралы деп атауға болады. Ақпарат технологиялар дамуымен бұл құралдарда алға ілгерледі. Батыстың ақпарат үгіт-насихаттары Ирандағы оқиғалар туралы өтірік айтумен шектелмеді. Олар халықтың мәдени және қоғамдық және мәдени болмысын нысанаға алды. «революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде бұл үгіт-насихатардың мақсаттары туралы: «Өткен қырық жылдағы және осы кездегі дұшпанның үгіт және ақпарат саясатының мақсаты халықты және тіпті басшыларды келешекке үмітсіздендіру болуда. Жалған хабарлар, дұшпандық сараптамалар, оқиғаларды теріс көрсету, үміттерді жасыру, кішкентай кемшіліктерді үлкейтіп көрсету - Иран халқы дұшпандарының бағдарламаларынан»,- деді.

АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялары

АҚШ басқарған әлемдік үстемшілдіктің барлық қастықтары мен үгіт-насихаттарына қарамастан ИИР өзінің негізгі ұстанымынан артқа шегінбес түгілі, күннен күнге қщ күш-қуаты мен әсерін арттырды. Осыған орай АҚШ-тың Иранға қарсы әрекететрі өзгеріп, бұрынғысынан күшейді. Ислам революциясы жетекшісі "Революцяның екінші қадамы" мәлімдемесінде: "Күш-қуатты Иран осы кезде де революциясының басындағындай үстемшілердің дағдарыстарымен бетпе-бет келуде. Бірақ жағдай толық өзгешеә,- деді. Аятолла Хаменеи революцияның басындағы Иран мен АҚШ-тың кейбір жағдарыстарына тоқталып, Ислам республикасының күшеюіне байланысты екі жақтың қазіргі бетпе-бет келуін бұрынғысынан тереңділеу деп санайды.  Діни жетекші Батыс Азиядағы  АҚШ-тың заңсыз араласуының азаюйы, сионистік режимге қарсы күресуі үшін исламдық қарсыласу күштерге саяси және қару-жарақ қолдауын көрсету мен аймақтың түпкір-түпкіріндегі зорлық-зомбылық көрушілерді қорғау мәселелеріне тоқталып: "Осы кезде АҚШ Ислам республикасына саяси және қауіпсіздік қарсыласуы үшін ондаған үкіметтерден құрылған үлкен коалицияны қажет етеді, бірақ бетпе-бет еліп, қайтадан сәтсіздікке ұшырайды. Иран революциясының арқасында осы кезде әлемдіктердің алдында Иран халқының абыройын көтеріп, өзінің негізгі мәселелеріне байланысты қиындықтардан өтті. Осы кездегі шындық пен жалғандық арасындағы күрестің бір жағында Ислам мен исламдық тағылымдар және исламдық ояну және екінші жағында үлкен шайтан, яғни АҚШ үкіметі басқарған әлем үстемшілері. Біз жеңеміз, жеңіс шындық жақтастарыныкі. Біз жеңеміз, жеңіс шындық жағыныкі. Бұл мәселеге күмән тумайды. Бүкіл құжаттар бұл мәселені көрсетіп, растайды",- деді.