Шіл 16, 2019 21:12 Asia/Almaty
  • Әлем халқы санының артуы мүмкіндік әлде қатер ме?

1950 жылы әлем халқының саны екі жарым миллиард болса, 1987 жылдың 11 шілдесінде 5 миллиардқа жетті. Осыған орай БҰҰ 1989 жылы күн тәртібі бағдарламалары мен даму саясаттарында демографиялық мәселелерге көбірек шоғырлануды ұсынды. Сол кезден жыл сайын 11 шілде Дүниежүзілік халықтар күні аталды. Бұл күнді әлемнің барлық елдері қабылдады.

Бұл күннің "Дүниежүзілік халықтар күні" деп аталуының мақсаты дүниежүзі халқы мәселелерімен таныстыруды кеңейту және ұрпақтың денсаулығына назар аударту болды.

БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің 2019 жылы  жариялаған   есебі бойынша осы ғасырдың соңына  дейін әлем халқының саны шамамен 11 миллиардқа жетуі мүмкін. Бұл есеп өмір сүру деңгейінің  артуы және  керісінше туу көрсеткішінің төмендеуіне байланысты дүниежүзі халқының қартаю үдерісін және халық саны азайып келе жатқан елдер санының артуын көрсетті. Соңғы болжамдар бойынша, 2050 жылға дейін 9 елдің халқының саны әлем халқының жартысынан артады. Үндістан, Нигерия, Пәкістан, Конго, Эфиопия, Танзания, Индонезия, Мысыр және АҚШ  алдағы жылдарды халқы санының артуының куәсі болады. Болжамдар бойынша 2027 жылы Үндістан Қытайдың орнына әлемнің халық саны ең көп мемлекеті болады. БҰҰ есебіндегі болжамдар бойынша, Африка даласының оңтүстік аймақтарындағы халық саны 99% артып, 2050 жылы екі есе өседі. 2019-2050 жылдар аралығында халық санының артуы төмен деңгейде қалатын аймақтарға Солтүстік Африка мен Батыс Азия, Орталық және Оңтүстік Азия, Латын Америка мен Кариб аймағы, Шығыс және Оңтүстік-шығыс Азия,  Еуропа мен Солтүтсік Америка кіреді. Мамандардың пікірінше, алдағы демографиялық өзгерістер  тұрақты даму мақсатқа жету үшін маңызды болып табылады. БҰҰ Бас хатшысының экономикалық-әлеуметтік мәселелер бойынша   орынбасары  Лю Зинмин: «Бұл мәлімдеме қайда араласып, әрекеттену қажет екенін анықтайды. Көбінде халық саны жылдамдықпен әлемнің ең кедей елдерінде өседі. Бұл мәселе шынайы дағдарысты тудырады. Сондықтан бұл елдердегі аштық пен азық-түлік тапшылығы, киім, гигиена мен медицина және білім жүйелерінің сапасы сынды мәселелерге немқұрайдылық танытуға болмайды.

Дүниежүзілік халықтар күні

Демография мамандарының айтуы бойынша, халықтың өсуі мен азаюы әлемнің түрлі бөліктеріндегі мұрсаттар мен қауіп-қатерлерге себеп болады. Жұмыс істейтін жастағы халықтың артуы экономиканың дамуына әкеледі. Мәселен, Африканың оңтүстігінде орналасқан елдер  және Азия, Латын Америка мен Кариб аймағы бөлімдеріндегі 25-64 жастағы адам санының артуы экономиканың жылдамдықпен дамуына себеп болды. Демографиялық өзгерістерді пайдаланып, экономикалық тұрақты даму үшін үкіметтер әсіресе жастардың білімі мен денсаулығы туралы ойлап, олар үшін жағдай жасауға міндетті. БҰҰ соңғы мәлімдемесінде туу көрсеткішінің төмендеуімен 2050 жылы әлемде әр алты адамның біреуінің жасы 65 жастан жоғары болады. 2019 жылы әр 11 адамның бірі 65 жастан  асып отыр.  Болжамдар  бойынша 80 жастан асқан адамдардың саны үш есе өседі, яғни 2019 жылы олардың саны 142 миллион болса, 2050 жылы 426 миллионға жетеді. Сондықтан жұмыс жасайтын адамдардың санының азаюы әлеуметтік қорғау жүйелеріне қысым көрсетеді. БҰҰ мәліметтері бойынша, 2100 жылы еуропалық елдердің көбі халық санының азаюымен бетпе-бет келеді. Бұл мәліметтер бойынша 2100 жылға дейін Еуропаның халық саны шамамен 120 миллионға азайып, 750 миллионнан 630 миллионға жетеді. Италия халқының саны  2 миллионға және Германия - 9 миллионға төмендейді. Албания, Молдавия және Сербия халықтарының жартысы қалады. Еуропа елдері ішінде Ұлыбритания керісінше халық санының 10 миллионға артуының куәсі болады. Сондай-ақ Норвегия, Швеция, Швейцария және Ирландияда халықтың өсу қарқыны байқалады.

Мәліметтер бойынша, ең кедей аймақтарда халық санының жылдамдықпен артуда. Африканың оңтүстігі және Азияның бөлімдері, Латын Америка мен Кариб аймақтарында орналасқан елдердің көбіндегі халық санының артуы жұмыс жасайтын топтар саның артуына себеп болды. Бұл кедейшілік, аштық және мигрантар мәселелерін одан сайын нашарлатты. Мәліметтер осы кезде бұл елдерде 663 миллион адамның таза су және 795 миллион адамның азық-түлік тапшылығымен бетпе-бет келіп отырғанын көрсетті. Дүниежүзі халқының 1/9 бөлімі аш ұйықтайды. Күн сайын 25000 адам тамақ тапшылығы және оның салдарынан науқастанып, өледі. Олардың ішінде 18000 бес жасқа келмеген балалар.  Ғалымдар халық санының артуының  климатқа әсер ететініне алаңдауда. Дүниежүзі халқы санының артуымен адамзаттың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін көбірек ресурстар қажет болады. Бұл мәселе табиғаттың жойылуы, өнеркәсіптің артуы және жердің ысуына себеп болады. Сондай-ақ кейбір аймақтардағы халық санының артуы жұқпалы аурулардың кеңінен тарауына әкеліп, нәтижесінде көптеген адам өлімге ұшырайды.  Вашингтон университетінің клиникалық ғылымдар бөлімінің меңгерушісі доктор Эми Сантор: «Бұл мәселе парниктік газдердің таралуын арттырады»,- деді. Сондықтан халық санының артуына байланысты оң факторлар мен бірге көптеген алаңдаушылықтар мен дағдарыстар көрінеді. Бүгінгі әлемде кейбір мемлекеттер халық санының және экономикалық  көрсеткіштерінің төмендеуімен, басқалары халық санының артуы және азық-түлікке байланысты қайшылықтар, саяси шиеліністер, жұмыс орның табу  бәсекелестік сынды дағдарыстармен бетпе-бет келуде. Қорыта айтқанда осы кезде халық санының артуы бір жағынан мұрсаттарға, басқа жақтан қауіптерге тіреуі мүмкін. Тұрмысы мен әлеуеті жақсы халық саны әр ел үшін – мұрсат, бірақ егер елдің қажет инфрақұрылымдары болмаса, халық санының артуы бұл елдің тұрақты дамуына қауіп тудыруы мүмкін. Дүниежүзілік халықтар күні әлемнің келешегінде проблемалардың алдын алу үшін әртүрлі елдердің халық санына байланысты мәселелерді зерттеу үшін жақсы мұрсат.  

 

Тегтер