"Арбағин" 2: "Арбағин" шеруінің тарихы
(last modified Tue, 15 Oct 2019 14:12:56 GMT )
Қаз 15, 2019 20:12 Asia/Almaty

Хазірет Зейнаб сөздерінің шындығын басқа кез келген заманнан қазір жақсырақ түсінуге болады. Хазірет Зейнаб тұтқындалуына қарамастан зорлық-зомбылық жасаушыларға: "Әй, Язид! Айтқың келген сөзіңді айтып, жасағың келген ісіңді жаса. Бірақ егер біздің есімімізді дүниеден жойғың келсе, біздің есіміміз жойылмайды. Жойылатын өзіңсің",- деді.

Бұл күндері халық зиярат жасау үшін Кербалаға жиналады. Бүкіл жерден "Ләббейк, уа, Хусейн (ғ.с.)" деген ұран естіледі. Ғашықтар имамды жаяу жүріп, зиярят етуге асығады. Хазірет Зейнаб сөзінің шындығын кез келген заманнан қазір жақсырақ түсінуге болады. Хазірет Зейнаб тұтқындалуына қарамастан зорлық-зомбылық жасаушыларға: "Әй, Язид! Айтқың келген сөзіңді айтып, жасағың келген ісіңді жаса. Бірақ егер біздің есімімізді дүниеден жойғың келсе, біздің есіміміз жойылмайды. Жойылатын өзіңсің",- деді. 

 

Ашура күні имам Хусейннің (ғ.с.) ерлігін Кербалада көміп кеткісі келген язидшілер шәһидтердің пәк мәйіттерінің үстінен аттарды жүргізіп, келешек ұрпақ үшін олардан еш белгі қалдырмауды ойлады. Олар уаһи отбасының есімін ұмыттырғысы келді. Олар имам Хусейн  (ғ.с.) мен көтерілісінің рухтандырушы мектеп ретінде мәңгі қалатынынан хабарсыз еді. Илаһи жарқыраған шырақ еш уақытта сөнбейді. Бұл Алла Тағаланың "Тәубе" сүресінің 32-ші аятындағы уәдесі: "Олар Алланың нұрын (дінін) қара ниеттері және надан сөздерімен өшіруді қалайды. Егер кәпірлер жек көрсе де, Алла Тағала мұны ұнатпайды да өз нұрын толықтайды".

Миллиондаған халықтың «Арбағин» күні имам Хусейннің (ғ.с.) қабірін зиярат ету үшін жаяу жүруі имам Хусейн (ғ.с.) мен «Ашура» жолдауының мәңгіліктігінің белгісі. Бұл шеру соғыстар, қоқан-лоққылар мен санкцияларға қарамастан әлемнің ең үлкен діни шеруіне айналды. «Арбағин күнігі» шеру имам Саджадтың (ғ.с.) заманынан таралды. Джабер бен Абдолла Ансари қамаридің 61 жылы бірінші зияратшы ретінде Мәдинеден жаяу жолға шығып, имам Хусейн (ғ.с.) шәһид болған күннің қырқы күні, яғни бірінші «Арбағиннің» таңында Кербалаға жетті. Дәл сол күні хазірет Зейнаб пен имам Саджад та (ғ.с.) Кербалаға енді. Джабер бен Абдолла Ансаримен сөйлескен соң имам Хусейннің (ғ.с.) қабіріне зиярат жасады. Сөйтіп «Арбағин» зияраты басталды.

 

Арбағин шеруі

«Арбағин» күнгі зиярат Кербала оқиғасын еске салып, Умайе үкіметінің әшкереленуіне себеп болды. Сондықтан Умайе халифалары Кербала зияратшыларының алдын алу шешім қабылдады. Олар зияратшыларға қарсы тұру үшін имам Хусейн бен Әлидің (ғ.с.) қабірінің айналасына күзет қояды. Күзетшілер қайырымсыз адамдар болып, зияратшыларға қатыгездік көрсетті. Сол себепті зияратшылар Ғазарие мен Нейнава ауылдарында тоқтайтын болды. Олар ауылдарда тоқтап, имам Хусейннің (ғ.с.) қабіріне жасырын зиярат жасайтын. Олар Кербалаға қарай жаяу, түнделетіп, жасырын, алаңдап, кейде жалғыз, кейде топпен баратын.

Умайе әулетінен кейін Аббасилер кезінде де кедергілер байқалды. Аббасилер әулеті билігін күшейткен соң қасиетті қабірлерді қиратып, зияратшыларға қарсы шара қолдана бастады. Халық көптеген қиындықтардан өтіп, зиярат жасауға барғанымен өз өмірлеріне немесе азап-қорлықтан қорқып, алаңдады. Зиярат жасауға жағдай жасаған тек имам Бақер (ғ.с.) мен имам Садықтың (ғ.с.) сөздері болды.  Олар халық басшылардан қорыққан кезде адамдарды шәһидтердің көшбасшысының зиратына зиярат жасауға жігерлендірді.

Шәкірттерінің бірі Зараре  имам Бақерден (ғ.с.): "Әкеңізге зияратты қорқып жасайтын адам туралы не айтасыз?"- деп сұраған кезде имам: "Адамдарды қорқыныш пен үрей шырмайтын қиямет күні Алла оны аман сақтап, періштелер оның қасына келіп: "Қорықпа және қайғырма. Бұл сенің кешірілетін күнің",- деп жұбатады",- деп жауап берді. Имам Бақердің (ғ.с.) басқа бір хадисінде: "Үйінен шығып, хазірет Хусейн бен Әлидің (ғ.с.) қабірін зиярат еткісі келген адамның әр қадамы жақсылық болып жазылып, бір күнәсы жойылады. Ал қасиетті жерге жеткен кезде Алла оны кешірілгендердің қатарына енгізеді. Қайтып оралған кезде қасына періште келіп: "Алла елшісі сәлемін жолдап, саған "амалдарыңды басынан баста, бүкіл күнәң кешірілді" деді",- деген хабарды жеткізеді",- деп айтылған.  Мотаваккел Аббасидің кезінде зияратшыларға қатыгездік жасап, қасиетті қабірлерді қиратып, оларға құрметсіздік көрсету шегіне жетті. Ол имам Хусейннің (ғ.с.) қабіріне зиярат етуді адамның оң қолын шауып тастау шартымен рұқсат етті. Айта кететін жайт, дәл сол кезде зиярат жасағысы келетіндердің саны арта түсті.

Әйгілі тарихшы Масуди "Мурудж әл-Заһаб" кітабында: "Имам Хусейннің (ғ.с.) қабіріне зиярат жасау үшін келген әйел шаптыруға сол қолын дайындайды. Шауып тұрған адам зиярат ету үшін оң қолдың шабылатынын есіне салады. Әйел шабылған қолының орнын көрсетіп: "Оң қолымды өткен жылы шаптың",- дейді. Мотаваккелдің қысымдарына қарамастан имам Һади (ғ.с.) халықты Кербалаға зиярат етуге жігерлендіріп: "Алланың сол жерлерде ғибадат жасалғанын жақсы көретін жерлері бар. Солардың бірі имам Хусейнге (ғ.с.) зиярат ететін жер",- деген.

 

1916 жылғы «Арбағин» шеруі

Аббасилер билігі құлдырағаннан бірнеше ғасыр өткен соң, яғни 13-ші ғасырдың басында уаһабшылар Кербала қаласына шабуыл жасады. Аң-таң болған халық қаланың дарбазасын жапқанымен олар дарбазаны сындырып, қаланың ішіне шабуыл жасайды. Уаһабшылар қасиетті кесенелерді қиратуға кіріседі. Шамамен 50 адам зарихтың қасында, 500 адам қасиетті сахнада өлді. Ирак «Баас» қолына түскен соң бұл елдің саяси режимі басынан бастап зияратшыларды қудалай бастады. 1970,1975, 1976, 1977 ж.ж. Наджафтан Кербалаға жолға шыққан зияратшыларды әуе мен құрлықтан оқтың астына алады. Бұл "қанқұйлы Арбағин" болды.

 

 

1985 жылдың 4 қыркүйегі, (19 сафар 1378 ж.)

Ирактың БААС режимі құлдыраған соң Кербалаға халық ағылып, «Арбағин» зияраты мен жаяу шеруі әлемнің ең үлкен рухани жиынына айналды. 2003 жылы «Арбағин» шеруіне қатысушы зияратшылардың саны 2-3 миллион деп жарияланды. Өткен жылы зияратшылар саны 20 миллионға жетті. Бұл шеруден христандар сынды  басқа діндердің жақтастарын да көруге болады. Олар «Арбағин» шеруіне аза тұтушы топтарға жиналып, қатысады. Өткен жылдардағы «Арбағин» шеруі қатерсіз болмады. Жалдамалы содырлар зияратшыларға сан рет шабуыл жасады.

 

Арбағин шеруіндегі христиан

 

2013 жылы Ирактағы тәкфиршіл топтың қолбасшысы Абубакр әл-Бағдади «Арбағин» шерушілеріне қоқан-лоққы көрсетті. Ол бейнетаспа таратып: "Бірнеше жылдан бері шиіттердің «Арбағинге» қатысуы артты. Біз биыл әрекет жасап, биылғы «Арбағинда» хиджри қамаридің 61 жылғы «Ашурасы» сынды бүкіл шиіттерді жермен жексен етеміз",- деді. Соның салдарынан Басре мен Бағдад қалалары және Кербала аумағында көптеген зияратшы шәһид болды.

Қазіргі таңада да «Арбағин» шеруін көре алмайтын «бүгінгі Әмави» сарайларының мүшелері мен уаһабшылар, Сауд әулеті мен басқа сатқындар бұл жиынды маңызсыз етіп көрсетуге талпынуда. Бірақ олар еш нәрсенің «Арбағин» зияраты жолын жаба алмайтынын, хосейнилік көңіл-күйді ұмыттыра алмайтынын біледі. Алла елшісі: "Имам Хосейн шәһид болғаннан кейін мүміндердің жүрегінде еш уақытта суымайтын жылу пайда болады",- деген болатын.