«Арбағин» және адамзат құтқарушысы арасындағы байланыс
(last modified Thu, 24 Oct 2019 14:57:37 GMT )
Қаз 24, 2019 20:57 Asia/Almaty
  • «Арбағин» және адамзат құтқарушысы арасындағы байланыс

Хазірет Мәһди (ғ.с.) келіп, әлемдік көтеріліс боланнан кейін адамдардың бойын нұр мен білім және парасат билеп, ахлақтық және рухани негіздер кең таралатын кезең туады.

 

Имам Хусейннің (ғ.с.) ғашықтары әлемнің түкпір-түкпірінен жиналып, Наджафтан ғашықтық жолын бастады. Олар жолға Кербалаға жету үшін шықты. Имам Хусейннің (ғ.с.) зияратышлары  дүниелік мәселелерін ұмытып, өздерінің илаһи болмыстарына жақынырақ болуға талпынады. Зияратшылар мен меймандарды күтушілердің қалың нөпірі қандай көркем! Олар имам Хусейнге (ғ.с.) ләббейкті ауыздарымен емес, жүректерімен айтты. Бұл жолдың, имам Хусейннің (ғ.с.) тартымдылығы неде? Жолдың бойы Арбағин күні имамның (ғ.с.) қауіпсіз кесенесіне жетіп, тыныштық табатын адамдарға толы.  

Имам Хусейн (ғ.с.) ғасырлар бойы  кез келген дін мен ұлтты, кез келген түс пен тілге ие адамдарды иман, абырой мен еркіндікке шақырды. Ол құтқаратын кеме болып, адамзатты құтқару үшін бар мейірімімен адамдарды шақырып, оларды дұрыс жолға нұсқады.

Имам Хусейн (ғ.с.) Алла елшісі әулетінен шыққан азат жомарт тұлға. Ол Ашура күні дұшпан шабуыл жасаған кезде: «Дінсіз болып, Алла мен қияметтен қорықпасаңдар, азат болып, азаттықты ұмытпаңдар»,- деді. Имам Хусейннің (ғ.с.) бұл ұраны барлық уақыттағы бүкіл адамдарға арналды. Имам Мәһди (ғ.с.) де адамзатқа болмыс, абырой, ахлақ пен жомарттыққа оралудың жолдауын жеткізеді.

Ақыр заманда құтқарушының келетінін бүкіл илаһи діндер, тіпті илаһи емес кейбір діндер де қабылдайды. Ислам дінін бойынша хазірет Мәһди (ғ.с.) имам Хусейннің (ғ.с.) ұрпағы. Ол Алла елшісінің (с.ғ.с.) пәк әулетінен шыққан. Ол келген кезде өзін имам Хусейннің (ғ.с.) перзенті деп таныстырады. Имам Хусейнді (ғ.с.) Арбағиннен таныған әлемдіктер имам Мәһдиді (ғ.с.)жылдам қабылдайды.

Үлкен хадисшілердің бірі шейх Әли Язди Хаери рауаяттарының бірінде: «Келген кезде хазірет Мәһди Мекке қаласында Қағбаның қасында тұрып, өзін әлем халықтарына таныстыру үшін негізгі бес сөйлемді айтады: «Уа, халайық! Мен жасырылған имаммын», «Уа, халайық! Мен кек алатын қылышпын. Уа, халайық! Қырағы болыңдар. Сендер шөлдеген шаршаған ата-бабамды өлтірдіңдер. Уа, халайық! Атам Хусейнді өлтірген соң жалаңаш күйде жерге тастап кеттіңдер. Уа, халайық! Хабардар болыңдар. Атам Хусейн өлген соң қастықпен үстінен аттардың тұяғымен тапталды»»,- деп айтылған. Яғни хазірет Мәһди (ғ.с.) келген кезде имам Хусейннің (ғ.с.) басынан өткерген үш апатын, атап айтқанда шөлдеген жағдайда өлтірілуін, өлген соң жерде жалаңаш қалдырылуы мен мәйітінің үстінен аттармен тапталуын айтады.

Имам Мәһди (ғ.с.) неліктен әлемдіктерге өзін имам Хусейн (ғ.с.) арқылы таныстырады? Неліктен имам Хусейнді (ғ.с.) аза тұтушылардың байрақтары хазірет Мәһдидің (ғ.с.) серіктерінің байрақтары болады? Неліктен ұрандары имам Хусейннің (ғ.с.) ұрандары сияқты? Кербала, имам Хусейн (ғ.с.) мен хазіреттің шәһид болуының құтқарушы имамның келуіне қандай қатысы бар?

Имам Хусейн (ғ.с.) – үздік әулеттен шыққан үздік тұлға, илаһи пайғамбарлар мен әулиелердің жолын жалғастырушы. Ол санаулы серіктерімен жалғандықтың үлкен әсеріне қарсы тұрып, шәһид болып, әлемдіктерге жалғандық жолындағы өлімді қорлықта өмір сүруден артық санайтынын көрсетті.  

Имам Хусейннің (ғ.с.) «Арбағины» рәсімінде жаяу жүріп, имамның қасиетті кесенесіне жету ғибадат аталып, мүміннің белгілерінің бірі деп таныстырылды. «Арбағин» шеруі тек ғибадат емес, одан жоғары. Өйткені ол үлкен мақсаттарды көздейді. 

«Арбағин» әлемдіктерге имам Хусейнді (ғ.с.), хазіреттің мазлұм болуын, Хақ жолындағы жанкештілігі мен үлкен жолдауын таныстыру. Егер әлемнің құтқарушысы имам Мәһди (ғ.с.) келмегенде «Арбағин» мұндай деңгейге жетпейтін еді. Құтқарушыынң келуіне сеніп, зияратшылар жолға шығып, егер имам Хусейн бен Әлидің (ғ.с.) кезінде болмай, хазіретке көмектесе алмағандарымен құтқарушы (ғ.с.) келген кезде қасында болып, әлемдегі зұлымдықтың тамырын жою үшін оған залымдарға қарсы тұруға көмектесетіндерін жариялайды. Расында әлемдік құтқарушы хазірет Мәһди (ғ.с.) келген соң әлем үшін жаратылған күнінен бергі ең әдемі кезең басталып, адамдар махаббат, бақыт пен әділетке толы кеңістікте өмір сүреді.

Жоғары оқу орнының ұстазы Панаһиан: «Өткен жылы «Арбағин» жаяу жүру рәсіміне қатысқан испаниялық деректі фильмнің режисерінен оның елінде «Арбағин» туралы үгіт-насихат жүргізуге рұқсат бере ме деп сұрағанда: «Егер олай болса, Батыс өркениеті құлдырайды. Өйткені Батыс өркениеті материалдық құндылықтарға сүйенеді. Ал «Арбағин» зияраты жанкештілік пен кешірімділікті көрсетеді»,- деп жауап берді»,- деді. 

Расында имам Мәһдидің (ғ.с.) қоғамында өмір сүру ләззатының дәмін татқысы келетін әр адам «Арбағин» жаяу шеруіне қатысады. Хазірет Мәһди (ғ.с.) келіп, әлемдік көтеріліс боланнан кейін адамдардың бойын нұр мен білім және парасат билеп, ахлақтық және рухани негіздер кең таралатын кезең туады.

Маһдавилік қоғамда өмірдің қиындықтарының орнына бақыт пен жақсылық, уайым-қайғының орнын қуаныш пен тыныштық басып, әлемнің әртүрлі тұрғыларында қауіпсіздік қалыптасады. Адамзат қоғамында әділет орнатылып, зұлымдық тамырымен жойылады. Жүректер бір-біріне жақындап, тамақтандыратын аш адам, киіндіретін кедей адам болмайды. Барша рухани, ахлақи және ғылыми мақсаттарға жетуді көздейді. «Арбағин» шеруіндегі мәдениет армандайтын қоғамның шағын үлгісі.

«Арбағин» жаяу жолы бойында әр үйдің есігі ашық. Үй иелері зияратшыны күту үшін өз үйіне шақырады. Олар зияратшыға қызмет көрсету үшін бәсекеге түседі. «Арбағин» жолында, әсіресе Наджаф-Кербала жолында тәкаппарлық, менмендік, өзін көрсету сынды жағымсыз сипаттар байқалмай, керісінше махаббат, жанкештілік секілді қадір-қасиеттер жақсы көрінеді.

Ирак халқы қарты, жасы мен кішкентай баласына дейін зияратшыларға қызмет етеді. Олар әртүрлі аялдамалар құрып, тамақ таратады. Демалатын аялдамалар да аз емес. Ол жерлерде шәй, құрма, жаңа піскен нан ұсынылады. Астарына көрпе төсеп, жастық беріп, шаршаған аяқтарға массаж жасалады. Олардың мейірімділігінен ұялып, зияратшы қалай алғыс айтарын білмейді. Аялдамаларда қызмет етушілер зияратшыларды қолдарынан тартып, ішке шақырады.

Қазіргі дүниеде ақылсыздар өздерін дүниені билеушілер деп көрсету үшін бос талпыныс жасайды.  Бірақ әлемді Ұлы Алла басқаратынына күмән тумайды. Арбағин әлемдіктердің имам Хусейн (ғ.с.) мен хазірет Мәһди (ғ.с.) танысуы, яғни адамзаттың құтқарушысымен танысуы. Иә, ол келеді.