Бірінші желтоқсан – СПИД-пен дүниежүзілік күрес күні
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i44480-Бірінші_желтоқсан_СПИД_пен_дүниежүзілік_күрес_күні
1988 жылы желтоқсанның бірі СПИД-пен дүниежүзілік күрес күні деп аталды. Жыл сайын бұл күннің арнайы ұраны белгіленеді. 2019 жылы бұл күн үшін «Қоғам өзгеріске себеп бола алады» деген тақырып таңдалды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 01, 2019 10:49 Asia/Almaty
  • Бірінші желтоқсан – СПИД-пен дүниежүзілік күрес күні

1988 жылы желтоқсанның бірі СПИД-пен дүниежүзілік күрес күні деп аталды. Жыл сайын бұл күннің арнайы ұраны белгіленеді. 2019 жылы бұл күн үшін «Қоғам өзгеріске себеп бола алады» деген тақырып таңдалды.

 

2019 жылғы СПИД-ке қарсы дүниежүзілік  күрес күнінің ұраны – «Қоғам өзгеріске себеп бола алады»

Бірінші желтоқсанды  «СПИД-ке қарсы дүниежүзілік  күрес күні» деп атаудың мақсаты – әлем халықтарының HIV-дің жойылмағанын еске салу. Бұл салада әлі көптеген жұмыстар іске асырылып жатыр. Бұл күні әртүрлі мемлекеттердің көптеген халқы киімдеріне қызыл мата байлап, HIV мен спидке қарсы болудың қажеттілігін әлем халықтарының есіне салады.  Жыл сайын бұл күн үшін арнайы ұран белгіленеді. 2019 жылдың бұл күні үшін «Қоғам өзгеріске себеп бола алады» деген тақырып таңдалды. Алдымен бұл аурудың вирусы, оған шалдығу жолдары, белгілері мен олардың алдын-алу туралы қарастырамыз.

ЖИТС (СПИД, AIDS) – жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы. Бұл ауруға адамның иммундық жүйесі жасушалары жұмысының бұзылуы себеп болады.  Бұл вирус ретровирустар (Retrovirus) деп аталатын вирустар тобына кіреді. Олар адам жасушаларына жұғып, осы жасушалардың энергиясы мен қоректік заттарын тұтынып, өсіп-өнеді. Ретровирусті лентивирус  (Lentivirus) деп те атайды. "Lente" латын тілінде "баяу және жалқау" дегенді, яғни вирустың қалай өсіп, көбейетінін білдіреді. Сондықтан вирусқа шалдығудың сыртқы белгілері байқалғанша айлар, жылдар өтеді. Вирусологтар "кері транскрипция" (reverse transcription) деп атайтын қасиеті ретровирустардың қаупін арттырады.  Вирус адамның жасушаларына  жұғып, өліміне себеп болады.

Жүре пайда болған иммун дефицитiнiң синдромы (ЖИТС) ауруына шалдыққан адам организмінің қорғаныс механизмдерінің жұмысы бұзылып, организм кейбір инфекциялармен қарсыласа алмайтын болады. Бұл инфекцияларға оппортунистік инфекциялар деп аталатын инфекциялар, сондай-ақ осал иммундық жүйелерге ісер ететін басқа да аурулар кіреді. Адам СПИД вирусын жұқтырып, вирус денесіне енген кезде алдымен қанның ақ жасушаларынан байқалады. Ақ жасушалар – бізді аурудан табиғи түрде қорғайтын иммундық жасушалар. Бұл жасушалардың жойылуы иммундық жүйені әлсіретіп, соңында әртүрлі оппортунистік инфекциялар мен ауруларға сезімтал етеді.

 

 

СПИД белгілері кейбір адамдардың бойынан вирусты жұқтыра салысымен байқалады. Бірақ адамдардың көпшілігі 10-12 жыл,  кейбірі одан да ұзақ уақыт бойы асимптоматикалық күйде қалады. Көптеген аурулар сияқты бұл ауру туралы біліп, уақтылы емдеу адамның өмірін ұзартуы мүмкін. Ауруды алдын-алу білу үшін вирустың организмге қалай түсетінін білу керек.  СПИД вирусын жұқтырған адам оны  ағзадағы белгілі бір сұйықтықтарда, соның ішінде қан, сүт және т.б. арқылы тасымалдайды. Аталған сұйықтықтар басқа адамның қанына енген жағдайда ғана вирус оған жұғады. СПИД вирусы бұл вирусты тасымалдаушы адаммен жыныстық қатынаста болу немесе онымен ортақ шприцті пайдалану, сондай-ақ анасынан нәрестеге жүктілік немесе емізген кезеңде жұғуы мүмкін. Бұл вирус ауа, тамақ, күнделікті қатынастар арқылы жұқпайды.  

Енді СПИД вирусын жұқтырғаннан кейін бірден қалай анықтауға болатынын білгіміз келеді. Кейбір адамдардың организмінде   әдетте суық тиюге ұқсас күй пайда болады. Кейде адам вирусты жұқтырған кезде де өзін сау сезінуі мүмкін. Адамның жағдайына сенімді болуының жалғыз жолы – СПИД-ке қарсы антиденелерге (СПИД-пен күресу үшін ағзада өндірілетін ақуыздарды) анализ өткізу. Сынақ күдіктінің қан үлгісіне жасалады. Егер адамның қанында СПИД-ке қарсы антиденелер болса адамның вирусты жұқтырғанын білдіреді. Егер адам СПИД вирусін жұқтырды деп күдіктенсе, аурудың алғашқы кезеңінде     мүмкіндігінше тезірек диагностикалық тест жасатып, ауру пайда болған жағдайда емделу үшін мамандардың бақылауына алынуы керек.  Бұл жұмыстар науқас адамның   өмірін ұзартуына себеп болып, СПИД диагнозы анықталған соң адам 60 жылға дейін өмір сүре алады.

Өкінішке орай, статистика дүниежүзінде шамамен 36,9 млн адамның HIV вирусымен өмір сүретінін, тек 2017 жылы 1,8 млн адамның СПИД ауруына шалдыққанын көрсетеді. Бұл ауру эпидемиясы басталғаннан бері 35 млн адамның өліміне себеп болды. 2017 жылы осы ауру салдарынан шамамен 94000 адам қаза болды.  Бұл мәселеге байланысты жақсы жаңалық HIV вирусын жұқтырған ересектердің 59 пайызы, балалардың 52 пайызы СПИД-ке қарсы дәріні пайдаланып, емделіп жатыр. Бұған дейін емделу деңгейі өте төмен болған. 2000-201 ж.ж. емді дер кезінде бастап, шамамен11,4 млн адам өлімнен құтқарылды. Австралия, Канада мен кейбір скандинавиялық мемлекеттерде СПИД ауруына шалдыққан жаңа науқастар байқалмайды. Бұл мемлекетер ресми түрде енді HIV вирусымен проблемаларының жоқтығын жариялады. Керісінше6 кейбір мемлекеттер, соның ішінде Орта Азия мен Таяу Шығыс аймақтары елдерінде HIV вирусын жұқтырғандардың саны артқан. Сондай-ақ Таяу Шығыста бұл вирусты жұқтырғандардың жасы төмендеп, бұл ауруға қыздар көбірек шалдығып жатыр.

 

Дүниежүзілік Денсаулық ұйымының 2017 жылғы статистикасы бойынша 15-49 жастағы адамдар арасындағы HIV вирусы таралуының картасы

1988 жылдан бері үкіметтер "СПИД-ке қарсы дүниежүзілік  күрес күнін" өткізу үшін арнайы мақсаттарды көздеп келеді. Сондықтан бұл салада әртүрлі әрекеттер іске асырылды. Мәселен, әлем мемлекеттері 2015-2030 ж.ж. СПИД эпидемиясын тоқтату үшін арнайы шаралар қолдануды күн тәртібіне қойып отыр. СПИД-ті тоқтату деген осы ауруға шалдыққан науқастар кездеспейді дегенді білдірмейді. СПИД-ті тоқтату ауруға шалдыққан адамдардың  денсаулық саласындағы проблемалары шешіліп, СПИД-ке шалдыққан адамдардың саны азайып, бұл мәселе бақылауға алынып, жыл сайын миллиондаған адам аталмыш ауруға шалдықпайды дегенді білдіреді. 2016-2020 ж.ж. іске асырылмақ болған бұл мақсаттың бірінші кезеңі 2020 жылы ауруға шалдыққандардың жыл сайынғы саны әлем бойынша 500000-нан төмендеуі керек. Бүгінде әлемде 2 миллионнан астам адам СПИД ауруына шалдығуда. 2020 жылға дейін бұл ауру салдарынан жан тапсыратындардың саны да 500000 азаю көзделуде.

1988 жылдан бері СПИД-пен күрес саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Бүгінгі таңда HIV вирусына жұқтырған адамдардың 3/4 өз жағдайынан хабардар. Алайда жағдайдың оңтайлы деңгейіне жетіп, HIV вирусымен  өмір сүретін адамдардың барлығының сапалы медициналық қызметтерге қолжетімділігі үшін әлі ұзақ жол бар. HIV вирусын анықтайтын тестер науқастардың емделуі мен өмір сүруі үшін қажет. Сондай-ақ,  бұл тестер адамдарға өздері мен жақындарын қорғау үшін өте маңызды. HIV вирусын тексеру үшін қолжетімділікті арттыратн көптеген жаңа тәсілдер бар. Өзін-өзі тексеру немесе қоғамға негізделген, сондай-ақ  бірнеше науқасқа арналған көп деңгейлі тесттердің барлығы адамдарға  HIV вирусын анықтауға көмектеседі. Осы мақсатта HIV вирусын тестілеу бойынша іс-шаралар жоспарын кеңейту керек. Сондықтан саяси ерік пен инвестиция, сондай-ақ бұл тестің жаңа тәсілдері мен инновациялар қажет.

Ғалымдар СПИД-ке шалдыққан науқастарды емдеу саласында  біраз уақыттан бері зерттеу жүргізіп келеді. Сан-Диего медицина институтының ғалымдары жақында гендік инженерияны пайдаланып,  адам ағзасындағы СПИД вирусын жоюға көмектесетін әдіс ойлап тапты. Олар  антиретровирустық препараттар саласында ерекше   жетістіктерге жетті. Бұл препараттар СПИД вирусының адам ағзасына таралуына жол бермейді. Сөйтіп, иммундық жүйе өзін бұрынғы қалпына келтіру мүмкіндігіне көбірек ие болады. Бірақ бұл препараттар ағзаны науқас оны тұтынған  кезде ғана қорғайды.  Препараттарға тәуелді болу HIV вирусының қайта байқалуына себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ, науқастың ағзасы бұл препараттармен қарсыласып, емнің әсер етуіне кепілдік берілмейді. Бұл зерттеушілердің жұмыстары бұл әдістің тіпті препараттарды қолдануды тоқтатқаннан кейін де СПИД-тің қайта байқалуының алдын ала алатынын көрсетеді. Зерттеушілердің айтуынша, бұл әдіс ықтималды ем. Сондықтан малға жасалған сынақтардың нәтижелерін күту керек.

 

 HIV вирусының тесті

СПИД індет жаһандық деңгейде жойқын салдарларға ие. Сондықтан әлемдік және аймақтық деңгейде шара қолдану қажет. Бұл ауру әлемнің түкпір-түкпірінде қоғамдық және экономикалық дамуды әлсіретіп, қоғамның ұлттық, әлеуметтік, отбасылық және жеке адамдық тұрғыларына әсерін тигізеді. Сондықтан ауру туралы хабардар болудан бастап, оның алдын-алу мен емдеу, сондай-ақ, бұл саладағы жаңа ғылыми жетістіктер аурудың өршуіне жол бермейді. Бүкіл әлемде бұл ауру тамырымен жойылады деп үміттенеміз.