Жел 22, 2019 17:51 Asia/Almaty
  • БҰҰ-ның климат өзгерісі  жөніндегі 25-ші конференциясына шолу

БҰҰ-ның климаттың өзгеруімен қарсыласу жөніндегі 25-ші конференциясы (COP25) 2 желтоқсанда Испанияның астанасы Мадридте өз жұмысын бастады. Басында бұл конференция Чилиде өтетін болғанымен ел астанасындағы жуырдағы тынышсыздықтарға байланысты Мадридте өтіп, оған дүниежүзінің 200 мемлекетінен 29000 адам қатысты.

Бұл конференцияның мақсаты мемлекеттердің парниктік газдарды азайту саласындағы міндеттемелерін іске асыру механизмдерін пысықтау болды. Келіссөздердің негізгі тақырыптарының бірі климат өзгерісінің алдын-алу жөніндегі талпыныстарға кедергі көміртегі секілді фактордың халықаралық нарығын реттеуге шоғырланды. Басқаша айтқанда, конференцияның негізгі мақсаты қол қойылғаннан бес жылдан кейін, яғни 2020 жылы іске асыруды бастау үшін 2015 жылғы Париж келісімін толықтыру.

 

 

Мадрид конференциясы БҰҰ-ның маңызды үш мәлімдемесінен кейін өтті. Мәлімдемелер 2100 жылға дейін жер температурасының өндіріс дәуіріне дейінгі мерзіммен салыстырғанда 3,2°С көтерілетінін көрсетті. Париж келісіміндегі 1,5°С деңгейді сақтап қалу үшін 2020-2030 ж.ж.. әлем бойынша парниктік газдардың таралуы 7 пайызға төмендеуі керек. Яғни, 2020 жылы 2018 жылмен салыстырғанда парниктік газдардың таралуы 55 пайызға азаюы қажет. Дүниежүзілік метеорология ұйымының мәлімдемесі атмосферадағы парниктік газдар деңгейінің бұрын-соңды болмағанын көрсетті. Сарапшылардың пікірінше, әлем елдері алдағы он екі айда жаһандық жылынуға қарсы тиімді шаралар қабылдауы керек. Мадрид конференциясы 12 айдың кері санағының басы болуы керек.

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерреш Мадрид конференциясы қарсаңында: «Өткен 5 жыл тарихтағы ең жылы жылдар болды. Жыл сайын климат өзгерісі салдарынан ауа ластанып, 7 млн адамның өліміне себеп болып отыр. Сондай-ақ адамның денсаулығы мен азық-түлік қауіпсіздігі қатерге тірелуде. Ондаған жылдар бойы адамзат әртүрлі соғыстарға куә болды. Жердің жылынуы адамзатты қауіп-қатерге тіреп, табиғаттың кері реакциясына тап болды»,- деді.  Ол әлемнің алпауыт экономикаларының көміртек ластығын жою жұмыстарын жеткіліксіз деп атап: «Табиғатпен соғысуды тоқтатуымыз керек. Ғылымға сүйеніп бұл істі орындай аламыз»,- деді.

 

 

 

Мадрид конференциясының ең маңызды бадарламасы өндіріс пен сауда белсендігін арттыру болды.   Дүние жүзіндегі елдерді көміртегі мен көмір нарығына және қазбалы отынға инвестиция салудың орнына климатқа негізделген жобаларға инвестиция салуға және сендіруге болады, Бұл экологтар үшін күрделі мәселе.  Кейбір мемлекеттер өз міндеттемелерін орындамайды. Пәкістан, Гватемала, Колумбия,  Нигерия, Жаңа Зеландия және Барбадос сынды елдер 11 млрд-тан артық көшет отырғызуға уәде берді.  Жеке сектордың 100-ден астам басшысы да жасыл экономиканы жеделдетуге уәде берді. 

ИИР да әділетсіз санкциялармен бетпе-бет келуіне қарамастан парниктік газдарды азайтуға көмектесуге талпынуда.  Осыған байланысты Мадридте өткен Климаттың өзгеруі жөніндегі саммитте Иранның қоршаған ортаны қорғау агенттігі басшысының орынбасары Масуд Таджриши Иранның энергия тұтынуды оңтайландыру жөніндегі әрекеттерін сипаттап: "Иран АҚШ-тың санкцияларына қарамастан   энергия тұтынуды оңтайландыруға әрекет жасап жатыр. Ел халқының 95 пайызы табиғи газға қол жеткізуі үшін жұмыс жасалды",- деді. Ол сондай-ақ парниктік газдар мен климат өзгерісі  салдарынан болған шығындар мен дағдарыстарды азайту үшін қаржы бөлу қажеттігін қуаттады.

Мадрид саммиті Париж климат жөніндегі келісімінде берілген уәделердің орындалатыны мен олардың қалай орындалатыны  туралы шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Өкінішке орай,  осыдан 6 жыл бұрын Польшада өткен келіссөздерде  дәл осы мәселелер талқыланып, отырыс ешбір шынайы шешімсіз аяқталған болатын. Мемлекеттер арасындағы қайшылықтардың бірі Париж келісімінің 6-шы бабына сай негізделген халықаралық көміртегі нарығын құру мәселесіне қатысты болды.  Елдердің көбі бұл негізбен келіскенімен бірен-саран ел еліспейді. Коста-Риканың Энергетика және қоршаған ортаны қорғау министрі Карлос Родригес бұл мәселені мойындап: "АҚШ, Австралия және Бразилия бұл салада келісімге келуге жол бермейді",-  деді.

 

 

Мадрид конференциясының ең маңызды бадарламасы өндіріс пен сауда белсендігін арттыру болды.   Дүние жүзіндегі елдердің көміртегі мен көмір нарығына және қазбалы отынға инвестиция салудың орнына климатқа негізделген жобаларға инвестиция салуға және сендіруге болады, Бұл экологтар үшін күрделі мәселе.  Кейбір мемлекеттер өз міндеттемелерін орындамайды. Пәкістан, Гватемала, Колумбия,  Нигерия, Жаңа Зеландия және Барбадос сынды елдер 11 млрд-тан артық көшет отырғызу уәдесін берді.  Жеке сектордың 100-ден астам басшысы да жасыл экономиканы жеделдетуге уәде берді. 

ИИР да залым санкциялармен бетпе-бет келуіне қарамастан парниктік газдерді азайтуға көмектесуге талпынуда.  Осыған байланысты Мадридте өткен Климаттың өзгеруі жөніндегі саммитте Иранның қоршаған ортаны қорғау агенттігі басшысының орынбасары Масуд Таджриши Иранның энергия тұтынуды оңтайландыру жөніндегі әрекеттерін сипаттап: "Иран АҚШ-тың санкцияларына қарамастан   энергияны тұтынуды оңтайландыруға, соның ішінде ел халқының 95 пайызының табиғи газға қол жеткізуге жұмыс жасалды",- деді. Ол сондай-ақ парниктік газдар және климаттың өзгеруінің салдарынан болған шығындар мен дағдарыстарды азайту үшін қаржы бөлу қажеттілігін қуаттады.

Мадрид саммиті Париж климат жөніндегі келісімінде берілген уәделердің орындалатындығын және олардың қалай орындалатындығы  туралы шешім қабыладуға мүмкіндік берді. Өкінішке орай,  осыдан 6 жыл бұрын Польшада өткен соңғы келіссөздерде   дәл осы мәселелер талқыланған және отырыс шебір шынайы шешімсіз аяқталған болатын. Мемлекеттер арасындағы қайшылықтардың бірі Париж келісімінің 6-шы бабына сай негізделген халықаралық көміртегі нарығын құру мәселеге қатысты болды.  Елдердің көбі бұл негізбен келіседі, бірақ кейбіреулері келіспейді. Коста-Риканың Энергетика және қоршаған ортаны қорғау министрі Карлос Родригес бұл мәселені мойындап: "АҚШ, Австралия және Бразилия бұл салада келісімге келуге жол бермейді",-  деді.

БҰҰ-ның климат өзгерісімен қарсыласу жөніндегі 25-ші конференциясы

 

Келіссөздердің ілгерілеуіне кедергі болған келесі мәселе Париж келісімінің 8-ші негізі болды. Дамушы елдер климат өзгерісі салдарынан көрген зияндарының орнын толтыру туралы әрдайым ұсыныс жасады. Сарапшылардың пікірінше, бұл көбінесе теңіз деңгейі немесе температураның көтерілуіне байланысты климат өзгерісі салдарымен бетпе-бет келген Африка елдері. Белсенділер мен келіссөздерге қатысушылар АҚШ парниктік газдың ірі өндірушісі ретінде климаттың өзгеруі салдарларының шығындарын толтыруы керек деп санайды. Келіссөздерге қатысушыларды үмітсіздендірген келесі тақырып АҚШ-тың келесі жылы климат жөніндегі Париж келісімінен шығуға шешім қабылдауы болды. Мадрид саммиті  13 желтоқсанда  аяқталуы керек болған.  Бірақ жоспарланған мерзімнен екі күн артық жалғасып, 15 желтоқсанда  аяқталды. Екі күнге артық жалғасқанымен нәтижеге жетпеді. Келіссөз жүргізушілер көміртек әлемдік нарығын  реттеу  жөніндегі маңызды шешімді кейінге қалдырды. Гринпис халықаралық институтының директоры Дженнифер Морган саммиттен кейін кейбір елдерді, соның ішінде АҚШ, Бразилия және Сауд Арабиясын климаттық жағдайдың жақсаруына кедергі жасаушылар деп атады. Енді әлемнің барлық елі БҰҰ-ның келесі саммитіндегі жаңа әрекеттерді күтеді. Бұл отырыс 2020 жылдың соңында Шотландияның Глазко қаласында өтеді. Алайда мұрсат қалмағандықтан, әлемнің енді уақытты босқа кетіре алмайтындықтан тез арада қарар қабылдау қажет.

 

 

Тегтер