Адамзат ынтымақтастығының халықаралық күні
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i44776-Адамзат_ынтымақтастығының_халықаралық_күні
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы адамдар арасында ынтымақтастық мәдениетін насихаттауды қуаттап, 2005 жылы бекіткен қарар негізінде 20 желтоқсанды адамзат ынтымақтастығының халықаралық күні деп атады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 23, 2019 11:19 Asia/Almaty
  • Адамзат ынтымақтастығының халықаралық күні

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы адамдар арасында ынтымақтастық мәдениетін насихаттауды қуаттап, 2005 жылы бекіткен қарар негізінде 20 желтоқсанды адамзат ынтымақтастығының халықаралық күні деп атады.

Халықаралық ынтымақтастық күні

 

БҰҰ-ның мыңжылдық декларациясында ынтымақтастық ХХІ ғасырдағы халықаралық қатынастардың негізгі құндылықтарының бірі ретінде көрсетілген. Бүгінде әлем жаһанданып, теңсіздік артып барады. Сондықтан әлемдік қауымдастықтың ынтымақтастығын нығайту қажет. Осы салада Бас Ассамблея ынтымақтастық мәдениетін тереңдету және кедейшілікті тамырымен жоюға қатысу рухын ілгерілетудің маңыздылығын қуаттап,  20 желтоқсанды адамзат ынтымақтастығының халықаралық күні деп атады.

Халықаралық ынтымақтастық күні – тұрақты даму мақсаттарына жету саласында әлемдегі түрлілік жағдайында бірлікті еске алып, үкіметтерге халықаралық келісімдердегі міндеттемелерін құрметтеу, ынтымақтастықтың маңыздылығы туралы хабардар болу және диалогты ынталандыру күні. Дүниежүзілік ынтымақтастық қорын да БҰҰ Бас Ассамблеясы құрды. Оның мақсаты дамушы елдерде, әсіресе олардың кедей топтары арасында кедейшілікті жою мен адам мен әлеуметтік дамуға ықпал етуге бағытталған. Бұл күн тұрақты даму мақсатында әлем елдерінің дамуы үшін  таңдалды. Мыңжылдық құжатында және мыңжылдықтың даму мақсаттарына жету үшін кедейшілікті жою, планетаны қорғау және бүкіл адамзат үшін адамның қадір-қасиетін қамтамасыз етуді әлем басшылары мақұлдаған. Тұрақты даму мақсаттары адам мен Жер құрлығы деген екі негізге шоғырланып, адам құқықтарын қолдап, әлем халықтарын кедейшілік, ашаршылық пен аурулардан құтқаруды көздейді. Бұл мақсаттарға әлемдік ынтымақтастық пен серіктестік арқылы жетуге болады. Бұл күні әлемдік дағдарыстар мен жаһандық даму мақсаттарын шешу саласындағы ұжымдық іс-қимылдың маңыздылығы ескерілді. Барша осы үлкен міндеттерді шешу үшін ұжымдық  ынтымақтастық пен серіктестік жасап, тиісті істердің атқаруы керек. 20 желтоқсанды Адамзат ынтымақтастығы күні деп жариялау БҰҰ мен халықаралық қауымдастықтың басты үш мақсаты саналатын бейбітшілікке, адам құқықтары мен дамуға жету жолы болып табылады.

 

 

Үкіметтер 2000 жылғы Мыңжылдықты дамыту саммитінде бекітілген декларациясында ынтымақтастықты 21 ғасырдағы халықаралық қарым-қатынас үшін қажет негізгі құндылықтардың бірі ретінде жариялады. Бұл декларация бойынша әлемдік дағдарыстар қаржысы мен жауапкершілігі қоғамдық әділет негіздеріне сай бөлінетін басқару арқылы шешілуі керек. Қиындыққа тап болған және аз жеңілдік алатын адамдар бай әрі көп жеңілдіктерге ие болғандардың көмегіне ие болуы керек. Жаһандану мен артып келе жатқан теңсіздік проблемасы жағдайында халықаралық ынтымақтастық пен серіктестікті нығайту Мыңжылдықтың даму мақсаттарына жету үшін маңызды болып табылады. БҰҰ-ның негіздерінің бірі – кедейшілік пен басып-жаншудан зардап шеккен адамдармен ынтымақтастық жасау. Теңдік пен әлеуметтік әділетке негізделген ынтымақтастық халықаралық қауымдастықтың көпжақты міндеттемелерін білдіреді. Барлық халықтар мен үкіметтердің міндеті ынтымақтастыққа қол жеткізу. Адамдар мен үкіметтер арасындағы берік ынтымақтастық әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікке жеткізеді.  

 

Әлемдік деңгейде көптеген проблемалар болғандықтан оларды бір мемлекет жалғыз шеше алмайды. Осындай жағдайда кедей елдер климаттың өзгеруі, азық-түлік пен таза су тапшылығы, су тасқыны мен жер сілкінісі сияқты табиғи апаттардан зардап шегуде. Сондықтан бұл күннің тағайындалуы әлемді жақсарту мен қауіпсіздендіру мәселесіне назар аударту үшін мұрсат саналады. Бұл күні миналарға тыйым салу, мұқтаж жандарды дәрі-дәрмек және медициналық заттармен қамтамасыз ету, табиғи апаттар салдарынан зардап шеккендерге көмектесу, білімге қол жеткізу, сондай-ақ кедейшілік, сыбайлас жемқорлық пен терроризмге қарсы күрес тақырыптарына арналған отырыстар өткзіліп, мақалалар мен веблогтар жазылып, ресми диалогтар жүргізіледі. Халықаралық ынтымақтастық күні баршаға халықаралық келісімдер мен соларда қарастырылған міндеттемелерді орындаудың маңызын еске салады.

 

Бұл мәселе құқық тұрғысынан да талқыға салынады. Ынтымақтастық құқығы мәселесі бейбітшілік құқығы, өз тағдырын шешу құқығы, даму және салауатты қоршаған орта құқығы сынды тақырыптарға назар аудартады. Бұл тақырып үшінші мыңжылдық ұрпағының құқығы ретінде баяндалып, оған көптеген құқықтар енді. Құқықтардың бұл топтамасына көптеген елдердің, соның ішінде Палестинаның өз тағдырын шешу құқығы, көптеген халықаралық конференциялар мен кездесулердің өтуіне себеп болатын қоршаған ортаның ластануы мен климаттың өзгеруі   мәселелері, сондай-ақ дамушы және тіпті дамыған елдер халықтарының әртүрлі қоғамдардың назарын аударатын абыройлы өмір сүру деңгейіне жету құқығы кіреді.

2005 жылы Адам құқықтары жөніндегі комиссия адам құқығына жету саласында декларация қабылдап, сол бойынша ынтымақтастық жасау құқығы саласында тәуелсіз сарапшы тағайындады. Сарапшы жыл сайын халықтың халықаралық ынтымақтастығы жөнінде мәлімдеме тапсырып, соның негізінде іске асырудағы кездесетін проблемалар туралы шешім қабылданды. Сарапшы 2010 жылдың шілде айындағы есебінде мемлекеттер мен ұлттық және халықаралық адам құқығы органдарына жіберілген сұрақтардың жауаптарын келтірді.  

Ол мәлімдемесінде әлемдегі халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығы мен оның халықаралық құқықтарды ілгерілету саласындағы рөліне тоқталып, халықаралық ынтымақтастыққа жету үшін халықаралық қауымдастықтың барлық мүшесінің келісімі мен ынтымақтастығының қажеттігін қуаттады. Халықаралық ынтымақтастық адамгершілік пен адам құқығына жету мен қоғамның әлсіз адамдарына көмектесуді қарастырады.

Әлемнің әртүрлі аймақтарының жылдық күнтізбелерінде Палестина, Кашмир және басқа жерлер халықтарымен ынтымақтастық жасайтын күндер тіркелді. Бұл мәселе тақырыптың маңыздылығы мен тиімділігін нығайтады. Мұндай күндері аймақ халқы үшін ынтымақтастық жасау саласында бағдарламалар жоспарланады.

 

Палестина халқымен ынтымақтастық күні

Қорыта айтқанда, Халықаралық ынтымақтастық күні бұл мәселеге көбірек көңіл бөлу белгілерінің бірі. Әйтпегенде жыл бойы ынтымақтастық жасауға талпыну қажет. Халықаралық ынтымақтастық күні халықаралық қауымдастықтың ынтымақтастық жасау саласындағы талпыныстарын қарастырып, келесі жылы бұл салада жақсырақ нәтижеге жету үшін жоспарлар құру керек. Қазіргі әлемде кедей адамдардың саны байлардан көбірек. Олар көмекті қажет етеді. Әлсіз тапқа көмектесу біздің дамуымызға себеп болады. Халықаралық ынтымақтастық күні ортақ адамгершілік негіздерді қуаттап, ортақ құндылықтарды қорғап, барлық адамдар үшін жақсырақ келешек тілейміз.