Қаң 04, 2020 16:05 Asia/Almaty
  •   2019: Ирандағы өзгерістер  (2)

2019 жыл АҚШ пен Еуропаның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы» деген ядролық мәселе жөніндегі келісімнің іске асырылуына кедергі жасауды жалғастырған жыл болды.

АҚШ ядролық келісімнен шыққан соң еуропалықтар, әсіресе Франция, Британия мен Германия «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын толық қолдауға уәде беріп, Ираннан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне табанды болуды сұрады. Иран өз уәдесін орындады. Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі (АҚХА) «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы іске асырыла бастағаннан әр үш айда бір рет аталмыш келісімнің іске асырылу үдерісі мен Иранның міндеттемелеріне байланысты ядролық жұмыстары мен ядролық нысандары жөнінде  есеп тапсырды. Агенттіктің бүкіл есепбі Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне табанды болғанын көрсетті. Бірақ АҚШ басынан бастап ядролық тақырыпқа байланысты қисынсыз әрі халықаралық қағидаларға қайшы Қауіпсіздік кеңестің қарарына немқұрайдылық танытып, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының кейбір баптарын өзгерткісі келді.

 «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қорғап қалу Иранның қызыл сызығы. Бірақ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын басқалар бұзған жағдайда Иран да бұл келісімге табанды қалмайды. Өткен жылы Еуроодақ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қолдау туралы уәделерін қайталады.  Бірақ Еуропа әрекеттерінің нәтижесі өте осал болды. Еуропа Иранмен арадағы сауда белсенділігіне көмектесетін  INSTEX атты арнайы механизмін іске асыра алмады. АҚШ-тың MIT халықаралық зерттеу орталығының атқарушы директоры Джон Тирман: «Еуропа АҚШ алдында және өз міндеттемелерін орындауда әлсіз.  Еуропаны әрқашан күшті державалар басқарды.  Сондықтан Еуропадан ерекше оқиғаны күтпеу керек»,- деді.   

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи мыңдаған студент және мұғалімдермен кездесуінде АҚШ-тың бұл әрекетіне реакция білдіріп, АҚШ пен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы жөнінде Иран халқының ғиззаты мен ұлылығына тоқталып: «Сан рет «АҚШ-қа сенбеңдер!», - дедім. Салдары осы болды. Үш еуропалық мемлекетпен келіссөз жүргізуге қатысты да оларға сенбеуді сұраймын. Әр келісім үшін шынайы кепілдік алыңдар. Әйтпесе мұндай түрде ілгерілеуді жалғастыру мүмкін емес. Олар кейде күлімсіреп тұрып, қарсы тарапқа қанжар салады»,- деді.

ИИР АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуынан кейін бір жыл стратегиялық сабыр сақтап, бір жыл өткен соң ядролық келісімге қол қойған еуропалық үш мемлекетке өз міндеттемелерін орындауға мұрсат берді. Еуропалықтардың өз уәделерінде тұрмауына реакция білдіріп, Иранның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі оларға 60 күннің ішінде мұнай мен банк салаларындағы міндеттемелерін орындамаса, өз міндеттемелерін қысқартатыны туралы ескерту жасады.

2019 жылдың 8 мамырында ИИР «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының 26 және 36-шы баптары бойынша,  бұл келісмдегі міндеттемелерінің бір бөлігін қысқартатынын жариялады.Иран бірінші қадамында байытылған уран мөлшері мен ауыр суға байланысты шектеулерін тоқтатты.  Содан 60 күн өткеннен кейінгі екінші қадамында уран байыту деңгейін арттырды. Содан соң «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында қалған басқа елдер, әсіресе үш еуропалық мемлекетке АҚШ санкцияларынан келген зиянның орнын толтыру үшін өз міндеттемелерін орындауға 60 күн мұрсат берді. 60 күн өткен соң Иран үшінші қадамында ядролық зерттеу мен даму саласындағы кейбір тыйымдарды тоқтатты. ИИР Президенті  Иран Атом қуаты ұйымына ядролық технологияны зерттеу мен дамыту саласы үшін қажет әрекеттерді бастап, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы бұл саладағы міндеттемелерін қысқартуды бұйырды. Қараша айында Иран Президенті Хасан Рухани Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін қысқартуда төртінші қадамын іске асырғанын хабарлап: «Барлық тараптар Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына біржақты табанды бола алмайтынын білуі керек»,- деді.

АҚШ-тың зорлық-зомбылық саясаты мен еуропалықтардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындамауы Иранды еуропалықтардың уәдесін күтпеу керек деген нәтижеге жеткізді. Иран әртүрлі қадамдарына қатысты еуропалықтарға жеткілікті уақыт берді. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы Иран үшін оның пайдасын көрген жағдайда құнды. Кері жағдайда құнсыз. Америкалықтар 2019 жылы үш мақсатты көздеді. Олардың басты мақсаты Ирандағы жүйені өзгерту, өзгерте алмаған жағдайдағы келесі мақсаты оны әлсірету болды. Америкалықтардың үшінші мақсаты Иранға келіссөздерді өздері қалаған тәсілмен жүргізуді танытып, Иранды келіссөздер жүргізуге бағындыру үшін санкцияларды арттыру.

Иран халқы көптеген қиындықтардан өтіп, оларға қарсы тұрып, қысымдар мен қастықтарға қарсы тұру күшіне ие болды.

Иран санкциялар мен дағдарыстарға қарамастан табиғи және адами әлеуеттер тұрғысынан теңдессіз. Өзінің көптеген мүмкіндіктерін пайдаланып, әсіресе жастарының арқасында өз жолын жалғастыра алады. Бұл мүмкіндіктер ислам революциясының жаңа кезеңіндегі ілгерілеушілікті жалғастыру үшін сенімді тірек.

АҚШ саясаты аймақта шиеленіс тудырып, өзінің орналасуын ақтап, жобаларын іске асырып, мақсаттарына жетуді көздейді. Осыған орай 2019 жылы ИИР өзінің сыртқы саясатында біржақтылыққа қарсылық білдірді. Иран сондай-ақ жаппай қырып-жоятын ядролық қарудан химиялық қаруларды шығаруға тыйым салуды талап етті. Осы салада Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Twitter-дегі парақшасында еуропалық үш мелекеттің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне зымырандар туралы хатына тоқталып, бұл хатты «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін іске асырыла алмауды жасыруды көздейтін үмітсіздендіретін өтірік деп атады. Иран Сыртқы істер министрі Қауіпсіздік кеңесінің №1929 қарары күшінің жойылуы мен Кеңестің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бекіту шешімінің суреттерін көрсетіп: «Егер еуропалық үш мемлекет әлемдік беделге ие болғысы келсе, АҚШ-қа бағынудың орнына өз міндеттемелерін орындауды бастай алады»,- деді. Зариф АҚШ Мемлекеттік департаментіндегі Иранға қарсы әрекеттену тобы басшысы сөздерінің бір бөлігіне сүйеніп, Twitter–де: «Брайн Хук «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қол қойған еуропалық тараптардың ұстанымына ескерту жасап, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарында зымырандық сынақтарға тыйым салынбағанын мойындады»,- деп жазды.

Қорыта айтқанда, Иранның стратегиялық саясаты халықтардың құқықтарын құрметтейтін бүкіл елдермен сындарлы келісімге келуді қарастырады деп айтуға болады.

 

 

 

    
  

 

 

 

Тегтер