Хазірет Фатима (ғ.с.) (2) "Инсан" сүресі
(last modified Tue, 14 Jan 2020 07:25:43 GMT )
Қаң 14, 2020 13:25 Asia/Almaty
  • Хазірет Фатима (ғ.с.) (2)

Исламның ұлық пайғамбарының қадірлі қызы хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид болған күні кейбір рауаяттар бойынша джамади аууал айының 13 жұлдызы, басқа рауаяттар бойынша джамади әс-сани айының 3 жұлдызы. Осы екі күннің аралығында хазірет Фатиманы (ғ.с.) аза тұту рәсімдері өтеді. Осы күндерге байланысты хазірет Фатима-Заһраға (ғ.с.) қатысты Құран аяттарының тәпсірін ұсынамыз.

 

Бүгін "Инсан" сүресінің аяттарына сүйеніп,  хазірет Фатима-Заһра  (ғ.с.) мен пәк отбасының жанкештілігіне тоқталамыз.

 

 

Имам Хасан Моджтаба (ғ.с.) мен имам Хусейн (ғ.с.) бала кезінде науқастанып, Пайғамбар (с.ғ.с.) бірнеше сахабасымен олардың жағдайын білуге барып, әкесі имам Әлиге (ғ.с.): "Егер олардың жазылуы үшін нәзір етсең, Алла оларға тезірек шипа береді деген үміт бар",- дейді. Хазірет Әли (ғ.с.): "Уа, Алланың елшісі! Олардың сауығуы үшін үш күн ораза ұстаймын деп нәзір етемін",- дейді. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) мен оның қызметшісі де хазірет Әлимен (ғ.с.) бірге нәзір етті. Бірнеше күннің ішінде Алла елшісінің екі перзенті жазылып, хазірет Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатима (ғ.с.) нәзірлерін орындап, үш күн ораза тұтады. Хазірет Фатима –Заһра (ғ.с.) ауызашардан бұрын арпаны диірменге тартып, үшке бөліп, әр бөлігін әр күннің ауызашарына қойып, үш күн нан пісірді. Бірақ дастархан басына отыра берген кезде әлсіз мұқтаж жолаушы есік қағып, тамақ сұрайды. Олар тамақтарын мұқтаж адамға береді. Екінші күні жетім келіп, тамақ сұрағанда барлығы өз үлестерін жетімге беріп, өздері сумен ауыз ашады. Үшінші күні тағы бір мұқтаж келеді. Ол аш тұтқын екен. Бұл кеште де бұл отбасы тамақты тұтқынға беріп, өздері сумен ауыз ашады.

Осыған орай Алла Тағала хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) мен хазірет Әли (ғ.с.) және олардың перзенттері имам Хасан (ғ.с.) мен имам Хусейннің (ғ.с.) жанкештілігі жөніндегі хабарды таратты. Алла Тағала бұл сүрені хазірет Фатима (ғ.с.) мен хазірет Әли (ғ.с.) және перзенттері имам Хусейн (ғ.с.) мен имам Хасанның (ғ.с) жанкештілігін көрсету үшін жіберіп:  "Тамақты жақсы көре тұра міскінге, жетімге және тұтқынға жегізеді.  Олар: “Шын мәнінде сендерді Алланың ризалығы үшін тамақтандырамыз. Сендерден бір төлеу, алғыс тілемейміз",- деді. ("Инсан" сүресі, 8-9 аяттары).