Үндістан мұсылмандарына қарсы ұйымдастырылған зорлық-зомбылықтар
Бұл күндері әлемдегі коронавирустың салдарынан қаза тапқан адамдардың санының артуы мен бұл вирусқа қарсы шаралар жаһандық ақпарат құралдардың басты хабарлары болып отырғанымен, Үндістан мұсылмандарына қарсы ұйымдастырылыған зорлық-зомбылықтардың артуы бұл елдегі хабарлардың дүниежүзілік бұқаралық ақпарат құралдардың назарын аудартты.
Үндістандағы мұсылмандарға қарсы зорлық-зомбылық бірінші рет орын алып отырған оқиға емес, бірақ биыл, әсіресе соңғы апталарда шиеленіс күшейе түсті. Зорлық-зомбылықтардың салдарынан соңғы бір аптаның ішінде 46 адам өліп, 300-ден астам адам жарақат алды. Неге Үндістанда Мұсылмандарға қарсы зорлық-зомбылықтар күшейді? Соңғы зорлық-зомбылықтардың өткен сайлаудағы Үністан Премьер-министрі Модидің қайтадан жеңіске жетуіне қатысы бар ма?
Үндістан мұсылмандарына қарсы зорлық-зомбылықтардың күшеюінің себебі
Осы жылдың басында сайлау науқанының кезінде Бхаратия Джаната партиясының жетекшісі Амит Шах үнді мұсылмандарын – иммигранттар деп тауып, өзінің нәсілшіл сөзінде оларды «ақ құмырсқалар» деп атап, «Бенгал шығанағына лақтырамыз» деп уәде берген. Сонымен бірге Үндістан Ішкі істер министрі әрі Нарендра Модидің оң қолы Амит Шах «құмырсқалар» деп атаған мұсылман мигранттарды еден шығарып жіберуді талап етіп, 2019 жылдағы сайлауда билік басындағы Бхаратия Джаната партиясының қайтадан жеңіске жетуі олардың елдегі әсерін қайтару компания екенін қуаттады. Саяси сарапшылардың пікірінше, Бхаратия Джаната партиясының шенеуніктерінің бұл сөздері билік басындағы партия мен Моди үкіметінің үнді мұсылмандарына қатысты белгілі стратегияны ұстанатынын білдіреді. Басқаша айтқанда, мұсылман иммигранттарына қысым көрсету BJP үнді-ұлтшыл партиясының ұрандарының бірі болды. 2014 жылы Үндістандағы парламенттік сайлауда жеңіске жетуі және биылғы сайлауда қайтадан билікке ие болуы бұл партияға өзінің ұлтшылдық саясатын жүргізуге мұрсат тудырды. Сондықтан билік басындағы партия екі маңызды әрекетті іске асыруда. Моди үкіметінің алғашқы әрекеті Үндістан Конституциясының 370-ші бабын жою болды. Конституцияның бұл негізінің күшінің жойылуымен Джамму мен Кашмир аймақтарында мұсылман еместердің жер сатып, алу қоныстауларына және басқаша айтқанда демографиялық құрылымды индустардың пайдасына өзгертуді көздеді. Нью-Дели үкіметі мен үнді экстремистік топтарының екінші әрекеті Үндістанның Өкілдер палатасында даулы азаматтық заңның қабылдауы болды. Жаңа заң бойынша индустер, сикх, зороустр, христиан және буддист сияқты азшыл топтар үнді азаматтығын ала алады. Бірақ Үндістанның ең үлкен азшылдары, яғни 200-250 миллион жамағаты бар мұсылмандары бұл құқыдан мақұрм қалды. Тағы бір ескеретін жәйт, Мьянмада рохинджа мұсылмандарының қырылуы артқаннан кейін мұсылмандар Бангладешке қашуға мәжбүр болды. Бірақ Бангладеш кедей ел болғандықтан оларға пана бере алмайтындықтан, рохинджа мұсылмандары сөзсіз Үндістанның шығыс провинцияларында пана тапты. Мьянма мұсылмандарының Үндістанға қоныс аударуға мәжбүр болуы Моди үкіметі қолдайиын үнді экстремистердің ел жамағаты құрамының мұсылмандардың пайдасына өзгеруіне алаңдаушылық тудырды. Бұл алаңдаушылықтар осы кезде Үндістан Мәжілісінің көпшілік орындарына ие билік басындағы партиясының Мәжіліске азаматтық жобаны ұсынуына және бұл жобаның көптеген сынауларға тап болуына қарамастан бұл заңның бұл елдің Мәжіліс өкілдерінде бекітілуімен заңға айналуына себеп болды. Саяси сарапшылардың көбінің пікірінше, бұл заң қазіргі уақытта үнді мұсылмандарына қарсы ұйымдасқан зорлық-зомбылықтың негізі болып табылады. Үнді халқына толық қолдау көрсетеді деп күтілген Моди үкіметі бұл кең таралған зорлық-зомбылықты тек бақылап отыр.
Қорыта айтқанда көптеген саяси бақылаушылар Үндістандағы басқарушы фундаменталистік үкімет 72 халық елінде исламдық болмыс пен белгілерді жойып, Үндістанды үнділер мемлекетіне айналдыруға талпынуда. Үндістан басшыларының уәждерінше, бұл әрекеттер үнділердің мадақтайтын тарихына оралу. Іс жүзінде бұл әрекеттер Үндістанның исламдық мұраларын маңызды емес қылып көрсетеді. Егер Үндістан үкіметінің бұл елдің мұсылмандарына байланысты әрекеттері жалғасатын болса, Үндістан мен ислам әлемі елдері арасындағы қарым-қатынастарға әсерін тигізеді және бұл мәселенің ұзаққа созылуы Үндістан үкіметінің мүддесіне болмайды. Бұл елдің оппозициялық партиялары да Моди үкіметінің саясаттарына білдірген соңғы наразылықтарында бұл тақырыпты қуаттады.