Нау 13, 2020 17:19 Asia/Almaty
  • Коронавирустың саяси, әлеуметтік және экономикалық салдарлары

Бұл күндері коронавирус саяси орталар мен ақпарат құралдар және әлеуметтік желілер мен отбасылардың ең маңызды мәселесіне айналды

 

Осы кезде жүзден астам мемлекет бұл вируске шырмалды. Коронавирус  Қытайдан басталып, бүгін бүкіл әлемге таралған апат болды.

Коронавирус денсаулық сақтау жүйедегі ғана дағдарыс емес. Әрине бұл экономикалық, әлеуметтік, мәдени және тіпті ішкі және халықаралық саясат салаларындағы дағдарыс. Сондықтан бұл дағдарыстың салдарлары тек денсаулық емес,  мәдени, экономикалық, саяси салалар мен тіпті адамдардың қатынастарына әсері тигізеді. Әлемнің жұқпалы аурудың таралуымен бетпе-бет келіп отырғаны бірінші рет емес. Бірақ коронавирус кең ауқымды және жылдамдықпен таралуына байланысты әлемнің түпкір-түпкірін шырмаған сирек аурулар қатарына қосылды. Бүкіл әлемдіктер ауруды сезіп, вирустың баршаның тағдыры  үшін қоқан-лоққы саналуы тарих бойында бірінші рет байқалуда. Коронавирустың таралуы көптеген салаларда күрделі өзгерістер әкелді және әліде әкеледі.   

Коронавирустың пайда болуы жөнінде көптеген пікірлер айтылды. Пікірлердің бірі бойынша, бұл вирус Қытайдың Ухань қаласындағы жабайы аңдар базарында аңнан адамға жұққан. Расында қытайлықтардың тамақтану тәсілі және жабайы аңдарды пайдалануы аурудың аңнан адамдарға жұғуына үлкен әсер етеді деген өте күшті теория. Дәстүрлі медицина мамандарының бірі қытайлықтардың әртүрлі нәрсемен тамақтануының коронавирустың таралуына әсерін тигізгеніне немқұрайдылық танытуға болмайды деп санайды. Бұл мәдениет Жапонияның Қытайға шабуыл жасап, қытайлықтарды қоршауға алғаннан бері қалыпасты. Қытайлықтар біра уақыт аш қалып, сол кезден жердегі әртүрлі жәндік пен әр нәрсені жейтін болған. Бұл дұрыс емес тамақтанудын басталуы болды. Әртүрлі нәрсемен тамақтануы бұл елдің бүкіл аймақтарныда емес, көбінде жағалау аймақтарында байқалады. Мәселен, бұл елдің батысында бұл өте аз байқалады. Сондықтан басқа аймақтарымен салыстырғанда халал тамақ ішіп-жейтін Қытайдың батыс аймақтарында коронавирус жұқтырғандардың саны көп азырақ болар. Әрине коронавирустың тамыры жөніндегі мәселе осы кезде ғалымдармен зерттелуде.

Келесі пікір бойынша, бұл вирус Қытай экономикасына соққы беру үшін АҚШ-тың биологиялық зерттханаларынан шығарылған және бұл биологиялық соғыс болып табылады. Коронавирустың түпкі себебі туралы кез-келген теория белгілі бір мәселе болып табылады. Алайда аурудың әлемнің көптеген елдерінің  әртүрлі экономикалық, саяси, әлеуметтік және қауіпсіздік салаларына әсерін тигізгені анық.  Осы кезге  бір аурудың дүниежүзілік өршуі әлемнің денсаулығы мен экономикалық және саяси жағдайына коронавирустың әсеріндей әсер еткен жоқ. Бұл әсер ақпараттық-коммуникациялық төңкерістің және жаһанданудың нәтижесі. Жаһандану - адам өміріндегі маңызды кезең және ол адамзаттың өмір сүру және сауда жасау тәсілін өзгертті. Бірақ бұл жаһандану адамдар мен елдердің осалдығын да арттырды.

Жұқпалы аурулар әрдайым байқалған және  аландаушылықтар мен қорқыныш тудырып, адамдардың өліміне әкелген. Бұл аурулар таралып, апат әкелген. Бірақ осы кезде SARS, MERS және CORONA вирустары олардың орнына келіп,  адамдар мен олардың күнделікті тұрмысын қиындатты. Олар қырып-жоюмен шектелмей, күн сайынғы тұрысқа әерін тигізіп, жұмыс орындары мен серуен орталықтарының жұмысын тоқтатты. Өндіріс, сауда, мәдениет, кино, спорт, мектеп  және университеттер жабылды.

Corona вирус  - технологиялық вирус, бірақ  қазіргі ғасырдағы технологияның өкілінің бірі Билл Гейтстің айтуынша, «технология оны басқара алмайды». Не дегенімен технология үшін өзінен шыққан зұлымдықтан гөрі табиғи апаттарға қарсы тұру оңайырақ көрінеді. Технология өркениеті табиғи апаттардан  өзінің ішкі қирату күштерінен қорқатындай қорықпайтын сынды. Бірақ адам бұл қорқыныш пен оны салдарларын жеңуі керек. Бұл аадмзат тарихының жаңа беті. Коронавирустың жылдам таралуы, бұл вирустың шекарамен санаспайтынын көрсетті. Коронавирус қайтадан әлемді басқаларға қауіп-қатер тудыру арқылы өз қауіпсіздігін сақтап қала алмайсын деп үйретті. Шекаралар  мен дуал салу адамзатты қатерлерден қорғай алмайды. Дональд Трамп «алдымен АҚШ» деген ұраның айтқан кезде, ойлайтын адамдардың көбі бұл ой-пікірідің қателігінің терең болуын түсінді. Үкіметінің коронавирустың қатерін теріске шығаруына қарамастан, АҚШ аурудың таралуының салдарларымен бетпе-бет келді. АҚШ бір-біріне қатынас ортанқан әлемде өмір сүретінің түсініп, өзін қорғау үшін басынан бастап, басқаларды қорғауға асығуы керек еді.

Осы кезде коронавирустың әлемдегі экономикалық салдарлары анық байқалуда. Әлемдік экономиканың бәсеңдеуіне байланысты мұнай бағасының бұрын-соңды болмаған мөлшерде төмендеуі коронавирустың  таралуының салдарының бірі болып табылады. Әлемдік экономикалық өсудің төмендеуінің маңызды себебі - әлемдегі екінші экономикасы және әлемдегі екінші мұнай тұтынушысы саналатын Қытай экономикасының құлдырауы. Қытай экономикасы әлемнің экономикалық қозғаушысы саналады. Әлемде Қытайда филиалы жоқ ешбір танымал бренд жоқ. Атақты американдық экономистердің бірі әрі 2001 жылдағы  Нобель сыйлығының лауреаты Джозеф Стиглиц теледидардан берген сұхбатында коронавирустың әлемдік экономикаға тигізетін әсері туралы: «Біз қазір өте интеграцияланған және өзара байланысты экономикаға ие әлемде өмір сүріп жатырмыз. Егер коронавирус едәуір таралатын болса, онда коронавирустың экономикалық әсерінің Қытайдан шығып, салдарының әлемдік экономикаға    әсер етуінің куәсі боламыз. Қытай экономикасы әлемдік эконмиканың өте маңызды бөлімін құрайтын болғандықтан,  әлемдік экономика үшкен шығын көреді»,- деді. Колумбия университетінің ұстазы коронавирустың ағымдағы жылы әлем экономикасына тигізетін әсері жөнінде: «Мұндай вируссыз әлемде экономикалық тұрақсыздықтың деңгейі жоғары»,- деді. Ол Трамп үкіметінің саясаттары мен Қытай арасындағы сауда соғысының басталуын әлем деңгейіндегі тұрақсыздықтың ең үлкен үлесі деп тауып: «Коронавирустың экономикалық салдары өскен сайын тұрақсыздық деңгейі өте жоғары болады»,- деді.   Пенсильвания университетінің Уортон мектебінің профессоры  Мауро Гильеннің пікірінше, егер соңғы жылдары саясат пен сауда  соғысы экономикадағы белгісіздіктің екі негізгі факторы болса, осы кезде үшінші факторының қосылғанын көреміз. Гильен коронавирустың экономикалық салдары  өте көп болады деп санайды. Оның көзқарасынша, жаңа құбылыстың экономикалық салдарлары тек Қытаймен шектелмейді, әлемнің бүкіл экономикасына әсерін тигізеді. Әлем экономикасының Қытайдың экономикалық дамуына тәуелді болуына байланысты осы кезде басқа мемлекеттер вирустың таралуына шырмалды. Гильеннің пікірінше, «осы кезде  коронавирустың экономикалық салдарын бағалау мүмкін емес. Бірақ жаңа вирус әлем экономикасындағы тұрақсыздықтың жаңа факторына айналғаны белгілі».

 

Тегтер