АҚШ-тың мемлекеттік биотерроризмы және Эбола вирусы (2)
(last modified Mon, 16 Mar 2020 10:33:37 GMT )
Нау 16, 2020 16:33 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың мемлекеттік биотерроризмы және Эбола вирусы (2)

Эбола вирусының Африка елдерінде, әсіресе Гвинея, Сьерра-Леоне және Либерияда таралуына байланысты, бұл мәселе бойынша әртүрлі пікірлер айтылды.

Кейбір сарапшылар Эбола вирусын Африкадағы экологиялық жағдайға байланысты жайылған вирус деп санаса, басқалары бұл вирус АҚШ-тың Африкаға генетикалық араласуының салдарынан таралды және АҚШ бұл жолмен өз мүдделеріне жетуді ойлайды деп санайды. Бүгін осы екі түрлі көзқарасты қарастырамыз.

Эбола туралы кейбір зерттеулер мен мәлімдемелер аурудың табиғи ағымын көрсетеді және оның таралуына адамның қатысты болуын қабылдамайды. Зерттеулер нәтижелері бойынша, белгісіз ауру 2013 жылдың 26 желтоқсанында Гвинеядағы кішігірім ауылдың бірінде таралды, бірақ тек 2014 жылдың 21 наурызында ғана Эбола деп танымал болды. Кейбір зерттеулер көрсеткендей, Эбола індетінің алғашқы мысалы Батыс Африкадағы Мелианду ауылындағы 18 айлық  ер балада табылған. Бұл кішкентай ауыл Геккеду орман алқабында орналасқан. Кейбір деректер бойынша аймақтағы ормандардың шамамен 80 пайызының жоғалуы нәтижесінде бұл жерде жұқтырған жабайы аңдар мен жарқанаттар байқалды. Аңдар Эбола вирусының табиғи көзі деп саналады. Эбола ауруының алғашқы құрбаны аурудың белгілері байқалардан бұрын жарғанаттарға толы іші қуыс ағаштың қасында ойнап жүргені  туралы айтылды. 2014 жылдың қаңтар айының екінші аптасында бұл баланың отбасының бірнеше мүшелері, орта медициналық қызметкерлер, дәстүрлі емшілер және Гекдо ауруханасының қызметкерлері бұл вирусты жұқтырды. Кейінгі апталарда бұл аурудың таралуы кеңейіп, оның салдарынан  өлгендердің саны артты. Францияның Лион қаласындағы Пастер институты 2014 жылғы 22 наурызда Гвинеядағы Эбола ауруын растады, ал 2014 жылдың 23 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзінің веб-сайтында Эбола ауруының таралуын ресми түрде жариялады.

Эбола вирусының пайда болуы мен таралуын жануарлармен байланысты деп санайтындарға керісінше, кейбір сарапшылар Эбола вирусының АҚШ-тың Африкадағы генетикалық араласуы нәтижесінде,   сонымен қатар басқада әртүрлі мақсаттарын көздегенін жариялайды. Либерияның ең ірі батыс африкандық газеті Daily Observer, 2014 жылы ғылыми құжатын жариялап, АҚШ-ты Эбола вирусының өндірушісі  деп таныстырып: «АҚШ Африкадағы жасырын «200 келісім» деген әрекеттерімен Эболаны таратуды өз жұмыс тәртібінде  қарастырып отыр. Бұл газетте жарық көрген Либериядағы жұқпалы және микробты аурулар жөніндегі маман профессор Кирил Бродериктің мақаласында: «Эбола вирусы АҚШ-тағы индустриалды-әскери корпорацияда биологиялық қару ретінде жасалған генетикалық модификацияланған организмдердің (GMO) бірі түрі»,- деп жазылды. Профессор Бродерик мақаласының жалғасында «Эбола мен СПИД сынды аурулар мен вирустардың пайда болуы кездейсоқ оқиға?» деген сұрақты көтеріп: «АҚШ-тағы биологиялық қарудың осы түрін жалғыз өндіруші, Африка құрлығындағы вирустар мен соған байланысты вакциналарды бақылау және сынау міндетке де ие. Тиісінше, Африкада, әсіресе Батыс Африкада, АҚШ пен оның қарамағандыға ұйымдардың бақылауында Эбола сынды жаңа ауруларға қарсы тұратын вакцинамен немесе емдеуді қамтамасыз ету үшін көптеген базалар құрылды»,- деп қосты.

Эбола вирусына шалдыққан адамды карантинге жатқызу талпыныс

Профессор Бродерик Африка елдеріндегі бүкіл жасырын сынақтардың АҚШ-тың индустриалды-әскери корпорациясымен жасалатынын қуаттап: «Бұл тақырыпты 1998 жылғы доктор Леонард Горовицтың кітабында көруге болады. Горовицтың кітабында АҚШ әскери, медициналық және өнеркәсіптік компанияларының кейбір африкалық елдермен, соның ішінде Оңтүстік Африкамен бірлесе отырып,  Африкадағы халықтың санын азайтуға бағытталған биологиялық құпия әрекеттерді бастағаны туралы айтылды»,- деп жазды. Бродерик Горовицтың кітабының сатылуының артуына тоқталып: «Горовиц өз кітабында  ғылыми мәліметтерге сүйеніп, АҚШ-тың биологтарының Эбола вирусын бірінші рет Конгода сынақтан өткізгенін, содан соң  биовирустарын Гвинеяда таратқанын көрсетті»,- деп қосты. Профессор Бродерик мақалсының соңында Африка басшыларын биологиялық соғыстарға қарсы көтерілуге және Африка халқын АҚШ-тың сұм мақсаттарына жету саласындағы зертханалық  тышқандарға айналдыруларына рұқсат етпеуге шақырды. Доктор Майкл Маден, Оңтүстік Африкадағы инфекциялық және микробты аурулар жөніндегі маманның пікірінше, «АҚШ Эбола  вирусын биологиялық қару ретінде пайдаланады. Өйткені бұл вирус жылдамдықпен таралып, оған шалдыққандардың  көбі қаза тапты. Сондықтан оның вакцинасына иелер өз шарттарын басқаларға таңи алады.

Джон Прайс-ле, Сьерра-Леона  еліндегі Эбола лагерінің дәрігері, АҚШ-тың ZEMP компаниясының Эболаның ресми емес вакцинасын жасау әрекетіне тоқталып: «АҚШ ақпарат құралдары көптеген үгіт-насихаттарымен алдымен Эбола вирусына қатысты көптеген алаңдаушылық тудырды, содан кейін оны емдейтін препараттарын ұсынды. АҚШ бұқаралық ақпарат құралдарының ұқсас әдісін құс тұмауының таралуы кезінде байқауға болады. Бұл америкалықтардың адамгершілік пен моральдан жат әдістерінің бірі, бірақ халықаралық қоғам оның алдында үнсіз қалуда»,- деді. Осыған байланысты 2014 жылы ресейлік басылымдврдың бірі Эбола вирусын Вашингтонның болашақ биологиялық қаруы деп атап: «АҚШ бұл вирустың вакцинасын отыз жыл бұрын жасаған»,- деп жазды. Сондай-ақ Солтүстік Корея шенеуніктері АҚШ-ты Эбола вирусының таралуының басты шабыттандырушысы деп жариялады. Кореяның орталық жаңалықтар агенттігі  2014 жыл бойы: «АҚШ микробтық соғыс жүргізу мақсатымен Батыс Африканың микробтық қару институттарында Эбола вирусының алғашқы үлгілерін жасады»,- деген хабарды таратты. Сондай-ақ ызаланған   солтүстік кореялықтардың АҚШ-ты халықаралық сотқа тартып, адам құқықтарын әшкере бұзғаны үшін соттауға шақырғандарын қуаттады. Мамандар қоғам назарын Эболаның Африкадағы АҚШ-тың лабораторияларында генетикалық түрлендірілген организм екендігіне аудартуда.

Эбола вирусынан өлген адамды жерлеу

Иллинойс университетінің докторы Фрэнсис Бойл және Либерия және Делавэр университеттерінің докторы Кирилл Бродерик ғылыми зерттеулеріне сүйеніп, Эболаның тамыры Американың биомедициналық зертханаларда жатыр деп санайды. Бұл екі ғалым өз зерттеулерінің нәтижелерін көрсеткендері үшін АҚШ теледидары мен ақпарат құралдары тарапынан қатты сынға ұшырады. Доктор Бойл Aggeliki Dimopoulou веб-сайтына берген сұхбатында «Эбола Африкадағы денсаулық дағдарысының салдары ма?» деген сұраққа: «Бұл уәж басынан дұрыс емес. Бұл уәждер тек пропаганда. Біздің зерттеулеріміздің нәтижелері бойынша, бұл Африканың батыс жағалауындағы АҚШ зерттаханаларынан шыққан биосоғыстың нәтижесі және егер сіздер ауруды бақылайтын орталықтың ұсынған картасына қарасаңыздар, АҚШ зертханаларының Эбола таралған аймақтардың ортасында орналасқандарын байқайсыздар»,- деп жауап берді. «Сіздің ойынызша, АҚШ әскери күштерінің Эболамен күресуге аттануларының мақсаты не?» деген сұраққа, Бойл: «АҚШ армиясы Либерияға шабуыл жасады. Олар Либерияға әуе күштерін аттандырды, бұл күштер адамға дәрігерлік жәрдем беру жаттығудан өтпеген. Расында, олар Либерияға әскери базасын орнату үшін аттанды. Ұлыбритания Сьерра-Леонеде де ұқсас әрекеттенуде. Франция Мали мен Сенегалда белсенділік жасауда. Сондықтан Батыс елдері әскери күштерін адамдарды емдеуге жібермейді. Либерия университетінің профессоры, доктор Кирил Бродерик Эболаның АҚШ-тың биологиялық соғыс зертханаларының генетикалық түрлендірілген ағзасының өнімі деп санайды. Эболаның үрейлі тарихы бар және бұл вирус Африкада жасырын түрде тексерілген.

Гарвард университетінің  түлегі және 1998 жылы денсаулық сақтау және биотерроризм саласында танымал болған ғалым, доктор Леонард Горовиц өзінің «Дамып келе жатқан вирустар: СПИД және Эбола; табиғат, кездейсоқ немесе қасақана» атты еңбегінде жаңа аурулардың қатері туралы баяндады. Горовиц бұл кітабында: «Деректі дәлелдер Американың Ұлттық онкологиялық қоғамы (NCI) зерттеушілері 1960 жылдары әртүрлі аңдардың гендерінен лейкемия, саркома немесе сүйек кемігінің қатерлі ісігін тудыратын және арықтап, өлімге әкелетін вирусты шығарғанын көрсетті»,- деп жазды. Горовец кітабының бір бөлігінде «СПИД және Эбола вирустары табиғи түрде пайда болды ма, әлде олар кездейсоқ пайда болды ма немесе   әдейі жасалып, таралды ма?» деген сұраққа  жауап беріп: «Мен, 2500-ден астам мемлекеттік құжаттар мен ғылыми мәліметтері зерттеп, СПИД және Эбола сияқты вирустардың табиғи емес деген нәтижеге келдім. Мен оқырмандарды және Америка мен әлем азаматтарын бұл қорқынышты апаттың кездейсоқ немесе немесе халық саның басқаруды көздеген жасырын сынақ болғаны туралы шешім деп санаулары үшін еркін қалдырамын»,- деді.

Африкадағы Эболаның таралуына АҚШ-тың жасырын қатысты болуы