Жетекші көзқарасы: "Беғсат" түсінігі
"Беғсат" – хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) пайғамбарлық міндетке сайланған күні; Исламның үлкен әрі әсерлі және сырға толы мейрамдарының бірі.
Жыл сайын хиджри шамси күнтізбесі бойынша Жаңа жылдың басталуы және Наурыз мейрамының келуімен имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесі Ислам революциясы жетекшісінің сөзін тыңдауға жиналған зияратшыларға толатын. Биыл 1399 жылдың алғашқы күні коронавирустың таралуына байланысты діни жетекші Мешһед қаласына сапарын шеккен жоқ. Сондықтан ол кісі Исламның ұлық пайғамбарының «Мабас» күні сөз сөйлеп, имамға (ғ.с.) сағынышын білдіріп: «Алыста болғаныммен, өзіңді еске алып, сөзімді сөйлеймін»,- деді.
«Беғсат» – хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) пайғамбарлық міндетке сайланған күні; Исламның үлкен әрі әсерлі және сырға толы мейрамдарының бірі. Алла Тағала ғасырлар өткен соң толық әрі кемел Ислам дінін жаратылған әлемнің ең жақсы жаратылысының қолына тапсырып, адамдардың алдынан хикмет пен мағрифат есіктерін ашты. «Мабас» тарихтың өзгеруінде маңызды рөл атқарды. Ислам революциясының жетекшісі Құран аяттарына тоқталып, сөзінің тақырыбын «Беғсат» оқиғасының маңыздылығына арнап: «Алла Тағала Құран Кәрімде барлық үлкен пайғамбарлардан соңғы Пайғамбар (с.ғ.с.) «беғсаты» кезінде оған иман келтіру және үмбеттерін Исламның ұлық пайғамбарына иман келтіруге насихаттауға уәдес алды. «Сол уақытта Алла пайғамбарлардан: «Сендерге Кітап, хикмет бердім, соңыра жандарыңдағыны растаушы Пайғамбар келсе, әлбетте оған иман келтіріп, әрине оған жәрдем етесіңдер!»,- деді». («Әл-Имран» сүресі, 81-ші аят). Келесі бір аятта: «Ол қадір-қасиеттері Тәуратта және Інжілде айтылған пайғамбар»,- деп айтылды. («Ағраф» сүресі, 157-ші аят). Сондай-ақ, басқа аятта хазірет Исаның сөзі бойынша: «Әйғ Израил ұрпақтары! Шын мәнінде мен сендерге Алланың Елшісімін, алдымдағы Тәуратты растаушы және менен кейін келетін “Ахмед” атты пайғамбарменен сүйіншілеймін»,- деп айтылды. («Сафф» сүресі, 6-шы аят). Бұл оқиға туралы хзірет Әлидің (ғ.с.) «Наһдж ул-Балағе» кітабында да баяндалды.
Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасынша, «беғсат» халыққа шындықты анықтауымен маңызды. «Беғсат» адамға өмір сүру тәсілін үйретеді. Ислам жеке адамның ахлағы, сабыр, кешірім, азаттық, әділет, адамгершілік, ахкам сынды түсіінктерге назар аудартады. Ислам революциясы жетекшісінің айтуынша, халық пен адамзат қоғамы аталмыш құндылықтарға сай өмір сүріп, өмірдің негізгі мағынасын түсінеді. Аятолла Хаменеи: «Кейбір адамдар азаттық пен қоғамдық әділет деген түсініктер Батыста туындады деп ойлайды. Бірақ Батыстың бұл түсініктермен танысқанына тек 3-4 ғасыр өтті, бірақ оларға сай әреке етпейді. Ал Ислам бұл түсініктерді адамзатқа 1400 жыл бұрын ұсынды және батыстықтардың әділетсіз әрекеттеріне керісінше Исламның басы мен кез келген мүмкін жағдайда бұл түсініктерге сай амал етті»,- деді. Бүкіл пайғамбарлар мен қасиетті кітаптардың жіберілуінің мақсаты халық арасында қоғамдық әділет орнату болды. Немесе азаттық туралы айтатын болсақ, хазірет Әли (ғ.с.) «Наһдж ул-Балағе» еңбегінде Франция сынды батыс елдеріне азаттық мәселесі баяндалудан мың жыл бұрын: «Басқаның құлы болма, Алла Тағала сені азат қылып жаратты»,- деп айтқан болатын. («Наһдж ул-Балағе», 31-ші хаты). Бұдан анық не айтуға болады?
Ислам революциясы жетекшісі беғсаттың негізгі мақсатын адамзаты құтқару деп қуаттап, бұл құндылыққа жету үшін саяси күш-қуаттың қажет екеніне тоқталды. Құран Кәрім пайғамбарлардың Аллаға бағынып, үкімет құру үшін жіберілгенін айтады. Аятолла Хаменеи: «Егер саяси құдырет болмаса, үстемшілер, азаттық пен әділеттің қарсыластары және адамзаттың басқа дұшпандары, сондай-ақ жалқаулық сынды адамның әдеті құндылықтар мен шариғатқа сай амал етуге және адамға құтқарылу мен даму жолына түсуге рұқсат етпейді. Пайғамбар қауымы күннен-күнге күшейіп, тереңдей түсетін терең тамырлы және күшті қозғалыс болды. Хиджри күнтізбесі бойынша IV ғасырда, яғни 300 жылдан кейін саяси тұрғыдан ислам қоғамы әлемде кең таралған және әскери тұрғыдан әлемнің ең күшті әскеріне ие, білім мен мәдениет тұрғыларынан ең дамыған қоғам болды»,- деді. Аятолла Хаменеи Ислам революциясын «Мабастың» үлгісі деп атап: «Имам Хомейни Ислам негіздерін терең түсініп, «беғсат» үлгісіне сай амал етті. Ол Иран халқының жүрегіндегі иман туралы жақсы білді. Имам Хомейни бұл әдемі шындықты түсініп, Ислам революциясы мұғжизасын іске асырды. Ол кісі Иранның мүмін халқына сүйеніп, шіріген, залым және тәуелді Пехлеви режиміне қарсы көтеріліп, исламдық жүйені құрды. Исламның табиғаты даму мен күшею. Сондықтан егер бүгін адал түрде беғсат нұсқасына сай әрекет етсек, Иранды әртүрлі салаларда дамыта аламыз»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі Құран негізіне сүйеніп бір-біріне дұшпан және бір-біріне көмектесетін жындар мен адамдардың болатынын еске салды. Бүгінде бірқатар елдің ақпарат құралдары бізге қарсы бір-бірімен ынтымақтастық жасайды. Ислам республикасы дұшпандарының арасында АҚШ – ең жауыз дұшпан. Өйткені оның басшылары өтірік, артқа тарту мен ашкөздік сынды кемшіліктерге ие. Алла Тағала да пайғамбарға дұшпандармен қарсыласуды бұйырды. «Беғсаттың» басынан Жаратушы пайғамбарды сабыр сақтауға шақырды. «Модасер» сүресінде: «Раббың үшін сабыр ет»,- деп айтылды. Аятолла Хаменеи сабыр сақтауды бағыну емес, алға ілгерілеуді жалғастыру деп бағалап: «Егер қарсыласу ақыл, парасат және қырағылықпен бірге болса, жеңіске жетуге болады»,- деді. Күшею – беғсаттың негізгі желілерінің бірі. Құранда: «Сендер де шамаларың келгенше әр түрлі күш әрі ат байлаумен әзірлік көріңдер...»,- деп айтылды. Күшеюдің экономикалық, ғылыми, мәдени және саяси тұрғылары бар. Саяси күшею тұрғысы саяси тәуелсіздікті қарастырады. Аятолла Хаменеи содан соң кейбір құдырет құралдарына тоқталып, қоғамдағы жастардың көпшілігін сақтау, адамдардың өміріндегі әлеуметтік желілер әсерінің артуы, сондай-ақ медицина саласындағы күшею мен өндіріс серпілісін маңызды мәселе деп атап, қуаттады. Аятолла Хаменеи коронавирусқа шалдыққан науқастарды «Әрине сендерді қayiп-қатер, ашаршылық және малдардан, жандардан сондай-ақ өнімдерден кеміту арқылы сынаймыз»,- деп айтылған «Бақаре» сүресінің 155-ші аятына сай деп санайды.
Ислам революциясының жетекшісі америкалық басшылардың Иран сұраған жағдайда дәрі-дәрмек жіберуге дайын екені туралы уәждеріне тоқталып: «Америкалықтардың сөздері таңғаларлық, өйткені олардың өздері аурудың алдын алуға қажет дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтардың тапшылығымен бетпе-бет келіп отыр. Кейбір шенеуніктері бұл тапшылықтардың алдында дәрменсіз екендіктері туралы ашық айтып жатыр. Сондықтан егер мүмкіндіктері болса, өз халқына көмектессін. Екіншіден, америкалықтарға коронавирусты шығарды деген айып тағылып отырған жағдайда ақылы бар ешбір адам бұл елдің көмегін қабылдамайды»,- деді. Аятолла Хаменеи тағы америкалықтарға сенуге болмайды деп қуаттады.
Аятолла Хаменеи сөзінің соңында Иранның кез келген құбылыспен қарсыласу мүмкіндігіне ие және қиындытарды жеңе алатынын баса айтты. Ислам революциясының жетекшісі сөйлеген жерде «Ағраф» сүресінің «Расында Алланың рахметі жақын» деген 56-шы аяты ілініп тұрды.